Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата06.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#7964
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

Unit  атты  рейтинг  жасап,  жер  жаһанға 
жариялайды.  Оны  басқаша, «Демокра-
тия  индексі»  деп  те  атайды.  Демократия 
индексі  бойынша  рейтингке  кірген  ел-
дер  үлкен  төрт  топқа  бөлінген:  Бірінші, 
толыққанды демократиялық елдер; екінші, 
жетілмеген демократиялы елдер; үшінші, 
өтпелі  режим  жағдайындағы  елдер; 
төртінші,  авторитарлы  режим  орнаған 
елдер.  Толыққанды  демократиялық 
елдердің қатарында негізінен Еуроодақ 
(əсіресе,  Скандинавия  елдері),  АҚШ, 
Канада,  Австралия,  Жаңа  Зеландия, 
Жапония,  Оңтүстік  Корея  сияқты 25 
ел  тұр.  Сонымен  қатар,  Коста-Рика, 
Маврикий,  Мальта,  Уругвай  сияқты 
елдер  де  толыққанды  демократияға 
қол  жеткізіпті.  Тағы  бір  қызық 
нəрсе,  толыққанды  демократиялық 
елдердің  бəрі  бірдей  республика  емес, 
олардың  ішінде  конституциялық  мо-
нархиялы  елдер  де  баршылық,  бірақ, 
олардың  барлығына  ортақ  ерекшелік 
– парламенттік демократияның болуы. 
Əрине, Демократия индексінен бізді қатты 
қызықтырғаны  посткеңестік  кеңістіктегі 
тоталитаризмнен  демократияға  өткен 
елдердің  рейтингісі  болды.  Сөйтсек, 
ТМД  елдерінің  көрсеткіші  төмендегі 
кестедегідей екен:
С. МҰСАТАЕВ. Қазақтың «Біздікі» жəне «өзгенікі» деген ұстанымы неге соқтырады?

№12    2014    А И АТ
37
37
Economist Intelligence Unit рейтингіне 
сүйенсек,  ТМД  аумағында  толыққанды 
демократиялы  ел  жоқ,  жетілмеген  демо-
кратиялы төрт ел, өтпелі режимдегі төрт ел, 
авторитарлы режимдегі жеті ел бар екен. 
Демократия  индексі  бойынша  Қазақстан 
167  елдің  ішінен 143 орын  алып,  авто-
ритарлы  елдердің  қатарына  қосылыпты. 
Бұл  рейтингтің  көрсеткіштеріне  талдау 
жасамас  бұрын,  мына  ерекшелікке  на-
зар  аударуымыз  керек:  демократияның 
жағдайы бір аймақтағы бір елде ғана на-
шар  болып  тұрған  жоқ,  бұрынғы  Кеңес 
Одағының құрамында болған елдердің тең 
жарымы  авторитарлы,  ширегі  əлі  өтпелі 
жағдайда тұр. Бұдан қандай қорытынды 
жасауымызға  болады?  Посткеңестік 
халық демократияның не екенін, яғни, 
халық билігі деген ұғымның мəн-жайын 
əлі  толық  түсінбейтін  сияқты.  Адам 
өзгермей,  қоғам  өзгермейді.  Махатма 
Ганди  айтқандай, «Əлемді  өзгертемін 
десең,  өзіңнен  баста».  Ширек  ғасыр 
уақыт өтсе де, кеңестік тоталитарлық 
жүйенің кезінде қалыптасқан сыңаржақ 
ойлау  стереотипі  халықтың  саяси 
санасына  əбден  сіңіп,  қасаң  болып 
қатып  қалғаны  сонша,  күні  бүгінге 
дейін біздің халық өзін «біз» деп, билікті 
«өзгенікі»  деп  бөтенсінеді.  Себебі, 
халқымыз демократиялық даму жолын 
таңдағанымен, оның мəні мен мазмұнын 
білмейді. Бейнелеп айтсақ, қандай да бір 
жаңа  бұйымды  қолданар  алдында  оған 
қоса берілетін нұсқаулығын (инструкция
оқып таныспасаңыз, ол бұйымның не үшін 
жасалғанын, қалай пайдалану керектігін, 
пайдасы  мен  зияны  қандай  болатынын 
білмей  дал  боласыз. «Өзім  білемге»  са-
лып,  бұра  тартсаңыз,  не  жаңа  бұйым 
бүлінеді, не өзіңіз зардап шегесіз. Тап сол 
сияқты,  демократияның  да  қыр-сырын 
біліп,  меңгеру  керек.  Біздің  қоғамның 
басты кемшілігі – демократияны əркім 
өзінше түсініп, əр адам өз білгенін істеуге 
көшті.  Қит  етсе  билікті  кінəлап, «Демо-
кратия  жоқ!»  деп,  билікті  сынап-мінегіш 
болып  алды.  Ал,  сонда  халықтың  сыны-
нан  көз  ашпайтын  билік  қайдан  шықты? 
Демократиялық  қоғамдағы  билік  сайлау 
барысында  халықтың  дауыс  беруімен, 
ерікті  түрде,  еркін  сайланған  халықтың 
өкілдерінен жасақталатынын, сəйкесінше, 
билік  өкілдік  жолмен  халықтың  атынан 
жүзеге асырылып отырғанын біле бермейді. 
Демократияның басты механизмі саналатын 
сайлауға салғырт қарап, абсентеизмге салы-
нып,  сайлауларға  қатыспайды,  дауыс  бе-
руге бармайды, нəтижесін қадағаламайды. 
Демократияда билікке халықтық бақылау 
жасаудың  мүмкін  екендігін,  халықтың 
сенімін ақтамаса өкілеттікті қайтарып алуға 
болатынын,  сөз  бостандығы  бар  екенін 
ойлап, бастарын қатырмайды да. Заманын-
да Цицеронның өзі «Республиканың əл-
ауқаты  азаматтардың  мінез-құлқында 
жатыр»  деген  екен.  Демократияны 
халық  билігі  деп  білсек,  бізде  оның 
дамымай  отырғанына  ең  алдымен 
халқымыздың  өзі  кінəлі.  Бұл  жерде 
үйреншікті  əдетке  басып,  бас  салып 
билікті  кінəлаудың  қажеті  жоқ,  Жозеф 
де Местр «əр халықтың өзіне сай үкіметі 
бар» деп əділін айтқан. 
Толыққанды демократия
 —
Жетілмеген демократия
34.
        Эстония
  7.61
42.
        Литва
  7.24
47.
       Латвия
  7.05
67.
       Молдавия
  6.32
     
     
122.           Россия
3.74
139.  
 Əзірбайжан
3.15
141.  
 Белоруссия
3.04
143.  
 Қазақстан
2.95
151.  
 Тəжікстан
2.51
161.  
 Өзбекстан
1.72
161.  
 Түркімения
1.72
Авторитарлы режим
Өтпелі режим
  80.
          Украина
5.91
  93.
          Грузия
5.53
 106.
          Қырғызстан
4.69
 114.
    Армения
4.09
Еркін ой мінбері

№12    2014    А И АТ
38
38
Халық пен биліктің «біз» жəне «олар» 
болып  жіктелуінен  халық  ақырындап 
саяси өмірден бөгделенеді, ал, билік болса, 
бірте-бірте  халықтан  алшақтап,  ажырай 
түседі.  Осыдан  келіп,  халық  билігі  сана-
латын демократия өзінің мəнін жоғалтып, 
автократия,  бюрократия,  олигархия,  плу-
тократия, монархия, криптократия сияқты 
«архиялар»  мен  «кратияларға»  өзгеріп 
сала береді.  Сондықтан да, елімізде демо-
кратияны  дамытамыз  десек,  ең  алдымен 
халықтың  саяси  санасын  дұрыстауымыз 
керек.  Социалистік  лагерь  елдерінің 
қатарынан  шықса  да,  қазір  əлемдегі 
толыққанды  демократиялық  елдердің 
рейтингісінде 17-ші  орын  алатын 
Чехияның алғашқы президенті Вацлав 
Гавел  «демократияның  жұмыс  істеуі 
үшін білім беру жүйесіне көп назар аудару 
қажет. Бұл күшті экономикалық жүйенің 
негізін салады, сондай-ақ, бұл күшті сая-
си жүйе үшін де берік негіз болады» деп 
тұжырымдап, чехиялық азаматтардың 
бойында демократиялық саяси сана мен 
мəдениетті қалыптастыруға əу бастан-
ақ  бар  күшін  салған.  Демократиялық 
құндылықтарды  насихаттау  мен  санаға 
сіңіру ісіне барлық саяси əлеуметтендіру 
институттарын жұмылдырған. Нəтиже көп 
күттірген  жоқ,  Шығыс  Еуропа  елдерінің 
ішінен  тек  Чехия  ғана  толыққанды  де-
мократиялы  елге  айналды.  Қазақстан  да 
чехиялық тəжірибеден үлгі алып, демокра-
тияны жоғарыдан, яғни, билік тарапынан 
жасалатын жолдау, бағдарлама, нұсқаумен 
ғана емес, төменнен, яғни, халықтың сана-
сезімінен,  азаматтық  бастамашылығы 
мен  саяси  өмірге  қатысуын  дұрыс  жолға 
қоюмен  де  дамытуы  керек.  Демократия 
өзіндік қоғамдық құрылыс саналады, олай 
болса, кез келген құрылыстың бастауы берік 
іргетастан бастап қаланатынын ұмытпайық. 
Демократияны дамытуға барлық саяси 
əлеуметтендіру  институттарын  тар-
тып, қоғамдық ғылымдардың əлеуетін 
кешенді пайдалануымыз қажет. Мысалы, 
бір ғана саясаттанудың əлеуетін дұрыс 
қолданып,  мектептің  жоғары  сынып-
тарынан бастап, арнаулы жəне жоғары 
оқу орындарында жаппай міндетті түрде 
оқыту  арқылы  демократиялық  саяси 
сана  мен  мəдениетті  қалыптастыруға, 
азаматтарды саяси қатысуға жан-жақты 
дайындауға  болар  еді.  Саяси  өмірге 
қатысудың  негіздерін  игеріп,  саяси 
құқықтар  мен  бостандықтар,  сайлау, 
саяси  партия,  өкілеттілік,  мемлекет, 
билік түрлері мен бөлінісі, саяси жүйе, 
азаматтық  қоғам,  идеология  сияқты 
басты ұғымдарды білетін саяси сауаты 
бар  азамат  демократиялық  қоғамның 
дамуына бір кісідей үлес қосары сөзсіз. 
Біздің  бұл  айтып  отырғанымыз  жай 
ғана  ұсыныс  емес,  қоғамдағы  саяси 
сауатсыздықтан туындап отырған өткір 
қажеттілік, билік осыны дұрыс түсініп, 
тиісті  саяси  шешім  қабылдап,  оқу 
бағдарламаларына  өзгерістер  енгізер 
деп үміттенеміз. Қоғамның саяси санасы 
мен  саяси  мəдениеті  дұрысталса,  халық 
пен биліктің арасындағы «біз» кім, «олар» 
кім  дейтін  жіктелу  жойылып,  оның  ор-
нын  «Биліктің  қайнар  көзі  халық»  деген 
конституциялық  қағида  басады.  Сонда 
ғана Қазақ елі толыққанды  демократиялық 
мемлекеттердің рейтингісіне ілініп, Елба-
сымыз межелеген əлемдегі дамыған отыз 
елдің қатарына қосылуға мүмкіндігі арта 
түсер еді.
Командалық-кландық жіктелудегі 
«біздікілер» мен «өзгелер»
Саясат  əлеміндегі  «біздер»  жəне 
«өзгелер» болып жіктелудің жағымсыз 
түрлеріне  «команда»  жəне  «клан»  бо-
лып  топтасу  жатады.  Бұл  өзі  барлық 
мемлекеттерде  орын  алып  отырған 
келеңсіздік, тек кейбірінде оның ауқымы 
тар əрі астыртын болса, кейбір елдерде 
командалық-кландық  жікшілдік  кең 
ауқым  алып,  ашық  жүретін  деңгейге 
жетіп отыр. Командалық-кландық жүйені 
оның  басында  тұрған  көшбасшысыз 
көзге елестету мүмкін емес, яғни, қандай 
да бір лидер өзінің төңірегіне мүдделес 
топты жинайды, ал, мүдделі топ лидерді 
пір тұтады. Бұл жерде де, жеке тұлғалық 
«Мен»  дейтін  сана-сезімнің  эгоистік 
мақсат-мүддесіне сай келетін, «Біздікі» 
деп  қабылдайтын  топты  айқындап, 
соған  қосылуға  тырысатын  өзіндік 
идентификация  жатыр.  Қарапайым 
С. МҰСАТАЕВ. Қазақтың «Біздікі» жəне «өзгенікі» деген ұстанымы неге соқтырады?

№12    2014    А И АТ
39
39
өмір  жағдайында  адамдардың  басым 
бөлігінде  «Ортақ  өгізден  оңаша  бұзау 
артық» дейтін өзімшіл, жеке тұлғалық  
сана-сезім басым болады. Бірақ, өмірдің 
өтпелі немесе дағдарысты кезеңдерінде, 
ауыр  жұмыс  немесе  жауапты  қызмет 
жағдайларында,  қоғамдағы  кернеу 
күшейген  сəттерде  жеке  адам  тек  өз 
күшіне  сеніп  алысқа  бара  алмасын 
сезінеді. Басына қиындық түскен адам 
айналасынан  тірек  боларлық,  өзіне 
көмек  беретін  адамдарды  іздеп,  жеке-
ше  əлеуметтік  жəне  психологиялық 
көкжиегін кеңейте бастайды. Осылайша, 
жеке тұлға өзінің «Мен» дейтін шектеулі 
сана-сезімін  бұзып-жарып,  өзін  саналы 
түрде  қандай  да  бір  қауыммен  немесе 
топпен байланыстыруға жанталаса кіріседі. 
Мұндай  процесті  кезінде  Карл  Густав 
Юнг  психикалық  инфляция 
(латынша 
«infl ation» — үрлеу, көпірту, кеңейту)
 деп 
атаған.  Яғни, жалғыз жүрген адам өзінің 
жеке  тұлғалық  шекараларын  кеңейте 
отырып,  мүдделес  адамдар  тобын  табу 
арқылы сол топтың ішінен өзіне қорғаныс, 
тұрақтылық пен жаңа мүмкіндіктер табуы 
арқылы  жеке  идентификациядан  топтық 
идентификацияға  өтуі.  Осылайша,  бір 
топ  ауқымында  жағдайы  жасқарып,  өзін 
қауіпсіз  сезінген  сайын,  жеке  тұлғалық 
шекаралар  да  қалыптан  тыс  ұлғайып, 
топтық  гиперидентификацияға  ұласады. 
«Жалғыздың  даусы  шықпас,  жаяудың 
шаңы  шықпас»  деген  мақал  мұндай 
адамдардың ұранына айналып, жеке тұлға 
өзін топтан тыс жайсыз сезінетін, топсыз 
өмір  жоқ  сияқты  көретін  психологиялық 
тəуелділікке  ұрынады.  Қазақстанда 
əкім  ауысса  да,  министр  ауысса  да 
артынан  бүкіл  командасының  еріп 
жүруін  психологиялық  тұрғыда  осы-
мен  түсіндіруге  болады.  Ал,  топтық 
мүддені  басшылыққа  алғандар  үшін 
ұлттық  мүдденің  құны  көк  тиын 
екені белгілі жəйт. «Сенген қойым сен 
болсаң, күйсегенің бар болсын» демекші, 
халықтың сеніп тапсырған аманатына 
қиянат жасап, демократияны жеке бас-
тарын  байытуға  пайдаланып  жүрген 
«командалар»  Қазақ  елінің  көсегесін 
көгертпесі  де  белгілі.  Əкімдіктер  мен 
министрліктердің  қаншама  лауазым-
ды  тұлғалары  сыбайлас  жемқорлық 
фактісі бойынша ұсталып, қылмыстары 
дəлелденіп,  бас  бостандықтарынан, 
мал-мүлкі  мен  атақ-дəрежесінен  айы-
рылып  жатыр.  Сонда  да  тоқтам  жоқ. 
Коррупция дендеген еліміздегі аяныш-
ты  жағдай  қасқырға  қой  баққызған 
күлкілі  көріністі  көзге  елестетеді. 
Өйткені биліктегі командалық-кландық 
құрылымдардың «бізі» мен «өзге бөтені» 
мүлдем бөлек.
Əлеуметтік  құрылымдарды  зерттеген 
австриялық қоғамтанушы Альфред Шютц 
гиперидентификацияға бой алдырған инди-
вид топқа кірмейтін өзге қоғам мүшелеріне 
сенімсіздікпен  қарап,  бүкіл  қоғамды 
жаудай көріп, үнемі қорғаныс жағдайында 
жүретінін  көрсеткен.  Əсіресе,  топтық-
командалық  гиперидентификацияға 
ұрынған адамдар үшін дəл өздері сияқты 
топтарға  біріккен  гиперидентифи-
кациялы  «өзгелер»  жаудай  көрінеді. 
Ғалымдардың  пікірінше,  кез  келген 
топаралық жанжалдардың, командалық 
тартыстар мен кландық «соғыстардың» 
астарында осындай психикалық ойлау 
ерекшеліктері жатады екен. 
Саясаттағы  «команда»  құбылысын 
алғаш  байқап  зерттеген  неміс  қоғамта-
нушысы Макс Вебер болды. Ол «Саясат 
əуестік  жəне  мамандық  ретінде»  атты 
еңбегінде батыстық демократиядағы мына 
бір  ерекшелікке  мəн  береді:  сайланған 
президенттің  тілеулес  командасы  немесе 
сайлауда жеңіп шыққан саяси партияның 
ұйымдасқан бір топ белсендісі мемлекеттік 
биліктің  шешуші  тұтқаларынан  түрлі 
жоғары лауазымдарға ие болады. Сөйтіп, 
бүкіл  билік  ым-жымы  бір  командалық 
басқаруға өтеді, мұның соңы коррупцияның 
кең  етек  жаюына  əкеліп  соғады  деп 
көрсеткен. Милован Джилас та саясаттағы 
осындай келеңсіз құбылысты зерттеген. Ол 
«Жаңа  тап», «Жетілмеген  қоғам»  атты 
еңбектерінде билік басына келген лидер-
мен бірге еріп келген команда өз кезегінде 
көптеген ұсақ командаларды туындататы-
нын  айтқан,  яғни,  лидердің  командасына 
мүше əр чиновник өзінің жеке командасы 
болуын қалайды, одан төменгі лауазымды 
тұлғаның  да  өз  командасы  бар.  Осының 
нəтижесінде,  мемлекеттегі  бүкіл  билік 
«жаңа билеуші таптың» қолына өтеді, бұл 
қоғамның жетілмей қалуының басты себебі 
деп көрсетеді. Сондықтан да, батыстық 
ғалымдар  саяси  лидер  мен  билеуші 
Еркін ой мінбері

№12    2014    А И АТ
40
40
партияның команда құруын қауіпті үрдіс 
санап,  бюрократиялық  аппараттағы 
шенеуніктерді  кəсіби  маман  ретінде 
қарауды, кəсіби мемлекет құруды ұсынды. 
Команда  мен  клан  жүргізген  саясатта 
алдымен топтық мүдде жүреді, ұлттық 
мүдде оның көлеңкесінде қалып қояды. 
Кезінде «Қазақстан-2030» стратегиялық 
бағдарламасының  бір  мұраты – кəсіби 
мемлекетке қол жеткізу болатын, солай 
бола тұра, əлі күнге дейін командалық-
кландық  құбылыстан  арыла  алмай 
келеміз. Елбасымыз қаншама рет ескертсе 
де, əкім-қараларымыз командалық психо-
логиядан бас тартпай келеді, билік басын-
да бірнеше кландар бар екені де қоғамдық 
пікірде көп айтылады. Соның зардабынан 
сыбайлас жемқорлық өршіп тұр, корруп-
циямен  күрескен  сайын  бұл  қоғамдық 
дерт  асқынып  бара  жатқан  сияқты. 
Transparency International халықаралық 
ұйымы  жыл  сайын  коррупцияны  аңғару 
индексі  (Corruption Perception Index
бойынша  əлемдегі 180 елдегі  сыбайлас 
жемқорлықтың деңгейін анықтап, нəтижесін 
жариялайды. 2012 жылы Қазақстан корруп-
ция деңгейі бойынша 180 елдің ішінде 133 
орында болса, 2013 жылы 140 орынға түсіп 
кеткен. Бұл ұйымға сенбесек, онда тағы бір 
басқа ұйым – TRACE International ұйымының 
2014 жылғы көрсеткіші бойынша Қазақстан 
коррупция  деңгейі  бойынша 197 елдің 
ішінен 141 орын  алған.  Көрсеткішіміздің 
төмендеп кетуінің мəнісі мынада: біз кор-
рупциямен күресіп жатырмыз, бірақ, басқа 
елдер  де  қарап  отырған  жоқ  қой,  олар  да 
күресуде.  Коррупциямен  күресте  жақсы 
нəтижеге  қол  жеткізген  өзге  елдер  алды-
мызды орап кетуінен біздің рейтингіміз кері 
кетіп, төмен қарай сырғудамыз. Бұдан қандай 
ой түюімізге болады? Қа зақстандағы кор-
рупциямен  күресу  ай тарлықтай  тиімді 
емес деген сөз, себебі, біз коррупцияның 
себептерімен  емес,  оның  зардаптары-
мен  ғана  күресіп  келеміз.  Еліміздің 
коррупцияға қарсы күресу стратегиясын 
жетілдіру қажет, коррупцияға арқау бо-
лып отырған себептерді жоймасақ, сыбай-
лас жемқорлықты жеңу жоқ. Ең алдымен 
командалық-кландық  жүйеге  ойсыра-
та  соққы  беріп,  мемлекеттік  биліктің 
ашықтығына, мөлдірлігіне, бірізділігіне 
қол  жеткізуіміз  қажет.  Екіншіден, 
мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік 
тапсырыс  беру  жүйелерін  қайта  қарау 
қажет. Бұл салада олқылықтар өте көп, 
сыбайлас жемқорлыққа себеп боларлық 
кемшіліктер жетіп артылады. Түрлі тен-
дерлер мен байқаулардың қалай өтетінін, 
«откат»  пен  «ставканың»  не  екенін, 
мемлекеттік тапсырыстың, атқарылған 
жұмыстарды  өткізу  мен  қабылдап 
алу  процесі  қалай  жүретінін  білмейтін 
қазақстандық  жоқ  шығар.  Үшіншіден, 
мемлекеттік шенеуніктердің мəртебесі мен 
əл-ауқатын көтере отырып, жауапкершілігі 
мен адалдығына қол жеткізуді ойластыру 
қажет. Шенеуніктеріміз командалық ауыс-
түйіске, күн көрістің қамына алаңдамай, 
өздерінің атқаратын жұмыстарын уайым-
қайғысыз,  асқан  жауапкершілікпен, 
кəсіби түрде атқаратындай етуіміз керек. 
Мемлекеттік  қызметке  іріктеу  жүйесін 
де жетілдіре түсу қажет. Барлық жағдайы 
бола тұра сұғанақтық жасап, коррупциялық 
қылмыс жасаса, қайсы «команда мен клан-
да»  екеніне  қарамастан,  аямай  жазалап, 
арам  жолмен  жинап-терген  мал-мүлкін 
мемлекет пайдасына тəркілейтіндей етсек... 
Шенеуніктің «Біз» дейтін идентификация-
сы команда емес, өзінің елі, халқы, ұлттық 
мүддесі  болатындай  жағдай  жасай  білсек 
қана шенеуніктер ұлттық мүддені ойлайды, 
жұмысын  адал  атқарып,  жемқорлықтан 
аяғын тартатын болады. 
Мəселенің əлқиссасы
Қазақстан  қоғамында  орын  алып 
отырған  көптеген  проблемалардың 
астарында  «біз»  жəне  «өзгелер»  деген 
психологиялық  жіктелу  жатыр.  Ондай 
жіктелудің болуы адамның табиғатына 
тəн,  өмірдегі  жіктелу  бұрын  да  болған, 
қазір  де  бар,  ертеңдері  де  бола  бер-
мек.  Бірақ,  ұлттық  мүддеге  қатысты, 
ұлтымыздың,  мемлекеттілігіміздің 
болашағына қатысты мəселелерде «біздер-
өзгелер» жіктелісіне орын жоқ. Дамыған 
əрі демократиялы Мəңгілік ел боламыз 
десек,  Қазақстан  азаматтары  өздерін 
«Біз» біртұтас халықпыз, ал, бұқара мен 
билік «Біз» біргеміз деген демократиялық 
тұрғыда  идентификация  жасап,  билік 
басындағылар  «Бізді»  команда  немесе 
клан емес, отаным, өз елім, туған халқым 
деп түсінуі тиіс. 
С. МҰСАТАЕВ. Қазақтың «Біздікі» жəне «өзгенікі» деген ұстанымы неге соқтырады?

№12    2014    А И АТ
41
41
«Нəпсінің құлына айналғандар 
тəнін де, жанын да ластайды».
Сократ.
Дүниеге қызықпайтын оны жинамай-
тын,  жек  көретін  пенде  де  жоқ  емес  пе? 
Алайда  дүниеқорлықты  ылғи  жаман  де-
сек, əділетті бола қояр ма екен? Жұрттың 
бəрі  тек  қана  тамағын  тауып  ішіп,  киім 
киіп  қана,  ештеме  жинамай  өмір  сүре 
берсе, онда да бірсəрі. Қойылып отырған 
сұраудың  жауабы  да  түсінікті  болар  еді. 
Үйленіп отбасын құрағаннан кейін, əркім 
шамасына қарай дүние-мүлік, дəулет жи-
найды.  Ол  тіптен  жақсы  қасиет  болып 
есептелінеді. Тезірек құралғандар қашанда 
мақтауға  ылайықты  болған.  Сондықтан 
да,  қазағым: «түстік  өмірің  болса  мал 
жи» дегенді айтқан. Абай атамыз: «Əрбір 
жинақылықтың  түбі – кеніш»  екенін 
ескерткен. Олай болса, адам баласы түгел 
дерлік  белгілі  бір  дəрежеде  дүниежанды 
болғаны  емес  пе?  Адам  дүниені  неге  жи-
найды?
Біріншіден, бала-шағасының тұрмыстық 
керек-жарағын  қамтамасыз  етсем  деген 
ниеттің  болуы;  екіншіден,  өзінше  баспа-
налы  болып,  жұмыстан  соң  дем  алып,  
қонақ  күтіп,..  деген  сияқты  мүмкіншіліктер 
жасауға  қаражат  жинау;  үшіншіден,  ең-
бекке  уақытша  жарамай  қалғанда  (тіптен 
он  күндеп;  айлап)  ешкімге  алақан  жаймау 
қамы; төртіншіден, отбасында, той-томалақ, 
өлім-жітім болғанда, соған тиісті қаражатым 
болса  екен  деген  тілек;  бесіншіден,  туған-
туысқанның,  жолдас-жораның  жақсылық-
жаманшылықтарына  жəрдем  (қосымша) 
жасау  пейілі;  алтыншыдан,  өзің  дүниеден 
өте қалғанда артыңда «мал да қалсын, тал 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет