Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


-дәріс Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау әдістемелері



бет43/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Байланысты:
ЗЗБ псих иннов лекция

32-дәріс Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау әдістемелері.
Гормониялық психофизикалық инфантилизм. Бұл топтың ең негізгі себептері: Тұқым қуалаушылық, ерте кезден пайда болатын ауру түрлері. Мектепке дейінгі жастағы балаларда қоршаған ортамен байланысы жеңіл түрде қарастырылады. Балалар қарым қатынас кезінде көпшіл, сезімшіл, қамқоршыл келеді. Балаларда психикалық және физикалық дамулары қалыптасады. Ал мектеп жасына келгенде,балалардың ойынға деген қызығушылықтары арта бастайды. Психофизикалық инфантилизм барысында, таным қабілеттерінің бұзылыстары да қалыптаса бастайды. Дисгормониялық психофизикалық инфантилизм. Бұл топтағы инфатилизмнің себептері: Ми жүйелерінің ерте жастан ауытқушылығымен сипатталады. Физикалық даму жағдайларында қалыс қалады. Кейде цереброастениялық синдромдарға тән қасеттері де көрініс беріп отырады. Ойлау операцияларының ішінде – анализ, синтез, салыстыру сияқты қасеттері өте қиын жағдайда қалыптасады. Бұл топқа жататын балаларда есте сақтау қабілетінің мүмкіндігі де әртүрлі жағдайда бұзылып отырады. Сондай – ақ балалардың эмоциональдық ерік сферасының бір бағыттылыққа жүктелмейтіні байқалады. Балалар көбінесе өзімшіл, агрессивті, ешкімге де бағынбайтын сәттері де болады. Психо инфатилизмнің эндокриндік жайдайына байланысты сипатталуы. Психикалық дамудың темтері әлдеқайда артта қалады. Содай ақ бұл балалардың ұсақ қол моторикасының дамуы да бір жүйеде бомайды. Координациялық есте сақтауы және қимыл әрекетіндегі бұзылыстарының өзі де осыған дәлел бола алады. Балалардың психикалық әрекеттері – төмен жағдайда дамып отырады. Осының барысында, балалардың қимыл — әрекеттері бір бағытта жұмыс жасамайды. Невропатологиялық жағдайлардағы синдромдарының психикалық дамудың кешеуілдеуі. Бұл топтың ең басты этиологиясы – патологиялық факторлардың ерте жастан, онтогенездік дамуымен сипатталады. Электроэнцефалографикалық зерттеулердің нәтижесінде, бас ми жүйесінің қызметтерінің бағыттары анықталады. Ал неврологиялық зерттеулер бойынша нерв жүйелерінің вегетативті дисфункциясының белгілері анықталады. Осы топқа жататын балалардың эмоциялық ерік сфералары – олардың тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Ерте психомоторлық дамуы белгілі бір қалыпта жүзеге асады. Олардың негізгі бақылауға алынатын қылықтары: айқайлауы, қозғалуы кейбір балалардың ұйқы кезіндегі тынышсыз болуы, ұйқысының бұзылуы есепке алынады т.б. Балалардың сабаққа деген үлгермеушілігі – олардың қызығушылықтарын төмендетіп, сабаққа барғылары келмейтіндей сезімде болады. Психикалық дамудың ауытқуы кезінде, мектеп жасында дисграфиялық бұзылыстары көп кездеседі. Психопатологиялық жағдайындағы синдромының психикалық дамуыдың кешеуілдеуі. Бұл тип осы негізде екі жағдай бойынша қарастырылады: Баланың эмоциялық яғни көңіл – күйінің гиперактивті түрінде анықталады. Балалардың агрессивті жағдайда болғаны мен де, оларда ешқандай ауыр мінезділік жоқ. Көбінесе тез ашуынан қайтатын балалар жатады. Танымдық қабілеттерінің бұзылыстары барысында – олардың инттелтуальдық операцияларының, соның ішінде қабылдуы мен зейіндерінің алатын орны ерекше. Ойлау әрекетінің бұзылысының әсерінен, балаларда сабаққа деген үлрермеушіліктері ұлғая береді. Алайда, бір жүйеге, бір мақсатқа нақтыланбайды. Мектеп бағдарламаларын меңгеруде, көптеген қиындықтар кездеседі. Осындай балалардың келеңсіз әрекеттері, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертеді. Жасөспірімдік шақтан өткен соң, кейде өздерінің жекелік қасиеттерін де жоғалта бастайды. Гиперактивті синдром жағдайындағы дамудың кешеуілдеуі – ерте жастағы баланың моторлық, психикалық дамуының темптерінің жұмыстарын төмендетеді. Бұл топтағы балалардың қимыл — әрекеттері жүйелі емес. Олар бірден әрекетке кірісе алмайды, әрекеттің бір түрінен екінші түріде ауыса алмайды. Танымдық қабілеттерінің ішінде сөйлеу тілінің қызметі қалыпты деңгейде емес. Сонымен қатар басқа да танымдық қабілеттерінің қызметтерінің де жұиыстары пассивті түрде кездеседі. Аутистикалық синдром жағдайындағы психикалық дамудың кешеуілдеуінде – баланың психомоторлық дамуының бұзылыстарын ерте жастан қолға алуды көздейді. Себебі моториканың дамуы артта қалып отырады. Балалар өздерінің қимылдық әрекеттерін бағдарлай да,бақылай да алмайды. Ерте жастан бастап балаларда аутизмнің белгілері байқалады. Мұндай балалар тек өздерін ғана ойлайды. Өзге балалармен де қарым – қатынас жасамайды. Өздеріне ұнамайтын әрекеттерімен айналыспайды. Сондай – ақ сабаққа деген қызығушылықтарын тудырмайды, қайта қиындықтарды туғызады. Бірақ, осы ірекеттері өздеріне ұнайды. Психикалық дамудың ауыр түрлеріде, балалардың оқу және жазу дағдылары бір бағытта болмайды. Бала кездегі церебральдық салдану жағдайындағы психикалық дамудың кешеуілдеуі. Салдану кезінде көп жағдайда моториканың бұзылуы, сондай – ақ, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау операцияларының бұзылулары жиі кездеседі. Қимылдың жетіспеушілігінде – тактиль мен кинестетикалық түйсінулерінің бұзылыстары орын алады. Кеңісті бағдарлауының функцияларының бұзулысы да бар. Салдану кезінде гнозистің бұзылуы, праксистің бұзылуы, агнопраксистің бұзылуы, астереогноздың бұзылуы орын алады. Салдану кезіндегі танымдық қабілеттерінің бұзылуы көп кездеседі. Бұл топқа жататын балалардың эмоцинальдық — ерік сферасы өз ауытқушылықтарымен бірге өзгеріске ұшырап, бұзылысқа айналады. Гиперкинетикалық формада салдану – вербальдық – логикалық ойлаудың бұзылысы пайда болады. Балаларда салдану кезінде, невродық сиптомдары мен депрессиялар, ойға шоматын сияқты жағымсыз әрекеттері қалыптасады. Диагностикалық зерттеулер оқушылар үшін танымдық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру, жаңа нәтижеге келуі болып табылады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін тексеру үшін тәжірибелік эксперимент жұмыстары № 45 Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнаулы түзету мектеп балабақшасында ұйымдастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет