Идентификация - бұл саналы немесе санасыз басқаға ұқсау арқылы адамның басқаны түсіну тәсілі. Идентификация деген термин қазақшалағанда басқаға ұқсау мағынасында қолданылады. Сонымен, идентификация басқа адамды тану және түсіну тетіктерінің бірі ретінде қолданылады. Идентификация, әсіресе, жас өспірімдерге тән құбылыс. Өздері идеал, кумир ретінде таңдаған кісі (олардың ойы бойынша) не істесе, бұлар да өз іс-әрекетін соған ұқсатуға тырысады
Эмпатияны — эмоциялық сезімді білдіруге ұмтылуде болатын адамды түсінудің ерекше тәсілі. Эмпатияның тетігі белгілі бір ерекшеліктері жағынан идентификацияға ұқсас: екеуінде де өзіңді басқаның орнына қоя білу ептілігі көрінеді. Эмпатияның негізінде жатқан жәйт - өзгенің ішінде не болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу. Эмпатиясы жоғары дамыған адамның айырмашылығы – бір оқиғаны әр адам әртүрлі қабылдайтынын, солай қабылдауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындауында. Эмпатия, ортақтасу серігімен эмпатиялық қарым-қатынас құру – педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің маңызды кәсіби қасиетінің бірі. Эмпатиялық қабілеттерді дамыту адами ортақтасуымен тікелей шұғылданатын мамандардың басты міндеті болып табылады. Бұндай қабілеттер психологиялық машықтар арқылы шынығады.
Аттракция -өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Ортақтасу серігін жақсы түсінуге, оған қарай достық не сүйіспеншілік сезімдеріне негізделген қарым-қатынас себепкер болуы даусыз.
Рефлексия-бұл өзінің психикалық жағдайы туралы ойлау немесе өзінің көніл-күйін талдауға бейімділігі. Рефлексия басқа адамды түсіну тетіктерінің бірі.
Әлеуметтік рефлекция – ортақтасу барысында өзін-өзі тану механизмі. Ортақтасу серігі мен танып-білуі туралы білім, өзге адам мені қалай қабылдайтынын («сен мені қалай білетініңді мен білемін») елестету қабілеті. Басқа адамдармен неғұрлым байланыстары көп болса, басқалар туралы елес мол болса, өзіне басқалар қалай қарайтынын талдай алса, соғұрлым адам өзін терең танып біледі. Өзгелерге өзін аша білу - өзіндік танудың шарты. Ортақтасу барысында басқаларға өзіміздің ішкі дүниемізді айқара ашқан кезде өзіміз де өз жанымыздың байлығына бойлаймыз.
Адам өзін басқа адам арқылы саналы түсінеді. Өзін басқа адам арқылы саналы түсінудің екі жағы бар -идентификация және рефлексия.
Қарым-қатынасты дамыту үшін бірінші кезекте қарым-қатынастың комуникативтік, интерактивті және перцептивті жақтарын меңгеру қажет.