а)әрекет орындалуы - майда қимыл-қозғалыстар біртұтас әрекетке бірігеді, артық, қажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі;
ә)әрекетке сезімдік бақылау - қимылды көзбен бақылау бұлшық еттер бақылауымен ауысады, әрекет нәтижесін бақылауға қажетті бағыт-бағдар сараптау қабілеті дамиды;
б)әрекетті санамен реттеп бару - зейіннің әрекет тәсілдерінен сол әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы.
Дағды қалыптасуда адамның жеке басының ерекшеліктері үлкен маңызға ие. Күрделі, бірақ бір типті дағдылар бір адамда жеңіл орнығып, екіншісінде қиындау қалыптасады. Сондықтан да дағды қалыптастыру үшін жаттығулар саналы іріктеліп, әрекеттің тұтастай орында-луы немесе оның күрделі бөліктері арнайы қайталау және бекіту әдістерін пайдалануды талап етеді.
Дағды әрекет мазмұнына орай әртүрлі болады:
1) қимыл-әрекеттік дағды (спортсмендер әрекет-терінің бекуі);
2) сезімдік (түр-түс тану, балалардың алғашқы әріп тануы ж.т.б.);
3) интеллектуалды дағдылар (есеп, оқу, жаттау ж.т.б.). Бұлардан басқа аралық дағдылар да айырылады: сезімдік-қимыл дағдысы (жазу, сурет салу, сызу); сезімдік-ой дағдысы (математикалық ұғымдармен жұмыс істеу).
Әрқандай жаңа дағды адамда бұрыннан қалыптасқан дағдылар жүйесінде пайда болады. Олардың бірі жаңа дағдыға тірек, қолдау көрсетсе, кейбірі кедергі етеді. Осыдан дағды интерференциясы және дағды көшуі деген ұғымдар қалыптасқан. Интерференция - бұл дағдылардың өзара кедергілік әсері, яғни бұрыннан орныққан дағдылар жаңа дағдыға тежеу береді немесе оның тиімділігін кемітеді. Ал бұрыннан игерілген әрекет дағдыларының енді қалыптасатын қимыл-әрекеттерге ұнамды ықпал жасап, олардың орнығуын жылдамдатуы - дағдылардың көшуі деп аталады. Әрқандай жаңа әрекеттерді игеруде адам бұрынғы тәжірибесіне сүйенеді, сондықтан оның қалыпты ептіліктері жаңа дағдыларды жеңіл әрі жылдам қабылдауына жәрдем береді. Ал егер жаттығу қимылдары ұзақ мерзім қайталанып, орындалып бармаса, дағдылар бірте-бірте жойыла бастайды. Дағдылардан тыс, іс-әрекеттің қажетті бірлігі - ептілік. Ептілік - бұл білімдер мен дағдылардың нақты әрекетте көрінуі. Жаңа жағдайлар немесе жаңа объекттермен қатынасқа келе, адам өзінің бұрыннан игерген білімдері мен дағдыларын іске қосады, яғни осы дағдылардың жаңа жағдайға көшу - көшпеуі ептілікке байланысты.
Ептіліктер өз мазмұнына орай дағдыларға қарағанда ауқымдырақ, себебі олар әрекеттің түрлі баламаларын қолдануға мүмкіндік береді. Психологияда ептіліктің келесі түрлері анықталған: а) танымдық, ә) жалпы еңбектік, б) құрама-техникалық, в) ұйымдастыру-технологиялық, г) қызметтік-бақылау (Е.А.Милерян).
Қандай да бір әрекетті орындауға байланысты жай ептіліктер кездейсоқ еліктеуден қалыптасуы мүмкін. Ал іс-әрекет неғұрлым күрделенген сайын ептіліктердің пайда болуы білімге, объект мазмұнына, объект пен субъект арасындағы әрекеттік байланыстарды танып, салыстыра алуға тәуелді.
Автоматтасқан әрекеттердің және бір түрі - бұл әдет. Дағды мен әдет арасындағы негізгі ерекшелік: дағды - әрекетті сана қатысынсыз үйреншікті қалыптасқан қимылдар арқылы іске қосу, ал әдет - қандай да бір әрекетті орындауды қажетсіну немесе адамдық қасиетке айналдыру.
№5 дәріс. Қарым-қатынас. 1. Қарым –қатынас туралы түсінік