қоғам мүшелерінің «жаттануын»,
яғни, қоғамның қатігезденуі мен оны
немқұрайлылық жайлап алуын; д) қоғам
мүшелерінің өмір қиындықтарымен
бетпе-бет қалуын; д) қоғамда денсаулық
пен білім беру жүйесінің дағдарысын, оның
осы фактілерінің алдын алуға қауқарсыз
болып қалуын; е) шынайы өмірдің «ақпа-
раттық өмірден» алшақтауын жəне тағы
басқа көптеген келеңсіздіктер туралы
хабар береді. Сөйтіп, бұдан түсінген адамның
бір ғана «суицид факторынан» қоғамның
шынайы жағдайы туралы көптеген астарлы
мағлұмат алуына болатынын көреміз.
Əрине, біздің құрметті оқырманымыз
бұл жерде мынадай: «Автор неге əр адам
үшін жағымсыз, тіптен, қорқынышты
құбылысқа шұқшия қалды?» деген
сұрақ қоюы мүмкін. Бірақ, оның да өз жөні
бар, себебі, мұндай фактілердің көбейіп
кетуі, ең алдымен, қоғамның экономикалық
депрессияға ұшырауынан бұрын, оның
моральдік азғындауынан туындайды. Яғни,
бұл – қоғамның зиялылық институтының
«жалаңаштануын» білдіретін факторлардың
бірі. Мысалы, классикалық əдебиетте өткен
ғасыр басындағы «ұлы депрессияда» бұл
құбылыстың АҚШ-та жаппай орын алғаны,
ал, орыс классикалық əдебиетінде рухани
күйзеліске түскен орыс интеллигенциясы
арасында «өз еркімен өмірмен қоштасу»
кеңінен етек жайғаны жан-жақты бейне-
ленген. Оның үстіне, ондай қадамға өмірге
өте сезімтал, бойында тумасынан зиялылық
ұялаған субьект (тасымалдаушы) адамдар
жиі баратынын ескерсек − бұл құбылыс
«қоғамның зиялылық дағдарысы» деп
атауға тұрарлық құбылыс болып шығады.
Сондықтан, бұдан көп қателік таба қой-
маймыз.
Енді, тікелей тақырыпқа көшерден
бұрын «зиялы», зиялылық» ұғымдарының
мағынасына түсініктеме бере кету қажет.
Өйткені, əрбір халықтың «зиялы» мен
«зиялылық» туралы түсінігі бірдей емес,
Əбдiрашит БƏКIРҰЛЫ,
«Ақиқат» журналы
№12 2014 А И АТ
46
46
өйткені, бұл ұғымдардың мəні ұлттық
мəдениеттен бастау алатындықтан −
олардың мазмұны əрқашанда ұлттық си-
патта. Ал, біз оны қазақ дүниетанымына
сəйкес қарастыруымыз керек. Біраз
жылдар бұрын менің баспасөзде «Зиялы
зиялы емес, əділеттің ақ туын ұстаған
зиялы» атты мақалам шыққан-ды. Сон-
да, мен осы ұғымдарға ұлттық тұрғыда
анықтама беруге тырыстым. Содан бері
зиялылық тақырыбында көптеген мақалалар
мен зерттеулер шығып жатыр. Бірақ, мен
олардан зиялылықтың «ұлттық құндылық»
тұрғысында берілген анықтамасын кездестіре
алмадым. Сондықтан, қазір сол мақаладан
үзіндіні алға тартамын: біріншіден, «зиялы
адамдар қоғамға қашан да керек − оларсыз
қоғамның өмірі сұр. Зиялылар − тарихи
процесс барысында өмірде орнығатын
жақ сы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты
елеп -екшеуден өткізіп отыратын қоғам сүз-
гісі, халық даналығы мен дəстүр- салтын
ұрпақтан ұрпаққа жалғастырушысы. Қазақ
халқы алдымен осы талапты орындауға
қарымы бар тұлғаларын ғана зиялы қауым
қатарына қосқан. Яғни, қазақ танымында
«зиялы» ұғымы қашанда ел мен жер, ұлт,
мемлекет, отбасы, ұрпақ ұғымдарымен
ұштасқанда ғана – өзінің төл мағынасына
ие бола алады. Халықты ақыл-ойымен,
дуалы сөзімен аузына қарата алатын
адам – ұлттың бар асыл қасиетін бойы-
на жинақтаған, оның мұңын мұңдай,
жоғын жоқтай білетін адам деп түсініледі.
Екіншіден, елімізге нарықтық қатынастар
еніп, мемлекет пен қоғам, қоғам мен ин-
дивид арасында нарықтық экономикалық
қатынастар (капитал қатынасы) үстем
бола бастағанына қарамастан, қазіргі қазақ
қауымында «зиялылықтың» бұл ұғымы
əлі де мағынасын жойған жоқ. Сонымен,
зиялы деп қазақта кімді айтады? Қазір де
зиялы деп – шығармашылық қабілетті,
өмірлік тəжірибесі мол, көргені көп, дүйім
жұртты соңынан ілестіре алатын, ұлт
пен қоғам алдындағы жауапкершілігін
айрықша сезінетін, өздері де өмірдегі
мақсаттарының ұлтымен тығыз байла-
ныста екенін айқын ұққан жандарды атау
сақталып отыр.
Бұл анықтаманың ерекшелігі ретінде
мұндағы «зиялылық» ұғымын «интелли-
генция» ұғымынан бөліп қарауға деген тал-
пынысты атап өтер едім. Шынында да, қазақ
түсінігінде «зиялы адам» қолында дипломы
бар интеллигенция емес. Əрине, «қазақ
зиялылығы» оқу мен білімді терістемейді.
Қайта, ол зиялылықтың ажырамас құрамдас
бөлігі саналады. Соған қарамастан, қазақ
зиялылығының мағынасы одан кеңірек,
тек «ұлттық мəселе» деңгейінде айтылса
ғана – өзінің төл мағынасына ие болып
шығады. Онсыз – оқу да, білім де бос сөз!
Сол себепті де «қазақ зиялылығы», көп
жағдайда, қазақтың «тектілік» ұғымымен
астарласып жатады. Яғни, « қазақ зиялы-
сы» − ілім-білімді игеріп қана қоймаған,
ол алған білімін, жігері мен қайратын,
ақылын өзінің қарақан қара басының
қамына емес, халқының игілігіне жарата
білген текті адам» дегенді білдіреді. Мұнда
бұл екі ұғымның, яғни, «зиялылық» пен
«тектіліктің» арасы ажырамаған − екеуі
біртұтас конструкция құрып тұр.
Біз кейде «Совет заманын» қатты сын-
ға алуға бейімбіз. Мүмкін, қазіргі дү бара
күйден арыла алмай жатуымыздың себебін
содан іздейтін болармыз... Бірақ, «бір
жамандыққа − бір жақсылық» демек-
ші, Кеңес үкіметі қазақты «ауылдық ре-
зервацияда» ұстауының арқасында оның
мəдениеті мен өнерінің қазақы қалыпта
дамуына жол ашылғанын ескермей кетуге
болмайды ( Ол «резервация» болмағанда
біз өз ұлттық құндылықтарымыздан
əл деқайда тез қарқында ажырап қалар
едік). Мəселен, сол кездегі қалалық ортада
дамыған мəдениет өзінің мазмұны жағынан
ауыл қазағының түсінігіне сəйкестендіріліп,
əдебиет, кино, театр секілді өнер салалары
сол бағытта дамып отырды. Əрине, ұлттық
ойлауда жоғары білім беру жүйесі арқылы
реттелетін белгілі бір «идеологиялық
стандарт» болды. Бірақ, уақыт өте келе,
олардың арасынан iрiктелiп қоғамға та-
нымал «жүзден бiр жүйрiк» шығатын.
Қазiргi тiлмен айтқанда − «элита». «Эли-
та» арасында ойын жетер жерiне жеткiзе
айтатын, сөзi өткiр ақын-жазушылар
мен өнер адамдарының беделі ерекше
болды. Айтары жоқ, тура сол заман та-
лабы тұрғысынан, қазақтың ол ұлттық
«элитасы» өз міндеттерін адал атқарды
− ұлтының нағыз жаршылары, зиялыла-
ры бола білді. Сондықтан, «зиялылық»
қазақтар қалың ұйысқан ауылдық жер-
лерде əлеуметтік институт ретінде та-
нылып, ол халықтың зиялы адамдарға
деген зор құрметіне, сұранысына жол
ашты. Сөйтіп, қоғамда олардың үнiне
құлақ түретін, өмірін үлгі тұтатын орта
қалыптасты. Миллиондаған тиражбен
Əбдiрашит БƏКIРҰЛЫ. Қазақтың ұлттық зиялылығының дағдарысы
№12 2014 А И АТ
47
47
шыққан кітаптар, кинолар жəне басқа
туындылар сол ортаға қызмет етті.
Соның арқасында зиялылар халықпен
жүйелі түрде тілдесіп отырды.
Бірақ, бүгiн, тəуелсiздiкке қол жеткiзген
уақытта, кезінде кеңестiк билiк қалып-
тастырған, уақтысында қазақ мəдение-
ті нің қарқынды дамуын қамта масыз ете
алған зиялылық қал пының (стан дар-
тының) быт-шыты шықты. Пародокс?!
Қалайша? Біз тəуелсіз дікті армандағанда
тəуелсіздік идеясын халық санасында
рухани бекітуші, яғни, жаршысы зиялы
қауым болады деп күтпеп пе едік? Ен-
деше, қазір не себептен зиялылықтың
қажеті болмай қалды? Осы сұраққа жау-
ап іздеу барысында қоғамның көптеген
келеңсіз құбылыстары атойлап алдан
шыққандай болды. Мысалы, жоғарыда
біз реформалар туралы айта келе, олар-
дың көбі шала орындалған дедік. Сол ре-
формалар сияқты, зиялылыққа тікелей
қатысы бар мəдени реформалар да деко-
рациялық сипатта қалып қойды.
Біз, «Мəдени мұра» бағдарламасы бас-
талар алдында барлық ауылдар мен шағын
қалалардағы кітапханалар мен мəдени
ошақ тарды жою арқылы «зиялылықтың
алтын көпірін» қиратып алдық. Енді, оны
қал пына келтірмей жатып «Мəдени мұра»
деген үлкен жобаны аяқтадық дей аламыз
ба? Мысалы, коммуникативті мүмкіндігінен
ажырап қалған ол жерлердің қазағы осы ре-
формалардан кейін «мəдениеттеніп» кете
алған жоқ. Қайта керісінше, қазақы діл мен
зиялылығын қоректендіруші генераторы
− ауылды «колхоз», ондағы ұлттық бол-
мысты сақтаушы «аккумулятор» халықтың
мəдени деңгейін «мəмбетизм» деп Астана
төрінен күлетін жағдайға жеттік! Ал, театр-
да − арзан күлкі мен дарақы қалжың, кино-
да − атыс-шабыс-секс əлдеқашан нормаға
айналып кетті... Бір мезгіл көшедегі
жас тардың əңгімесіне құлақ түрсеңіз −
олардың бар өмірі кафеде өтіп жатқандай
əсер аласыз... Бұрынғыдай театр алдын-
да шоқ гүлін ұстап қыз күткен жігіттер
қайда кетті?.. Спектакльдер мен оқыған
кітаптарын талқылап, таласып жа-
татын студенттік орта қайда кетті?
Оның орнына кафелерде темекінің көк
түтініне орана билеген жастар келді...
Мен осылай дей отырып «Мəдени мұра»
қажеттілігін терістемеймін, оны əр
адам қолдана алмайды демеймін. Мені
ұлттық санада романтикалық сарынның
өшіп бара жатқаны толғандырады,
«мəдениетті қоғамда мəдениеттің же-
тіс пеушілігі» өріс алып бара жатқаны
маза сыздандырады... Осының бəрі қазақ
зиялылығының тоқырауынан белгі береді.
Себебі, «армандауға қабілетті халық» «нар-
цицизмге» шалдыққан, халықтан бөлек
− «өз күнін өзі көріп жатқан» билікке ке-
рек болмай қалды! Қазір оны «оптимистік
трагедия» деп бағалаған артық емес.
Зиялылықтың дағдарысы қоғамда
көптеген келеңсіздіктерді тудырады. Ма-
қа ланы жазу барысында белгілі публи-
цист Жұмаш Көкбөрі (фейсбуктегі аты)
өз парақшасында:
– «
Осы таяуда ғана бүгінде белгілі ел
азаматтарының бірімен бүгінгі таңда
Қа зақстанда қалыптасқан саяси жəне
əлеуметтік жағдай туралы əңгімелесуіме
тура келген еді. Аты-жөнін атамауымды
өтінген ол ағамыз: − Жұмаш, Қазақтың
бүгінгідей ауыр жағдайға тап болып оты-
руына, ең алдымен, ұлтымыздың өзі кінəлі.
Қазақ – өзінің Ұлттық рухын жоғалтып
алған ұлттардың қатарына жататынын
неге мойындамаймыз? Бүгінгі таңдағы
Қазақтың бойындағы басты кемшіліктер
мыналар:
1. Ащы да болса ақиқатын айтсақ −
біздің Қазақ ауызбірлігін жоғалтқан ұлт.
2. Мақтаншақтық пен жөнді-жөнсіз
мақтануға тым əуес ұлт.
3. Қазақ қанша жерден қонақжай,
қолы ашық жомарт ұлт десек те, өзгеге
шектен тыс емешегі үзіліп тұратын Қа-
зақ өзіне келгенде тастай қатты, кейде
мейірімсіз.
4. Қазақ – тым бойкүйез ұлт. Ол өзі
айтқандай: «еріншектің – ертеңі таусыл-
мас» дегенге сай ұлт. Ұлттың енжарлығы
басым болып кетті.
5. Биліктің алдында құрдай жорғалауға
əзір тұратын, қорқақ, жасық, жағымпаз
ұлт екеніміз де рас.
6. Қазақ əділетсіздікке қарсы шыға
алмайтын тартыншақтығын қазақтың
қорқақтығына жатқызуға болатын
шығар?
7. «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын»
деп данышпан Абай айтқандай, ұлты-
мыздың бос сөзге əуестігі, ауыздыға сөз
бермейтін сөзшеңдігі, бəрінің ақыл ай-
туға даяр тұратыны, бірақ, өзі ешкімнің
ақылына құлақ түрмейтіні де қазақтың
еңсесін көтеріп, есін жиюына көп кедергі
Ойтолғақ
№12 2014 А И АТ
48
48
болуда» деп жазыпты ( Жұмаш КӨКБӨРІ,
09.11.2014 жыл).
Əрине, мұны айтқан авторлардың
пессимизмімен келісуге не келіспеуге бо-
лар. Бірақ, мұнда көптеген шындықтың
ұшқыны бар екені рас: мысалы, кейбі-
реулер қазақтың «ру», «жүз» дегенін
алға тартып, қазақты «басы бірікпейтін
халық» деп кінəлайды. Бірақ, олар шын
мəнісінде бұның қазақтың «ұжымдасып
өмір сүру» ділінен туындайтын құбылыс
екеніне назар аудармайды: бір замандар-
да табиғатпен, сыртқы жаулармен үнемі
бетпе-бет келетін көшпенді халықтың «ру-
ласып», «жүздесіп» өмір сүруден өзге ама-
лы қалмаған. Бірақ, отырықшы халыққа
айнала бастағаннан бері қазақ үшін «ру»
мен «жүз» төңірегінде ұжымдық топтасып
өмір сүру маңызын жоя бастады. Ал, қазір
ол қазақтың «ұлт» болып қалыптасуына
кедергі болып қана қоймай, сонымен
қатар, ол «қазақ зиялылығын» да күй-
ретуге көшті десе болады! Себебі, ұжымдық
өмірге құрылған «көшпенділік» келмеске
кетсе де, ол санадан өшкен жоқ − санада
əрбір қазақ əлі «көшпенді»! Міне, осы жерде
«зиялылықтың дағдарысына» тікелей қатысы
бар бір түйткіл бар. Енді, соған тоқталайық:
«Көшпенді» деген сөз – көш-қон деген-
мен шектелмейді. Көшу-қону оның
сыртқы мағынасы ғана. Ал, оның «ішкі
мағынасын» сол «өмір сүру тəсіліне» бай-
ланысты туындайтын менталдылықтан,
яғни, халықтық ділден іздеу керек.
Көш пенді өмір сүру – қатал өмір, жау-
ынгер өмір. Ал, ондай өмірге «сенімді
серік», «шыншылдық пен турашылдық»,
«əділеттілік», «үнемшілдік пен қанағат»,
«жауынгерлік пен батылдық» жəне т.с.с.
қасиеттер қажет. Ол өмірде адамның
адамды алдай алатынындай аярлыққа
жол жоқ. Өйткені, табиғатты алдай
алмайсың! Оның үстіне онда Ұлы Ұс-
таз ретінде өз заңынан айнымайтын
дүлей күштің (стихияның) өзі тұр. Міне,
осы дүниетаным бұрынғы қазақтың
бойына да, ойына да сіңген болатын.
Отырықшылану кезеңіне өткенде ол
қасиеттер «бойдан кетсе де, ойдан кете
қоймаған» күйге түсіп көмескіленді. Бұл
қазақтың ОЙЫ мен ТІРЛІГІ, СӨЗІ мен
ІСІ арасындағы алшақтыққа алып келді.
Жоғарыда айтылған мəселелер осыдан ту-
ындайды. Ал, бүгінде ол «екіжүзділіктің»
жарқын көрінісін зиялы қауым арасынан
жиі кездестіретін болдық. Себебі, қазақ
ұжымшыл болғандықтан ЗИЯЛЫСЫ
мен БАТЫРЫНА қарап өскен ел. Сол
əдетпен үнемі бас көтерер тұлғасын
іздейді. Өкінішке орай, ол жоқ. Өйткені,
«көшпенді рухтан ажыраған» Зиялы
халықпен байланысын үзген − оның
«мұңын − мұңдап, жоғын – жоқтауды»
ауырсынады. Керісінше, ол билік дас-
тар ханының балдай дəмін бір татқан
соң − тіптен де маужырай түскендей...
Міне, сөйтіп, бұл фактор да «қазақ
зиялылығы» тоқырауының ең маңызды
факторларының біріне айналғанын
көреміз. Нəтижесінде − ұлттық мүдде
қорғансыз қалуда, халықтың тобырға
айналу қаупі бой көтеруде... Не істеу
керек?
Осы қауіптің алдын алу үшін үш жақ:
Халық, Билік жəне Зиялы қауым өзара
келісімге келуі тиіс: 1. Билік − Халық пен
Зиялы қауым арасындағы «алтын көпірді»
қалпына келтіреді; 2) Зиялы қауым −
«зиялылық институтының» жұмысын
жандандыруға, оны мемлекетті дамытуға
ықпалды тетікке айналдыруға уəде етеді;
3) Халық – «ұлттық мүдде» үшін Билік
пен Зиялы қауымына сенім білдіруге, оны-
мен бірге жұдырықтай жұмылып баянды
болашақты құруға кепілдік береді.
Бірақ ол да бір жағдайда ғана жүзеге
асады: а) Б
илiк жүргiзетін саясат ұлттың
(мемлекеттiң) ұлы мұратын мақсат етсе
ғана; ə) ал, Зиялы қауым бүгiн өзекті
(актуалды) болып тұрғанымен, ертең
мəнiн жоятын өткiншi эпизодтық жалған
құндылықтардан билікті сақтандырып
тұра алса ғана; б) осы бірліктің жəне өзара
түсіністіктің нəтижесінде ұзақ мерзiмге
бағытталған, халқын жұдырықтай
жұ мылдыруға қабiлеттi идеологияға
қоғамның қолы жетсе ғана! Болмаса бұл
айтылғандар бос қиял болып қала береді.
Əзірше, қоғамға аса қажет «зиялылықты»
бауырына басып тұншықтырған, оның
міндетін өз мойнына артқан авторитар-
лы жүйе − мақсатына жетудің орнына,
керісінше, «зиялылықтан» алшақтай түс-
кенін, «зиялылыққа» қабілетсіз болып
шыққанын өкінішпен айтуға мəжбүрміз...
Ал, оның себептері ше? Ол, əрине, өз алдына
бөлек əңгіме!
Əбдiрашит БƏКIРҰЛЫ. Қазақтың ұлттық зиялылығының дағдарысы
№12 2014 А И АТ
49
49
Қоғамдық ғылымдар саласында əр
ел ғалымдары əр дəуірде, əр түрлі атпен
дəйектеп келген аты шулы патшалықтың
бірі Чиң патшалығы болатын. 1644-1911
жылдар аралығында бүкіл Қытайға билігін
жүргізген бұл патшалықты құрып негізін
қалағандар бұған дейінгі Қытайды билеген
əулеттік патшалықтар сияқты ешқашан да
Қытай нəсілді халықтардан шыққан емес.
Арғы жағын айтпағанның өзінде əйгілі
Тəбғаш хандар билеген «Таң патшалығы»
(618-907) ыдырағаннан кейін шаңырақ кө-
терген Лияу (907-1125) қара қытай неме-
се Кидан патшалығын құрғандар Тұңғұс
текті тобалар мен хұндардың арасынан
шыққан кидандар еді. 1032-1227 жыл-
дар аралығында салтанат құрған «Батыс
Шия» мемлекеті негізінен таңғұттардың
билігіндегі патшалық болды. 1115-1234
жылдар аралығында салтанат құрған
«Жиң» (Алтын) хандығы да тұңғыс-таңғұт-
тибеттіктер мен қытайлардың билігіндегі
патшалық еді.
Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары
бүкіл əлемнің жартысын билеген
дəуір дегі Қытайдың жағдайы бір-
шама түсінікті. Ресми тарих бойын-
ша айтқанда 1279-1368 жылдар ара-
лығында
салтанат
құрған
«Юан
патшалығының» негізін қалап ғасырға
жуық билік жүр гізген де Құбылай
мен оның тақ мұра герлері болатын.
Құбылай тақ мұра герлері арасындағы
билік таласы мен олардың моңғолдық
дəстүрден қол үзіп қытайланып, қы-
тайшыл болып кетуінің салдарынан
биліктен айырылып қалды. Билік
қы тайлар құрған Миң хандығының
қолына өткендей болғанымен Қытай
бір тұтас империялық қуатынан ай-
рылып бірнеше иелікке бөлініп, өз ара
қырқысып жатты. Бұл аралықта Халқа
моңғолдары мен Жоңғариялық моңғол
тайпалары да күшейіп Миң хандығы
бақылауынан əлдеқашан шығып кеткен
болатын.
ХV ғасырдың бас кезінде ұлы қорған-
ның Шығыс солтүстігіндегі тұңғұс текті
Жұржұттар бас көтеріп, зор күшке айнал-
ды. Жұржұттар дегеніміз, біздің эрамыз-
дан бұрынғы 200-жылдар шамасында
Хұндардың құдіретті билеушісі Мете
қаған талқандап, жойып жіберген прото
моғол-тұңғыстардың ұрпағы болатын.
Олардың аман қалған біраз бөлігі У Хуаң,
Шəнби тауларын паналап, өсіп-өніп ол
таулардың атымен Ухуаң-Шəнбилер
деген атпен Қытай Орда жазбаларына
түскен. Біздің заманымыздың басында
Хұндардан бақ тайды. Хан патшалығы
оңтүстіктен, шығыс солтүстіктен Ухуаң-
Шəнбилер, батыстан Үйсіндердің сұра-
пыл соққысына тап болып күйрей
жеңілген хұндар батысқа үдере қоныс
аударған тұста бос қалған ұлы қорғанның
сыртындағы бүкіл өңірге Ухуаң сəнбилер
келіп орнығып қалды. Қытай жазба
деректерінде б.з. ІІІ-V ғасырынан бастап
бұл халықтардың аты Шидан-Кидан
түрінде жəне Жуан-жуан, Жужан (бауы-
рымен жорғалаушылар, құрттар т.б.)
түрінде кемсітілген мағынада қағазға
түсе бастады.
Жужан (Жуан-жуандар) VІ ғасырдың
Тарихи таным
Əлімғазы ДƏУЛЕТХАН,
Ғылым жəне білім министрлігі
Ш.Ш.Уəлиханов атындағы Тарих
жəне этнология институтының
жетекші ғылыми қызметкері,
тарих ғылымдарының
кандидаты
Бүкіл Қытайды үш ғасыр
билеген мажурлар
және
дағұр-Солұндардың
(Евенкілер)
аянышты тағдыры
№12 2014 А И АТ
50
50
орта шеніне дейін түріктерді темір қо-
рытушы құлдар ретінде бодандықта ұстап
келді. Ал, түріктің ел қағаны 552-жылы
көк түрік қағанатын құрардан бұрын
жужандардың 50 мыңдық адамын өзіне
қосып алып Жужан патшалығын тізе
бүктіргеннен бастап бір бөлім жужандар
бағынбай батысқа үдере көшіп Қап тауына
дейін шығандады. Жаңа жерде оларды ау-
арлар (жер ауып келген дегенді білдіреді)
деп атады. Ал, шығыста өмір сүретін
Жужан-Жұржыттардың бір бөлегі ұлы
қорған маңына, шығыстағы байырғы ата-
мекеніне ығысып кетті. Жылдар өте келе
Жужан-Жүржіттердің жан саны көбейіп
күшейе бастайды. 1616-жылы олардың
басшысы Нұрқаш (1559-1626) елінің басын
қосып, «Соңғы Жин» хандығын құрады.
Астанасы Хатуала (Шинйаң) қаласы бо-
лады. Ал, 1636 жылы оның баласы Хуаң-
тайжий патшалығының атын «Чиң»
(1)
деп атап, астанасын Бейжин қаласына
көшіреді. Содан бастап, ол бүкіл Қытай
жерін өзіне бағындырып, 1644 жылы əйгілі
«Чин патшалығын» құрып шығады. Та-
рихта оның аты бірде «Манжу го», бірде
«Манчиң хандығы», бірде Манжур-Қытай
патшалығы, кейде Қытай богда ханда-
ры деп түрліше аталып келді. Осы арада
Достарыңызбен бөлісу: |