Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


-дәріс Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың типтері



бет42/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
ЗЗБ псих иннов лекция

31-дәріс Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың типтері
Потогенетикалық механизмді анықтау арқылы болжау қорытындысы анықталады. Психикалық дамудың кешеуілдеуінің жеңіл түрінің, бұл негізінен инфантилизмнің анықталуында, балаларға оқытудың негізгі әдіс – тәсілдерінің қажеттілігінің болмауымен сипат алады. Анықталған нейродинамикалық, соның ішінде церебрастениялық бұзылулар кезінде психологиялық – педагогикалық көмекпен қатар, медициналық көмектер де қажет болды. [17.35] Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде К.С Лебединскаяның жіктеуі бойынша, психикалық дамудың конституционалдық түрі, психикалық дамудың церебральды-астениялық түрі, психикалық дамудың самотогендік түрі, психикалық дамудың кешеуілдеуінің психогендік түрлері ажыратылған. Осы аталған әр бір типтердің белгілі бір аурулардың қатары арқылы қиындап, әр түрлі аурулардың сипаттамаларын береді. Мысалы: Соматикалық, неврологиялық және т.б. Осы аталған ауруларға сәйкес клиникалық – психологиялық құрылымдардың түрлері анықталып, бұзылуға, эмоциялық – ерік сферасының бұзылуына әкеп соқтырады. Психикалық дамудың кешеуілдеуі кезіндегі клиникалық типтердің, күрделі түрі бір – бірінен құрылымдарына қарай және негізгі компоненттері арқылы ажыратылады. Олар инфантилизмнің құрылымы ретінде нейродинамикалық кемшіліктердің мінездемелерін сипаттайды. Танымдық әрекеттің баяу қалыптасуында инфантилизм интеллектуальдық мотивациясының жетіспеушілігімен тығыз байланысты. Нейродинамикалық кемшіліктерде психикалық процестердің қозуымен оның тонустары анықталады. Психикалық дамудың кешеуілдеуінің конституционалдық түрде анықталуы 1.Гормониялық инфантилизм – жеңіл түрдегі психикалық және психофизикалық инфантилизм болып табылады. Бұл жүктелу М.С.Певзнер мен Т.А.Власованың топтастыруымен байланысты. Осы уақытта эмонационалды ерік сферасының алғашқы дамуындағыдай, ерте жастағы баланың эмоциясының қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Балалардың қиындықтарын М.С. Певзнер, Т.А.Власова өздерінің еңбектерінде, оны тұлға мен оның мотивациясының ерік сфераларымен ұштастыра білді. 2.Дисгормониялық инфантилизм – ми қабілетінің ерте жастан бастап зақымдалған психикалық, психофизикалық инфантилизмнің ауыр түрі. Зерттеулердің нәтижесі бойынша: бұл топқа жататын балаларда ерік эмоцияларында тұрақсыздық, қабылдау, ойлау қабілеттерінің төмен екендігі анықталды. Көп жағдайда, бұл типке жататын балаларымен жылы шырай таныту арқылы қарым – қатынасты орната алады. 3.Эндокриндік жетіспеушіліктен пада болған психикофизикалық инфантилизм – бұл аталған тип көбінесе жиі немесе сирек кездеседі. Бұл топтағы балалар физикалық жағынан қалыс қалған, психомоторлық қабілеттері, қимылдық іс — әрекеттерінің бұзылуы, сондай – ақ кеңістікті бағдарлауының бұзылулары байқалады. Кейбір жағдайда бұл типтегі балалар өз құрдастарынан қашады. Тіпті қоғамдық жұмыстарға да араласудан қалыс қалып отырады. Түзету – педагогикалық жұмыстарды бұл типтегі балаларға міндетті түрде, психологиялық көмек ретінде көрсетілуі тиіс. Балалармен қарым – қатынас жасау кезінде, олармен тренингтер, өз — өзін бағалау, бақылау мақсатында әдістемелер өткізіледі. Түзету жұмыстарын жүргізуде, балалардың даму деңгейлерін және олардың ерекшеліктерін жан – жақты бақылап, ескеріп отыру қажет. Психикалық дамудың кешеуілдеуінің самотогендік түрде анықталуы Анамалияның бұл түрі күрделі түрдегі соматикалық, инфекциялық жағдайлардың ұзаққа созылуымен, туа пайда болған немесе жүре пайда болған, соматикалық сфералардың дамуымен, сондай – ақ жүрек ауруларымен сипатталады. [9.12] Баланың психикалық дамуындағы баяулау типі кезіндегі күрделі астения, жалпы және тонустық баяулауы маңызды рөл атқарады. Дамуындағы кемшіліктің осы кезеідерінде эмоциялық дамуының тежелуімен, самотогендік инфатилизм, нервтік зақымдалулардың әсерінен балаларда өз — өздеріне деген сенімсіздік, физикалық жетіспеушіліктермен сәйкес, оларда қорқыныш сезімдері қалыптасады. Псхикалық дамудың кешеуілдеуінің бұл түрі – мектепке дейінгі балаларда көп кездеседі. Бұл жаста эмоциялық ерік сферасының бұзылуының салдарынан айналасындағы адамдарға, туғандарына соның ішінде анасына кек сақтайтындары бар. Әр бір ата – ана өз баласын жамандыққа қимайды, сол себептен ата – аналар өз балаларының бойындағы кемшіліктерін жоюға тырысады. Уақыт өте келе оқу процесінде балалардың кемшіліктері кейбір уақыттарда байқалмайды. Дегенменде, оқу жылының бірінші немесе екінші оқу жылының айларында, самотогендік типтегі балалардың сабаққа деген үлгермеушіліктері, қоршаған ортамен қарым – қатынастары, оған бейімделуі нашарлай бастайды. Оның негізгі себептері: v Оқу процесінде сабақтың ұзақтығы (күнделікті бірнеше сағат бойы бір сабақтан өту) балалардың ерекшеліктерін ескермей тапсырмалар беру, бұл балалардың тапсырмаларды қиынсынып, сабақтың аяғына дейін отыра алмайды. v Мектептің тәртібіне үйренуде балаларда көптеген қияндықтар кездеседі, сондықтан бұл балаларды қоршаған ортамен байланыстыра отырып жұмыс жасау қажет. v Оқу процесінің жүйесі барысында, балалардың психикалық функцияларының, яғни танымдық қабілеттерінің төмендігінен оқуға деген дайындықтарының жоқтығын аңғарамыз. Сондықтан баламен жұмыс жасағанда, ең алдымен баланығ мотивациялық жағын, эмоциясын дамыту қажет. v Дамуындағы ауытқушылығы бар баланың оқу процесі кезінде оның үлгермеушілігінің, алдын алу үшін медициналық – педагогикалық тексеру орталықтарына жіберу. Мұғалім өз сабағында әр түрлі профилактикалық жағдайларды қолдану арқылы, ата-аналармен қарым-қатынас орната білуі керек. Олардың эмоциялық–ерік сферасын тексеруде– ең бірінші мектептің психологы маңызды орын алады. Ол өзінің жұмысы барысында, индивидуальдық жұмыстарды, сондай – ақ мұғалімдерге, ата-аналарға, балаларға арналған алуан түрлі әдістемелердің топтамаларын жүргізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет