Бізде көп жағдайда дүңгіршектерден
бума-бума болып қайтып жатады. Ол
үшін əрине, ең алдымен қызықтың мате-
риалдар жариялау қажет. Бұл нарыққа
тəуелденуге апарады, ал, нарыққа тəуел-
ділік ізденіске, ізденіс бəсекеге апарады.
Бəсеке тың тақырыптарға алып келеді.
Шынын айту керек, бүгін халықты ұйық-
тататын, жақсы сөз айтатын заман емес.
Керісінше, халықты оятатын, тыным
бермейтін ақпарат заманы. Егер, біз
осыны философиялық, психологиялық
тұр ғыда дұрыс жүзеге асыра алмайтын
болсақ, ақпараттық нарығымыз дамы-
майды. Анығы осы.
Бүгінгі қазақ редакцияларында мүлгу
бар. Редакциялардағы ішкі жемқорлық қазақ
ақпараттық кеңістігінің əлеуетін тарылтады,
дамуға шек қояды. Мұндай нəрселерді көріп
отырған журналистің ізденуге де зауқы
соқпайды. Сондықтан, мемлекеттің ішкі
ақ параттық қауіпсіздігі туралы айтқан кезде
жекелеген редакция ішіндегі олқылықтарды
айтпаса тағы болмайды.
– Кейбір сарапшылар, Қазақстанның
ақпараттық кеңістігі 20-30 жылдан кейін
түгелімен қазақ тілінде болады деп бол-
жауда. Сіздің ойыңыз қалай?
– Бұл болжамды біз 5-10 жыл бұрын
айта бастағанбыз. Уақыт өзі соған келе жа-
тыр. Қазір қазақтілді интернет кеңістігінің
даму қарқыны күшті, оқырмандары сергек.
Коммерциялық журналдар пайда болуда.
Біздің елде орыстілді басылымдар мен
қазақтілді газет-журналдар бəсекеге
түсіп отырған жоқ. Арасында екі тілді
де меңгерген жəне екі əлемді байланыс-
тырып отырған аз ғана топ бар. Бірақ,
екі дискурстың өз ақпараты, мамандары
бар. Бірақ, бір өкініштісі, біздегі жарна-
ма нарығы тек орыстілді арнаға жұ мыс
істейді. Жыл басында елдегі қар жылық
сауаттылықты анықтау үшін əлеу меттік
зерттеу жүргізілді. Қа ра пайым қаржы
А. САРЫМ. Ақпараттық кеңістіктің бұйдасын бос жіберу – қазақ элитасы үшін үлкен күнə
№12 2014 А И АТ
32
32
мəселесіне байланысты сұрақтар қойылды.
Сонда, оңтүстік ай мақ тар: Маңғыстау,
Қызылорда, Шымкент өңір лерінде қойылған
сұрақтарға жауап беру шілердің саны 5
пайызға жақын. Бұл ел дегі нарықтың бəрібір
орыстілді кеңістікке кетіп қалатынын көрсетсе
керек. Жарнама нарығында, жарнаманы
өлшеуші нарықта да бəсекелестік пайда бо-
луы керек.
– Ақпараттық кеңістіктегі про пор-
ционалдық туралы айтып берсеңіз. Мəсе-
лен, телекөрсетілімдердегі қазақ жə не орыс
тілдері 50/50. Ел дегі медиакомпанияларды
шетелдіктер тек 20% ғана иемдене алады.
Бірақ, осы пропорционалдық қаншалықты
сақ талып отыр?
– Бұл тепе-теңдіктің сақталмауы біз-
дің мемлекеттің олқылығы, қателігі деп
есептеймін. Біздің прокуратура, Ақпарат
министрлігінің назарда ұстап отыратын бірден
бір мəселесі 50/50 сақталуы. Телеарналар
қазақтілді аудитортияға бағытталғанмен,
орыстілді азшылықты да жоғалтқысы келмейді.
Қазір телеарналардың қазақтілді телеаудито-
рия, əсіресе, жастарға деген қызығушылығы
жоғары. Қоғамда байқала бермейтін тенден-
циялар көп. Бірақ, тепе-теңдіктің бұзылуы
субъективті факторлерге: телеарналардың
менеджерлеріне, басшылығына келіп
тіреледі. Егер, олар дың соңғы 10-15 жыл-
да ауыспағанын ес ке ретін болсақ, олар
өздеріне үйреншікті тə сілдермен, түсінікті
тілде саясат жүргіз гісі келеді.
Екіншіден, телеарналар арасындағы шы-
найы бəсекелестіктің жоқтығы олардың ауди-
ториясын құралдардың қисықтығы осындай
қисық нарық тудырып отыр. Менің ойымша,
50/50 деген тепе-теңдікті ешбір арна сақтап
отырған жоқ. Бұл осы көрсеткішке сайма-сай
болсын дегенді білдірмейді. Бұдан жоғары не
төмен болуы мүмкін. Бірақ, біздің телеарна
басшыларына ұғындыра алмай жүргеніміз
қазақ тілінде ең кем дегенді 50% көрсетілім
сақталуы керек. Яғни, 50 пайыздан төмен бол-
мау керек. 60-70 пайыз болуы керек. Себебі,
Қазақстанның 70 пайызы қазақтар.
– Сөзіңіз аузыңызда, қазақтың саны 70
пайызды құрайды, неге телеарналардағы
тілдік тепе-теңдікті 70/30 деп заңмен бекіт-
песке?!
– Қазіргі таңда заңи тұрғыдан белсен-
ділік танытудың қажеті жоқ шығар. Бейрес-
ми нарық саясаты болады. Егер, еліміздегі
бүкіл телеарналардың қазақ тілінде
сайратып қоятын болсақ, қазақстандық
аудиторияның назары бірден орыстілді
арналарға кетіп қалуы мүмкін. Оларды
жоғалтып алуымызға болмайды. Шығар
бір жол, орыс тілінде болса да, өзегі
қазақша, қазақы мəдениетке сай айты-
латын дүниелер болуы керек. Бұл ойды
жүзеге асыруға болады. Себебі, біздегі
телеарналар мемлекетке бағынады. Жəне
басшылықтары мемлекеттен келетін
сигналға өте сергек қарайтын адамдар. Ай -
налып келгенде, ақпарат саласындағы дис-
пропорциялар, олқылықтар, кемшіліктер
биліктің рейтингіне кері əсер етіп жатыр.
Сон дықтан, ақпараттың сауатты болуы
билік үшін де маңызды болуы керек.
– Əңгімемізді түйіндей келе, ақпа-
раттық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз
ете аламыз?
– Əлемдегі соңғы тенденцияларға
сай ақпа раттық соғысты кім жеңе алады,
жеңіс те, ықпал да, қоғамдық пікір со-
ның жағында болып отыр. Жаңа дəуірдің
соғысы қиян-кескі соғыс емес, жойқын
қару мен белгілі бір топтың арасындағы
қақтығыс. «Гибридтік соғыс» деген жаңа
термин пайда болуда. Оны ескеретін болсақ,
біріншіден, біздің ақпаратымыз өзіміздің
нарығымызды түгелдей қамтамасыз ете
алатын нарық болуы керек. Сондықтан,
ақпараттық кеңістігімізді нығай тамыз
десек, біріншіден, отандық ақпарат өз
нарығымыз бен ішкі сұранысты түгелдей
қамтамасыз ету керек. Екіншіден, əлемге
шыға алатын деңгейге көтерілуі ауадай
қажет. Біздің журналистер, ғалымдар,
қоғамдық белсенділер əлемдік нарыққа
шыға білуі тиіс. Сонда ғана, біз ақпараттық
тұрғыдан əлемге жақындай түсеміз. Шетел-
дің аудиторияның Қазақстан туралы оң
көзқарасын қалыптастыруға күш салуымыз
керек. «Қазақстан» дегенде Ауғанстан, Пə-
кістан секілді дамуы шектелген ел емес,
спорты, мəдениеті дамыған ел деп қарап,
болашақта үлкен алпауыт елдер бізге ара
түсуі мүмкін. Əлеммен байланыс күшейген
кезде, сол елдердің қоғамдық пікірі біздік
жақ қа шығуы ықтимал.
– Əңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Жания ƏБДІБЕК.
Келелі кеңеске орай
№12 2014 А И АТ
33
33
Талдауға арқау болған жікшілдік
Адамзат тарихының кез-келген
кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен
əлеуметтік жіктелудің ( стратифика-
ция) негізінде жатқан «біздікі» жəне
«өзгенікі» дейтін əмбебап психологиялық
айқындауыштар болып табылады. Адам ба-
ласы тумысынан жікшіл. Біздің жіктелетін
белгіміз көп: ұлтымыз, дініміз, тіліміз,
еліміз, жынысымыз, жасымыз, кəсібіміз
т.с.с. толып жатыр. «Біз-өзгелер» бо-
лып жіктелу қоғамның дамуына ғана
емес, түрлі соғыстарға да, қуанышпен
қатар, қайғы-қасіретке де, өрлеу мен
құлдырауға да, жалпы, адамның бүкіл
өміріне өзінің əсерін тигізіп келеді. «Біз-
өзгелер» жіктелісінің егемен елдігімізге
ықпалы қандай деген мəселе азамат
ретінде баршамызды ойландырып,
толғандырары сөзсіз. Саясаттанулық
тұрғыдағы талдауға осы жікшілдік
мəселесінің кейбір өзекті тұстары арқау
болып отыр.
Ұлттың өзін-өзі айқындауындағы
«біздікі» жəне «өзгенікі» ұстанымы
Алғашқы қауымдық құрылыстағы
ру-тайпалық тəртіптің де, одан кейінгі
дəуірлердегі діни, мəдени, ұлттық
ерекшеліктердің де астарында «біздікі-
өзгенікі» дихотомиясы ( грекше «ди»
- екі, «томия» бөліну, жарылу) жатыр.
Адам баласының психологиялық тұрғыда
Еркін ой мінбері
ҚАЗАҚТЫҢ «БІЗДІКІ»
ЖӘНЕ
«ӨЗГЕНІКІ» ДЕГЕН ҰСТАНЫМЫ
НЕГЕ СОҚТЫРАДЫ?
Сейілбек МҰСАТАЕВ,
саяси ғылымдарының докторы,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Саясаттану кафедрасының
профессоры
«біздер» жəне «өзгелер» болып жіктелуі
түрлі соғыстармен қатар, геноцид ( грек-
ше «ген» – тек, ұрпақ, «цид» – өлтіру,
қырып-жою), нəсілшілдік, апартеид
( африкаанс тілінде «шеттету, бөлу»),
дискриминация (латынша «бөлу»,
«түртпектеу»), ксенофобия (ксено
- бөтен, фобия – қорқыныш), исла-
мофобия (мұсылмандардан қорқу),
синофобия (қытай атаулыдан қорқу),
шовинизм (француз солдаты Нико-
ля Шовеннің есімімен байланысты
туындаған ұлттық астамшылықты,
өзге ұлттарды дискриминациялау мен
қанауды білдіретін ұғым), антисеми-
тизм (семит тіл тобындағы еврейлерге
қарсылық), экстремизм, терроризм сияқты
толып жатқан жағымсыз «фобиялар» мен
«измдер» адамзатқа қарсы жасалатын
қылмыстардың да бірден бір себебі.
Əлеуметтік психологияны зерттеуші
ағылшын ғалымы Гарри Тэджфел «біздер-
өзгелер» жіктелуінің əсерінен туындай-
тын ерекше құбылысты сынақ жүзінде
айқындап, «топ іштілік фаворитизм»
(In-group favoritism) жəне «сыртқы топқа
(out-group) бағытталған агрессия» де-
ген ұғымдарды ғылымға енгізген. «Топ
іштілік фаворитизм» (грекше «favor» - игі
ниеттілік, тілектестік) деген ұғым –
өзің мүше болып табылатын қандай да
бір топқа тілектес бола отырып, қарсылас
бөгде топқа (аут-груп, сыртқы топқа)
«мысық тілеу» болуды, оған қайтсе де
нұқсан келтіруді білдіретін топаралық
немесе
халық пен биліктің «біз» және
«олар» болып жіктелуі
№12 2014 А И АТ
34
34
мінез-құлықтың құйтұрқы стратегиясы.
Алайда, қарсылас екі топқа да ортақ, топ
үстілік жалпы мүдде мен құндылықтар
туындайтын болса, онда топ іштілік фа-
воритизм өзінің мəнін жоғалтады. Мы-
салы, бір елдің ішіндегі түрлі аймақтың
спортшылары команда-команда болып
өзара жарысқа түссе, жанкүйерлер де
аймақтық белгімен тілеулестік біл-
діріп, аймақаралық қарсыласу мен
бəсекелестік қызады. Ал, əлем чемпио-
натына немесе олимпиадаға жолдама
алған ұлттық құрама жарысқа түс се,
ел ішіндегі барлық аймақтардың жан-
күйерлері дереу бірігіп, бүкіл елге ортақ
команданың тілеуін тілейді. Тап осы
теңеуді ел азаматтарына да қатысты
қолдануға болады: ел халқын құрайтын
əр адам, қандай ұлттың немесе қай
діннің өкілі болмасын, өзі азаматы бо-
лып табылатын мемлекеттің мүддесін
көздеп, қорғауы тиіс. Бүкіл елге ортақ
құндылықтар тұрғанда, жалпыұлттық
һəм халықтық мүдденің даңғыл жо-
лын соқпақтай тар топтық мүддемен
көлденең кесуге тырысу – ақылға сый-
майтын іс.
Осы жердегі баса назар аударарлық
жəйт – ұлт мəселесіне келгенде, топ іштілік
фаворитизм теріс пиғылдың туындауына
ықпал етуі жиі кездеседі. Бұған қандай да
бір елдің ішіндегі диаспора өкілдері өздерін
өздері мекендеп отырған елдің азаматы
ретінде идентификациялаудың орнына,
шет елдегі тарихи отандарымен, нəсілдік
немесе ұлттық тегімен айқындап, өзге
елдің мүддесін көздеп кетуін жатқызсақ
болады. Мəселен, кейбір диаспора
өкілдері күнде қасында жүрген, аралас-
құралас болып кеткен өзінің жерлес
отандастарын, кіндік қаны тамған
отанын «бөтенсініп», «аут-груп» ретінде
санайтыны жасырын емес. Оның
есесіне, басқа елдегі, өзі мүлдем танып-
білмейтін қандастарын «біздікілер»,
яғни, «менің ин-групым» деп айқындап,
өзге елдің сойылын соғып, намысын
жыртуға даяр. Сəйкесінше, ондайлардың
идентификациясы да керісінше, тəні
басқа елде жүргенімен, жан-жүрегі
басқа елді аңсайды. Шетелдегі қазақ
бауырларымыздың көк байрақты Қазақ
еліне бүйрегі бұрып тұратыны сияқты,
өзімізбен отандас өзге ұлттардың диас-
пораларына да өзіндік топ іштілік
фаворитизм тəн. Яғни, «біз» дейтін
«ин-груп фаворитизм» мен «өзгелер»
дейтін «аут-груп агрессияның» орын-
дары ауысып, бөгделену орын алады.
Мұндайда халық даналығы «Қасқырды
қанша қолға үйретіп, мəпелеп асырасаң
да, бəрібір орманға қарап ұлиды» дейді.
Психологиялық бөгделенудің нəтижесінде
азаматтық идентификацияның дағдарысы
туындайды. Ұлт саясаты осындай дағда-
рыстардың алдын алып, ұтымды шеше
білуі тиіс. «Біз-өзгелер» ұстанымының
азаматтық өзін-өзі айқындауды тығырыққа
тіреуі соғыс (екі ел арасындағы немесе
бір ел ішіндегі азаматтық соғыстар)
кездерінде де орын алатын қиын жағдай.
Яғни, соғыстың аты соғыс, азаматтығы
басқа болғанымен, бір ұлттың немесе
бір тіл тобының, бір діннің өкілдері
бір-біріне қарсы қару кезеніп, оқ атуға
мəжбүр болады. Ал, соғысудан бас
тартып, топ іштілік фаворитизмге
берілу – туып-өскен өз еліңнің заңды
азаматы бола тұра, өзге елге тілеулес
болумен тең. Онда Отаныңды сатқан
болып саналасың, өзіңнің азаматтық
п а р ы з ы ң м е н а р ы ң н ы ң а л д ы н -
да сатқын, азғын болып шығасың.
Өкі нішке орай, азаматтық соғыстар
өршіген араб елдерінде, «гибридтік
соғыс» жүріп жатқан Украинада мұндай
қайшылықтар жаппай орын алуда. Атам
қазақтың «Ішіңнен жау шықса, екі көзің
сонда шығады» деуі тегін емес: ел ішінде
«біз» жəне «өзгелер» болып жіктелуге
жол беруге болмайды, себебі, оның
аяғы жақсылыққа əкелмейді. Мұндай
жіктелуден «бізің» де, «өзгең» де сор-
лап, азап шегеді, нақақтан қан төгіліп,
адам өміріне қауіп төнеді, құқықтар
мен бостандықтар жаппай бұзылады.
Сондықтан да, мемлекетіміздің ішкі
істеріне арам пиғылды сыртқы күштердің
қол сұғуына жол бермей, бірін «өзіміз»,
екіншісін «жауымыз» деп, халықты тілге,
С. МҰСАТАЕВ. Қазақтың «Біздікі» жəне «өзгенікі» деген ұстанымы неге соқтырады?
№12 2014 А И АТ
35
35
дінге бөлетін арандатушылық жымысқы
əрекеттерді ешбір тайсалмастан қатаң
тыйып тастауымыз керек. Мейлі ол
жириновскийшіл айдап салушы идея бол-
сын, Лимонов пен Штыгашев сияқтылар
сандырақтап айтқан шағыстыру бол-
сын немесе теріс идеялы топ іштілік
фавориттердің, яғни, ішімізден шыққан
кейбір «шұбар жылан» шовинистердің
сепаратистік, экстремистік пиғылдары
болсын, дер кезінде орнына қойып,
ондай ылаң салушыларға тиісті жауап
пен жазаны бере білуіміз қажет. Қоғамды
өзіндік ағзамен (организм) теңесек, ау-
руды асқындырмай, уақытында ем-дом
қабылдау науқас ағза үшін аса қажет шара
болып табылады. Кез келген елдің ішінде
оның біртұтас халқы, яғни, азаматтары
ғана бар, оны бөліп-жаруға ешқашан да
жол беруге болмайды. Əрбір қазақстандық
азамат осы ақиқатты саналы түрде ұғынса
ғана жұмылған жұдырықтай болып, «Біз –
Қазақстан азаматымыз, қазақстандық
халықпыз» деп, бірігіп іс-қимыл жасайды,
бейбіт елде бірге өсіп-өнеді. Мемлекет
халқының идентификациясы дұрыс бол-
са ғана қоғамдық келісім орнап, саяси
тұрақтылыққа қол жеткізуге болады.
Яғни, ел азаматтары шығу тектерінің
қандай екеніне қарамастан ( ұлты,
діні, жынысы, əлеуметтік жағдайы
т.б.) өздерінің тағдырларын тұрып
жатқан мемлекет пен сол мемлекеттің
негізін қалап отырған төл ( титулды)
ұлттың тағдырымен тікелей байла-
ныстырып, азаматтық сана-сезіммен
өзін өзі айқындауы тиіс. Бұл жерде
ерекше атап өтерлік мəселе – мемлекет
құрушы төл ұлттың топ іштілік фаво-
ритизмге бой алдырмауы. Қазақ ұлты
мұны үнемі есінде ұстауы тиіс: тарихи
дəстүрі тереңде жатқан рушылдық,
кейінірек пайда болған жершілдік,
нарық туындатқан əлеуметтік теңсіздік
сияқты жікшілдіктің түрлері топ іштілік
фаворитизмге арқау болатын, жоқ жер-
ден «өзге қазақты» іздететін, ұлттық
сана-сезім мен ішкі бірлікті бұзатын
деструктивті факторларға жатады.
Абайламасақ, мұндай жікшілдік түрлері
қазақ ұлтын іштен ірітіп, бір-бірін
«біздің адам» жəне «өзгенің адамы»,
«бөтен» деп алалайтын, өзара аңдысқан
қарсылас топтарға бөліп жіберуге
қабілетті. Елбасымыздың ұсынысымен
Қазақ елінің ұлттық идеясына айналған
Мəңгілік ел деңгейіне жету үшін қазақтар
алдымен өзінің ұлттық идентификация-
сын мықтап алуы тиіс: ұлттық сана-
сезімін, ана тілін, өзіндік ділі мен дінін
нығайтып, ұлтшыл-мемлекетшіл идео-
логия қалыптастырып, титулды этнос
ретінде ішкі бірлігін күшейтуі қажет.
Жұмылған жұдырықтай, біртұтас ти-
тулды ұлт қана мықты ұлттық мемле-
кет құра алады, елдегі өзге ұлттардың
диаспораларын ұйыстырып, біртұтас
халыққа айналдырады. Егемендік пен
мемлекеттілік сонда ғана нығаяды, ел
халқында өзара сенімділік пен отаншылдық
сезімі арта түседі. Қазіргі алмағайып за-
манда тар ұлттық мүддені ысырып қойып,
жалпыұлттық мүддені, азаматтық сана-
сезім мен халықтық ұстанымды, ұлттық
идея мен мемлекетшіл идеологияны
дамытқан ел ғана өзінің тəуелсіздігі мен
егемендігін, территориялық тұтастығы
мен конституциялық құрылысын сақтауға
қабілетті. Халқының ауызбіршілігі бар,
ынтымағы жарасқан бірегей ел ғана тер-
роризм, экстремизм, агрессия, экспансия,
ғаламдану, дағдарыс сияқты толып жатқан
жаһандық сипаттағы қауіп-қатерлердің
бəріне төтеп бере алады.
Халық жəне билік:
«біз» кім, «олар» кім?
Адамдарды ежелден қызықтыратын
тақырыптардың қатарында халық
пен биліктің қарым-қатынасы ерекше
орын алады. Саяси ілімдер тарихында
бұл мəселені талқыламаған ойшыл жоқ
болар. Тарихи даму барысында биліктің
де неше түрі туындап, тіптен, оны ар-
найы зерттейтін кратология ғылымы
да қалыптасты. Жалпы алғанда, халық
пен биліктің арақатынасын басқару мен
бағыну психологиясынсыз көзге елес-
тету мүмкін емес. Билік психология-
Еркін ой мінбері
№12 2014 А И АТ
36
36
сы халықты өздеріне сендіру, көндіру,
мəжбүрлеу, мойындату негізінде басқаруға
негізделсе, бағыну психологиясы
билеушілерге үміт арту, сену, көну, ынта-
лану нəтижесінде олардың айтқанын істеп,
бұйрықтарын орындаумен анықталады.
Сəйкесінше, бұл арақатынаста да «біз»
жəне «олар» дейтін антогонистік жіктелу
өте ерте кезден қалыптасқан. Бағзы за-
маннан бері билік пен халықтың қарым-
қатынасы көрінбейтін баррикаданың
екі жағындағы қарсыластарға ұқсайды.
Сондықтан да, ежелгі дəуірден қазіргі
кезеңге дейін биліктің жақсысы мен
жаманын, дұрысы мен бұрысын іздеу
барысында оның сан-алуан түрлері ту-
ындады. Бірақ, биліктің қаншама түрлері
болғанымен, адамзат қауымының басым
бөлігі демократиялық билікті таң дап,
демократиялық саяси жүйені қалады.
У.Черчилль бұл тұрғыда: «Бұл күнə-
һар əлемде басқарудың көп түрлері
қолданылды жəне əлі де қолданыс
табар. Демократияның кəміл еместігін
бəрі түсінеді. Түрлі уақытта оқтын-
оқтын қолданылғандарын қоспағанда,
демократия – басқарудың ең жаман
формасы деген ой дұрыс айтылған»
деп, демократияның да кемшіліктері
көп екенін, бірақ, өкінішке орай, одан
жақсысы жоғын айтқан. Антикалық
дəуірдегі афиналық демократия мен римдік
республикадан бастау алатын халықтық
басқару түрі дами келе, бүгінгі күнге дейін
жетіп отыр. Тіпті, кейде, республика ( ла-
тынша res – іс, publica – бұқара, халық)
мен демократия ( грекше демос - халық,
кратос - билік) құдды бір егіз ұғым сияқты
қабылданады. Қазіргі кезде БҰҰ мүше 193
мемлекеттің 140 ресми түрде республика са-
налса, олардағы биліктің қайнар көзі халық
деп танылған. Бұл елдер демократиялық
құндылықтарға сүйенеді, заңнамалары да
адамның құқықтары мен бостандықтарын
барынша қорғауға бағытталған, толып
жатқан демократиялық институттар қызмет
атқарады. Сөйте тұра, өздерін демо-
кратиялық республикаға жатқызатын
елдер дегі демократияның деңгейі əркелкі.
Таң қаларлығы сол, олардың бəріндегі
басшылыққа алынатын құндылықтар мен
ұстанымдар, қолданыстағы заңнамалары,
қызмет атқарушы саяси институттары
мен лауазымдары, қысқасы, мемлекет-
ке қатысты белгілерінің бəрі бірдей
жəне демократиялық сипатта ( пре-
зидент, парламент, конституция,
үкімет, сот, сайлау т.б.). Бірақ, іс
жүзіндегі нəтиже əртүрлі: бірінде демо-
кратия күшті, екіншісінде əлсіз, енді бірі
демократияның атын жамылған биліктің
өзге түрімен басқарылуда. Əлемге əйгілі
«The Economist» апталық экономикалық
журналы дүниежүзінің 167 еліндегі
демократияның деңгейін 5 топтағы ( сай-
лау əділдігі жəне пікір əр-алуандығы,
азаматтық бостандықтар, үкіметтің
қызметі, халықтың саясатқа қатысуы,
саяси мəдениет деңгейі) 60 түрлі көрсет-
кіштермен анықтап, Economist Intelligence
Достарыңызбен бөлісу: |