26-дәріс ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАНЫҢ ЖАЗУ ДАҒДЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зияты зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша сөйлеу
тілінің ерекшеліктерін көптеген дефектолог - ғалымдар қарастырған.
1877 жылы А. Куссмауль алғаш рет оқу және жазу тілінің бұзылуын сөйлеу
тілі әрекетінің өзіндік психологиясы ретінде көрсеткен. Содан кейін балалардың
оқу және жазу тілдеріндегі әртүрлі бұзылыстар туралы жазылған көптеген
жұмыстар пайда болды. Бұл кезеңде оқу және жазу патологиясы жазбаша тілдің
толық бұзылысы ретінде қарастырылады. Әдебиеттерде XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында оқу және жазу тілінің бұзылуы жалпы ақылдың төмендігімен
байланысты, яғни тек ақыл – ойы төмен балаларда ғана кездеседі деген
көзқарастар таралды. (Ф. Бахман, Г. Вольф, Б. Энглер).
Бірақ XIX ғасырдың аяғында В.Морган қалыпты дамыған 14 жасар
баланың оқу мен жазуында кездесетін қателерін зерттеп «орфографиялық дұрыс
жаза алмайды» деп көрсетті. В. Морганнан кейін көптеген авторлар
(А.Куссмауль, О.Беркан) ауызша және жазбаша тілдегі қателіктерді сөйлеу
әрекетінің патологиясы ретінде қарастырып оны ақыл – ойдың кемдігімен
байланысты еместігін көрсетті.
1900-1907 жж. Д. Гиншельвуд бірнеше қалыпты дамыған балалардың
жазу және оқу бұзылыстарын зерттеген және оқу, жазу бұзылыстары ақыл – ой
кемістігімен байланысы жоқтығын дәлелдей түсті. Алғаш Д. Гиншельвуд оқу мен
жазуды меңгерудегі қиындықтарды «алексия» және «аграфия» терминдерімен
белгіледі.
Осының негізінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында екі
қарама-қарсы көзқарас қалыптасты. Бірінші топтағы авторлар оқу және жазу
бұзылыстарын Зиятында кемістігінің бір компоненті деп қарады. Ал екінші
топтағылар оқу және жазу потологиясы Зиятында кемістігімен байланысты емес,
өзінше жеке бұзылысты құрайды деді.
О. Ортон балалардың оқумен жазуында кездесетін бұзылыстарды анықтау
мақсатымен арнайы зерттеулер жүргізді. Ол балаларда оқу және жазудағы
қателеріндегі басты қиындық әріптен сөзді құра алмаулығымен байланысты, яғни
бала әріпті, буынды нашар есте сақтайды, оларды белгілі дыбыстармен
байланыстыра алмайды деп тұжырымдады.
Р.А. Тукачев оқу және жазу тілінің қателіктерін тұқымқуалаушылық
факторының әсерінен болуы мүмкін деді.
М.Е. Хватцев өзінің ертедегі жұмыстарында жазбаша тілдің бұзылысын
дыбысты айту бұзылысымен байланыстырады. Жазу сөйлеу тілі әрекетінің
күрделі формасын құрайтын көп деңгейлі процесс. Оған көптеген анализаторлар
қатысады. Көп жылғы зерттеулерден жазбаша тілдің бұзылуы ауызша сөйлеу
тілінің дамуын қалыптастыратын процестердің жеткілікті деңгейде дайын
еместігімен байланысты деген көзқарасқа келеді.
XX ғасырдың 30 жылдары жазу кемістіктерін сөйлеу тілінің
айтылуындағы олардың ақаулықтарымен байланыстыратын жаңашыл көзқарастар
пайда болды, бұл теория Ф.А. Рау, М.Е. Хватцев, Н.Н.Трауготт, А.Я.
Яуннберзинь және т.б ғылымдардың еңбектеріне айналады. Бұл теория бойынша
дисграфияны жазуды меңгерген кезде пайда болатын ерекше қиындықтардың
нәтижесін жазудағы «мүкістіктер» деп анықталады. Дыбыстарды айтылуындағы
ақулықтарды түзеткен кезде жазуындағы кемістіктер де жойылады деп ойлады.
Бірақ, айтылуындағы ақаулықтарды түзету оқу мен жазылуындағы кемістіктерді
жоюды көп жағдайларда қамтамасыз ете алмайтындығы іс жүзіндегі тәжірибеде
анықталады. Сонымен қатар жазуындағы қателер барлық дыбыстарды дұрыс
айтатын балаларда да кездестіндігі байқалды.
Р.М. Боскис пен Р.Е. Левинаның зерттеулерінде жазуындағы
кемістіктердің көпшілігі фонематикалық түйсіктің толық дамуына жататын
естуі дұрыс баланың ана тіліндегі дыбыстардың жүйесін құрайтын дыбыстарды
көңіл бөліп іріктеуге қабілеті төмен болады деген жорамалдар ұсынылады.
Көптеген зерттеулер көрсеткндей көмекші мектепте оқитын оқушылардың
жазуын тексерген кезде дыбысты айтуға қарағанда жазуындағы қате кең тараған.
Мектепте жазуда қате жіберетіндердің саны біртіндеп азайса да, тіпті жоғары
сыныптарда да оқушылардың 30% бұл кемістік қалуы мүмкін. Төменгі сынып
оқушыларында жазудағы қате дыбысты айтудың жетіспеушілігі негізінде болады,
сондай-ақ жазудың қатесі фонетикалық дұрыс сөйлеу тілі кезінде кездесуі де
мүмкін.
Кейбір балаларда бір жұмыстың өзінде 30-40 қате кездесуі мүмкін. 2-3
сыныптарда қателер дыбыстарды қалдырып кету, әртүрлі басқа дыбыстарды
қоюға байланысты кездеседі. Орфографиялық қателердің өсуін авторлар ережені
жақсы меңгермеуіне, жазу кезінде өзіндік бақылаудың жеткіліксіздігіне,
меңгерілген ережені қолдана алмауына байланысты деп түсіндіреді. Көптеген
ережелерде игеру дыбыстарды ажыратуға, сөздің дыбыстық құрамын анық
талдауға байланысты. Мысалы, дауыссыз дыбыстардың сөздің ортасында,
соңында кездесуін дұрыс жазу үшін қатаң, ұяң дауыссыздарды нақты ажырата
білу керек.
Көмекші мектептің төменгі сынып оқушыларының жазуға оқыту мәселесіне
негізделген көп жылғы зерттеулер есту бойынша фонетикалық дұрыс жазудың
ақыл - ойы кем балаларында қалыптасуында қиындық туғызатын себептерді
анықтауға бағытталған (Р.Е. Левина, В.В. Воронкова, Г.А. Каше, Д.И. Орлова,
М.А. Савченко). Жазуға оқытудың алғашқы кезеңінде фонетикалық принцип
маңызды орын алады. Дұрыс жазу негізінде фонетикалық принцип сөйлеу тілінің
дыбыстық талдауы болып табылады: жазатын адамнан тек естіп және жазылатын
дыбыстарды ажырату талап етіледі. Бірақ дыбыстарды ажырату күрделі
тапсырма. Мұны өз кезегінде К.Д. Ушинский, Н.Ф. Бунаков, В.П. Вахтеров, В.А.
Флеров көрсеткен.
Ақыл – ойы төмен оқушыларға жазудың бұзылуының бірден бір себебі
ретінде көптеген зерттеушілер олардың ақыл ойының даму деңгейінен деп
есептеген, соның салдарынан сөйлеу тілі дамуында қалып қоюшылық байқалды.
Бәрінен бұрын бұл сөздің дыбыстық құрамының қалыптасуының кешігуінен
байқалады. Р.Е. Левина, Г.А. Каше, Д.И Орлова, Р.Я. Журавлева жазудың
бұзылуына фонематикалық қабылдаудың даму деңгейінің маңыздылығын
көрсетті.
Арнайы оқыту, дыбыстық әріптік талдаумен синтездеудің терең бағытталған
жұмыстың нәтижесінен көмекші мектеп оқушылары фонетикалық дұрыс жазуды
меңгеруге қабілетті екенін көрсетті.
Н. А. Накашина, Л.Ф. Спирова, Р. И. Шуйфер балалардың жазудағы
ақаулықтарын түзету мәселесіне арналған жұмыстарында ауыз екі сөйлеу тілінің
және оқуы мен жазуындағы кемістіктерін жұмылдырып жою керек екендігіне
ерекше көңіл аударады.
Зияты зақымдалған балаларда әріптің образын игеруде көптеген қиындықтар
кездеседі. Ол үшін алфавитті әріптердің ұқсастығы бойынша топтарға бөлуге
болады. Бір әріптер ұқсастығы бойынша топтасады, (п-н) басқалары бір-бірінен
тек бір ғана элементерден ерекшеленеді (Н-Ц-Ш-Щ), қиыны ақыл-ойы төмен
оқушыларға бір бірінен тек бір ғана элементпен ерекшеленетін әріптерді
меңгеруде қиындық туады. Ақыл-ойы төмен оқушылар әріптің бір элементінің
түсіп немесе ауысып кетуі буынды, сөзді өзгертетінін бірден түсінбейді. Төменгі
сынып оқушыларында қабылдау және кеңістікте бағдарлау бұзылады. Мұндай
балалар әріпті салуда, әсіресе ережені сақтауда, сызық бойымен жазуда қиналады.
Танымдық процестердің де бұзылуы жазуға әсер етеді. Кейінгі кездері И.А.
Денисованың сөйлеу тілі дамымаған төменгі сынып оқушыларында кездесетін
дизорфографиялық қателерді алдын алуға бағытталған еңбегінде, Қ.Қ.
Өмірбекованың басшылығымен көмекші мектеп оқушыларының жазу жұмысында
кездесетін қателері туралы мағлұматтар ізбасарларының жұмыстарында көрініс
ала бастады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Волкова Л.С., Селиверстов В.И. «Хрестоматия по логопедии»2том.М-1997.
2. Левина Д.И. «Нарушения письма у детей с недоразвитием речи» М – 1961.
3. Воронкова В.В. «Дифференцированный подход при обучении правописания
учащихся младших классов вспомогательной школе» М–1972.
4. Коломыткина И.В. «Экспериментальное исследование процессе списывание
текста младшими умственно отсталыми школниками» Дефектология 1997. № 6.
Достарыңызбен бөлісу: |