Курстың мақсаты


Қабылдау қасиеттері. Қабылдаудың заттық тектілігі



бет37/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Қабылдау қасиеттері. Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады.
Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдауда заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.
Тұтастық - қабылдаудың құрылымды болумен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды. Мысалы, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталарымен емес, біртұтас әуенімен мәнді.
Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орынын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғы-мас қалпында бейнеленеді.
Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.
Апперцепция. Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъекттің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының (эмоция) ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы - иллюзия (алдану) салдарынан.
Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау - галлюцинация деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет