Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды


–  деді.  Мен  мұндай  биік  мағыналы



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата06.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#7964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

–  деді.  Мен  мұндай  биік  мағыналы  
сөзді естимін деп ойламап едім. 
Осы түсініктің куəсі ретінде шексіз 
далада  бірін-бірі  қуып,  жауласқан 
Тоқтамыс  хан  мен  Ер  Едігенің  Əулие 
тауда  қатар  жатуы  тарихтан  қалған 
ұлағатты ата дəстүр. 
***
Бұл өлкенің екінші кереметі – Алаша 
хан мазары.  Мүмкін, дұрысы, Алаш-хан 
мазары.  Алаш – ұран.  Ол  Жошы  хан  за-
манында  қалыптасқан  ұран.  Сондықтан, 
халық  Алашты    Жошының  əкесі  деп 
атаған.  Шыңғыс  ханды  Алаш  хан  деп, 
яғни,  оның  есімін  ұранға  айналдыру 
дəстүрі  қалыптасқан  деп  топшылауға 
əбден болады. Жошы хан қыпшақ елінің 
билеушісі  болғандықтан,  ол  өзінің  мем-
ле кетіне  жаңа  ұран  алды,  ол  əке  идея-
сы  немесе  əкесін  идеяға,  оның  есімін 
ұранға  айналдыру  мақсатында  «Алаш»  
деген  ұран  алған  болар.  Алаш  қыпшақ 
жұртының дəстүрінде бар сөз. Рулардың 
ұрандарына  назар  салсаңыздар,  бəрі  кісі 
есімдерімен,  яғни,  бабаларын  ұранға 
айналдырған. Осы мағынада алсақ, алаш 
деген  Шыңғыс  ханның  тағы  бір  есімі, 
лақап аты. Шыңғыс хан да лақап ат емес 
пе, өз есімі Тэмуджин. Бұл есімді əкесіне 
Жошы немесе оның атақты ұлдары Бату 
сияқтылар  беруі  ықтимал.  Осы  бағытта 
ізденіс  жасап  көрген  дұрыс  болар  деген 
ойдамын. 
Алаш қазақтың ұраны. Ол жөнінде 
Сұлтанмахмұт 
Торайғыров 
анық 
айтқан.  Оның    «Алаш  ұраны»  деген 
өлеңінде мынадай жолдар бар:
«Алаш» туы астында, күн сөнгенше 
 
 
 
      сөнбейміз,
Енді Алашты ешкімнің қорлығына 
 
 
 
      бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз, бұл 
  
 
 
заманға жеттік біз.
Жасайды Алаш, өлмейміз, жасасын 
 
 
     «Алаш», жасасын!
Қазақ  миллəтінің  ұраны – Алаш. 
Бұл  текті  ұран,  Жошы  дəуірінен  келе 
жатқан  жауынгерлік  ұран.  Қазақ  лек-
сикасында  (дүниетанымында)  үлкен 
адамның есімін тура айтпау дəстүрі бар. 
Майданда  Шыңғыс  хан  деп,  оның  тура 
атын  айтпай  Алаш  деп  ұрандау  қисынға 
келеді.  Сірə,  осы  дəстүр,  оның    зираты-
на көшкен. Шыңғыс хан жерленуі, зира-
ты  туралы  сөз  көп,  соның  көбінің  негізі 
шикі.  Шыңғыс  хан    менің  зиратым  бол-
масын  дегені негізсіз. Сірə, ол менің зи-
ратым тура өз атыммен аталмасын, деген 
өсиет  қалдырса  керек,  оның    бүркеншек 
есім – Алаш. 
Əлемдік жихангер Шыңғыс хан есімін 
мəңгілікке  қалдырмақ  болып  жантала-
сып,  жан  алып,  жан  берген  адам.  Зира-
ты белгісіз жан тарихтан жойылмақ, аты 
өшпек. Шыңғыс хан ондай тұлға емес, ол 
мəңгілікке  атым  қалсын  деген  өркөкірек 
санамен  өткен  адам.  Табылған  ақыл.  Ол 
зиратын ұран болған есімімен қалдыруға 
шешімді не өзі, не балалары қабылдаған. 
Мəселе енді ол қандай жер болуы керек. 
Мұнда  да  қисын  бар  мəңгілік  қай  жер, 
ол сөзсіз қазыналы ұрпақтары өсіп-өніп, 
көркейетін  мекен  болуы  керек.  Жəне 
тұңғышы,  отыз  жасында  қаза  болған 
Жошының    қасында  болғысы  келуі  де 
табиғи  жағдай;  осы  қисынға  сүйенсек, 
Жошы  мазарының  маңында  Базар-Орда 
қа ласы  тұсындағы  Алаш  хан  мазары 
атақты  Шыңғыс хан зираты. Болжауыма 
негіз  болған  тағы  бір  дəлел  бар,  ол  осы 
өңірдің бүге-шігесіне дейін жетік білген, 
академик  Қаныш  Сатпаевтың  пікірі.  Ер 
Едіге туралы 1927 жылғы зерттеуінде  «...
те гінде Алаша хан деп ел аузы атақты 
Шың ғыс  ханды  айтып  жүруі  мүмкін 
десе, 1941 жылғы мақаласында Алаша 
хан деп жүргеніміз Шыңғыс хан екен-
дігін  кесіп  айтады»  (Қараңыз:  Ұлытау, 
«Фолиант» Астана, 2006. 118 б.
Ел  аузында  Шыңғыс  ханның,  яғни, 
Жошының əкесі Алаш хан екендігі тура-
лы Алашорда қозғалысына қатысушы От-
ыншы Əлжанов «Дала уəлаяты» газетінің 
1897  жылғы 13-14 жəне 18 сандарында 
жариялаған  мақаласында  Шыңғыс  хан 
деп жүргеніміз Алаш хан деген тұжырым 
жасаған,  бұл  мəтінде  Жошы  ханның 
қазасын  əкесі  Шыңғыс  ханға  күйші 
Ұлытаудан өрген ұлағат

№12    2014    А И АТ
13
13
Кетбұға естіртеді. 
«Уа, иеміз Шыңғыс хан!
Добыра не деп жырлайды,
Сарнап дауысын қырнайды,
Құлағың сал осыған...
Ақсақ құлан, қу құлан,
Қияннан қашқан ту құлан,
Қиырсыз құба далада,
Аңда жүрген балаңа,
Кез болып бір қашыпты,
Белден белге асыпты.
Ақсақ құлан, Жошы хан,
Елсіз құба далада,
Қат-қат құбыр салада,
Мекендеп өрген, өрбісіп,
Ордалы құлан жосыған.
Қуып ақсақ құланды,
Мінгені тұлпар құнан-ды,
Ордалы үріккен құланға
Құйғытып ойнап қосылған,
Өлім деген Тəңір ісі, 
Сол қу құлан, ту құлан,
Балаң өлді – Жошы хан!
Нансайшы, ханым осыған!» (көрсе-
тіл ген кітапта 114-115 бетте).
Бұл  оқиға  Ұлытау  өңірінде  болған, 
содан  ел  аузында,  халық  жадында  сақ-
талған.
Сөз  орайына  қарай,  Алашорда  де-
ген ұғымға назар салсақ, ол Алаш жəне 
Орда деген сөздерден құралған. Алаш – 
ұран, Орда дегеніміз мемлекет. Екеуі де 
Шыңғыс  хан  заманынан  кейін  белгілі 
болған түсініктер, салыстырыңыз: Ба-
зар-Орда (Жошы мемлекетінің астана-
сы), Алтын орда, Ақ орда, Ноғай орда-
сы,  Қазақ  ордасы,  Алаш-орда  бəрінің 
ұраны Алаш болған. 
***
Шыңғыс  хан  даңқты  қолбасшы, 
алып  империя  құрған  саясаткер.  Оның 
жорықтары  нəтижесінде  талай  қалалар 
қиратылып,  жермен-жексен  етілгені  де 
шындық. Көркейіп  тұрған Дешті Қыпшақ 
мемлекеті  жойылып,  өзгеше  күйге  түсті. 
Бірақ,  анығы  сол – оның  қалың  əскерін 
құрғандар,  кейін  «қазақтар»  деп  аталған   
найман,  қаңлы,  керей,  үйсін,  дулат  т.б.  
болды. Империяның тілі түркі тілі болған 
деген деректер бар. Алтын Орда негізінен 
қыпшақ  тайпаларынан  құралған  мем-
лекет.  Сондықтан,  қазақтардың  (оның 
құрушы тайпалардың) тарихын тереңнен 
қозғағанда  Шыңғыс  хан  біздің  төл 
тарихымыздың басты кейіпкері, бұл аз ба? 
Шыңғыс  ханның  астанасы  Қарақорым, 
бұл  қай  тілдегі  қаланың  атауы?  Қазақта 
қара деген үлкен, қуатты деген түсінік бар, 
мысалы  қара  нар,  қара  күш  иесі,  тіптен, 
Қара  теңіздің  атына  назар  салсаңыз.  Ол 
үлкен,  мол  теңіз  дегенді  білдіреді,  ал, 
Қорым  деген  ертеден  келе  жатқан  түркі 
сөзі. Қазақтар Қорым деп адамдар тұрған 
мекенді атайды. Сонда, Қарақорым деген 
үлкен қала деген түсінікті білдіреді. Енді, 
ойланайық. Əлемді билеген Шыңғыс хан 
өзінің астанасын, одан кейінгі ұрпақтары 
астана еткен қаланың атын (елді мекенді) 
неге Қара+Қорым деп атаған? Бұл Шың-
ғыс хан империясының ресми тілі – түркі 
тілі болғандығының айғағы.
Біздің тарих əлем əміршісінің өрісіне 
қатысты болып отырғаны шындық. Содан 
болар, 1907 жылғы  Ресей  ауыл  шаруа-
шылық Бас Басқармасының бас тығы Крю-
ков  «Қырғыз-қайсақтар  Шың ғыс  хан 
мен Ақсақ Темірдің тіке лей ұрпақтары. 
Олар  жер  бетінен  жойылуға  тиіс» – 
десе,  Ресейдің  Министрлер  Кеңесінің 
төрағасы П.А.Столыпин: «Шыңғыс хан-
ды біз монғол дейміз.Нағыз монғолдар 
–  мына  қырғыз-қайсақтар.  Олар  сол 
Шыңғыс  ханнан  тарағандар» – депті, 
ол  да.  Бұл  пікірлерде  шындық  бар. 
Жошы  ханнан  бергі  дəуірде  қыпшақтар 
(қазақтар)  оның  тұқымдарымен  біте 
қайнасып кетті, Керей мен Жəнібек өзде-
рін  алғашқы  қазақ  дегендер,  қазақ  болу 
осы  хандардан  басталады  емес  пе?  Қа-
зақ деген азамат, яғни, мемлекетке қа-
тысты қолданылған ұғым. Азамат болу 
қазақ  болу  деген  мағынаға  ие  болған. 
Қазақтар ұл балаларына «азамат» деп 
ат  қоюы  тегін  емес  екендігін  Шоқан 
Уəлиханов та айтқан. 
Сонымен,  қазақ  халқының  төл  тари-
хының кейіпкерлері.Шыңғыс хан, Жошы 
хан, Ақсақ Темір, Бату хан (Сарайшықта 
жер ленген),  онымен  аралас-құралас  та 
болған  Александр  Невский,  Украина 
халқы  ұлт  перзенті  деп  жүрген  Мамай,  
Алтын Орда ханы Тоқтамыс, Ноғай орда-
сының əміршісі Ер Едіге,  бəрі-бəрі біздің 
Ғарифолла ЕСІМ.  Ұлытау – билік ордасы

№12    2014    А И АТ
14
14
тарихтың  басты  кейіпкерлері.  Жəне  осы 
аталғандардың  бəрі  қасиетті  Ұлытай 
өңіріне тікелей қатысты тарихи тұлғалар. 
Ұлытау  өңірі  тұнып  тұрған  төл  тарихы-
мыз, керемет қасиетті мекен.
***
Терең тарихы болған халықтың бүгінгі 
сауатты  ақпарат  ғасырында  «Қазақ  де-
ген  халықтың  мемлекеті  болмаған, 
деу  сауатсыздық  па,  əлде  мақсатқа 
лайықталған идеологиялық айла-шара ма? 
Осы  жайларды  алдымен  өзіміз  қазақтар 
анықтап  алуымыз  қажет.  Қазіргі  ұрпақ 
тарихи  сабақтастықтың  «қыл  көпірінде» 
отыр.  Тарихты  бар  деу  де,  жоқ  деу  де 
бүгінгі ұрпақ қолында. Ұрпақтың қатерлі 
шешімге келмесіне кім кепілдік бере ала-
ды. Кеңес заманында: «Біз көшпенділер 
болғанбыз,  нағыз  қазақ  тарихы  қазан 
төңкерісінен бастау алады. Біз  феода-
лизмнен  капитализмді  айналып  өтіп, 
социализмге бірден жеткенбіз» – деген 
сандырақ  сөздерді  маңдай  алды  де-
ген  ғалымдарымыз  айтып  та,  жазып 
та  келген.  Тарихты  феодализм,  капита-
лизм,  социализм  деген  ұғымдар  арқылы 
түсіндіру  мағыналы  нəтиже  бермеді,  се-
бебі,  қазақ  халқы  басынан  феодализмді 
өткермеген  (осы  туралы  мақаланы  пай-
далану керек) .
Тарих  қай  заманда  болмасын  тəр-
биені жəне білімді қажет етеді. 
Екеуі  бірігіп  бастарын  түйіс тіріп 
барып  тарихи  ғылымды  қалыптас-
тырады. 
Тарихи тəрбие өрістері: миф, аңыз, 
хикая, ауыз əдебиеті, фольклор.
Тарихи білім осыларды негізге ала 
отырып  жүйеленеді,  сұрыпталады, 
сөй тіп  барып,  ғылымға  айналады. 
Бірақ,  осы  тұста  тарихқа  кенеттен 
келіп қосылып, оның ағысын өзгертуге 
ба рынша күш жұмсайтын саясат, идео-
логия дейтіндер болады. 
Тарихи  онтология    əмбебап  ұғым, 
ол  халықтың  əдет,  дəстүрінде,  ділінде, 
дінінде,  тілінде,  тұрмыс-тіршілігінде 
табиғи    жүріп  жатқан  құбылыстар. 
Міне,  осы  тарихи  онтологияға  саясат 
үнемі  де  көлденең  келіп,  түзетулер, 
тіптен, түп-тамырымен қопару əрекет-
терін жасап отырады. 
Бүгінде   қазақ халқының, мемлекеті 
болмаған деушілер бөгде саяси мүддеге 
қызмет етушілер. 
Тарихи онтологиямызға  зер салсақ 
большевик  ғалымдардың    саяси  ой-
рандары да қауіпті əрі залалды болды. 
Олардың мақсаты қазақ халқын жой-
ып,  біріккен  совет  халқы  деген  ұғым 
қалыптастырмақ ниетте болды. Қазақ 
халқы  дегенді  атауға  болмайтын  за-
ман туды. Бəрі Совет халқы, ал, қазақ 
тек  ұлт  қана.  Ұлт  деген  халық  емес, 
халықтың  ерекшелігі  ғана  деп  наси-
хатталды. Мысалы, мəдениетте мына-
дай анықтама берілді, совет халқының 
мəдениетінің  мазмұны  социалистік, 
рухы интернационалистік, түрі ұлттық. 
Сонда,  қазақ  ұлты  деген  бір  түр,  ол 
келе-келе  жойылып,  бір  экономикаға, 
бір  идеологияға,  бір  мəдениетке,  бір 
тілге  (орыс  тілі)  негізделген  Совет 
хал қы  толық  қалыптасқанда  қазақ 
ұлты  мүлдем  жойылып  кетпек,  осы-
лай  деп  арнайы  коммунистік  пар-
тия  бағдарлама  қабылдады.  Ол  ком-
мунистік  насихаттың  саяси  бағдар-
ламасы  болып  саналды,  коммунизм 
орнағанда бірыңғай интернационализм 
болмақ,  қазақ  ұлт  ретінде  жойылмақ, 
олай  болса,  қазірден  бастап  қазақ  бо-
лудан  арыла  бастау  қажеттілігі  сая-
си  науқанға  айналды.  Сол  заманның 
«қаратаяқтары»,  партия,  кеңес  бас-
шылары  тайлы-таяғымен  қазақ  бо-
лудан  бас  тарту  ісіне  кірісіп,  балала-
рын,  немерелерін  орыс  мектептеріне 
оқытып, олармен орыс тілінде сөйлеуді 
жаңа  заман  талабы  əрі  мəдениеттілік 
деп санады. Осы психология, өкінішке 
орай, күні бүгінге дейін сақталып келе 
жатқаны да шындық.
Қазақ болуға, əлі де сенімі жоқтар бар. 
Тарихи тəрбиенің, тарихи білімнің қажет-
тілігі де ауадай. 
***
Бүгінде  бөгде  ақпарат  беттерінде 
де  қазақтардың  мемлекеті  болмаған 
деген  түсініктер  жиі  кездесіп  жүр. 
Бұл  араңдатушылық.  Қазақтардың 
Ұлытаудан өрген ұлағат

№12    2014    А И АТ
15
15
арғы  тегі  түркі  жұрты  болса:  Түрік 
қағанатын, одан бергіде Дешті Қапшақ 
мемлекетін  қайда  қоямыз.  Сөз  бо-
лып  отырған    Жошы  хан  жəне  оның 
ұрпақтары  билік  жүргізген  Базар 
Орда, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, 
Ноғай Ордасы, Қазақ Ордасы деген аса 
қуатты  мемлекеттер  болғанын  қайда 
қоямыз.  Қазіргі  политология  лексика-
сына  салсақ,  Орда  мемлекеттің  типі. 
Орданы  хан  басқарады.  Одан  əрі  өзге 
басқару 
институттары 
құрылады: 
əскери  аристократия,  билер  билігі,  ру-
тай палар көсемдерінің институты т.б. 
Жошы  хан  жəне  оның  ұрпақтары 
басқарған  дəуір: XIX ғасыр  басын-
да  мүлдем  аяқталды.  Патша  жар лы-
ғымен 1822 жылы  хандық  бас қару 
жүйесі  жойылды.  Содан,  Россия-
ның  бодандығы  басталды.  Міне, 
осы  кезде XIX ғасыр дан  бастап,  қа-
зақ  мемлекеттігінен  ай рылды.  Қа-
зақ  даласы  губернияларға  бөл шек-
телді.  Губернаторлар  тікелей  Ресей 
патшасына бағынышты болды. Хакім 
Абайдың  «қайран  елім,  қазағым»  деп 
айтқан  дəуірі  осы.  Қазақ  жұртының 
келесі дəуірі – Кеңес заманы. Бұл кезде 
мемлекеттік  құрылымның  аты  бар, 
заты  жоқ  болды.  Барлық  билік  то-
лығымен Мос кваның қолында болды. 
Елді коммунистер басқарды. 
Қазақ  халқының  жаңғырып,  қай-
тадан    мемлекет  құру  тəжірибесі 1991 
жылдың 1 желтоқсанынан  басталды. 
Қазақ  халқы  өз  ішінен  Президент 
сайлады,  оның  ұлықтау  рəсімі  болды. 
Бұл  Хан  Ордасында  үздіксіз  болып 
келген  хандарды  ұлықтаудың  үзілген 
жалғасы  еді,  яғни,  бұл  ренессанстық 
құбылыс.  Қазақ  мемлекеті  қайтадан 
жаңғырды.  Тəуелсіз  Қазақстан  Бірік-
кен  Ұлттар  Ұйымының  мүшесі,  өзге 
елдермен  құқықтық  тең  дəрежедегі 
зайырлы мемлекет. 
***
Елбасы  Ұлытау  туралы  сөзін 
түйіндей  келе: «Біздің  елдігіміз,  қазақ 
жұртының  арғы  түбі  ғұндардан  бас-
талады. Ғұндардан кейін көк түріктерге 
жалғасады.  Одан  кейін  Алтын  Орда 
орнығады.  Сөйтіп,  хандық  дəуірге 
ұласып,  кейін  біртіндеп  тəуелсіздікке 
келіп  тіреледі.  Осындай  үлкен  тари-
хымыз  бар.  Жастарымыз  оны  білу 
керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған 
халық  емеспіз.Ұлытау  ғұндардың  да, 
көк түріктердің де, Алтын орданың да 
орталығы  болған  жер.  Өзінің  тұрған 
жері Қазақстанның кіндік ортасы.
Ұлытау  өте  қасиетті  жер.  Ұлытау 
деп  аталуының  өзінің  тарихи  мəні 
бар.  Қазақтың  ен  даласының  қай  ше-
тіне  барсаң  да  осындай  қасиетті  жер-
лер  табылады.  Шығысқа  барсаң – 
Берел  қорғаны,  Орталыққа  келсең 
–  қал мақтармен  соғысқан  Аңырақай 
өткен  жер,  Батысқа  барсаң – Алтын 
орданың  хандары  тұрған  Сарайшық 
сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке 
барсаң – Түркістан  тұр.  Қазақстанда 
осындай  қасиетті  жерлер  көп.  Деген-
мен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің 
жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз 
тарихымызды  жаңадан  игеріп,  біліп 
жатқан  елміз.  Қазақтың  тарихы  өте 
бай. Оны білуіміз керек. Қазақтың көп 
дүниелері атадан балаға ауызекі түрде 
беріліп келген» дейді.
Елбасының  төл  тарихымыз  туралы 
осындай  жүрек  жарды  сөздеріне  орай 
айтар  түйінім:  қазіргі  мектептерде,  жо-
ғарғы  оқу  орындарында  оқытылып  жүр-
ген  «Қазақстан  тарихы»  деген  пəннің 
ата луы жəне баяндалуын дұрыс деп есеп-
темеймін. 
Мектептерде,  Жоғарғы  оқу  орында-
рында оқытылатын пəннің аталуы «Қазақ 
елі  мемлекетінің  тарихы»  (История  ка-
захского государства) деп аталуы керек.     
Тəуелсіз  елдің    жастары  қазақ  елінің 
мемлекетінің тарихын оқып, патриот боп 
өсуі табиғи жағдай. 
Ұлытау  бар  заманда  Ұлықтау  өңірі – 
билік  ордасы  болып,  қазақ  елінің  нағыз 
патриоттарын  тəрбиелеп  өсіретін  киелі 
кіндік мекені болып қала бермек!
Ғарифолла ЕСІМ.  Ұлытау – билік ордасы

№12    2014    А И АТ
16
16
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев əр облыс-
та,  əр  ауданда  кездесу  кездерінде  сөйлеп 
жүр. Ал, қасиетті Ұлытауда табиғат аясын-
да, саябақта халыққа қарата кемеңгерлікпен 
сөйлегені  бұл  құбылыс.  Мен  ол  кісінің 
айтқан əр сөзіне мəн беремін. Нұрекеңнің 
Ұлытауда Тəуелсіздікті ұлықтап, ұлттық 
сана  рухты  дəріптеп,  ағынан  жары-
лып  айтқандары  қазір  елдің  жүрегінде 
тұр.  Қашанда  біздің  ұлттық  рухымыз 
мықты  болуы  керек.  Біз  өз  дінімізді 
ұстанып, өз тілімізде сөйлесуге тиістіміз. 
Елбасы  сөзінде  Ата  Заңымызға  жазылған 
«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деген бапты 
тағы  да  текке  қайталап  айтқан  жоқ.  Олай 
болса,  мұны  терең  түсінуге  тиіспіз. «Тілді 
қолданып  батыл  сөйлеуіміз  керек.  Тілдің 
майын тамызып сөйлеп, басқа жұртқа үлгі 
болуымыз керек» деген сөзді дəл Ұлытауда, 
қазақтың  ежелгі  Дала  билік  ордасында 
айтқаны  көрегендіктің  белгісі.  Мен  өзім 
қазақ мектебін бітірдім, əдебиет, тарихқа 
өте  жақын  адаммын.  Мамандығым  ин-
женер  болса  да  «рухани  əлемді»  бірінші 
орынға  қоямын.  Сондықтан,  Нұрекеңнің 
Ұлытаудағы  айтқандарын  қолдап,  елді 
бірлікке,  ізгілікке  жəне  ынтымаққа  шақы-
рамын. 
Көпсекбай ТӨЛЕБАЕВ, 
ҚР Мемлекеттік 
сыйлығының иегері.
НҰРЕКЕҢ АЙТҚАН БЕЙБІТШІЛІК 
ОРНАСЫН
Қазір  əлем  алай-дүлей  сойқанды,  дау-
дамай  мен  шайқас-жанжалды  бастан 
кешіріп  жатыр.  Оған  Украинадағы  соғыс 
куə.  Араб  елдерінде  «Мəңгілік  соғыс» 
жалғасып, күнде қан төгілуде. Ресей болса 
империялық  ұстанымын  ашық  білдіруде. 
Осындай алмағайып заманда Елбасының 
Ұлытауда  сөйлеп,  көшбасшы  ретінде 
қауіп-қатерді  сездіріп,  ұлттық  рухты 
көтеріп,  тілшіге  сұхбат  беруі  ол  кісінің 
шын  мəнінде  көреген  саясатшы  екенін 
дəлелдесе керек. 
Əлем  қазір  ауыр  экономикалық  жағ-
дайды  бастан  кешіруде.  Біздің  ежелгі 
көршілеріміз Қытай мен Ресей ғой. Əсіресе, 
Ресей  қазіргі  жағдайда  экономикада 
дағдарысты,  саясатта  өктемдікті  сездіруде. 
Екі  алып  елдің  ортасында  жатқан  біздің 
жағдайымыз  қалай  болады.  Бұған  Елбасы 
Ұлытаудағы  сөзінде:  «Сондықтан,  қиын 
жағдайға қалмау үшін алды-артымызды 
ойлап, қадам жасауымыз керек. Мұның 
ақырын күтуіміз керек. Дүниеде қандай 
соғыс  болса  да,  ылғи  келіссөзбен  бітеді, 
ылғи  бітімгершілікпен  бітеді»  деп  жау-
ап  береді.  Бұл  сөзді  шын  көрегендік  дер 
едім.  Мен  өзім  құрылыс  саласы  бойынша 
кəсіпкер  болғандықтан  Нұрекең  айтқан 
бейбітшілік тез орнаса екен деп тілеймін.
Дəулет ЖАЙНАҚОВ,
«Абақ-Жайнақ» ЖШС-нің 
директоры
ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ҰЛАҒАТТЫ ІС
Қазақтың  өткен  тарихындағы  данала-
рымыздың  бəрі  ұрпақ  қамын  ойлаған. 
Ата-мекен  Отанды  сүюді  өсиет  еткен. 
Ұлытауда  ұлағатты  əңгіме  айтып,  сұх-
бат  берген  Елбасы  Отан  сүйгіштік 
тəрбие  жөнінде  ерекше  айтты.  Болашақ 
ұрпақ біздің асты алтын, үсті күміс қазына 
даламызға  мəңгілік  ие  болуы  тиіс.  Ол 
үшін  əрине,  Отан  сүйгіштік,  патриоттық 
тəрбие  керек.  Бұған  байланысты  Нұрекең 
көрегендік  əңгіме-сұхбатын:  «Мысалы, 
Отан деген үлкен ұғым, Отанды қорғау 
дегенде,  əрине,  адам  баласы  алдымен 
өзінің  шаңырағын  ойлайды.  Əкеңді-
шешеңді,  бауырларыңды,  немерелеріңді 
ойлайсың.  Сол  жүрекпен,  сол  тілекпен 
отанды  қорғайсың...»  деп  жалғастырады. 
Елбасы  аузынан  шыққан  бұл  сөз  ұстаз, 
тəлімгерлер  үшін  тəрбиелік  қағида,  өсиет 
болуға  тиіс.  Мен  өзім  білім  ордасын-
да  еңбек  еткендіктен  ұлттық  тəрбиеге 
ерекше мəн беремін. Ал, Елбасымыздың 
Отан сүйгіштікке байланысты Ұлытауда 
айтқан сөзінде зор мəн бар екенін білуге 
тиіспіз. 
Шаймұрат ӨТЕПБЕРГЕН,
ғылым кандидаты, Абай атындағы 
ұлттық университетінің оқытушысы.
ХАЛЫҚҚА  ҚАРАТА  АЙТЫЛҒАН  СӨЗ
Ұлытаудан өрген ұлағат

№12    2014    А И АТ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет