3. Жеке адамның дара психикалық процестердің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қысиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім—кірлері мен ерік адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады.
4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері-нышан, жоғары жүйке қызметі жатады. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне және белгісіне сәйкес көрініс береді. Мұндай қасиеттер мақшықтану, жаттығулар арқылы қалыптасады.
3. Жеке адамның белсенділігі
Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажеттіктері қандайда себептермен орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет-қылық психологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс адам-ның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам қимыл-әрекетінде кезігетін ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың алдын алып отырады. Мұндай психикалық қасиеттер адамға көңіл-күй күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдем береді.
Психологиялық қорғаныс түрлері келесідей:
1. Бітпеген іс әсері - әрқандай кедергі нақты істі доғаруға себепші болады да, адам сол кедергіні жеңбегенше, әрекетін әрі жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген іс адамды әрдайым қимыл-әрекетке итермелейді, ал егер істі орындаудың тікелей жолы табылмаса, ол сол іске тең болған баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы орайластырылған формасы деп түсінсе де болады.
2. Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні: адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді, қабылданбайды. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа сай объектив бағалауды шектейді, осыдан, әрекет-қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.
3. Ығыстыру - ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең әмбебеп әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттеріңнің жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз сеп-түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары.
4. Көшіру - адамның өзгелер қабылдамайтын өз ба-сындағы мінез-қылық кемшіліктерін мойындағысы кел-мей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге өткізе салудан болатын жаманшылық істей тұра, өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.
5. Сәйкестендіру - адамның өз қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы әдет-қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметтік тәртіп пен игі этикалық өнегелерді игеруі осы әдіске негізделген. Сәйкестендіру қорғанысы адамның өзінің әлсіз тараптарын жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру үшін үлгі, өнегелерге ойсыз еліктеп, мақсат-мұраттарды ешқандай ниетсіз-ақ арқау етуінен туындайды.
6. Жаңалау - адамның істеген келеңсіз әрекетін мойнына алса, өз қадірінің жоғалатынын түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен қылықтарын өтірік-шынды жанастырып дәлелдеуге тырысуы, мүмкіндіктері кемдігінен қолы жетпеген не жетпейтін заттардың объектив құндылығын өзінше кеміте салып, өз кеуілін арбауы.
7. Ауыстыру - адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып, кейін бітпесін білген соң, оған деген әрекетін оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттіктің орындалмауынан болған күйзеліс бәсеңдейді, бірақ ізгі мақсат адыра қалады. Өз ал-дына қойған, бірақ орындалуы мүмкін емес мақсатқа бағышталған әрекет іске аспаған жағдайда адам кез-келген мәнсіз қимылға ауыса салады, осыдан көңіл-күйі жеңілдеп, үлкен күйзеліске түспейді.
8. Оқшаулау - адамға соққы болатын жәйттердің сана деңгейінен шегеріліп, басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоциялар саналы, яғни әдейі оқшауландырылып, болған оқиға мен одан келетін әсерлер көңілге алынбайды, адам бұрын қандай да мәнге ие болған оқиға немесе өз толға-ныстарының шындығын іші сезіп тұрса да, оларды байқамайтындай кейіп көрсетеді.
Психологиялық қорғаныс әсері адамға қай жағдайда да өзінің ішкі қалыпты көңіл-кейпін тұрақты сақтауына жәрдемдеседі. Тіпті әлеуметтік шектеулерді бұзғанның өзінде де, өз қылығының зиян тарапын кеміте, оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадірін тани білсе, өзінің қандай әрекетте болмасын кемшілік, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады. Мұндайда адам өз әрекеттері мен мінезін өзгертеді, ал өзгерген ұнамды тұлға сапасы оның санасын жаңалып, өмірлік серігіне айналады.