Бекіту сұрақтары: 1. Оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгімелесуді қандай формада
қолдану қажет деп ойлайсыз:
A)Диалог
B)Жұптық жұмыс
C)Ұжымдық жұмыс
D)Монолог
E)Топтық жұмыс
2. Өзін-өзі реттеу моделін анықтаңыз:
A) Алға даму, нақты шешім шығару, бастамашыл, көшбасшылық
B) Эмоциялық, когнитивтік, ынталандырушылық, әлеуметтік
C) Әлеуметтік, білімділік, ынтымақшылдық, эмоциялық
D) Метатану, зияткерлік, толеранттылық, сенімділік
E) Бақылаушылық, шығармашылық, таным деңгейін арттыру, еңбекқор
3. Бағалау мен талдауда АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
A) Оқуда жаңалық жасауға ықпал ету
B) Оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі
C) Тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру
D) Ақпарат алмасу
E) Дерекқорды зерделеу Әдебиет: Қоңырбаева, С.Болашақ педагог-мамандардың эмпатиясын дамыту [Текст] : монография / С. Қоңырбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 99 бет.гМузыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу құралы / С. С. Ағабекова. - Алматы : ССК, 2017
Бұзаубақова, К. Ж. Мектепке дейінгі білім инновациясы [Текст] : оқу құралы / К. Ж. Бұзаубақова, С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015
Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы.1-том. [Текст] : оқу құралы. - Ғ.М.Кусайнов,А.К. Қағазбаева,Б.Т. Абыканова және т.б. - Алматы : TechSmith, 2019
№11 Дәріс:Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ)
Сағат саны: 3 Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары: 1.Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысының мазмұны
2.МЖДЖ кезеңдері
Дәріс тезисі: Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖдЖ) Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:
• іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
• өзгеріс енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға жауапты деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс- шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есептерді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс- тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп жүзеге асырылатын рефлексия, жоспарлау, кеңес беру тәсілдері арқылы қолдау таба алады.