Курстың мақсаты



бет40/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

1. Ес туралы түсінік
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжіри-бемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақ-тап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауы-мыз ес деп аталады.
Сонымен, - бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъект жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Естің жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л.С. Выготский есімімен байланысты. Ол естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді (П.И. Зинченко).
Зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жа??ырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНК (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.
Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкеліқ механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі - біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан - алуан. П.Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақ-ты ізi; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.
Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызда өте қыс­қа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. ішінде жойы­лып кетеді.
Қысқа мерзімді ес объектив оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады.
Ұзақ мерзімді ес. Ұзақ мерзімді ес - жадта сақтау ж?йесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі - шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі - материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.
Қабылдауда болатын сезімдік бейнелердің жасалуынан санада өз алдына ерекшеленген жаңа психикалық құрылым – елестер пайда болады.
Елес – бұл адамның өткен тәжірибесіне негізделіп, болмыс затының санадағы қайта жалпылай жасалған психикалық бейнесі.
Елесте заттың барша бітістері мен белгілері тереңдей жарқын, дәлдікпен нақтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздің іс-әрекетімізбен байланысты келсе, онда алғы шепке нысанның біздің әрекетімізге тікелей қажет, маңызды тараптары шығарылады, қалған тұстары бұлыңғыр күйінде қалады.
Елестер қабылдау түрлеріне орай бөлінеді (көру, есту және т.б.)
Елестердің негізгі ерекшеліктері:

  • елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне күңгірттеу;

  • елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін ажыратып болмайды;

  • елесте әрдайым жалпыланған бейне сақталады (тау елесі, мысалы, ол Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша тауларға тән белгі – биік шоғыр);

  • бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-даралықты келеді. Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің өзіндік ерекшелігінен болады;

  • елес көрнекі-бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған танымдық, білім қызметін атқаруы мүмкін;

  • түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;

  • елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы – есте сақталғанды елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан-жақты талдауға салып, нақтылай бастаймыз.

Тұлға өміріндегі елестің маңызды болуының жарқын дәлелі – бұл адамдардың шығармашылық өнері. Шығармашылық әрекеттің қай түрі болмасын өз бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есту түйсігінен айрылған әйгілі Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі шығармашылығының сүйеніші еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет