Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттын кетуі - барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат — жаңа өнімді шығару қажетгілігі, жаңа техника мен технологияны өндіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.
Екіншіден, кәсіпорын жоспарынын орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жоғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді.Кәсіпорын есебі бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтанда орталық ұйымдар экономика және тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста бола алмайды.
Осының барлығы әкімшілдік-әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны әртүрлі тапшылыққа алып келеді.
в) қазіргі нарықты экономика аралас экономика ретінде болуда.
Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика - бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді.
Аралас нарықтық экономика теориясынын түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы — Нидерланд экономикалық мектебінің профессор-экономисі Ян Тинберген) және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы — Гарвард институтының профессор-экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканын ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нарықты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан. Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады» - деп жазған болатын Пол Самуэльсон. Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясының негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: әлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «... адамды экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу».
Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4%-ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады.
Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс-әрекет
жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы — жұмыссыздық, әлеуметтік сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүкгеледі».