1. Қарым –қатынас туралы түсінік «Қарым - қатынас» психологиясы – бұл адамдар арасындағы психикалық байланыс туындыларына алып келетін іс-әрекет түрі. Қарым-қатынас – ғылым әрі өнер айналатын шығармашылықты процесс.
Қарым – қатынас – күрделі әрі көпқырлы процесс. Бұл процесте бір мезгілде мына, сияқты қызмет түрлері: мәлімет алмасу; адамдардың өзара әрекеттестігі; адамдардың бір-бірін қабылдауы жүзеге асады. Мәлімет алмасу- коммуникативтік; адамдардың өзара әрекеттестігі-интерактивті; адамдардың бір-бірін қабылдауы-перцептивті қырлары болып табылады.
Қарым-қатынастың өрбуі, тәсілі, динамикасы оған қатысқан адамның мынадай, белгілеріне байланысты: адамның әлеуметтік қызметі, қатынас жүйесіндегі жағдайы, ақпаратты алмасуы және оның қажеттілікімен, реттеу формалары т.б. Қарым -қатынас қоғамдық заң, тәртіп, норма, әлеуметтік институттар т.б. арқылы белгіленеді.
Психология ғылымының кез келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі – адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпиясы сыры және оның кілті неде? деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет. Және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам әрекетінің негізі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады.
Егер адамдар өзара сөйлесіп, қарым-қатыгас жасамаса, онда оның өмір тіршілігінің мән-мазмұны да болмас еді. Осы орайда адамдардың күнделікті өмірдегі кәсіптік саладағы өзара тілдесіп қарым-қатынас жасауының оның рухани өмірі мен тіршілік бейнесінің қалыпты дамуына қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Егер ұстаздық қызметте адам шәкірттерімен тілдесіп, оларға жеткізілетін мағлұматтарды доғаратын болса немесе мекеме басшылары қарамағындағы адамдарымен пікір алысып, олармен қарым-қатынас жасамаса, сондай-ақ тұрмыс қажетін өтеу саласында істейтін адамдар өзара тілдесіп қатынас орнатпаса, онда сол мамандық саласында істейтін адамдардың бәрі де рухани жағынан өсіп жетіліп, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әр қилы тоқырауға ұшырар еді. Сондықтан әрбір маман мен кәсіпкер, ұстаз бен жетекші, жұмысшы мен бастық, бизнесмен мен Конгресс мүшесі, депутат пен сайлаушы – бұлардың бәрі де күнделікті тіршілікте, өз қызметі саласында үнемі бірімен-бірі тілдесіп пікір алысып, халық бұқарасымен қарым-қатынас жасайды.
Қарым-қатынас орнатудың тиімді болуы басқарушылар мен бағынушылар, жетекшілер мен атқарушылар арасындағы түсіністіктің ереже-қағидаларын қалыптастырып, әрбір іс-әрекеттің өнімді де, пайдалы да болып бітуіне әсер етеді
Қоғамдық сипатта атқарылатын істердің нәтижелі болуы, ең алдымен, адамдардың ақыл-ойы мен дене күшін біріктіре отырып, олардың саналы түрде жүзеге асырылуына тәуелді. Адам-ақыл иесі саналы жан ретіндегі әлеуметтік ортада, қоғамдық жағдайда өмір сүреді. Әлеуметтік орта адамдардың өзара қарым-қатынасынан тұратын қоғам.
Қарым-қатынас дегеніміз – ғылым әрі өнер. Бұл творчестволық процесс. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мұқтаждығы. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам-тілегін, ықылас-ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жан ашарлық сезім, гуманитарлық көзқарасы қалыптасады.
Қарым-қатынас сөз болғанда ең алдымен адамдардың сөздік және бейсөздік құралдарының көмегімен түзілетін өзара қатынасы көрініс табады.
Адам-адаммен қарым–қатынас жасаған кезде олардың арасындағы жалпы, барлығында да ортақ қызығушылық, мақсат, зат, идея, сезім т.с.с. пайда болары анық. Достық, туыстық қатынастарды назарға алмағанда, қастық ниетпен болсын, ұнамсыз қатынастар болғанның өзінде де сол жағдайға қатынасушыларды біріктіретін уақыт, кеңістік, мәселесінің болары сөзсіз.
Қарым-қатынас, ғалымдардың зерттеуінше, адамдарды біріктіру және жеке адамды дамыту құралы. Қарым-қатынастың түп-тамыры адамдардың материалдық өмірінде жатыр, ол адамдар қатынастарының бүкіл түрін жүзеге асырады. Адамның тұлғааралық қоғамдық қарым-қатынастарының барлығы ортақтасу арқылы жүзеге асады.
Қарым-қатынас адамзат тарихының жолсерігі, оның адамзат филогенезіндегі мәні шексіз. Жеке адамдардың да күнделікті тіршілігінің алғы шарты — қарым-қатынас.
Қарым-қатынас —адамның психикалық дамуының және мінезінің алғышарты, негізі, адамның психикалық дамуының факторы:
Қарым-қатынас үрдісінде басқалардан өзгешелігі қалыптасады, адам тек қана қарым-қатынас арқылы адам болады.
Қарым қатынас прецессінде жеке адам жалпы адамдық тәжірибені меңгереді.
Қарым-қатынас процесінде өзге үшін, өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады.( ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан таниды.)
Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуымен нәтежиелі дамуы оған қатысушылардың өзін-өзі және өзара түсінісуге байланысты. Адамдар бірін-бірі қалай, қай деңгейде қабылдайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді. өзге арқылы өзін қалай таниды, қарым-қатынас барысы да, арақатынастары да соған байланысты. Сонымен бір адамды екінші адамның қабылдауы қарым-қатынастың міндетті құрамдас бөлігі ретінде шартты түрде қарым-қатынастың перцепциялық жағы болып табылады. Әлеуметтік перцепция қарым-қатынас процесінде бірін-бірі, өзін-өзі тану мен түсіну.
Адамдар бір-бірін көргенде сыртқы физикалық сипаттарын қабылдайды. Ең алыдмен сыртқы түрін (дене мен киім пішімін) және тәртібін(қимыл қозғалысын) бағалайды. Сыртқы сипаттамасына қарай бақыланушының ішкі қасиеттері туралы да тұжырым жасайды. Бақылаушы өзі берген бағаға орай бақылаушыға белгілі көзқараста болады, оған деген ішкі эмоциялық қатынасын (ұнайды, ұнамайды) орнықтырады. Бақылаушы бақылаушының сыртқы түріне қарай оның психологиялық қасиеттерін таразылап, одан не күтуге болатынын алдын ала болжап, ол адамға қатысты өз іс-әрекетін белгілейді.
Алғашқы әсер қалыптасуының типтік схемалары. Бірін-бірі көптен білетін адамдардың қарым-қатынастарын сызбалауқиынға түседі, ал алғашқы кездесу кезіндегі әсерлерді бір сызбаға келтіруге әбден мүмкін. Адамдар бір-бірімен танысуының басында өзгенің қылықтары мен сезімдерін қабылдағанда, өздерінің өткен өмірде қалыптасқан стереотиптерінің рөлі үлкен.
Адам туралы алғашқы әсер қалыптасуының типтік сызбалары:
артықшылық факторы, бақылаушыға катынас факторы, ұнамдылық
факторы. Аталған факторлар алғашқы танысу кезінде кейбір
қателіктерге жол салады.
Артықшылық факторы әлеуметтік қабылдаудың механизмі ретінде ортақтасу серіктері тең болмаған жағдайларға тән. Дәлірек айтқанда, бұл қателіктер бақылаушы бақыланушының өзімен салыстырғанда маңызды көрсеткіштер бойынша (ойы, бойы, қоғамдағы орны, қызметі) күштілігін сезінгенде жүзеге асады. Бір көрсеткіш бойынша өзінен артық адамды басқа көрсеткіштер
бойынша да артық деп санау, жалпы тұлғалық қасиеттерін биік дәрежеге көтеру - алғашқы әсердің әлсіз жері. Өзіне сенбейтін, өзін кемсанайтын адамдар қиын-қыстау кезеңдерде, төтенше жағдайларда күнделікті тіршілікте сене бермейтін адамның соңынан еріп кетеді. Осыған дәлел - халық мақалы - аузы қисық болса да, байдың айтқаны дұрыс".
Ұнамдылық факторы қабылдаушы қабылданушының сыртқы
сұлулығын басқа тұлғалық қасиеттеріне де таратуымен байланысты.
Әдетте адамдар келбеті әдемі. беті сулу адамның ішкі дүниесі де
әсем керемет деп санайды. Мысалы ер кісі сұлу әйелдерді,
бақытты, тәртіпті, мейірімді деп есептейді екен. Бойы ұзын, иығы
кең жігіттерді батыл, сенімді, жеңімпаз деп қыздар ұнатып тұрады.
Керісінше бет-әлпеті келіспеген адамды ұнатпау кең тараған.
Классикалық әдебиетте мұрнының ұзындығынан бақытсыз өмір сүрген Сирано де Бержарак драмасы кең танымал. Зигмунд Фреид айтуынша анотомия – адам тағдыры. Нәтежиелі қарым – қатынас орнату үшін осы қателіктерді ұмытпаған жөн.
Бақылаушыға қатынас факторының қайнар көзі – басқалардың оған деген қарым-қатынасының сипаты. Бізбен жақсы қатынас орнатқан кісінің ақылын, ісін жоғары, ал бізді менсінбейтін, не жек көретінадамның іс-әрекетін де, мінезін де төмен бағалаймыз. Өзіндік сызбаның қателігі-өзің жақсы көретін адамды жоғары бағалау. Мысалы, біздің ауылдың адамдары сұлу ды емес мені сүйгенді сүйемін дейді.
Сонымен алғашқы танысудың механизмі бейтаныс адамды басында белгісіз топтың мүшесі ретінде, сонан кейін жеке тұлға ретінде қабылдау. Алғашқыда топаралық қатынастар басымырақ болады, кейін тұлғалық арақатынастар іске асады.Аталмыш факторлар ортақтасудың үрдісін, техникасын, қателіктерін анықтайды.
Өзге адам туралы алғашқы әсер қалыптасуы әлеуметтік стереотипке
негізделген. Әлеуметтік стереотип –белгілі әлеуметтік топтардың мүшелеріне тән кейбір құбылыстар мен адамдар туралы қалыптасқан тұрақты бейнелері мен пікірлері, әдеттегі жорамалдар.
Әртүрлі әлеуметтік топтар (ұлттық, кәсіби, діни) белгітұрақты түсініктеме береді, заттарды әдеттегіше талдайды, Мысалы. орыстың бәрі сары", "әртістердің барлығы жезөкше", "еркектер бала тәрбиелеуді білмейді", "жігіттердің: барлығы қызғаншақ". "келіндер енелерін жақтырмайды".
Кең таралған стереотиптердің қатарына ұлттық, этникалық стереотиптер кіреді. Белгілі ұлттың типтік өкілдерінің сыртқы бейнесі және мінез ерекшеліктері өзгелерге танымал болады. Мысалы, француздардың жеңілтектігі, американдықтардың іскерлігі, ағылшындардың кербездігі басқа ұлттарға танымал. Сонымен, әлеуметтік стереотип - кұбылыстар мен заттарды әдеттегідей түсініп жору.
Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы.
Қарым-қатынас серіктерінің өзара- әрекет алмасуының қай жақтары маңызды,қай жақтары қосымша рөл атқарады. Қарым-қатынас жасаудың интеракциялық жағын зерттеген ғалым Р.Бейлс оны сипаттаудың төмендегі сызбасын жасаған. Оның пікірінше, тұлғааралық өзара әрекеті 4 категория арқылы сипаттауға болады:
Жағымды эмоциялр саласы – ынтымақтастық,
Мәселені шешу саласы – ұсыныс-нұсқау, пікір, басқаларды бағыттау.
Мәселені қоя білу саласы – ақпарат беруді өтіну, пікірді білдіруді өтіну, нұсқау беруді өтіну.
Жағымсыз эмоциялар саласы – келіспеушілік, бойкүйездікті қалыптастыру, қарсыластықты көрсету.
Жағымсыз эмоциялар барысында тұлғааралық, топаралық қарым-қатынастардағы өзекті проблема дау-дамай көрініс табады. Психологиялық тұрғыдан алғанда дау-дамай —адамдардың санасындағы, қатынастарындағы жағымсыз сезімдермен байланысты қарама-қарсы бағыттардың тоғысуы.
Қарым-қатынастың дұрыс мақсатта пайдаланудың бүгінгі таңда маңызы зор екені даусыз.
Ал бұл мақсаттың жүзеге асуы үшін қарым-қатынас этикасы, яғнй қарым-қатынас үшін маңызды факторлар меңгерілуі тиіс. Бұлар адамдар арасындағы қарым-қатынастың сәтті болуының кепілі бола алады десек артық кетпеспіз.
2. Қарым-қатынас түрлері
Қарым – қатынас – адамның психикалық дамуының және мінезінің алғышарты мен негізі. Қарым-қатынас процесі ентіндер:
- қарым-қатынас процесінде басқалардан өзгешелігі қалыптасады, адам тек қана ортақтасу арқылы адам болады (джунглида өсіп адам болған Маугли – қияли оқиға, ертегі);
- қарым-қатынас процесінде өзге үшін, өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады (ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып-біледі);
- қарым-қатынас процесінде жеке адам жалпы адамдық тәжірибені меңгереді.
Қарым-қатынас процесіннің өзін-өзі, өзгені білу және тану механизмдеріне: идентификация, эмпатия, аттракция, рефлексия жатады.