Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


-дәріс МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЗИЯТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ



бет36/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
25-дәріс МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЗИЯТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ 
СӨЙЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 

Бүгінгі таңдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің негізгілерінің бірі - жыл


сайын өсіп келе жатқан, жалпы дамуында қандайда бір кемшіліктері бар
мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны. Қазіргі таңда мектеп алды даярлық
тобына көбінесе балабақшаға бармаған немесе қандайда бір кемшілігі дер кезінде
аңғарылып қолға алынбаған балалар жиі кездеседі. Қоғамдық ортаның талабы мен
жалпыға білім беру саласында баланың физиологиялық және психикалық
дамуында кездесетін кемшілігі бар балалармен түзету және алдын алу жұмыстары
қарастырылған. Қоғамдағы әртүрлі мүкістігі мен кемшілігі бар бала тек
физиологиялық емес психикалық дамуынан да қалысқандықты байқатады. Бала
ортада тез бейімделіп, құрбы – құрдастарымен араласып, ортаға сіңуіне әртүрлі
көптеген факторлар өз әсерін тигізуде. Осыған байланысты 2002 жылдың 11
шілдесінде Елбасының жарлығымен «Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық – педагогикалық түзету арқылы қолдау» туралы №143 Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды. Осы заңға сәйкес дамуында әртүрлі
физикалық, психикалық ауытқулары бар балалардың, бұрыннан қалыптасқан
әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзету әдістері қайта қаралып,
толықтырылып, кемтар балаларды әлеуметтік қалыптастырудың тиімді шаларары
белгіленді.
Баланың
физикалық
және
психикалық
дамуындағы
ауытқудың
ерекшеліктері оның барлық жетілу процестеріне, соңынан дүние танымындағы
әрекеттеріне әсерін тигізеді. Сондықтан қандайда болмасын кемістік немесе
ауытқуды дер кезінде аңғару мен зерделеу болашақта баланың айтарлықтай
өзгеше кемістіккке ие болмауы мен алдын алу жұмыстарын дер кезінде жүргізу
қажеттілгі үнемі туындайды.
Қазіргі кезде мектепке немесе бала бақшаға келетін балалар арасында жалпы
даму ерекшелігі мен әртүрлі (жеңіл) дәрежеде кемістігі ойлау және сөйлеу
қабілетінің төмендігі бар балалар саны көбейіп отырғаны анық. Бұл әлеуметтік

ортада баланың дұрыс бейімделмеуі мен өзгеруі, экологиялық және


экономикалық дағдарыспен байланысты.
Мектеп жасына дейіңгі балалардың ойлау және сөйлеу қабілетінің даму
ерекшелігі, ауытқуларды анықтап, психологиялық - коррекциялық көмек
көрсетуде түзету жолдарының тиімді арнайы әдістерін,психокоррекциялық
жаттығулар мен ойындар қатарын қолдану қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі себебтерін талдай отырып, белгілі
ғалым - психолог Л.С.Выготский «бала психикасынының дамуына әсер ететін
әртүрлі зиянды себептерден организмнің қалыпты қызметі бұзылса, бұл
организмде әртүрлі дәрежеде кемістік түрлері, яғни кемістік даму басталады» деп
көрсетті.
Л.С.Выготский мектеп жасына дейінгі баланың ойлау қабілетін негізгі
ойлық жаңашылдықтар (синкрет, кешен, жасырын түсінік) негізінде сипаттаған,
бұл бірақта қазіргі кезде толық зерттеліп дәлелденбеген.
П.Я.Гальпериннің ұсынысы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың
ойлауы орталықтанған күйден ұсынылған үлгі мен эталонда негізінде қоршаған
ортаны өзгертуге мүмкіндігі негізінде объектілі айқындалып меңгерілуге
ауысады. Л.Ф.Обухова (1972 жылы) өзінің эксперементалдық зерттеулерінде бұл
маңызды болжамды дәлелдеп берген.
Сөйлеу – адамдардың материалды құрастырушы іс-әркеттің процесінде
тарихи түрде қалыптасған, тілмен анықталатын қарым-қатынас формасы.
Тіл сөздік белгілердің жүйесі.
Көптеген психологтар сөйлеуді сөздік іс-әрекет ретінде қарастырады. Мұнда
ол іс-әрекеттік тұтас актісі ретінде немесе сөздік емес іс-әрекетке қосылған сөздік
әрекет түрі ретінде болады. Сөздік іс-әрекет құрылым кез-келген әрекет
құрылысымен сәйкес келеді, яғни оған бағдарлау, жоспарлау, жүзеге асыру,
бақылау фазаларын алады.
Сөйлеудің физиологиялық негізі И.П.Павлов іліміндегі екінші сигнал
жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен
байланысты.
Сөйлеудің динамикалық локализациясын осыдан 130 жылдай бұрын (1861
ж.) француз ғалымы П.Брока адамның ми қабығындағы сол жақ жарты шарды
маңдай алабының ішінші бөлігінде төменгі қатпарларда орналасқанын анықтаған.
Ол зақымданса, адам дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуге қиналатынын
анықтаған. П. Брок мидың бұл бөлігін «сөздерді бейнелеудің қозғаушы
орталықы» деп атады. Кейінірек, 1874 жылы. Вернике мидың осы бөлігінің самай
жағындағы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп - білу орталығы
орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен
зерттеулердің жеткіліксіздігін Д.Джексон (1835 – 1911 ж.ж.) сынаған болатын.
Одан кейінгі кездерде физиологтар мен психологтар П.К.Анохин, Н.А.Бернштейн,
А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, Д.Н.Узнадзе, АҚШ – та Дж.Миллер т.б. өз
зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің
дәлелдері әлі де жеткіліксіз екенін ашып көрсетті.
П.К.Анохин өз зерттеулерінде сөйлеу әрекетінің физиалогиялық механизмін
арнайы және бірнеше қызымет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған және
ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет
орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизімі – Н.И.Жинкиннің зерттеуі
бойынша аса күрделі әрі сатылы процесс. Сөздерді қабылдау мен түсіну күрделі
механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.
Л.С.Выготский айтқандай: сөйлеу баланың жалпы дамуы мен дүние
танымын кеңейту мен болашақ өмірге жолдамасының негізгі кілті, бірақ баланың
ойлау қабілетінің жетік қалыптасу негізінде ғана жүзеге асырылады. Ендеше,
мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы дамуындағы кездесетін қандайда бір
кемістіктің салдарынан туындаған ойлау қабілетінің бұзылуының алдын алу мен
түзету жұмыстарын жүргізу үнемі іске асырылып отырылуы қажет.
Осы жұмыстарды іске асыруда мектепте психолог пен логопед біріп жұмыс
жасауының барысында баланың дамуындағы кездесетін кемістіктердің алдын
алуы мен түзету жұмыстарын ұйымдасқан және жүйелі түрде жүргізуге болады.
Тексеру барысында экспериментке қатысқан баларды зерттеу негізгі екі
деңгейі анықталды. Әр топтың негізгі белгілері төменде қарастырылған.
Ойлау және сөйлеу қабілеті төмен балалар: ойлау қабілетінің жалпы
көрсеткішінің салыстырмалы қорытындысы төмен деңгейде. Есте сақтау, зейін
шоғырландыру, образдық елестету мен ырықты зейін деңгейі төмен. Балалар
қарапайым ойлау операцияларын орындай білмейді. Заттардың және
қимылдардың салыстырмалық көрсетілулері толық қалыптаспаған. Жалпылау,
жинақтау, ой қорту операцияларын орындай алмайды. Сөйлеу қабілеті толық
дамымаған, ой қорыту мен өз ойын толық жеткізу дәрежесі төмен. Бала бала
бақша дайындығынан өтпеген.
Ал екінші топ ойлау және сөйлеу қабілеті мен дүние танымы дұрыс
қалыптасқан балалардан құралды: Ойлау қабілетінің жалпы көрсеткіші жоғары,
есте сақтау қабілеті, зейін шоғырландыру деңгейі қалыптасқан, қарапайым ойлау
операцияларын, жалпылау, жинақтау, талдау жасай біледі. Заттар мен
қимылдардың қасиеттеріне сипаттама беріп ерекшеліктеріне сәйкес талдау жасай
алады. Сөйлеу қабілеті мен ой қорту, өз ойын толық жеткізе алу дәрежесі жоғары.
Сөздік қоры мол.
Берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындай білу қабілеті, баланың
өзіндік ұйымдастырылуы сабаққа қызығушылығы мен негізгі ынтасы даму
сипаттамасының алғы шарттары болып табылады.
Мектеп жасына дейіңгілерді тексеру, зерттеу барысында олардың жағдайына
объективті баға беруді қамтамасыз ететін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
Тесеру барысында қолайлы жағдай жасау, эмоциялық байланысты құру;
Сараптаушымен одан әрі жұмысты жүргізуге ықыласын білдіру және
зерттеуде оң нәтижеге жету үшін тапсырманың жеңілдетілген түрін қолдану;
Қажытуды болдырмау үшін сөздік және көрнекілік әдістерді кезектестіру;
Ойын сипатындағы тапсырма;
Танымдық әрекет дамудың деңгейін есептеу;
Психикалық үрдістің қалыптасуы мен дамытуға бағытталған тапсырма ретін
ұйымдастыру;
Алдымен баланың мектепте оқуға дайындық деңгейі қарастырулы шарт.
Мектептегі оқуға дайындық дегеніміз – балалардың арнайы оқу
бағдарламасын ойдағыдай меңгеруіне және оқушылар ұжымына енуі үшін алғы
шарт жасау.
Бала мектепте оқу үшін жалпы және арнайы дайындықтан өтеді.
Жалпы дайындық баланың дене және психикалық дамуына қарай
анықталады.
Арнайы дайындық баланың ақыл – ойына салмақ түсіретін пәндердің негізі
болып табылатын білімді, ұғымды, іскерлікті ігеру.
Мектепке дейіңгі шақтағы оқыту – балалардың үйрену қабілетін дамыту,
оларды қарапайым білім жүйесімен таныстыру.
Оқыту мен білім беру мәселелерін дидактика қарастырады.
Оқыту мен білім берудің көрнекілігін қамтамасыз ету үшін дидактикалық
құралдар мен дидактикалық материалдар қажет.

Дидактикалық құралдар – оқу міндеттеріне сай арнайы жасалған заттар.


Оған көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар да кіреді.
Көрнекі кұралдарға табиғи заттар, әдейі көрсетуге арнап іріктелген
ойыншықтар, суреттер, муляждар жатады.
Дидактикалық материалдар үлестіріліп беріледі, оны әрбір балаға жеке
пайдаланады.
Мектепке дейіңгі балалар қолданатын құралдарға арнайы талаптар
қойылады: олар нақты оқу - тәрбие міндеттеріне жауап бере алатын, балалардың
жас ерекшелігіне сай, алуан түсті, көркем, тартымды, сапалы болуы тиіс.
Ұжымдық пайдалануға арналған құралдар пішіні айқын, құрлысы анық,
көлемді етіп жасалады.
Дидактикалық материалды тиісілі таңдау баланың даму қарқыны мен
кемістігін нақты айқындауға өз септігін тигізеді.
Баланың тілі қаншалықты бай болса, оның ойлау қабілеті мен ой
ұшқырлығы да кеңейе түседі. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кеңейте түсу
үшін өлең, ертегі, әңгіме, мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби
шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор. Сол арқылы
олардың ойлау қабілеттері артып, есте сақтауы жетілдіріліп, көргендерінен ой
түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.
Әңгіме барысында баланың қоршаған орта, уақыт, кеңістікте бағдарлануы,
байланыстылық, қызығушылық, сүйікті ойыны, сабағы туралы жалпы білім қоры
және елестету деңгейі белгілі болады.
Мектеп жасына дейіңгі балаларды диагностикалық зерттеу үшін
әдістемелерді таңдауда жаңа психологиялық жас ерекшелігіне, яғни,
перспективтік әрекет деңгейінің дамуы, көрнекі – образдық ойлау, есте сақтау мен
қайта жаңғырта білу қабілеті, ырықты зейін деңгейіне, жетекші әрекет ойын,
сонымен қатар құрастыру мен сурет алу сияқты әрекеттерге баса назар аудару
қажет.
Мектеп жасына дейіңгі шақта төмендегі бағдарлы – танымдық әрекеттер
айқындалады:
Ретсіз әрекеттер
Нұсқауларды таңдау
Мақсатты көрулер
Іс жүзінде өлшеу
Бағыттық көру
4 – 5 жастағы қалыпты парасатты дамыған балалар іс жүзіндегі
проблемаларды мақсатты көру арқылы шешеді. Бұл жаста балаларда көріністі
ойын мен рольді – көріністік ойындар дамиды. Бұған қоса, құрастыру, сурет салу,
жапсыру сияқты өнімді әрекет түрлеріне деген қалыпты қызығушылық
байқалады.
6 жастағы балаларды зерттеуде мына жаңа психологиялық әрекеттерді
назарға ұстау керек. Олар рольді көріністі ойындар өнімді әрекеттерде көріністік
байқалды, сонымен қатар іс жүзінде өлшеу, кей жағдайларда бағыттылық көрудің
даму көрсеткіштері маңызды орын алады.
7 жастағы балаларды зерттеудің басты мақсаты оларды мектеп оқуына
психологиялық дайындығын мақсатты меңгеру.
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл – ой дамуының негізгі өлшемі ретінде
мыналарды санауға болады:
- тапсырманы қабылдау
- тапсырманың шарттарын түсіну
- тапсырманы орындау әдістері (ретсіз әрекеттер, өлшеу, мақсатты көру, іс
жүзінде өлшеу, бағыттық көру)
- зерттеу үрдісі дарысында үйренді
- әрекет нәтижесінде қатынасы
Мектеп жасына дейіңгі балалардың таным шеберлігінің ерекшелігін
диагностикалау, үйретуші эксперимент нысанында жүргізілетін және білім мен
біліктіліктің қалыптасқан деңгейін анықтайтын тапсырмалар қолданылады.
Тапсырманы орындауды талдау бала әрекетінің сипатын бағалауға мүмкіндік
береді. Оның іс жүзіндегі жағдайды проблемалы деп түсіне ме, талдау жасай ала
ма, өз бетінше ұсынатын мақсатын тауып, көмекші құралдарды қаншалықты
қолдана алатындығын тексеруге жағдай жасайды. Бала әрекетін бағалаудың бұл
түрі тек дамуды „өзекті― деңгейін ғана емес, дамудың жақын әлеуметті аймағын
да анықтайды. Бұл өз алдына әр баланы жеке оқытуға коррекциялық бағдарлама
құруға мүмкіндік береді. Баланың мектепте оқуына ынталы дайындығын зерттеу
де түрлі бала әрекеттері барысын бақылау, әңгіме сияқты әдістер қолданылады.
Мектеп жасына дейіңгілердің ерікті – эмоционалдық жағдайының негізгі
көрсеткіш ретінде, орындалған тапсырманың негізгі бағасына сәйкес шұғыл
әрекет ете білу тәртібінің ережесін меңгеру, қиындықтарды жеңе білу. Мектепке
психологиялық дайындықтың маңызды көрсеткіші болып, сөзге дыбыстық
талдау, оқу, есептеу сияқты қарапайым оқу дағдылары саналады. Сонымен бірге
қоршаған орта туралы елесі, білімінің белгілі бір көлемі, жазуға қолының
дайындылығы маңызды.

ӘДЕБИЕТТТЕР


1.Лапшин В.А., Лузанов Б.Б. Основы дефектологии Москва 1990
2.Ефименкова Л.Н. Формирование речи у дошкольников моска 1985
3.Я.Л.Коломинский Е.А.Панько Учителю: о психологии детей шестилетнего
возраста М., «Просвещение» 1988

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет