хан егер соғысы қалса, əскерімен Қоқан
ханы бұдан былай күшті қарсылық
көрсете алмайды деп ойлайды [28, 46 п].
Сонымен бірге, ол қазақтардың да көмек
береріне сенді. Əрине, қоқан феодалда-
ры да ішкі жəне сыртқы жағдайлардың
шиеленісуіне байланысты қазақтармен
татулықты жолға қоюға жəне хандық
ішінде соғысты тұтандырмау үшін олар-
мен қарым-қатынасты шиеленістірмеуді
алға қойды. Осы себепті, бұл көтеріліс
сəтті аяқталды. Қазақтардың 1858
жыл ғы көтерілісі туралы жоғарыда
келтірілген мəліметтер, əрине, аздық
етеді. Ол əдеби жəне мұрағат көздерінің
жеткіліксіздігіне байланысты. Бірақ,
осылар арқылы да қоқандық феодалдық
езгіге қарсы қазақтар мен қырғыздардың
азаттық
күресі
туралы
біршама
қорытынды жасауға болады. Көтеріліс
жаппай қоңырат, қыпшақ ру басыла-
рына жіберген жолдамасында: «бұдан
соң шариғаттың заңына сай əрекет
жасау керектігін» ұсынды. Олардың
бұл үндеуіне ешкім құлақ аспады.
Көтерілісшілерге «тату-тəтті» болайық
деп үндеу жазған Сəбден қожаның халі де
оншалықты жақсы бола қойған жоқ.
Қобалжу Ташкент өлкесін қамтыды.
Бұл арада толқуға дулат жəне шекті ру-
ларына жататын жартылай отырықшы
қазақтар мен егіншілер қатысты. Ал, 1858
жылғы 11 тамыздағы Қоқан хандығына
қарсы қазақтардың көтерілісінің себебі ту-
ралы Сырдария линиясы басқармасының
жазбасының мəліметі бойынша, қоңырат
руының биі Қанай датқаның басқаруындағы
беделді 7 адамның дулат, қоңырат руы-
нан Мырза Ахмет биді аластату туралы
өтінішпен Қоқан ханына өткен шілде айында
барғандығы белгілі. Хан оларды қарсы ала-
ды. Қанайдан қазақтар көтерілісінің себебі
туралы сұрағанда, ол: «Ташкент бегінің
əділетсіз қимылдары, алым-салықтары
жəне де оның адамдарының қазақ отба-
сыларына жасаған зорлық-зомбылығы,
халықтардың көтерілуіне мəжбүр етті»
– деп жауап берді [28, 38-39 п]. Хан би-
лер ді сыйлап, істелген қылмысты естен
шығармауды жəне Ташкент бегіне өзінің
кіші інісі Аталық ханды тағайындап, адал
болатынына уəде беріп, əркімге бұрынғы
қоныстарына көшуге бұйрық берді. Ханға
барған сапарының табысы туралы Қанай-
дың руластарына жазған хатын баласы
Бахтияр руының биі Ұнықпен жібереді,
яғни, онда «көшіп кеткен ордалықтар
қайтадан Қоқан аймағына көшуіне бо-
лады» делінген, бірақ, ордалықтар хаттың
шындығына сенбей, өздерінің өмірлеріне
қауіптеніп, екі ортада дағдарып отыр [28,
38-39 п].
Хан Қанайдан Ташкенттегі оның 7 жыл
болуындағы қолға түскен барлық пайда-
ны мейірім көрсету шаралары үшін алуға
Мырза Ахметті мыңбасы етіп тағайындап,
сосын онымен есептеседі. Міне, осы жағ-
дайдан кейін көтерілісшілер олармен келі-
сімге келеді. Бұл фактілерден бектердің,
хакімдердің, феодалдардың қимылына тек
қазақтар мен қырғыздардың ғана емес, соны-
мен бірге өзбек халқының да наразылығын
білуге болады. Біз қазақтар мен өзбек хал-
қының қарым-қатынасын ашып айтуымыз
үшін, жеке мұрағат құжаттарына үңілуге
мəжбүрміз. Мұрағат құжаттарында мына-
дай мəселелерді хабарлайды: «Жартылай
көшпелі, жартылай отырықшы рулар
(Ұлы жүздің көпшілік бөлігі) көшіп қону
үшін малы жоқ болғандықтан, тату-
лыққа келісуге тиіс болды» [29, 30-31
п]. Н.Северцевтің хабарынан біз мынадай
жағ дайды аңғарамыз: «1858 жылы Қо-
қан қарауындағы қазақтар арасында
көтеріліс болады. Олар 6-7 мамырда
Түр кістанда қоршалды. Ашу-ызаның
басты себебі, Ташкент бектерінің ауыр
са лықтары. Алдымен Ташкент пен Шу
өзені арасындағы жотада көшіп-қонып
жүрген таулықтар шықты (бұл жер-
де негізінен ұлы жүз қазақтары болды).
Ташкенттен жіберілген Қоқан отрядтары
көтерілісшілерді жеңе алмады жəне қаланы
қорғансыз қалдыруға қорыққандықтан,
бірін ші сəтсіздіктен кейін олар өздерінің
əс керін далаға, күреске шығармады» [25,
с.66]. Көтеріліс те тарады. Қаратау жота-
сы мен Шу өзенінің арасындағы барлық
қоқан бекіністері өздерінің қарусыз салт
аттыларының көшіп-қонуын қазақтармен
бүркемеледі.
Көп жерлерде қазақтар Ташкент би-
леушісі Мырза Ахмет орнынан түс пейін ше,
Қоқан билігін мойында майтын дығын батыл
түрде жеткізді. Көте ріліс Қоқан билігінде
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
№2 2015 А И АТ
21
21
болған Қазақстан терри ториясының бар-
лығын қамтиды. Көте рілістің негізгі қоз-
ғаушы күштері қоқан феодалдарының езгісі
мен зорлық-зомбылығына қарсы күрескен
қазақ малшылары, егіншілері, соның ішінде
қырғыз, өзбек шаруалары болды. Көтеріліс
Ташкенттен Сібір шекарасына дейінгі кең
алқапты қамтып, Қоқан үкіметіне қарсы
шығушы еңбекші халықтың игілікті ісіне
айналды. Көтерілістің прогресшіл маңызы
болды. Қазақтың патриархалды-феодалдық
қарым-қатынаста өмір сүрген жағдайын
көтерілістің басталуы – оның негізгі ерекше-
лік терінің бірі. Көтерілістің жеңілу себебі:
1. Көтерілісте тұрақты бір басшының
болмауы.
2. Көтерілісшілерде көтерілістің мақ-
Өтеубай ҚОЖАҚҰЛЫ. Қоқан хандығындағы көтерілістер
саты туралы ешқандай түсінік болмады.
3. Көтеріліске қатысқан халық бұ-
қа рамен оған басшылық еткен ру
ақсақалдары арасындағы тап мүдде-
лерінің бір-біріне қайшы екендігі анық-
талды.
4. Қазақ феодалдары көтерілістің одан
əрі өрлеуінен қорқып, Қоқан бектерімен
келісімге келді. Мысалы, 1858 жылы
шілдеде, қоңыраттардың беделді ру ақ-
са қалдарының бірі Қанай Қоқанға ке-
лісім жүргізу үшін аттанған. Осындай
опасыздық нəтижесінде көтеріліс қатал-
дықпен басып жанышталды.
5. Ұйымдық жағынан нашарлығы жə-
не стихиялық сипаты бұл қозғалыстың
жеңілуіне əкеп соқты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Наливкин В.П. Краткая история Кокандского ханства - Казань. 1886 - 216 с.
2. Қожақұлы Ө. Қоқан езгісіне қарсы көтеріліс // Қазақ тарихы. – Алматы, 2001. - № 5. - 31-32 б.
3. Кəдеев П., Аманкелдиев М. Бошан Абылайұлы (Қоқан хандығына қарсы қазақ күресі
қолбасшыларының бірі) // Оңтүстік Қазақстан. – Алматы, 1996. - 6 қараша.
4. Архив географического общества СССР, 65 - қор. 1 – тізбе, 2 - іс.
5. Набиев Р.Н. Ташкентское восстание 1847 г. и его социально -экономическое исследование.
– Ташкент. 1950. - 80 с.
6. Ленинградское отделение (ЛОИВ) АН СССР, Мұрағат 124 - қор, 1 - тізбе, 83 - іс.
7. Петровский Н. Очерки Кокандского ханства // Вестник Европы, 1875, 10 кітап.
8. ҚРОММ, 384 - қор, 1 – тізбе, 9 – іс.
9. Хасанов А.Х. Народные движение в Киргизии в период Кокандского ханства. - М., 1977 - 95 с.
10. Туркестанский сборник. Т. 89, - СПб., 1869. - С. 333.
11. Құрбанғали Халид. Тауарих Хамса (бес тарих). – Алматы, 1992. – 30
12. Уəлиханов Ш. Қоқан хандығы хақында // Ақиқат. – Алматы, 1996, №1. - 51 - 55 бб.
393 Вельяминов - Зернов В.В. Историческая известия Кокандском ханстве от Мухамеда-али
до Худояр хана. - СПб., 1856 – 42 с.
13. Кун А. Некоторые сведения о Ферганской долине // Военный сборник – 1876 - № 4.
14. Петровский Н. Очерки Кокандского ханства // Вестник Европы, 1875, 10 кітап.
15. ӨРОММ, и - 715 – қор, 1 – тізбе, 23 – іс.
16. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии // Соч: в 3 т –СПБ: Типо - литография
В.В. Комарова, 1906. - Т. 3. - 496 с.
17. Ресей империясы сыртқы саясат мұрағаты (РИССМ) Басты мұрағат, 1-9- қор, 1852 - 1859
ж. ж. Аз. департамент 8 – іс.
18. ҚРОММ, 382 қ., 5 – іс.
19. Уəлиханов Ш. Қоқан хандығы хақында // Ақиқат. – Алматы, 1996, №1. - 51 - 55 бб.
20. Набиев Р.Н. Из истории Кокандского ханства (феодальное хозяйство Худояр – хана) –
Ташкент: Фан, 1973 - 386 с.
21. ҚРОММ, 383 – қор, 1 - тізбе, 81 - іс.
22. Кун А. Некоторые сведения о Ферганской долине // Военный сборник – 1876 - № 4.
23. РМƏТМ, 483 - қор, 62 - іс.
24. Казахско - русские отношения в ХҮІ - ХҮІІІ веках. (сборник документов и материалов)
сост. Ф.Н. Киреев и др. АН КазССР – Алма - Ата., 1961 - 740 с.
25. Северцев Н. Месяц в плену у Коканцев. - СПб., 1860 – 98 с.
26. Халфин Н.А. Присоединение Средней Азии к России. -М., 1965. -468 с.
27. РФ ОрОММ, 6 - қор, 10 - тізбе, 6951 – іс.
28. ҚРОММ, 383 – қор, 1 - тізбе, 81 - іс.
29. Тарихи Джадидан - ий – Ташкент (рук. Института востоковедения АН СССР шифр с. 430 р л. 203).
№2 2015 А И АТ
22
22
Төртінші арна
ƏРКІМГЕ САЛМАҚ ТҮСКЕНДЕ
Сонымен, аудан жаңа жылды жаңа
бірінші хатшымен қарсы алды. Жаңа бас-
шы басқарған бюро мəжілісі жаңа жылдың
екінші күні өтіпті.
Соғыс кезінде жаудың басып алу қаупы
төнген аймақтардан талайлардың Шығысқа,
оның ішінде Қазақстанға да көшірілгені
белгілі. Ондайлар, əрине, Фрунзе ауданына
да келген. Сондықтан бюро «Соғыс даласы-
нан көшіп келген жұмысшы, қызметкерлер
мен əскери қызметкерлердің семьяларына
жəрдем беретін» комиссия құрып, оның
құрамына ауатком председателі Тасжа-
новты, аупарткомның екінші хатшысы
Абдулқасымовты, халық шаруашылығының
есебі (статистика) мекемесінің басшысы
Қалабаевты, əлеуметтік қамсыздандыру
бөлімінің меңгерушісі Елтаевты, ауат-
комның құпия бөлімінің меңгерушісі
Құрман баевты енгізген.
Жылдың алғашқы айында өткізілген
тағы бір жиынға көңіл аудару орын-
ды секілді. Қаңтардың жиырмасында
аупартком бюросы мен ауаткомның
біріккен мəжілісі Қандөз ауылсоветіне
қарасты «Ақтөбе», «Көктөбе», «Қаратөбе»,
«Қандөз» колхоздарын басқа ауылсовет-
терге көшіру туралы (колхоз мүшелерінен,
ауыл адамдарынан пікір сұралды ма, жоқ
па – біле алмадым, өйткені содан бір күн
бұрын «Қандөз» колхозының председателі
Ерғараев ауатком мəжілісінде есеп берген,
ертеңіне қаралатын мəселе туралы ешкім
жақ ашпаған) жоғарыға жазылған ұсыныс
мəтінін бекіту. Онда «Ақтөбені» «Фрунзе»,
«Қаратөбені» «Қызылəскер», «Қандөзді»
Жеңістің 70 жылдығына
ӨТКЕНГЕ ӨКПЕ ЖҮРМЕЙДІ
Нұрмахан ОРАЗБЕК,
журналист, қоғам қайраткері
1939 - 1956 жылдары Оңтүстік Қазақ стан
облысының құрамында болған
Фрунзе ауданының жылнамасы
«Куйбышев», «Көктөбені» «Жамбыл»
колхоздарына көшіру ұйғарылған (соңғысы
Ашадан Қаратаудағы мемлекеттік қор
есебінде тұрған Егізқара дейтін жерге
қоныс аудару туралы өтініш берген екен,
сол мəселе шешілгеннен кейін). Ұсы-
ныстың орынды екендігіне мынадай уəж
келтіріліпті: көрсетілген колхоздардың
экономикалық дамуы суарылатын жерлерді
сумен қамтамасыз етуге байланысты,
Сырдарияның арнасы тұрақсыз, тұрақты
суаруға кепілдік бере алмайды, сол
шаруашылықтардағы жерлердің жар-
тысынан астамы шығырлармен суары-
лады. Шығырлар орнатуға көп қаржы
кетеді, ол өзін ақтамайды, төрт колхоздың
бəрі өнім өткізуден де, салық төлеуден
де қарыз, «Көктөбеде» 26 гектар ғана
егістік бар, ол тек шығырмен суарылады,
шаруашылықтағы жұмыс қолы 33 қана
болатын, 1942 жылдың бірінші қаңтарына
54. Басқа үш колхоздағы жағдай да сондай.
Қоғамдық малды көбейтудің мемлекеттік
жоспары ұдайы орындалмайды. Перме-
лерге мал сатып алу жоспары да. Бөлінбес
қор жоспары да. Еңбеккүнге бөлінуге тиісті
кіріс жоқ.
Осындай толып жатқан себептерді
санамалай келіп, біріккен мəжіліс обком
мен облаткомнан аудан шешімін бекітуді
сұрайды.
Бірақ ол бекітілмеді. Өйткені облыстың
жоспары басқалай екен. Оған сəл кейінірек,
уақыты соққанда тоқталамыз.
***
Ауаткомның қаңтар айында болған
кезекті бір мəжілісінде көптеген мəселелер
қаралыпты. Біріншісі – ауылсоветтердің
өзара салық қаржысына жасалған кіріс-
шығыс сметасын бекіту. Финанс бөлімінің
меңгерушісі Қалыбековтің есебі тыңдалып,
смета бекітілген. Жай бекітіліп қоймай,
№2 2015 А И АТ
23
23
сол салықты əлі жинап үлгере алмаған
Шорнақ ауылсоветінің председателі Таш-
метовке ақырғы ескерту берілген, 3-ақпанға
жинап бітіріп, финанс бөліміне тапсыру
міндеттелген. Басқа председательдерге
салықты 15-ақпанға дейін жинап бітіру,
қаулының дер кезінде орындалуын бақылау
Қалыбековке тапсырылған.
Екінші мəселе – бойдақтар, соқа ба-
стылар, перзентсіздер төлеуге тиісті 1941
жылғы салықты жинау қортындысы жəне
1942 жылға белгіленген салық. Баяндама-
шы тағы да Қалыбеков.
1941 жылы бұл салық 878 адамға (бұған
жұмысшылар мен қызметшілер кірмейді,
оларға жалақы берілгенде ұстап қалынады)
21350 сом көлемінде белгіленген, содан
1-қаңтарға жиналғаны 14900 сом, Бабай
– 430, Шорнақ – 765, Қаражон – 485, Аша
– 445 сом қарыз.
1942 жылғы салыққа тартылған аза-
маттар 634 (көп бойдақ соғысқа аттанған),
салық 61160 сом. Жинап бітіру үшін
түсінік жүргізу Қалыбеков пен ауылсовет
председательдеріне тапсырылған.
Ауатком жанынан əкімшілік комис-
сиясын құру мəселесі де сөз болыпты.
Бұл комиссияның міндеті – жергілікті со-
вет органдарының міндетті қаулыларын
бұзушыларға шара қолдану, оны əкімшілік
жолмен іске асыру. Оған кінəліге салынған
айыппұлды өндіру, айыппұл есебін жүргізу,
түскен материалдарды əр он күн сайын
қарап отыру міндеттелген.
Аудандық əлеуметтік қамсыздандыру
бөлімінің жəне Қызылəскер семьяла-
рына жəрдемақы мөлшерін белгілеу
комиссиясының жұмысын тексеру
жөнінде тағы бір комиссия құрылып,
оған тексеруді 10-ақпанға дейін аяқтап,
ауатком мəжілісінде талқылауға дайын ету
тапсырылған.
Өте маңызды бір мəселе – пошта
жұмысы. Əсіресе майданнан хат күтетіндер
үшін. Мəжілістің байламы: жұмысын қайта
құра алмады, ауылдағы пошта бөлімдеріне
жеткілікті басшылық ете алмайды,
Үшқайық, Бабайқорған пошталарының
бастығы етіп оқушылар алынған, көбіне
жабық тұрады, пошташылардың аттарды
күтіп ұстауына мүлде көңіл бөлінбейді,
газет-журналдар жазылушыларға дер
кезінде жеткізілмейді, онсыз да санаулы те-
лефондар дұрыс істемейді. Қысқасы, жұмыс
қанағаттандырмайды. Əлгі кемшіліктер
аудандық байланыс бөлімінің бастығы
Батырбековке (осы кісі аудан ашылғаннан
жабылғанға дейін 16 жыл бойы бір жұмыста
табан аудармай істеген жалғыз кадр – Н.О.)
көрсетіліп, жұмысты қайта құру, тиянақты
адамдарды сұрыптап алу соның өзі мен
ауаткомның кадр бөлімінің меңгерушісі
Саңғылбаевқа міндеттелген.
Тазалық, денсаулық сақтау мəселелері
баршаға қатысты. Соғыс алдында ауданда
29 монша салу белгіленген екен, салынғаны
11 (бұл да күмəнді). Бит өлтіретін монша-
ларды барлық ауылдарда салу ауылсовет,
колхоз басшыларына, ақшаны уақтылы
бөлу Қалыбековке, медициналық насихат
денсаулық сақтау бөліміне, жұқпалы дерт-
ке ұшырағандарды аудандық ауруханаға
тез жеткізу, жергілікті медқызметкерлерге
жағдай жасау ауылсовет басшыларына
міндеттелген.
Келесі бір мəселе – аудан көлемінен
малды басқа жаққа айдап кетуге тый-
ым салу туралы ауатком председателі
Тасжановтың өзі баяндаған. Бұл құбылыс
соңғы кезде көбейіпті. Одан, біріншіден,
мал басы кемиді, бағасын қымбаттатып,
саудагершілік жасауға жол ашылады,
екіншіден, мал індеттерінің (аусыл,
қотыр, топалаң) таралуына септеседі,
үшіншіден, мал дəрігерлері мен ауылсо-
веттерден анықтама алмай мал сатуға,
союға жол беріледі. Үшқайық, Қандөз
ауылсоветтерінде мал сойып құдайы беру,
той жасау əдет-ғұрыптары жоқ емес. Ау-
ылсовет председательдері мен милиция
ондайларға тиісті шараларын қолданбайды.
Салдар – мал өсірудің мемлекеттік жоспары
орындалмай келеді.
Қаулы: басқа жаққа мал алып кетуге,
сатып жіберуге тыйым салынсын; жер
бөлімінің, мал дəрігерінің, ауылсоветтің
анықтамасынсыз союға, сатуға рұқсат
етілмесін; бұл тəртіпті бұзатындарды,
қылмыс заңының тиісті баптары бой-
ынша, мал басын жоюшылар қатарында
жауапқа тарту тергеу орындарына тапсы-
рылсын; əрбір ауылсовет орталығынан
сойылатын малға арнаулы орын (құшқана)
ұйымдастырылсын, бұған басшылық
Нұрмахан ОРАЗБЕК. Өткенге өкпе жүрмейді
№2 2015 А И АТ
24
24
колхоз председателіне тапсырылсын, бұл
ережені бұзатындарға аудандық советтің
13-қаңтардағы міндетті қаулысында
көрсетілген шаралар қолданылатыны
ескертілсін; рұқсатпен сойылған малдың
етін аудан орталығында сату үшін дүкен
ашу тұтынушылар одағы мен сауда
бөліміне тапсырылсын, еттің бағасы колхоз
базарының нарқымен сатылатын болсын,
осыларды көпшілікке түсіндіру ауылсовет
басшыларына тапсырылсын.
Мəжілісте сондай-ақ «Құсшы», «Куйбы-
шев», «Қаражон», «Будённый», «Жамбыл»,
«1-май», «Қызылəскер», «Фрунзе», «Круп-
ская», «Андреев», «Қаратөбе», «Көктөбе»
колхоздарының кіріс-шығыс есептері
бекітілген.
***
Ауаткомның тағы бір мəжілісі ақпан
айының басында өтіп, бес мəселені
қараған. Сүйсінерлігі, бірінші мəселе –
аудан орталығында ойын-сауық үйірмесін
ұйымдастыру туралы. Оқу бөлімінің
бастығы Ағыбаев пен клуб бастығы
Сырымбетованың баяндауын атқару
комитеті бірден мақұлдап, үйірменің кіріс-
шығыс сметасын бекіткен, ауылдарға ба-
рып тұру үшін ат, арба сатып алуға 37 мың
сом бөлген. Үйірмені басқару тапсырылған
Сырымбетованың айлық жалақысы 150 сом
(клуб меңгерушісінің жалақысы ескерілген
болуы керек), ойнаушылардың бірінші
дəрежелілеріне (3 адам) 250, екіншілеріне
(4 адам) 225 сом, үшіншілеріне (2 адам) 200
сом жалақы белгіленген, клубқа бюджеттен
тыс түсетін қаражат көлемі, ойын, концерт,
спектакль саны бекітілген.
Ауданда итсигек (анабазис) дайындау
жоспары да бар екенін ілгеріде айтқанбыз.
1942 жылға жоспар 2300 тонна. 220 тонна-
сы екінші, 1930 тоннасы үшінші, 150 тон-
насы төртінші тоқсанда тапсырылуға тиісті.
Итсигек өсетін жерлері бар 14 колхозға
міндеттелгені: «Будённый» – 150, «Иіркөл»
– 300, «Жамбыл» – 400, «Қаратөбе» – 200,
«Қандөз» – 400, «Ақтөбе» – 300, «Көктөбе»
– 175, «Игілік» – 25, «Шорнақтөбе» – 75,
«М.Горький» – 75, «Құмайлықас» – 25,
«Ақсары» – 25, «Қызылəскер» – 50, «Кагано-
вич» – 100 тонна. Бəрі «Лекрасконторға».
Жұмысшы болсын, колхозшы болсын,
қызметкер болсын, жеке шаруа болсын,
мемлекетке заттай салық төлеуге тиісті за-
ман ғой. Дайындау халық комиссариатының
облыстық уəкілдігі 22-декабрьде жіберген
қатынасымен сарымайдан басқа заттай
салықтан (ет, жуа, жұмыртқа, т.б.) басшы
қызметкерлерді босатыпты. Ауатком сол
салықтан босатылған 30 адамның тізімін
бекітіп, облыстың мақұлдауына жіберіпті.
***
Февраль (кəзіргіше – ақпан) айының
18-19-ында аупарткомның ХІ пленумы бол-
ды. Оның мүшелерінен он адам қатысқан.
Тұңғыш конференцияда сайланғаны 19
болатын. Демек, тоғыз адамның басқа
аудандарға, əскерге кеткені. Жартысы бар
екеніне шүкіршілік дейсің.
Пленумның күн тəртібіне үш мəселе
қойылған. 1. КҚ(б)П Орталық Комитеті мен
облпартком пленумдарының қаулыларын
орындау шаралары жəне көктем егісіне
дайындық. 2. Мал шаруашылығын
өркендетудің 1941 жылғы жоспарының
орындалу қортындысы жəне мал қыстату
барысы. 3. Ұйымдастыру мəселелері. Де-
мек, күнделікті шаруалар.
Бірінші мəселе жөніндегі Пошановтың
баяндамасынан анықталатыны мыналар.
Өткен жылы аудан дəнді егістен де, мақтадан
да мол өнім жинап, облыста алдыңғылардың
бірі болған. Қайталамайық. Күздік егу жо-
спары 109% орындалған, көктем егісіне
керекті 3087 центнер жаздық егіс тұқымы
қолда. Жаңадан 18 арба жасалған. Негізгі
құрал-саймандар жөнделіп біткен. 58 трак-
тор жөнделіп, 50-і колхоздарға жіберіліп
болған. МТС өз шеберханасында 76 түрлі
қосалқы бөлшектердің 1226 данасын дай-
ындап қойған. Тіркелетін 164 мəшиненің
110-ы жөнделген.
Қызыл Армияға 5000 жылы киім, жылқы,
арба жөнелтілген. Партия қатары өскен, 25
үгіт коллективі ұйымдастырылған, олардың
құрамында 229 үгітші бар. Өндірістен қол
үзбей 83 əйел тракторшы, 12 əйел комбайн-
шы болып шыққан. Керемет!
Бірақ кереметтің де кемшілігі болса
керек. Тіпті жетіп артылады. 8 трактор,
тіркелетін 43 мəшинə болмашы себептер-
мен жөнделіп бітпеген. «Жамбыл», «Ан-
дреев», «Үлгілі» колхоздарында бірталай
ауылшаруашылық құрал-саймандары
жөнделмеген. «Қызылəскер», «Ақсары»
Жеңістің 70 жылдығына
№2 2015 А И АТ
25
25
колхоздарында оларды жөндеу сапа-
сыз жүргізілген. Алдыңғысында 9 соқа,
кейінгісінде 4 соқа қайта жөнделуде. Ау-
дан бойынша көктемгі егіске қатысатын
мал ішінен 115 жылқы, 69 өгіз, 81 түйе
əлі бағымға алынбаған. Əсіресе «Ленин»,
«Каганович», «Октябрь», «Игілік» колхоз-
дарында. Қолдағы тұқымның 2815 центнері
зертханадан өтпеген, шығымдылық
дəрежесі анықталмаған. Ондай тұқым
«Крупскаяда» 106, «Куйбышевте» 60,
«Абайда» 55, «Көктөбеде» 45 центнер.
Аупартком бюросы шығымдылығы жақсы
тұқымды онысы жетіспейтін колхоздарға
ауыстыруды міндеттеген болатын. «Ле-
нин» (Пірмашов), «Ақтөбе» (Құттыбаев),
«Құмайлықас» (Ержанов) оны орында-
май, тұқым бермеген. Көп тұқымның
шығымдылық дəрежесіне жеткізілмеуі
содан.
Жоспар бойынша егістік жерге 3791
центнер минералды тыңайтқыш, 48 мың
тонна көң төгілуге тиіс. Төгілгені 1488
центнер минтыңайтқыш, 20433 тонна көң.
«Куйбышев», «Үлгілі», «1-май», «Ленин»
əсіресе артта. Көптеген колхоздар қысқы
жер суару, арық тазалау ісін тоқтатып
қойған.
6 жерде біліктілікті арттыратын ста-
хановшылар курстары ашылған, бірақ
колхозшылар толық қамтылмайды.
«Қызылəскерде» бес-ақ рет сабақ өткен.
Активтерден 60 кісі техника үйренуге
тиіс деп ұйғарылған. Қатысатындар үштің
біріне жетпейді.
Өткен жылы ауылшаруашылық жұмыс-
тарына 2081 əйел қатысып еді, соның 86-сы
еңбеккүн минимумын орындамаған. Басты
себеп олардың жалқаулығы емес, балалар
яслиінің ұйымдастырылмауы.
. Əр колхозда монша салу тапсырмасы
орындалған жоқ.
Сасықбұлақ тоғанын жөндеу жұмысы
əлдеқашан бітуге тиіс еді. «Қызылəскердің»
Құлаевы тиісті күш көлік пен жұмыс қолын
толық бермей, тоған жөндеу жұмысы осы
күнге дейін аяқталмай келеді.
Пленум əрине, жарыссөзсіз өтпейді.
Кейбіреу ақталады, уəде береді, жама-
натқа қалмаудың амалын істейді, кейбіреу
төтесінен тартады, əсіресе басшы орын-
дағылар. Қалай десек те 14 адам сөйлепті.
Тақырып – көктемгі егіске дайындық
жайы.
Екінші мəселе – мал жайы ғой. Баян-
даманы Тасжанов жасаған. Нақты жұмыс
мынадай: Аудан колхоздарында малдың
барлық түрі – сиыр, жылқы, қой-ешкі 10-
15%, шошқа тіпті 400 процент көбейіпті,
Сауран ауылсоветінің колхоздары 116,
Аша – 44, Шерт – 47% көбейткен. Ет
тапсыру, сату жоспары мерзімінен бұрын
асыра орындалған. Сүт, жүн орнына 1940
жылдан мал тапсыруға рұқсат етілген,
орындалғаны содан. Мал қыстатуға даярлық
анағұрлым жақсы жүрді. Мал азығы сақтық
қорымен қамтамасыз етілді. Пермелер
толықтырылды.
Дегенмен, Бабайқорған, Үшқайық,
Қандөз ауылсоветтерінің колхоздары мал
шаруашылығын өркендету ісінде өте на-
шар, мал санының азаюына жол берді.
Былтырғы мал қыстатудан қортынды
шығарып, үстіміздегі қысқа жақсы даярлану
орнына, оны нашар жүргізіп, «Куйбышев»,
«Крупская», «М.Горький» шөп дайындау
жоспарын орындамады. «Ворошилов»,
«Қызылəскер», «Жамбыл», «Иіркөл» қыста
жайып бағуға мəн бермеді. Малды қолдан
ұрықтандыру ісімен бригадирлер, перме
бастықтары өте нашар шұғылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |