Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды


нен  бұрын,  қоқан  хандарының  қол



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

нен  бұрын,  қоқан  хандарының  қол 
астындағы  көшпелі  халықтың  ауыр 
жағдайынан  туындаған  болатын.  Ол 
ха лықтық көтерілістің маңызы зор еке-
нін  еске  түсіреді [7, с.15-16].  Көтеріліс 
прогрессивті  болды,  өйткені,  көтеріліс 
қанауға  құлдыққа  қарсы  бағытталды. 
Бұл кезде Омар хан Ходжентке, Ұратөбеге 
Заминге  қарсы  тағы  да  бірнеше  жорық 
жасады.  Ол  өзінің  осындай  сəтті  бір 
жорығынан  кейін  көптеген  нөкерімен 
Марғұлан  мен  Əндіжанға  аңшылыққа 
аттануды  ұйғарды.  Бірақ,  осыған 
дайындық кезінде Омар хан ауырды да, 
кешікпей қайтыс болды. 
Омар хан өлген соң, Қоқан  хандығына 
əулеттің  ең  кенжесі  Мəделі  (Мұхаммед 
Өтеубай ҚОЖАҚҰЛЫ. Қоқан хандығындағы көтерілістер

№2    2015    А И АТ
16
16
əлі 1821-1842жж.)  отырып,  ол 21 жыл 
ел  басқарады,  қоқанды  Бұхар  хандығы 
жаулағанша тақта отырды [8, 2-3 п]. Қоқан 
хандығы  резиденциялардан  бөлек 12 қала 
–  округтерге  бөлінді.  Оны  хан  əулеттері 
басқарды: 1-Ташкент, 2-Ходжент, 3-Əндіжан, 
4-Наманган, 5-Төреқорған, 6-Ярмазар, 7- 
Ұратөбе, 8-Замин, 9-Ям, 10-Хазрет сұлтан, 
11-Уш, 12-Тусь [8, 4-6 п].  Бұдан төрт жыл 
бұрын Бух ханға (немесе Батыр хан, бұл есім 
батырлығы үшін қойылған лақап аты), бүкіл 
Қоқан хандығындағы қалалар бағынды. Тек 
қана  Əндіжан  ханы  Мұхаммед  Риза  Кер-
манаги  хан  қарсылық  көрсетті,  кейінірек 
ол  Батыр  хан  мен  сұлтан  Махмуд  ханның 
бұйрығымен  өлтірілді.  Кейінірек  Ходжент 
Ташкент бектері – Бұхар хандығын қолдап, 
50 000 əскермен Батыр ханға, Қоқан ханда-
рына қарсы шықты. Ходжент қаласына жет-
пей Мұхаммед Қожа Батыр басымен барлық 
қала  шенеуніктері, (Керімқұл  Зимбардар 
жəне Садық Тұңғатар) келісімге келеді де, 
Қоқанға аттанар жолда шегініп кеткен жəне 
жолда  тарап  кеткен 50 000 əскерді  қуалау 
үшін,  Батыр  хан  Қоқанға 10 шақырым 
қалғанда тоқтап, лагерь құрды. Бұдан кейін, 
ол  Қоқан  ханы  Мəделіні  айнала  қоршады. 
Қоқан  хандығында  алауыздық  болып,  бек, 
əмірлер  қамалдан  қашып, 5-6 шақырым 
қашықтағы  Яккутать  қалашығына  барып 
топтала  бастады.  Батыр  хан  Мəделі  хан 
мен оның үлкен ұлы Махдам  бекті өлтіріп, 
кіші  ұлы  үш  жасар  Мұзапар  бекті  өзімен 
алып кетті. 11 күннен кейін  Батыр хан қала 
бекінісінің бір басшысы етіп Ирайым бекті 
сайлады. Ташкент ханы Махмут сұлтанның 
орнына Мұхамед Шариф аталықты басшы-
лыққа  отырғызды.  Өзімен  бірге  Бұхардан 
əкелген  адамдарымен  бүкіл  қала  əмірлері 
мен  бектерін  алмастырып  қойды.  Соны-
мен, Қожа ханның ұлы Шерəлі хан, əкесінің 
сатқындықпен  қаза  тапқанын  жəне  Қоқан 
ханы  құлағанын,  оның  билеушісі  Мəделі 
хан қайтыс болғанын естіп, 70 күннен кейін, 
7 сарбазымен Қоқан халқының қолдауымен 
Батыр  хан  отырғызған  Ирайым  бекті 
өлтіріп, Қоқан ханы болып өзі отырады [8, 
7-8  п]. 12 жасынан  бастап  Əлім  хан  оны 
қарақырғыздарға  жіберіп, 44 жасқа  дейін 
сонда тəрбиеленіп, өмір сүрген еді жəне ол 
Тоқта  Назардың  қолында  болды.  Шерəлі  
хан  Тоқта  Назардың  қызына  үйленеді, 
оның өз қолында 200 сарбаз болды, ханның 
бұйрығымен  Ляшкар  құшбегі,  Ташкенттің 
басшысы болып, зекет салығын қазақтардан 
жинап, Қоқанға иелік етті.
Шерəлі  хан (1842-1845) басқаруын-
дағы  мемлекеттік  істерді  Қоқан  əскери 
күштерінің бас қолбасшысы (мыңбасы) 
болған  қыпшақ  феодалдарының  бас-
шысы  Мұсылманқұл  жүргізді.  Қоқан 
хандығында  билік  үшін  өзбек,  қазақ, 
қыр ғыз  феодалдарының  арасында  үз-
дік сіз  күрес  жүрді.  Осы  күресте  Мұ-
сыл манқұл  күрес  кезінде  өлтірілген 
Шади  басшылығындағы  өзбек  феодал-
дарының  əскерін  талқандап,  жеңіске 
жетті.  Мұсылманқұл  Қоқан  гарнизо-
нын  қыпшақтардан  құрды.  Хандықта 
барлық  маңызды  қызметтерге  ол  қып-
шақ  феодалдарын  тағайындап,  бар-
лық  билікті  қолына  алды.  Бұл  кез-
де  Мұсылманқұл  жүзбасы  Мəделі  хан 
тұ сында Насрулланың өкімінен шығып оны 
алдағысы  келеді,  Қоқанға  барып  халыққа 
беріліңдер  деудің  орнына  ол  қарсы  пікір, 
яғни  «Қасық  қаны  қалғанша  күресіңдер» 
дейді. Оның айтқаны орындалды. Қорғаныс 
күштері күшейтілді. 40 күн қоршаудан кейін 
Насрулла  өзіне  қарсы  ұйымдасқандықты, 
бұқарлықтарды  жаулап  алатындығын  есті-
сімен,  Қоқаннан  жасағын  алуға  мəжбүр 
болады.  Бұхарлықтар  кетісімен  Қоқанда 
аз да болса тыныштық орнайды. Ол кезде 
қартайған  шағына  жеткен  Шерəлі  хан 
өзіне қарасты елді адалдықпен басқарды. 
Ол  «Түкке  тұрмайтын  хан»  былай-
ша  айтқанда  аяқ  астындағы  басатын 
«шүберек»  деген  лақап  атқа  ие  болды. 
Оның  кезінде  беделді  қыпшақтардың 
барлығы  ел  басқару  ісін  өздеріне  қара-
тып  алды.  Осындай  жағдайда 1845 
жылы  Мұсылманқұл  əскерімен  Ош  ау-
данындағы  қырғыздардың  көтерілісін 
басу үшін аттанған кезде Шерəлі мен Мұ-
сылманқұлға  қарсы  кейбір  ақсүйектер 
Алай  қырғыздарының  басшыларымен 
сөз байласып, Ұратөбедегі Əлім ханның 
баласы  Мұратты  шақырып,  таққа 
отырғызады.  Ал,  Шерəліні  өлтіреді [9, 
с.737].  Шерəлі  ханның  екі  əйелінен  бес 
ұлы қалады: Сарымсақ, Софы-бек, Мəл-
лі  бек,  Құдияр  мен  Сұлтан-Мұ рат.  Осы 
кезде  Мұсылманқұл  тез  арада  қыпшақ-
тардан  əскери  күш  жинап,  Қоқанға  жыл-
жиды.  Жолда  ол  Шерəлінің  он  үш  жасар 
баласы  Наманганның  нақты  билеушісі  са-
на  латын  Құдиярды  алып  кетеді  жəне  оны 
хан  етіп  жариялайды.  Қыпшақ  жасақтары 
Қо қанда Мұратты өлтіреді. Қоқан ханы бо-
лып Құдияр хан (бірінші басқару 1845-1858 
жж.)  тағайындалады.  Бірақ,  биліктің  бар-
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай

№2    2015    А И АТ
17
17
лығы Мұсылманқұлдың қолында болады. 
1850  жылы  Құдияр  хан  кəмелетке 
толған  соң  ол  өзінің  қайын  атасы  жəне 
уақытша  ел  басқарушы  Мұсылманқұлдың 
қам қорлығынан  азап  шеге  бастайды.  Қо-
қанның  өзбек  феодалдарына  сүйене  оты-
рып, Құдияр Мұсылманқұлды өлтіруге бел 
байлап, қыпшақтардың ықпалын жойғысы 
келді.  Ол  Ташкент  бегі  Нұрмұхамбетке 
көмектесу  туралы  өтінішпен  хат  жаза-
ды.  Нұрмұхамбет  келісіп,  əскерін  Қо-
қанға  жібереді.  Мұсылманқұл  өзімен 
бір ге  Құдияр  ханды  алып,  Ташкентке  қар-
сы  шығады,  бірақ,  түнде  Нұрмағанбет 
лагеріне  құпия  түрде  өтіп  кетеді.  Болған 
күресте  Ташкент  бегі  талқандалды.  Тұт-
қын далғандардың ішінде Құдиярда болды, 
«Мұсылманқұл  Құдиярдың  опасыз-
дығына  наразылығын  көрсетпей,  бұ-
рын ғысынша  оны  хан  етіп  қойды» [10, 
с.333] – делінген деректе. Шерəлі ханның 
1856 жылға дейінгі 15 жылдық билігінде 
қырғыз  бен  қыпшақ  үстемдік  ететін  əр 
қала əкімі: Нармухамет датқа, Жұмабай 
датха,  Мырзат  датқа,  Хал  Мұхаммед 
датқа, Өтенбай фарманаги (əскер басы) – 
бұлар əрі ірі қалада, қара халыққа билік 
еткендер  еді.  Нəтижесінде  бұлардың 
барлығы  жазаға  тартылды.  Бұл  оқиға 
Ташкентте «Қыпшақ заманасы» деген ат-
пен қалды [11, 23 б]. Осылай қыпшақтар  
ықпалынан  құтылып,  Құдияр  мемле-
кетті  өзі  басқаруға  көшті.  Барлық 
облыс тар  ханның  бауырларының  мен-
ші  гіне  берілді.  Мəлібек  Ташкенттің  ха-
кі мі,  Сопыбек  Əндіжанның,  Сұлтан-
Мұ  ратбек  Марғұланның  əкімі  болып 
та ғайындалды.  Қалған  қалалар  оның 
жақсы көретін жандарына, негізінен, жас 
жі гіттерге  берілді.  Мыңбасы  дəрежесіне 
Таш кент қожаларынан шыққан Шады-
ман-Орақ жоғарылатылды [12] .
Мұсылманқұл  өлген  соң  екі  жылдан 
кейін Құдияр ханның туған ағасы Мəли хан 
Ташкент бектігінен алынғандығына наразы 
болады [13, с.422].  Сондықтан,  ол  Құдияр 
ханға  қарсы  оппозицияға  қатысады. 1858 
жылы  Саманаги  түбінде  Құдияр  хан  мен 
Мəлли хан əскерлері арасында ірі қақтығыс 
болып,  Құдияр  күші  талқандалады  да,  ол 
Бұхараға Насырулла əмірге қашады. Содан 
соң Жизаққа келіп саудамен, қаракешілікпен 
(яғни,  түйе  сату)  айналысады [14,  с.739]. 
Билік  қырғыз  жəне  қыпшақ  билеушілері 
хан  деп  жариялаған  Мəли  ханға (1858-
1862) көшеді. 1858 жылдың қараша айын-
да  хандық  абыройға  жеткеннен  кейін  тек 
хандықта  ғана  емес,  көршілес  елдерде  де 
тайпаларда да беделі өсті [15, 174 п]. Бұхар 
əмірінің құпия қастандық жасауынан жəне 
қоқандықтардың билікке таласуынан, соны-
мен  қатар,  жақындағы  орыс  көршілерінен 
қорыққан Мəлібек азиаттық саясат жүргізді. 
Хандықтағы  барлық  ішкі  жағдайды 
бақылап  отырды.  Мəлібек  өзінің  халқын 
орыстар  Сырдариядан  кетеді  деген  оймен 
алдандырғысы  келді.  Осы  мақсатпен  ол, 
Перовск фортына қарсы жасақтар дайында-
лып жатыр деген сөз таратады. Сол уақытта 
Қоқан  ханы  елшілігін  Ресейге  жіберуді 
де  ойлаған,  бірақ,  хан  бұл  жұмыстардың 
барлығын  баяу  атқарады.  Мəлібек  өзінің 
айлакерлігімен  Құдиярдың  қарамағындағы 
адамдарды  өзіне  қаратып,  Бұхар  əміріне 
қарсы зияндық жасауды ойластырады. Сол 
жылдың ақпан айында болған, Бұхар əмірі 
мен Кабул ханы арасындағы соғысты пай-
даланып,  Мəлібек  Бұхар  шекарасында 
орналасқан Ұра-төбе бекінісіне шабуыл жа-
сайды.  Бұхар  əмірі  Құдиярға  Қоқан  шека-
расына орналасқан əскерге жəне тағыда екі 
əскерді басқаруға бұйрық берді. 1 сəуірдегі 
Сырдария  бекінісін  бақылаушылар  мен 
басқарушылардың  жəне  қоқаннан  келген 
барлаушылардың  соңғы  мəліметінде  бы-
лай  делінген:  «Қоқандықтар  Ұра-төбеге 
шапқыншылықтарын  жəне  Бұхар  əмі-
рімен  соғыстарын  көктемнен,  яғни, 
Ра мазан  мерекесін  тойлағаннан  кейін 
бастайды» [15, 175 п].  М.А.Терентьевтің 
мəлімдеуінше, Мəли хан қыпшақ жерлерін 
сатып  алған  қоқандықтарға  жердің  жар-
тысын  иесіне  қайтаруға  бұйрық  береді. 
Қоқандықтар  жердің  жарты  ақшасын  ғана 
төлеген  еді [16, с.326].  Таққа  Мəли  ханды 
тағайындау кезінде қыпшақ ақсүйектері са-
райда ықпалды орындарға ие болуды ойлай-
ды. Бірақ, мақсаттары іске аспайды. Жазба 
деректер  «Мəли  ханның  қыпшақтарға 
сенбей,  оларды  басты  қызметтерден  бо-
сатып,  сарттармен  (өзбектермен - Ө.Қ) 
ауыстырғанын...  бұдан  қыпшақтар  мен 
қырғыздардың көтерілісі туралы əңгіме 
тарағанын»  айтады [17, 22 п].  Мəли 
хан  өз  басқаруының  бастапқы  кезеңінде 
іскерлігімен,  əділдігімен  көзге  түсті.  Құ-
дияр ға  берешек  қарызы  өтелді,  қазынаға 
заңсыз түсірілген көптеген бұйымдар иесіне 
қайтарылды. 
Мəли  ханның  басқару  ісінде  кеңінен 
таралған бір тəсілі бар. Зайыры, оны Бұқар 
əмірінен еншілеп алған тəрізді. Онысы өте-
Өтеубай ҚОЖАҚҰЛЫ. Қоқан хандығындағы көтерілістер

№2    2015    А И АТ
18
18
мөте зұлымдығы мен екі жүзділігі. Мысалы: 
ол  Қашқар  ақсақалы  Нəсіреддинге  сенім 
хат  тапсырып,  Марғұланның  əкімі  Молда 
Қалықұлды  сол  қаланың  билеушісі  етіп 
тағайындаған. Мəли хан олардың жасырып 
жүрген мүлкін өз қолына алып, иеліктерін 
тəркілеп, өздерін дарға асуға бұйрық берді 
[18, 272 п].  Ташкентке  қала  əкімі  етіп  ол 
қыпшақ  Өтенбай  құсбегіні  тағайындайды. 
Ал, Марғұланға Молда-Қалдықұлдан кейін 
екі  əкім – біреуі  əскери  жағынан  Балбек, 
ал, екіншісі азаматтық билік жөнінен Сейд 
сайланды.  Олардан  кейін  Мəделі  ханның 
тұсында Түркістан қаласының əкімі болып, 
содан  бері  Бұқардың  тұтқынында  жатқан 
Қанағатша сайланды. Қанағатша мен бауыр-
лары Жорабек жəне Ғадайбек үшеуі Қоқан 
хандығындағы ең өжет адамдар болып сана-
лады. Бұл тəжіктер Қоқандағы атақты құс-
бегі  Лəшкердің  кезінде  Бұқардағы  əмірдің 
айрықша ілтипатына ілінген. Мəлібек таққа 
отырғаннан кейін Қанағатша 300 сарбазын 
алып Қоқанға қашып келді. Құсбегінің ұлы 
Есен құл  датқа  Бұхар  əскерінде  көрнекті 
қыз мет атқарды.
XIX  ғасырдың 50-жылдарының  со-
ңында  Қазақстанда  Қоқан  мемлеке-
тінің ауыр салықтарына қарсы, халық-
азаттық  қозғалысы  тарихында  та маша 
із  қалдырған  көшпелілердің  ірі  кө-
терілісі  болды.  Бұл  Орта  Азия  үшін 
ағыл шын-орыс 
бəсекелестігінің 
кү-
шей ген  кезеңіне  тура  келді. «Тарихи-
джахан-намай»  авторының [18, 215-219 
п]  сипаттағанындай,  бұл  көтеріліс 1858 
жылы  наурыз  айында  Əулиеата  ай-
мағында  басталды.  Бұл  уақытта  Таш-
кент  əкімі  Мырза-Ахметтің  қатыгездігі 
мен  қыспағынан  əбден  титықтап,  тө-
зімі  шегіне  жеткен  қазақтар  оған  ба-
ғынудан  бас  тартты [19]. Оның  үстіне 
хакім  қазақтың  бірнеше  қадірмен  биін 
жазықсыз дарға асқан еді. Мырза-Ахмет 
қаланың,  облыстың  тұрғындарына 
зор  лық-зомбылық  жасады,  оның  дала 
халқына жасаған өктемдігіне ешқандай 
шектеу  болмады.  Күшпулыны  балалар 
мен қыздарды сату жолымен алып отыр-
ды.  Жағдайдың  ауырлығына  байла-
нысты  əр  ру  мен  тайпа  тынышсыздық 
та нытып, 
салықты 
жинаушыларға 
та лап  еткенін  бермеді [20, с.51].  Бұл  ту-
ралы  Мұхаммед  Салих:  «Негізгі  зекетті 
толықтыру  мақсатымен  тайпаларға 
келе тін зекет жинаушылар оның есебіне 
мүлікті  де,  қажетті  заттарды  да,  жану-
арларды  да  жазды.  Олардың  өздерінің 
жылқылары көп жəне саны жоқ, алайда 
олар  мемлекет  арқылы  салықтан  боса-
тылды,  қалыптасқан  ескі  нормаларды 
жойып,  тəртіпсіздіктер  ұйымдастырып, 
халықтан зекет алып отырды. Сондық-
тан, көшпелі тайпалар түнде Мырза биді 
(Мырза-Ахметтің  немере  інісі - Ө.Қ.) 
адамдарымен  бірге  өлтірді  жəне  Дешті-
Қыпшақтың  өзара  қосылған  тайпа-
лары  Қоқан  хандығы  мен  оның  Таш-
кент  иелігінен  шықты.  Олар  зекеттің 
дирхемін де, фельсін де төлемеді. Дешті-
Қыпшақтан  Түркістанға  дейінгі  терри-
торияны  көтеріліспен,  тəртіпсіздікпен 
басып  алды» – деп  жазды.  Жоғарыдағы 
оқиғадан кейін Қазақстандағы көтеріліс ау-
данында болған барлық Қоқан шенеуніктері 
мен қазақ даласында діни насихат жүргізу 
үшін  жіберілетін  мұсылман  дінбасылар 
халық жағынан аңдуға ұшырады. 
Мырза-Ахмет 1858 жылы  əскер  жи-
нап көтерілген көшпелі тайпаларға қарсы 
шықты.  Ол  Алматыға  тоқтап,  саны 5 
пансат  əскерді  Бішкек  бекінісі  ауданына 
орналасқан  Суфтан  биге  қарсы  жіберді, 
алайда жеңіліске ұшырайды. Осы жеңістен 
қуаттанған қазақтар Мырза-Ахметтің əскері 
орналасқан Əулиеатаны қоршап алды. Таш-
кенттен көмекке келген Қоқан отрядтарының 
көтерілісті  басуға  күштері  жетпеді.  Зекет 
жинау үшін Шымкент аудандарына Ташкент 
билеушісі  Мырза  бидің  басшылығымен 
жіберілген отрядты қоңырат, сіргелі тайпа-
ларымен талқандады. Мырза бимен оның 
жақтастары өлтірілді [21, 24-25 п]. Қоқан 
деректері  бойынша,  Қазақстандағы 
жал пы  наразылықтың  өршігені  сон-
ша,  Ташкент  пен  Түркістан  аймағына  
жергілікті  халықтан  басқалар  бара  ал-
мады. Қазақстанда, əсіресе, Əулиеатада 
халық үшін қиын экономикалық жағдай 
қалыптасты [21, 24-25 п].  Мұхаммед 
Са лих: «Əулиеатаға  Мырза  Ахметтің 
келісімен Дешті Қыпшақ пен Түркістан 
көшпелілерінің көтерілісі ушықты. Арғын, 
дулат,  барлас,  қоңырат,  бестамғалы, 
шанышқылы, сіргелі, қаңлы, қарақалпақ 
рулары кең аймақта жиналып, Мырза- 
Ахметті қоршап алды» [22,  с.203] – деп жа-
задыҚоршалған бекіністе жасырынғанмен, 
Мырза Ахмет бекініс қабырғасынан шабуыл 
жасауға қорыққан гарнизонға сенбей, Қоқан 
хандығынан көмек сұрайды. Қоқан əскерінің 
келуінен қауіптенген көтерілісшілердің бас-
шылары Ресей билігіндегі территорияларға 
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай

№2    2015    А И АТ
19
19
көше бастады. Көтерілісшілердің кейбір от-
рядтары  көшіп-қонуды бүркемеледі.
Мамыр  айында  көтеріліс  солтүстік-
батыс  пен  Ташкентке  тез  тарады.  Сырда-
рия  ауданындағы  Түркістан  қазақтары, 
қоңырат, қыпшақ, арғын, найман т. б рулар 
көтеріліске шықты [23, с.60-61]. Осы тай-
палар  қоқандықтарға  қарсылық  білдіріп, 
тіпті, өз ішінен сұлтан Жапекенді хан сайлап 
алды. Дегенмен, Түркістан қазақтары Мырза 
Ниязға қарсы шешуші көтеріліс жасай алма-
ды. Керісінше, Ташкент басшысы Ахметтің 
орнына  Мырза  Нияздың  келуін  қалады 
[23,  с.60-61].  Бұған  себеп,  қазақтардың 
Түркістанға  келген  қадірлі  жəне  беделді 
билері тағзым етуге келді деген сылтаумен 
жатқанымен, олар Түркістан бегінің қолында 
еді. Бұлардың арасында қоңыраттың билері 
Құныс-датқа  мен  Ақсақ  датқа,  бахтияр 
руынан Қарақұл-датқа жəне қыпшақтардан – 
Тобақабыл бар еді.  Мырза   Нияз шеих-ислам 
жəне  накиб-имам арқылы,  Əзірет-сұлтанның  
бастықтары – Қожа күзетшілерінің қолына 
ұстатады. Уақыт өте Мырза   Нияздың  ниетін 
байқаған қазақтар  қайта көтеріліс жасап, 
мамырдың 15-і  күні  Түркістанды  басып 
алды [24,  с.438]. 17 мамырда зеңбіректен 
бірнеше оқ атқаннан соң, Мырза Нияз үш 
адамды  өлтіріп  жəне  бірнеше  қазақтарды 
тірілей қолға түсірген еді. Осы мүмкіндікті 
пайдалана отырып, 80 адамды жасақтап оған 
жүзбасы етіп Таш-Юзбасшыны басшылыққа 
қойып,  Жаңақорған  бекінісіне  барып, 
Қожа бекті ескертіп, соңғы күші қалғанша 
шайқасуға бұйрық берді. Бұл сəтсіз  аяқталған 
қақтығыстан  соң,  қазақтар  қайта  бірікті. 
Оларға 25 мамырда  Ташкенттен  келген 
рамадан жəне шеркеш руларының қолы өз 
көмегін тигізді. Бұл рулар қоқандықтардың 
қол астындағы кіші ордаға бағынышты бола 
отырып Түркістандағы күреске өз көмегін 
беруге даярлығын білдірді.
Н.Северцевтің мəліметінше, Түркістан, 
Жаңақорған маңайында көтерілісшілердің 
жалпы саны 20 мың адамға жеткен [25, 
с.36].  Алатау  қазақтарының  жаңалық-
тарына  қарағанда,  қоңыраттар,  қып-
шақтар, наймандар жəне арғын рулары 
Қаратау  маңына  жиналып,  келісілген 
түрде Жөлек маңында екіге бөлі ніп Түр-
кістанды жəне Жаңақорған бекініс терін 
басып  алып,  қалаларды  бұзып,  елді 
суға  ағызуды  жоспарлады [26, с.439]. 
28  мамырда  қоңыраттар  хабарлама  алды, 
онда бестамғалылар Ұзақ жəне Жөлек қор-
ғандарын  басып  алған  соң,  Ташкент  бас-
шысы Мырза Ахметті қолға түсірді делінген 
[26, с.439]. 30 тамыздағы жаңалыққа қара-
ғанда, Сəбден қожа Құмсуат түбінде 1853 
жылы 24 тамызда  күйреген  болатын,  ол 
барлық қақтығыстарды кешіретіндігін жəне 
бұрынғы  көшіп-қонып  жүрген  жерлерде 
еркін жəне бейбіт түрде өмір сүруді ұсынды. 
Бұл келісім шартқа қазақтар келіскенімен, 
уақыт өте билік орнатқан қоқандықтардың 
мəмілеге келуі сенімсіздік туғызды. 
Қыпшақ  биі  Досбол  Кұрлыбаевтың 
Сырдария  линиясы  басқармасына  жазған 
хатында,  маусымның 3 күні  Түркіс танды 
қор ғау шылар  Мырза  Нияздың  басшы-
лығымен  көтерілісшілерді  жарып  өтуге 
жан-жақтан  əрекет  жасады,  бірақ,  үлкен 
шы ғынға  ұшырайды.  Мырза  Нияз  жалпы 
өлідей, жараланғаны бар 800-дей адамынан 
айырылады. Ал, оның ішінде қазақ жасақ-
шыларының  басшысы  Кенесары  ба ла сы 
Тайшық  сұлтан  қолға  түсе  жаздайды [27, 
4  п].  Осы  сəтсіздіктен  соң,  Мырза  Нияз-
дың  жағдайы  нашарлай  түседі  де  көлік 
жəне  азық-түлік  жетімсіздігі  байқалады. 
Сондықтан,  көтерілісшілердің  талаптары-
на Қоқан бектері, хакімдері «Шариат заңы 
бойынша» жүретіндіктері туралы уəде беріп 
татулыққа  шақырды.  Мұндай  үндеулер 
ташкенттік бек Мырза Ахметтің қызметінен 
босатылып,  Қоқанға  айдалатындығы  тура-
лы  уəделер  берген  Қоқан  ханының  ағасы 
Мəлібекке, Сəбден қожаға жетеді. Ұлытау 
əскери  жасағының  басшысы  есауыл 
Ряпосовтың  Сырдария  қазақтарының 
басқармасына 1858 жылғы  жазған 
рапор тында төмендегі мəліметтерді куə-
ландырған:  Қоқан  үкіметіне  қарсы  қа-
зақтардың  наразылығы  кезінде  Қара-
тау  тауынан  Сарысу  өзеніне  қоңырат, 
бестамғалы,  табын,  қыпшақ,  тарақты, 
арғын,  найман  руларының 12 000 от-
басы  көшті,  олардың  жартысы  Қоқан 
аймағына  оралды.  Ал,  Перовский 
фор  тына  қоңыраттардың 3000 отба-
сы,  бестамғалылықтардың 2000, қып-
шақ,  арғын,  наймандардан 2000 отбасы 
көшті [28, 49-50 п].  Қоңыраттар  мен  бес-
тамғалықтар  тұрмыстарын  жақсарту  ту-
ралы  берген  уəдеге  байланысты  Қоқанға 
қарай  көшті.  Басқа  рулар  өздерінің  биле-
рімен  Сырдарияда  қоныстанып  қалды, 
олар:  бестамғалы  руынан  Бердібек  Қара-
қойлынов,  Құлшыбаев  Иран,  Байғыз  Ай-
туаров,  Есболат  Понов,  қыпшақ  руынан 
–  Досбол  Кұрлыбаев  жəне  Балаби  Есена-
лин.  Қоқан  аймағына  кей  рулардың  қайта 
Өтеубай ҚОЖАҚҰЛЫ. Қоқан хандығындағы көтерілістер

№2    2015    А И АТ
20
20
көшуінің  себебі – олар Сарысу мен Сібір 
вед омствосына қоныстануды қаламады, ал, 
Перовск  фортында  олардың  қоныстануы 
үшін  жерлер  болмады.  Осы  ауылдардың 
орыс  жағына  көшуі  мен  қайтадан  Қоқан 
жағына  өтуі  кезіндегі  ұрлықтардан  басқа 
қазақтар  еш  тəртіпсіздіктер  жасамады [28, 
49-50 п].
Қазақ  көтерілісінің  кезінде  Қоқан 
хандығындағы  орын  алған  ішкі  жағ-
дайды  түсінген  Бұқар  əмірі  Насрулла 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет