17
17
Келелі кеңес
– Əлемде өркениетті елдердің ақ-
парат арқылы өз идеяларын өзге елдер-
ге сі ңіруде шеберлігі байқалып отыр.
Осын дай қарама-қайшы процестер
жү ріп жатқан кезеңде ақпараттық ке-
ңіс тігіміз қорғалған деп айта аламыз
ба? Премьер-министр Кəрім Мəсімов
Қазақстан жұртының
50 пайызы
ресейлік ақпараттық кеңістікте отыр де-
ген деректі алға тартады (http://kapital.
kz/). Бұл не нің көрсеткіші? Елдегі
БАҚ-
Жания ƏБДІБЕК,
журналист
АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТІ
ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?
тың ішкі сұ ранысқа сай ақпарат тарата
алмауы ма, əлде мемлекеттің ақпарат
саясатының əлсіздігі ме?
Аманхан Əлімұлы:
– Ақпараттық қауіпсіздік
мəселесі туралы сөз
қоз ғағанда, ең алдымен
үшін ші дүниежүзілік
со ғысқа тоқталып кет-
кен жөн. Үшінші дүние-
жүзілік соғыс ақпарат
Тəуелсіздік жылдары биліктің басты назарында экономика мен саясат бо-
лып, басқа қоғамдық мəселелердің екінші орынға ысырылғаны белгілі.Əрине, осы
ұстанымның жемісті болғаны рас, еліміз дамудың тұрақты жолына түсті, мақсаты
мен бағыты айқын мемлекеттердің біріне айналды. Алайда, бұл ұстаным қоғамдық
қатынастардағы кейбір мəселелердің бұйдасын бос жіберіп алған секілді. Мəселен,
ақпараттық саладағы кейбір кемшіліктер бет бақтырмай барады. Елдегі шетелдік
ақпараттың еркін ағыны жəне оның салдары қоғамдық санаға кері əсер етуі, елдегі
қазақ жəне орыс тілдеріндегі ақпараттық дискурстың арасында идеялық бірліктің
болмауы, осы олқылықтарды экстремистер мен сеператистердің өз мақсаттарына
пайдалануға ұмтылуы т.т.с. Сондықтан, бүгінгі таңда ақпараттық қауіпсіздік
мəселесі күн тəртібіне шығып отыр. Мемлекеттің кіндік ұлты бола отырып,
ақпараттық кеңістіктігімізді өз қолымызға алып, етек-жеңін жиып, ұлт пен елдік
мүдде үшін қызмет етуді міндеттейтін уақыт жетті. Оның үстіне, ақпараттық
саланы бос ұстамау керектігін көрші елдердегі саяси ахуал да дəлелдей түсті. Қараша
айында Алматыда өткен медиақұрылтайдың бүтіндей ақпараттық қауіпсіздікке
арналуы жақсы бастама екенін айтып өту керек.
Бүгінгі таңда елімізде 252 электрондық БАҚ, 146 телерадио компаниясы, 88
телекомпания, 58 радиокомпания, 98 кабелді оператор, 1364 газет, 522 журнал, 64
ақпараттық агенттік жұмыс істейді. Алайда, бұл масс-медиа ішкі нарықтағы
ақпараттық сұранысты толығымен қамтамасыз етіп, еліміздің ақпараттық сая-
сатын дұрыс жүргізіп отыр ма? Ақпараттық кеңістігіміздегі ұмтылыс мен ұтылыс
қандай? Бұл туралы белгілі мамандар редакциямыздың «Келелі кеңесінде» бас қосып,
қызу ойталқы өткізді. Оған əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің
профессоры, журналистика теоретигі Кəкен Қамзин, «
Ұлт тағдыры» қозғалысының
жетекшісі Дос Көшім, журналист Есенгүл Кəпқызы, философ Əбдірашит Бəкірұлы
жəне «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Əлімұлы қатысып, ақпараттық
қауіпсіздік мəселесі туралы орынды ой пікірлерін айтқан еді.
№12 2014 А И АТ
18
18
Жания ƏБДІБЕК. Ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?
құралдары: баспасөз жа рық қа шыққан
кезден басталған. Мұны қандай да бір
деңгейде «майдан» деп есептесек болады.
Əбдірашит Бəкір ұлы:
– «Ақпараттық қауіп -
сіздік» елдің стра те гия лық
мəселесі болып та былады.
Ақпараттық қауіпсіздік
мəселесі ту ра лы айтқанда,
мынадай екі мəселе алға
шыға ды. Біріншіден, ақпараттық кеңіс-
тіктің техникалық тұрғыдан қорғалуы,
екіншісі психо-физикалық ақпарат
қорғанысы деп аталады. ХХ ғасыр дың
екінші жартысынан бастап əлемде
ақ парат майданы күшейе түсті жəне
үздіксіз жүріп жатыр. Бұл термин өте
күрделі құбылыстардың жиынтығын
бейнелейді. Біріншіден, ақпарат мемле-
кеттің идеологиялық негіздерін үйрету,
қоғамның дүниетанымына əсер ету
арқылы мемлекеттің саяси бағытына
төңкеріс жасау. Мемлекеттің ақпарат
арқылы əсер етуі астыртын майдан тү-
ріне жатады. Сондықтан, ақпараттық
қауіпсіздікті қорғау əр мемлекет үшін
өте қиын. Ақпараттық қауіпсіздік мем-
лекет тарапынан өте жоғары интеллек-
туалды қабілетті талап етеді. Өкінішке
орай, біздің билік осы деңгейден көріне
алмай отыр. Ол эконо микалық, əлеуметтік
мəселелерге қарағанда, ақпараттық қауіп-
сіздік мəселесін əлсіретіп алды.
Бізде шеттен келіп жатқан ақпараттың
мазмұнына ешкім мəн бермейді, сарап-
тамалар жоқ. Дамыған мемлекеттер əр
уа қытта мұны өзінің қадағалауында
ұс тап отырады. Қауіп төнуі мүмкін
жайт тардың бəрін алдын алып, көптеген
зерттеу инс титуттары осы бағытта жұмыс
жа сайды. Қазақстан бүгінге дейін өзінің
əлеуметтік, рухани, мəдени келбетін
қаншама анықтап алған десек те, бұл
мəселелерде кемшіліктер жоқ емес.
Бар. Біздің қазір ақпараттық қауіпсіздік
мəселесін көтеріп отыруымыз себебі де
содан. Өйткені, біз өзге елдің ақпараттық
ағынының əсерінде қалып жатырмыз. Ал,
қоғамды былай қойғанда, мемлекеттік
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылым-
дардың өздері бұл мəселеде едəуір кем-
шілікке жол беріп отыр.
Дос Көшім: – Ме-
н і ң о й ы м ш а , а қ п а -
раттық қауіп сіздік тө-
ңі регінде туын дап жат-
қан мəселенің бар лығы
саясатқа келіп тіре ле-
тін секілді. Осындай
жағдайға өзі міз жеткіз-
дік. 90-жыл дардың басында тəу елсіз
БАҚ саны күрт арта бастады. Тіпті,
біздегі басылымдар саны Мəскеудегі
газет-журналдардан да асып түсті. Кейін
белгілі бір «себептерге» байланысты бəрі
жабыла бастады. Ақпараттық кеңістіктің
бүгінгідей əлсірегеніне де тəуелсіз басы-
лымдардың негізсіз жабылуы себеп болған
секілді.
Үлкен мемлекеттер ақпараттық қауіп-
сіздік мəселесін осыдан 10-15 жыл бұрын
күн тəртібіне қойған. АҚШ пен Ресей ара-
сында ақпараттың байланыс мəселесіне
қатысты ресми кездесулер де өтті. Əр
мем лекет өзінің ақпараттық кеңістігін
сақтау үшін нақты заңдар мен құжаттар
қабылдады. Осыдан бір жыл бұрын Ресейде
ақпараттық байланыс туралы бағдарлама
қа был данып, ақпараттық саясатты жүргі-
зудің нақты жоспары жасалды. Керек
десеңіз, кейбір шетелдік басылымдардың
енуіне тосқауыл қойылды. Ал, біздегі
ақпараттық кеңістіктің кемшілігінің
бір көрінісі «Комсомольская правда»,
«АиФ-Казахстан» секілді басылымдар
біздің қаражатқа Ресейдің идеология сын
таратуда. Олар 20 пайыз Қазақстанның
кейбір мəселесін жазғанымен, 80 пайызы
Ресейдің идеяларын тірек еткен мақалалар
басады. Бұл мəселе ойланарлық жағдай.
Олар өздерін өзге ел-жұртта солай ұстай
ма? Қайдам...
Соңғы уақытта, дүниежүзінде ақпарат-
тық қауіпсіздік мəселесінің көтерілуі заң-
дылық секілді. Ақпараттық кеңістікті қазір
теріс күштердің бəрі: діншілдер, экс тре-
мис тер,террористер, сеператистер пайда-
лану ға кірісті. Бұл əлемдік деңгейдегі жа ңа
проблема. Бір ел азаматтары өзге елдерде
бо лып жатқан соғыстарға қатысуы, əлеу-
мет тік желілер арқылы арандатушы ақ-
параттар таратып, көтерілістердің болуы
– ақпараттық кеңістіктің жүгенсіздігінен
туындауда.
№12 2014 А И АТ
19
19
Келелі кеңес
Есенгүл Кəпқызы:
– Ақ параттық қауіп -
сіздік туралы арнайы
білім беруді мектеп-
тен бастау керек. Қазір
мектептердің өз де рінде
екі түрлі ақпарат тара-
лып, екі түрлі идеология
жүргізіледі. Ақпараттық кеңістігіміздегі
қауіптің бəрі осыдан баста лады. Мектепте
орыс тілінде тəрбие алып, орыс идеясымен
сусындаған адам ешуақытта Қазақстанның
патриоты бола алмайды. Кейбір əлеуметтік
зерттеулерге сүйенсек, ел жастарының
70 пайызға жуығы Қазақстанға қауіп
төнгенде қару алып күреспейді. Бұл өте
қауіпті жағдай.
Еліміздегі стратегиялық объектілер:
энергетика, əуе күштері, байланыс жəне
БАҚ т.б. мемлекеттің өз қолында болуы
керек. Біздегі заңға сəйкес, масс-медиа
акциясының 20 пайызын ғана шетелдіктер
сатып ала алады. Одан ары қарай сатыл-
мауы керек екен. Бірақ, «СТС» компа-
ниясы «31-арнаны» сатып алған соң,
телеарнаның бүкіл ақпараттық саясаты
орыс мүддесіне сай жүргізіліп кетті.
Жəне «31-арнасындағы» мамандар сол
акционерлері тарапынан нұсқаудан шыға
алмайды. Кезінде «31-арнада» қандай
жақсы хабарлар: «Дода», «Еркінсөз» т.б.
қызықты болатын. Сонымен бірге, қазіргі
телеарналарда бір де-бір сауатты ток-
шоу қалмады. Бəрі арзан ойын-күлкі,
əртістер, ал, нақты са рап тама жасайтын
бағдарламалар жоқ. Бұл менің ойым-
ша, үлкен кемшілік. Оны біреулер өз
мүддесіне пайдаланып кетуі бек мүмкін.
Біз елдегі телеарналардың ақпараттық
сараптамалық хабарлардың үлес-
салмағын анықтау үшін монито-
ринг жүргіздік. Сонда 90 жылдары
жəне 2000 жылдары сараптамалық
хабарлардың үлесі 50-60 пайыз болған.
Ал, қазір керісінше, көңіл көтеруші
бағдарламалардың үлесі 90 пайыз,
ал, саяси сараптамалық хабарлар 10
пайызға дейін түсіп кеткен. Бұл нені
аңғартады? Біз сыни пікір айта алатын,
ой түйетін жастарды емес, кез-келген
жағдайға жеңіл көзқараспен қарайтын,
екі əн айтқан адамды жұлдыз санап,
табынатын күйге жеткізеді. Жастар
өзіндік пікірі бар саясаткерлер мен
басқа да қоғамдық қайраткерлерді
білмей өсуі мүмкін.
Еліміздегі сараптама жасайтын КСЗИ
секілді институттардың барлығы сарап-
тамалық зерттеулерді орыс тілінде жүр-
гізеді. Біз тарихи жадымызды күшейтпей
– ақпараттық қауіпсіздікті сақтай алмай-
мыз. Біріншіден, біздің ұрпаққа өзіміздің
қандай мемлекет болғанымыз туралы
санасына сіңіру қажет. Қазақ хандығының
550 жылдығына байланысты көп жайт-
тарды қайта қарау керек. Біз қазақтың
тарихына, жүріп өткен жолына тəуелсіздік
тұрғысынан тарихи баға бермей жатып,
ақпараттық қауіпсіздік туралы айту бекер
секілді.
Дос Көшім: – Жақын арада Петро-
павлда тіл мəселесіне қатысты дөңгелек
үстел өткіздік. Сонда тіл маманы, мұғалім
тіл туралы жақсы ойлар айтып отырып,
Украина мəселесіне келгенде мүлде
өзгеше көзқараста сөйлеп кетті. Сонда
байқағаным, бір шаңырақтың астында,
бір кемеде жүзіп келе жатқанымызбен,
кез келген оқиғаға беретін бағамыз екі
түрлі екен. Бір мемлекетте өмір сүріп
отырып, саяси оқиғаларға екі түрлі баға
беруіміз орыс тіліндегі ақпарат жұмысы
мен идеологиясының жемісі. Бұл өте
қауіпті мəселе.
Кəкен Қамзин: – Бү-
гінгі көтеріліп отырған
мəселе өте ауқымды. Бұл
тек Қазақстан мемле-
кетіне, қазақ ұл тына қа-
тысты емес. Біз, адамзат
ба ласы, қайда бара жа-
тыр мыз? Прогресс жолына түстік пе? Бір-
бірімізді түсіне аламыз ба? Осы əлемдік
кеңістіктегі Қазақстанның орны қайсы?
«Шекара деген территориялық катего-
рия ма?» деген мəселелерді еске аламыз.
Территориялық ұғым тек қана жерге
байланысты емес, біздің рухани, мəдени,
ақпараттық кеңістікке де қатысты жайт-
тар. Ақпараттық қауіпсіздік мəселесі
теориялық жағынан да, практикалық
жағынан да терең зерттеуді қажет
ететін мəселе. Əсіресе, қазіргі кезде
бұған эко но микалық, мəдени, саяси
мəселелер ықпал етеді. Бұл тек ком-
муникация, журналистикаға қатысты
№12 2014 А И АТ
20
20
Жания ƏБДІБЕК. Ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?
мəселе емес. Осы ретте Қазақстандағы
зерттеушілер, Қазақстан стратегиялық
зерттеулер институты айтылды. Батыстағы
футурологтар, сая саттанушылар бұл
мəселені баяғыда зерттеген. Э.Тоффлер,
К. Поппер ақпараттық қауіпсіздікті
жаһандану тұрғысынан қарас тырған.
Жаһандану – жаңа əлемдік идеология,
жаңа либерализмнің америкалық нұс-
қасы. Елімізге ақпараттық қауіпсіздіктің
əлсіздігінен бізге осы идеология еніп жа-
тыр. Мына нəрсені атап көрсеткім келеді.
Осы дан қорғану мəселесі қалай?! «Біз
тек технологиялық, мəдени сүзгілер
арқылы қорғанамыз ба?» деген мəселе
алдымыздан шығады. Менің ойымша,
жалпы халықты ағартудан бастау ке-
рек. Бізде 90 жылдардағы ақпараттық
дүмпу қазір жоқ, керісінше, ақпараттық
жайма-шуақтық орын алған. Мүлгу бар
секілді. Міне, сондықтан, ақпараттық
кеңістіктегі бізге төніп тұрған қауіпті
халыққа жеткізу үшін халықты ояту
қажет. Бұрындағы қару-жарақтың
көптігінен, аштық, экологиялық жəне
техногендік апаттардан қорқатынбыз.
Ал, қазір алдымызда кесе-көлденең
шығып тұрған – ақпараттық қауіп-
қатер. Ақпараттық қауіп адамның са-
насына, психикасына əсер етеді. Қазіргі
ақпаратты жүйелеудің орталықтары
Батыста болсын, Ресейде болсын осы
мəселемен айналысып отыр.
Біздің елде ештеме жасалып жатқан
жоқ деп ауызды қу шөппен сүртуге де
болмас. Біздің президент БҰҰ-ның бір
жиынында ақпараттық кеңістікті реттеу
туралы сөз сөйлегені бар. Бірақ, оның
қаншалықты пəрменді болғаны, елдің
көкейін жетіп, əлемдік саясаткерлердің
көңілінен шыққаны өз алдына бір
мəселе. Сонымен қатар,Елбасы Ма-
лайзия сапарынан кейін Малайзияда
гуманитарлық пəндер ана тілінде, ал,
жаратылыс тану ғылымдары ағылшын
тілінде оқы тылатынын айтты. Осы
пікірден идео логияның тұтқасын ұстап
отырғандар бір қорытынды шығару ке-
рек еді. Өйткені, гуманитарлық пəндер
дүниетанымды қалыптастырады.
Менің ойымша, бұл жайтты білім
бағдарламасына енгізу керек еді. Біз
ЖОО-да қазір Болон үдерісі, Англо-саксон
жүйесі бойынша оқытып жатырмыз, ал,
бұл түбінде қайда апарады деген мəселе
көкейден кетпейді. Бұл да ақпараттық
қауіпсіздікке қатысы бар мəселе. Қазір
журналистиканы зерттеп жүрген ма-
мандар, «ақпараттық журналистика
басым болуы керек» деген пікірді алға
тартады. Менің ойымша, бұл қисынсыз.
Біз адам баласы болғаннан кейін рухани
дүниелер: мəдениет, əдебиет мəселелер
көрініс табуы керек. Журналистиканың
тек ақпараттық сипат алуы біздің ақпа-
раттың кеңістігімізді жүдету деген сөз.
Еш уақытта көркемдік, эмоция жəне
ана литикасыз журналистика алға
баса алмайды. Екі салада да ақпарат
бар. Тағы бір мəселе англо-саксондық
мемлекеттер ақпараттың қауіпсіздікті
жаһандану тəсілімен біржақты игеруге
көшті. Соны бізге тықпалай бастады. Біз
осыған көндігіп келе жатқан секілдіміз.
Біздің қарсы шығатын идеологиялық
мүмкіндігіміз болса да, ен жар лық па, əлде
ұлттық мінездің салдарынан ба, біз осыған
əбден төселіп алдық.
Біздің қазақтың бағы да, соры да
бір не ше тілді меңгеруі: қазақ, орыс
жəне шет тілін біледі. Өйткені, тіл
білу арқылы өзгенің идеологиясын тез
сіңіріп аламыз. Жан-жақты оқимыз,
білеміз. Сөйтіп, Батыста қалай, біздің
ұлттық менталитет қалай деген
екіұшты сұрақтар көкейімізде тұрады.
Орыстілді қазақтардың соры: өз тари-
хын, белгілі тұлғаларын, теориялық
жəне практикалық еңбектерді біл-
мейді. Өйткені, тілді меңгермеген
немесе ауызекі тілден аса алмайды.
Сондықтан, Қазақстанның ғылыми
өрісінде инновация, жаңалық жоқ деп
ойлайды. Сөйтіп, басқа идеяларға
қосылып кетеді. Мұны айту себебім,
біз ағартушылық мүмкіндігімізді əлі
де еселей түсуіміз керек. Қазақтың да-
рынды перзенті, бірден бір халықаралық
журналисі Əнуар Əлімжанов ағамыз:
«Қазақ үшін ағартушылық дəуірі əлі
біткен жоқ» деп айтатын. Осы сөз қазір
де маңызын жойған жоқ.
Аманхан Əлімұлы: – Қазақ тілінде
жəне орыс тілінде жазатын журналистер
туралы жақсы əңгіме қозғалды. Орыс
тілді журналистер тек «өз алаңдарында
№12 2014 А И АТ
21
21
ғана ойнайды». Мəселен, олар қазақтілді
басылымдарда қандай мəселелер жа-
зылып жатқанын білмейді. Ал, қазақ
журналистері орыс басылымдарында
не жазылып жатқанын біліп, бағыт-
бағдар ұстанып отырады. Сөйтіп, талдап,
талқылауға келгенде екі жақты пікір
айтады. Бір кездері қазақтілінде шыққан
мақалаларды орыс тіліне аударып баса-
тын «Дайджест» деген басылым бар еді.
Сонда қазақ басылымдарының көтеріп
жатқан мəселесін оқып, орыстілді қауым
таңқалған. Қазақ басылымдары эконо-
мика, саясат мəселелерін жаза алмайды
деп ойлауы мүмкін. Бірақ, олай емес.
Орыс басылымдары əлемдік қалыпқа,
нақты айтқанда Ресейдің қалпына түсуге
ұмтылады. Ал, қазақ басылымдары əлемдік
кеңістікке өзіндік ойды апарғысы келеді.
Бірақ, оған көмектесіп жатқан билік жоқ.
Қазір электронды басылым жасау мəсе-
лесі көтеріліп жатыр. Меніңше, бұл асығыс
жасалып жатқан шара. Мұндай ақпараттық
кеңістіктегі қадамды біздің географиялық
жағдайымыз көтермейді. Халықтың
сауаты да оған жете бермейді. Қағаз
басылымды құрту деген сөз ақпараттық
қауіпсіздіктегі ең қатерлі нəрсе. Яғни, біз
жарты оқырманды сауатсыз қалдырайын
деп отырмыз. Өйт кені, бұл процеске
біздің орта жастан жо ғары аудитория
дайын емес, жастар дайын болғанымен
санасы қалыптаспаған. Сон дықтан, мем-
лекет басылымдарды элек тронды нұсқаға
айналдыруға келгенде өте сақтықпен,
салиқалылықпен қарауы керек сияқты.
Бұл тұста эволюциялық даму қажет,
асығыстық болмауы тиіс. Ақпараттық
қауіп сіздік мəселесінің бір ұшы осында
деп ойлаймын.
– Ақпараттық кеңістігімізді қалай
қорғауға болады?
Əбдірашит Бəкірұлы: – Дөңгелек
үстелдің барысында айтылған ойдың
барлығы бір қорытындыны сұранып тұр. Ол
– ақпараттық қауіпсіздік мемлекет билігінің
шешіміне тікелей байланыстылығы. Про-
фессор Кəкен Қамзин айтып кеткендей,
англо-американдық либерализм қазір
əлемді жаулап жатыр. Сол ақпараттық
жүйе бізге, яғни, Қазақстанға еніп келе
жатыр. Осыдан сақтануға тиіспіз.
Дос Көшім: – Меніңше, бізде екі жол
тұр. Егер, біз демократиялы мемлекет бо-
латын болсақ, ақпарат бостандығы болуы
керек. Бұл бір жол – шетелдің ақпаратты
шектеу мəселесі. Екіншісі – оны жүзеге
асыру. Меніңше, шектеудің пайдасы бол-
са да, ол жолмен ешкім де қазіргі түпкі
мақсатына жетіп жеңбеген. Мысалы, Ре-
сейден келіп жатқан көптеген бұқаралық
ақпарат құралдарының ішінде теріс
бағыттағыларға тыйым салып, Қазақстанға
жібермеу мəселелерін көтеру керек. Ал,
басқа кез-келген нəрсені шектей беруге
қарсымын. Бірақ, біздің бұқаралық ақпарат
жүйесі соған жауап бере алатындай күшті
болуы тиіс. Мысалы, олардың жүргізіп
отырған жұмыстарын сараптайтын адам-
дар шығу қажет. Олардың ойларындағы
арам пиғылды аңғарып, жұртқа ой тастау
керек. Біріншіден, біздің журналистер
қауымы, саясаттанушылар, əлеуметті
зерттеушілер, біз осыған дайынбыз ба?!
Екінші мемлекет соған мүмкіндік бере
ме?! Ертең соны айтқан журналистерді
қудаламайды ма?! Міне, осы екі мəселені
шешіп алу керек.
Кəкен Қамзин: – Аманхан қағаз
форматты басылымдар туралы мəселені
көтерді. Бұл қағаз басылымдар батыста
да, Америка да, Англияда да тоқтаған жоқ.
Электронды басылым дамыды, онлайн
журналистика дүниеге келді екен деп
ешкім де қағаз басылымнан бас тартпа-
ды. Бұл – біріншіден. Екіншіден, Абай.кз
порталы «Қағаз басылымды газеттер керек
пе?» деген сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнаманың нəтижесінде қазір қағаз
басылымдарды қолдаушылар көп.Бұл
қағаз басылымдардың əлі де біздің мына
ақпараттық кеңістіктен кете қоймайтынын
көрсетеді.
Дос Көшімнің пікірін жандандыра
тү сейін. Бізде 90 жылдарда қарсы наси-
хат болатын. Жириновский сияқтыларға
бірден не телевизия, не қағаз басылымдар
арқылы қарсы пікір айтылатын Ал, қазір,
2000 жылдардан кейін сол үр дістің қайда
кеткені түсініксіз. Неліктен жойылып
кетті?! Оған біздің журналистер де, саясат-
керлер де дайын. Кез-келген уақытта жауап
бере алады, олардың интеллектуалдық дə-
режесі де жетеді. Міне, осы нəрсені бізде
есте ұс тауымыз керек.
Ең бірінші қазақ үшін қазір не керек?!
Келелі кеңес
№12 2014 А И АТ
22
22
Меніңше, қазақ үшін ең бірінші демогра-
фиясын көтеру керек. Екінші – тарихы-
мыз бен тіліміз. «Фейсбукт» əлеуметтік
желісінде қазақ тарихынан көп теген
суреттер жүр. Олар Алтын орда дəуірінен
бастап, күні бүгінге дейін орыс жəне батыс
суретшілерінің салған туындылары. Олар-
ды жүйелеп, «Суреттер тарихы» деген оқу
құралын шығарса. Оны мектептер, ЖОО-
на, өзге республикаларға, ондағы қазақтар
қоныстанған аймақтарға тарату керек. Сон-
да жастар ел тарихын біледі. Кезінде өзге
елдерге билік жүргіз генімізді өз көзімен
көреді. Міне, ақпа раттық кеңістікті
қорғаудың бір жолы осы болады.
Тағы бір айта кететін нəрсе, бізде
гумани тарлық мəселелерді, əсіресе, ақ-
па раттық кеңістікті қорғау, ақпараттық
қауіп сіздік мəселесіне байланысты зерт-
теулер тапшы. Болған күннің өзінде
практика жүзінде енгізіліп жатқанын
байқамадым. Сондықтан, біздегі санаулы
зерттеу инс ти тут тарының өз міндеттері
болуы тиіс. Біріншіден, ақпараттық сала
даму заңды лықтарын зерттеу керек. Жəне
қорытынды шығарып, ұсыныс ре тін-
де біздің газет-журналдарға, радио мен
телевизияға, яғни, біздің билікке жеткізу
керек. Екінші, ақпараттық қауіпсіздік
қазіргі тіршіліктің маңызды екенін сол
зерттеулер арқылы дəлелдеп шығу керек.
Үшінші ақпарттық кеңістікті қорғаудың
əдістері мен өлшемдерін, критерийлерін
жасап шығаруға тиіспіз. Қазақстан ұлттық
ақпараттық кеңіс тікті қорғаудың осындай
үш мəселесін алға қоюымызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |