Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы ЕҰУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
энергияның жаңа түрлерін ашу және пайдалану;
жаңа конструкциялық материалдар жасау және қолдану.
Ӛндірісті автоматтандыру - бұл бұрын адам орындаған басқару мен бақылау
функцияларын аспаптарға және автоматты құрылғыларға беретін машиналық ӛндірісті
дамытудағы үдеріс.
Ӛндірісті автоматтандырудың мақсаты ӛндірістің бүкіл қорларын оңтайлы пайдалану
үшін еңбек ӛнімділігін арттыру, шығарылатын ӛнімдердің сапасын жақсарту, жағдай жасау
болып табылады.
Аса күрделі (үлкен) жүйелердің пайда болуы қоғамды дамытудың сипатты
үдерістерінің бірі болып саналады. Мұның негізгі себептері мыналар: халық
шаруашылығында қолданылатын техникалық құралдардың үздіксіз ұлғая түсіп отырған
күрделілігі; техникалық және сол сияқты ұйымдық жүйелердің (кәсіпорындар, сала, мемлекет
және т.б.) басқару сапасын арттыруға деген қажеттілігі; кәсіпорындардың мамандануы мен
бірігуінің кеңейе түсуі - халық шаруашылығын дамытудың негізгі үдерістері.
Жай
жүйелерді
жобалаудың
дәстүрлі
тәжірибесінен
ӛзгешелігі
–
ірі
автоматтандырылған, технологиялық, энергетикалық, аэроғарыштық, ақпараттық және ӛзге
күрделі кешендерді әзірлеу кезінде, элементтердің атқарымдық функционалдану қасиеттері
мен заңдарын қарастырумен байланысты - аздау, ал ең жақсы құрылымдарды таңдаумен,
элементтердің ӛзара әрекетін оңтайлы ұйымдастырумен, олардың атқарылымының оңтайлы
режимдерін анықтаумен, сыртқы ортаның әсерін ескерумен және т.б. байланысты - кӛбірек
проблемалар туындайды. Жүйелердің күрделене түсуімен байланысты осы кешенді жалпы
жүйелік мәселелерге барған сайын маңыздырақ орын беріледі.
ҒТІ қарқыны халық шаруашылығының барлық аялары мен салаларында жобалау,
жоспарлау мен басқару үдерістерінің күрделенуін туғызады. Салалардың дамуы мен олардың
бір-біріне ӛзара ықпалының күшеюі, кәсіпорынның, бірлестіктің, саланың және т.б. жобалау,
ӛндіру және пайдалану, жоспарлау мен басқару кезінде шешімдер қабылдау жағдайларында
қарастырылатын мүмкін нұсқалар санын арттыруға әкеледі. Осы нұсқаларды талдай отырып,
әртүрлі білім салаларындағы мамандарды тарту, олардың арасындағы ӛзара іс-қимыл мен
ӛзара түсіністікті ұйымдастыру қажет.
Осылардың барлығы, үлкен жүйелерді талдауға, жаңа жүйелік кӛзқарастың пайда
болуына әкелді. Олар кӛбінесе толық сипаттауға кӛне бермейді және олардың әрбірі сондай-ақ
жекелеген атқарымдық ішкі жүйелер арасында кӛпқырлы байланыстарға ие болатын олардың
әрбірі, сондай-ақ үлкен жүйе болып кӛрінуі мүмкін. Арнайы теория - жалпы (абстрактылы)
жүйелер теориясы — жүйелік кӛзқарастың негізі болып қаланған.