2.1. ”АБДИ КОМПАНИ” А.Қ.-НЫҢ ҚЫЗМЕТІ. Компанияның құру тарихы.
Қазақстан Республикасында канцелярлық нарығында белгілі өндірушілер болмағанда, біраз уақыт бойы мемелекетке канцелярлық тауар аз мөлшерде
келгенде және Қазақстан барлық жабдықтаушылармен байланыс жоғалтқан кезде, яғни КСРО ыдырағаннан кейін 1994 жылы кыркүйек айында Қазақстанның АБДИ компаниясы құрылды. АБДИ компаниясы өз қызметін Қазақстанға мектеп дәптерінің партиясын көтерме жеткізуінен бастады, кейін оның ассортименті ұлғайды. АБДИ сауда нүктелерінде үлкен сұраныстың арқасында және ұсыныстың жеткілігінен үлкен кезектер бола бастады, сондықтан сауда жүйесін ұлғайту қажеттілігі туды. Жылдан - жылға тауар ассортименті мен қызмет көрсету сервисі де кеңейтіле түсті. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 25 АБДИ фирмалық дүкенінде 550 адам жұмыс істейді. Қазақстанның барлық қалаларында ондаған филиаладар мен дилерлер бар, және бұл шекті емес, өйткені қазіргі кезде тағы да бірнеше филиалдар мен дүкендер ашылуға дайындалып жатыр.
«АБДИ Компаниң А.Қ. – ның стратегиялық бизнесі».
Өзіне қатысты қызметтің максималды түрде дамуы Компанияның сапалы және эффективті дамуына тауардың кең таңдау, толық қызмет комплексі, жағымды атмосфера, сонымен қатар бағалардың жақсы үйлестіруі мен тауардың сапасы көмектеседі. Жыл сайын жақсы жұмыстың атағын дәлелдей отырып, сатудың 3 дәрежесінде: бөлшек, көтерме, корпаративті түрде жұмыс істеуге көмектеседі. Компанияның негізгі мақсаты: Қазақстан Републикасынның және Орталық Азияның әрбір азаматына әлемдік дәрежедегі мектеп пен офиске арналған тауарды жеткілікті етіп жасау және корпаративті қызмет көрсету. Корпаративті тұтынушыларға ерекше жағдай жасау мен компанияның менеджерлері әрбір тұтынушының сұранысына индивидуалды тұрғыда қысқа мерзімде олардың барлық өтінішін қарайды және олардың тіліктерін орындайды. Компанияның жұмыс істеудің негізгі принциптері болып, ұсынатын тауар мен қызметтердің ассортименттік оптимизациясын, өзінің тұтынушына максималды географиялық жақындату, сатуға қазіргі кездегі технологияны енгізу және ұсынатын қызметтің сапасын үнемі арттыру саналады.
Сауда жүйесі, филиалдар.
Қазақстанның үлкен қалаларында кең сервистік жүйелері бар: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавлск, Қарғанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Шымкент, Тараз. Қазақстанның 14 қалаларында 25 фирмалық дүкендер бар, соның ішінде 8 үлкен супермаркеттерімен қоса. Бүгінгі таңда компанияның жалпы ауданы 13 мың шаршы шақырымды құрайды, ал қоймалық аудан 20 мың шаршы шақырымнан астам. Компанияның дамыған қызметтік жүйесі кең ауқымды тұтынушылардың қысқа мерзімде толық көлемде сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі. Қазақстанның әрбір қаласында 1 архитекторлық стильде жасалған. Транспорт пен техникамен жабдықталған қазіргі кездегі әдемі супермаркеттер компанияның визиттік картасы болады. Қазақстанның әрбір аймағында бірдей ассортиментік тауар, бірдей қызмет, бірдей сату политикасы, бірдей баға политикасы бар.Бір қалада бірдей және қысқа мерзімде барлық филиалдарда контракт бойынша тауар жеткзуді жүзеге асыруға оперативті байланыс көмектеседі. Өзіне - өзі қызмет ету жүйесі, тауарларға қол жеткізер бостандық, штрихкодтау жүйесі, әр түрлі канцелярлық тауарлар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және сатып алу процесін тездетеді.
Қызметтер.
АБДИ Компани өзінің тұтынушылары үшін әртүрлі қызметтерді ұсынады:
Компанияның сайтында интернет – дүкен. Оның саитын мына адрес бойынша тауып алуға болады WWW.abdi.kz не болмаса телефон арқылы хабарласу үшін факсының номері:2-33-33-63,2-98-57-94.Компанияның сайтында тұтынушы қандай тауарлардың асортиментімен таныса алады, тауар сатып алуға мүмкіндіктер жайында толық танысуға болады.
Жеңілдіктер мен әртүрлі төлеу формалары.Мысалға:көп тауар алғаны үшін шегерім, тез төлегені үшін шегерім, фиктивті шегерім, маусымдық шегерімдер, компания үшін маңызды және тұрақты тұтынушылар үшін шегерімдер және тағыда да басқа шегерімдер түрлері.Көп мөлшерде тауар сатып алған кезде оның ақшасын кейінге қалдыру,бөліп төлеужәне тағы да дасқа төлеу формалары бар.
Тауарды мемлекеттің әрбір аймақтық өкілдігіне жеткізу: алыс және оқшау жатқан аудандарға, ауыл-аймақтарға тауарды жеткізу.
14 қала бойынша тауарды офиске дейін жеткізу.
АБДИ дүкенінде сатып алынған әрбір тауарына кепілдік.
Логоны тауарға енгізу;
Катриджті толықтыру;
Оперативті полигафия және т.б.
Компания тұтынушыға өз уақытында жоғары сапалы тауарды жеткізуге, тауар сапасының жеңілдіктеріне және сатып алудан кейінгі қызметке көп көңіл бөледі. Ал осындай кепілдіктерді тек қана болашақта жұмыс істейтін компаниялар бере алады.
Серіктестіктер қатары:
Әлемнің 35 елінде 180 өндіріс – фабрикалармен қарым – қатынас жасайды. АҚШ, Франция, Италия, Дания, Финляндия, Чехия, Венгрия, Польша, Ресей және т.б. Ол АБДИ Компаниясының нарықта өз тауарына деген тұрақты бағаны сақтап алуға көмектеседі. Қоймада үлкен мөлшерде тауарды үнемі бар болуы мен қазақстандық тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттардыратын,тауарды жеткізетін сервистік – таңдаушыны таңдайды. Дүкендерде өз уақытында тауардың түсуін қадағалайтын және қазақстандық тұтынушылардың тілегін мен талғамын кейде алдын – ала біліп қояды. АБДИ Компаниясы көптеген жылдар бойы көптеген серіктестіктермен байланысты орнату арқылы Қазақстанда көптеген эксклюзивті сауда маркаларымен жабдықтайды. Компанияның мұқият жасалған политикасы мен логистикасына байланысты компания әлемдік сападағы тауарды шығарған елдегі бағадан арзан алады. Компания өз жітістігінде тоқталмайды, ол әлемдік көрмелерге қатысады; жаңа өнімді, брендті бағалайды; жаңа өндірушілерді іздейді; жаңа дизаинді ойлап табуға көмектеседі.
Компанияның тұтынушылары.
АБДИ Компаниясының ең үлкен жетістігі болып тұтынушылардың жастық диапозоны 1 жастан бастап шексіздіке дейін болып саналады, өйткені адамдардың барлық жастағы негізгі ерекшелігі ол даму мен оқып үйренудің тілегі. Компания үшін әрбір тұтынушы маңызды, яғни жеке және заңды тұлғалар. Тұтынушылардың арасында бастауыш сыныпқа баратын оқушы, зейнеткерлер, Республиканың атақты және таңымал адамдары.
Компанияның корпаративті тұтынушылары:
Мемлекеттік комитеттер мен органдар – Қаржы, Қорғаныс, Әділеттік, Байланыс пен энергетика, Ғылым мен білім беру, Сауда және Индустрия Министрліктері; Қ.Р. І.І.Б.; Президент апаратты; Қ.Р. Парламенті; Салық Комитеттері және т.б.
Банктер – Қ.Р. Ұлтық банкі; Қазақстан Халық Банкі; Тұран Әлем Банкі; TEXAKA Банкі; Нұрбанк; Лариба Банкі және т.б.
Транспорттар – “Қазақстан Темір Жолы”; Эйр Астана; Алматы және Астана халықаралық әуежайы; Трансаэро және т.б.
Байланыс, телерадиолық және телекоммуникациялық – “Қазпочта” ААҚ; “Қазақтелеком” ААҚ; К'cell; K' mobіle; Алма ТВ; Дукат; Хабар агенттігі; 31 канал және т.б.
Зейнетақы фонды – Қазақстан Ұлтық Банктің ЗЖҚ; ҰларҮміт; Сенім; Құрмет; Капитал және т.б.
Мұнай газ компаниялары мен кәсіпорындары – ҚазМұнайГаз; ҚазТрансОйл; Тенгиз Шевройл және т.б.
Энергетикалық компаниялар – Алматы Пауер Консолидейтед; “KEGOC” ААҚ; Астана энергия; облыстық энергоорталықтар және т.б.
Аудиторлық компаниялар – «Қазақстанаудитң; Қ.Р. Аудиторлық Палатасы және т.б.
Өндірістер – Қазақстан Аллюминий; Қазцинк; Теміртау Меттал Стил; Фудмастар және т.б.
Оқу орындары - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ҚазМӘУ; Рысқұлов атындағы ҚазЭУ; АТУжәне т.б.
Корпаративтік тұтынушылардың саны – 15000 және жылдан жылға өсуде.
Тауарлар.
Канцелярлық тауарлар адаммен бірге жыл бойы қосақталып жүреді. Балбақшада алғашқы суреттен бастап, кәсіпорынды немесе ұйымда жұмыс орынды көркемдеумен аяқталады, сөйтіп, адамның өмірлік қызметіне жылдан жылға енеді. Канцелярлық тауарға қажеттілік көп туғаннан, тұтынушының тауарға және қызмет көрсетуге сұранысы жоғарлайды, сондықтан халықтың әлеуметтік тобына және әртүрлі жастағы топтың тұтынушлық қажеттілігін қанағаттандыру үшін АБДИ үйге және офиске арналған үлкен ассортименттік тауарды ұсынады.
Тауар ассортименті 15000-нан астам құрайды:
Ақ қағазды өнім;
Офиске арналған канцелярлық тауар;
Мектеп ассортименті;
Профиссианалды суретшілерге арналған көркем материалдар;
Компьютерлік аксессуарлар мен шығындар материалдары;
Имидж сувенерлік өнім; тастан, қымбат бағалы металдан және кожадан жасалған тауарлар;
Қосалқы тауарлар;
Мектепке арналған оқулықтар, қазақ тіліндегі әдістемелік оқулықтар;
Достарыңызбен бөлісу: |