Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата06.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#7964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Есенгүл  Кəпқызы:  –  Онлайн-басы-
лымдар  туралы  пікірімді  айта  кетсем. 
Біріншіден, жалпы қазақ халқының ресми 
санақ бойынша 44 пайызы ауылды аймақта 
тұрады.  Оның 90 пайызы  қазақтар.  Ал,   
ауыл-аймаққа интернет жеткен жоқ. Сон-
дықтан,  болар  ауылдық  жердегі  жұ мысы 
бар,  көзі  ашық  деген  адамның  өзі  элек-
тронды почта мен сайтты ажырата алмай 
отырады.  Сон дай  жағдайда  отырғанда 
қазақ бұқаралық ақпарат құралдарын жау-
ып, интернетке көшіру дұрыс емес. Оған 
көшу үшін əуелі, біз халықты дайындаудан 
бастау керек.
Тағы  бір  айтатын  дүние,  қазір  интер-
нет  те  радио,  телевизия  сияқты    тəрбие 
құралына  айналып  барады.  Жас,  мектеп 
жасындағы  ба ла лардың  өзінде  кем  деген 
бірнеше  əлеу меттік  желіде  өз  парақшасы 
бар. Бізде тағы бір мəселе тұрады, Дос аға 
айтып кеткендей, біз интернетті пайдала-
нушы адамға не бере аламыз деген сауал 
туындайды. Интернетті жақсы жағынан 
жəне  де  кері  жағынан  пайдалануға 
болады.  Сонда  бізде  қазақ  контент 
(мазмұн - автор) бар ма дегенде, аузымыз 
тағы  да  күйіп  қалады.  Бізде  жоқ  емес, 
алғашқы  қадамдар  бар. 2008 жылдан 
бері  қазақ  тілді  контентті  дамытуға 
деген  оң  қадамдар  жасалуда.  Бізде 
мақсат  пен  идея  бар  да,  бірақ  қолдау 
тапшы  болып  отыр.  Былтыр  қазақша 
сайттар  форумында, «Қазконтент» 
өкілдері  «Біз 400 сайттың  тұсауын 
кескелі  жатырмыз»  деп  ауыз  толты-
рып  айтты.  Ал,  бүгінде  сол  ашылған 
сайттар  қайда  кеткенін  біл мейміз.  Сол 
кезде  біз  жоқтан  бар  жасағанша,  бар 
дүниеге  қолдау  көр сетуін  өтінген  едік. 
Тіпті,  бүгінде  бала ларға  қажетті  қазақ 
тілінде ақпараттар, мультфильмдер жоқ  тың 
қасы.  Қызығы,  жақында  мектеп  жастағы 
балаларымыз  «Хэллуиндарыңыз  құтты 
болсын!» деп бір-бірін құттықтап жүр. Бұл 
шетелдік ақпа раттардың біздің балалардың 
санасына  сіңіп  жатқанын,  ғаламторды 
жаулап  алғанын  көрсетеді.  Сондықтан 
да, біздің алдымызда «интернетті қазақ 
контентімен қалай толтырамыз?» деген  
үлкен мəселе тұр..   «Əдебиет» порталы 
Ikitap секілді пайдалы бағдарлама жаса-
ды. Бірақ, ол тым аз. Мысалы, əлі күнге 
дейін  қазақтардың  өзіндік  электронды 
почтасы, интернетті дамытуды кешенді 
бағдарламасы жоқ. Тағы бір мысал, ин-
тернетте орыс тілінде кез-келген ақпарат 
жаза  бастасаңыз,  сіздің  əрбір  сөзіңізді 
дұрыстап береді. Неге интернеттегі қазақ 
тілінің  осы  деңгейге  жеткізбеске?  Біз 
осыған көңіл бөлмей отырмыз. Сондай-
ақ, біз осы күнге дейін google-аудармаға 
қазақ тілін енгізе алмадық... 
Дариға  Назарбаева  бастап,  жыл  сай-
ын  Халықаралық  орыс  журналистерінің 
конгресін өткізеді. Неліктен халықаралық 
қазақ  журналистерінің  конгресін  жаса-
масқа?! Қазақ жастарының жақсы идеялары 
жеткілікті. Оны жүзеге асыру үшін мемле-
кет  тарапынан    қолдау  жасалып,  кедергі 
болмаса игі еді. 
Жания ƏБДІБЕК. Ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?

№12    2014    А И АТ
23
23
Қауіпсіздік  мəселесін  сөз  еткенде  біз 
ең  алдымен  «соғыс»  деген  ұғымды  көз 
алдымызға  елестетеміз.  Қазір  соғыссыз, 
бейбіт заман. Ешкім қару асынып, танк-
терін айдап, ұшақпен бомбалап шекара-
мызды бұзып келіп, басып алып  жатқан 
жоқ.  Бірақ,  бұл  жау-жардан  мүлде  ада-
мыз деген сөз емес. Есесіне мылтықсыз 
майдан  қызып  тұр.  Қазіргі  соғыс  бұ-
рынғы  соғыстан  өзгерек.  Бүгінгі  əлем 
оқ атпай отарлайтын ақпараттық соғыс 
заманы. 
Жаңа  дəуірдегі  компьютерлік,  ақпа-
рат  тық-желілік  «соғыстың»  басты 
ерек шелігі – ол тыл мен майданға бөлін-
бей ді жəне онда шекара жоқ. Сондықтан, 
дəстүрлі соғыстарға қарағанда қаржы аз 
жұмсалғанымен қаупі мен зардабы ұшан-
теңіз.  Себебі,  бұл  соғыста  адам  баласы 
көпе-көрінеу  оққа  ұшып,  шейіт  болып, 
жарақат  алып,  мүгедектікке  айналма-
са  да  сананы  улайтындығымен  бұрын-
ғысынан  əлде  қайда  қатерлі.  Тəн  жара-
сын емдеуге болады, ал, жан жарасы мен 
рухани мүгедекті сауықтыру қоғам үшін 
аса  қымбатқа  түсетінін  ерте  бастан 
түсінуіміз керек.  
Қазіргі ақпараттық технологияның көп-
теген пайдасы мен артықшылықтары  бар. 
Оны  əуелгі  кезекте  санамалап  өтейік:  Бі-
рінші,  жеделдік,  екінші,  экономикалық 
тиімділігі  мен  үнемділігі,  үшінші,  алыс 
қашықтықтан қызмет көрсете алатындығы, 
төртінші, ақпарат тарату мен қабылдаудың 
тұтастық  сипаты,  бесінші,  ақпаратқа  қол 
жеткізу,  оны  тұтыну  мүмкіндіктің  кеңдігі 
т.с.с.  Осындай  артықшылықтары  мен 
Келелі кеңеске орай
АҚПАРАТТЫҚ  ҚАУІПСІЗДІК,  КИБЕР 
СОҒЫС  
ЖӘНЕ
  БАҚ  ЖАУЫНГЕРЛЕРІ 
Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,
ҚР мəдениет қайраткері, 
халықаралық журналист
игіліктеріне  қарамастан  ақпараттық  тех-
нология  арқылы  атқарылатын  қоғамдық 
түрлі  қызметтер  елеулі  қауіп-қатерді  де 
тудырып  отыр.  Осы  себептен,  қоғамдағы 
пайдалы  іс-қызметтердің  ырғақтылығын 
қамтамасыз  ету,  ықтимал  шығын  мен  за-
лалды  азайту,  инвестициялық  тиімділік 
пен  бизнес  мүмкіндіктерін  кеңейту  үшін 
ақ параттық  түрлі  қауіп  пен  зауалдардан 
қорғану қажеттілігі туындайды.
Жалпы,  қазіргі  таңда  ақпараттық 
қауіп ті айналып өте алмайтындай күр-
делі  кезеңде  өмір  сүріп  отырмыз.  Ең 
бергісі, жеке компьютеріңіздегі маңызды 
ақпаратыңыз  өшіп  қалса,  бір  өзіңіз 
ғана  емес    оның  зардабын  ұжымыңыз, 
оған қатысты өзге де мекемелер тарта-
ды.  Ал,  егер  мемлекеттік  басқарушы 
органдардың бірі ондай жағдайға ұшы-
раса,  оның  барлық  құрылымдары 
жап пай  ауырпашылыққа  тап  бола-
ды.  Елдің  басты  мəселелерін  шешетін 
буын дардың  аппараттарындағы  ақпа-
рат тардың  ұрлануы,  өшірілуі  тіпті 
тө тен ше  оқиға  саналмақ.  Себебі,  он-
дай  жағдай  қоғам  мүддесіне,  ұлттық 
қауіпсіздікке,  елдің  тəуелсіздігі  мен 
дер бестігіне  де  елеулі  нұқсан  келтіреді. 
Олай  болса,  ақпарат  дегеніміз  белгілі  бір 
ұйымның  құнды  мүлкі  мен  құрылғылары 
секілді  іс-қызмет  жүргізуге,  жұмыстың 
қалыптылығын  үйлестіретін  негізгі  капи-
тал болып саналатындықтан, ол – міндетті 
түрде қорғалуы қажет. Бұрын біз ақпаратты 
қағаз бетіне түсіріп, сақтап, өзгеге таратып 
келдік.  Қазіргі  таңда  компьютер,  интер-
нет  желілерінің  қолданысқа  кеңінен  енуі 
оны  электрондық,  онлайн  түрдегі  ресурс 
ретінде сақтап, таратуға көштік.  
Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  жүйе  аса 
күрделі əрі синтездік сипатта көрініс таба-
тындықтан  кейде  адам  факторынан  тыс 

№12    2014    А И АТ
24
24
қауіптерді  де  тудыратын  болды.  Қазіргі 
əлем  елдерінің  байланыс  пен  қарым-
қатынас құралы – Интернет болғандықтан 
оған  ірілі-ұсақты  миллиондаған  жүйе 
өзара  тіркеліп,  қосылады.  Нəтижесінде, 
қыруар уақыт пен шығын үнемделгенімен 
қаскөйлердің  қылмыстық  жолмен  пай-
да  табуына  да  мүм кіндік  беріп  отыр. 
Сондай-ақ,  алапат  қиратуларды  əкелетін 
зиянды  бағдарламалар  да  интернет 
арқылы  кең  таралып  жатыр.  Интернет-
те  мемлекеттік  шекара  мен  шектеу 
атаулы  болмайтындықтан  ақпараттық 
қауіпсіздік мəселесі – бірер ұжым, аймақ, 
құрлық  немесе  жеке  бір  мемлекеттің 
ғана  проблемасы  емес.  Бұл  шын 
мəнінде,  бүкілəлемдік  өткір  мəселеге 
айналды.  Компьютер,  ақпараттық-
же лілік  соғыстың  зардабына  келсек, 
табиғи апаттан кем түспейтін жайы бар. 
Тіпті, оны жаппай қырып жоятын атом, 
ядролық қарудың ықтимал қаупімен де 
салыстыруға  болады.  Ақпарат – əскери 
командалауға  (бұйрық)  да  ауадай  қажет 
екенін білеміз. Егер, ақпарат болмаса, бес 
қаруы сай қандай керемет жасағың да тырп 
ете алмай қалады. Олай болса, компьютер, 
ақпараттық-желілік  жүйедегі  қауіпсіздік 
мəселесі  қорғаныс  саласында  да  елеулі 
рөлге ие болады.  
Жаңа  ғасырда  ғылым  мен  техноло-
гия қарыштап дамудың биік белестерін 
бағындырды.  Коммуникация,  ақпарат 
алмасу 
мүмкіндік 
пен 
жеделдік 
мейлінше артып, көз жетпес алып əлемді 
барынша  «кішірейтіп»  алақанымызға 
са лып  берді.  Нəтижесінде,  еларалық, 
ұлт   аралық  байланыс  мейлінше  ны-
ғайып,  қоян-қолтық  араласып  «дос-
пен» де, «дұшпанмен» бетпе-бет келетін 
бол дық.  Ақпараттық  соғыстың  сипаты, 
шеңбері,  алаңы  компьютерлік  техника, 
бағдарламамен  қамтамасыз  ету  секілді 
уақытпен  жарыса  дамып  отыр.  Даму  ба-
рысында  жаңарып,  өзгеріп  барған  сайын 
күрделене түсуде. Осының өзі істі қалыпты 
түрде    жүргізудің,  қауіптің  алдын  алудың  
техникасы мен тəсілдерін қысқа мерзімде 
жедел  жасап  жетілдіруді  талап  етіп  отыр. 
Ақпараттық  техника  құралдарына, 
желілерге,  бағдарламамен  қамтамасыз 
ету қызметтеріне қасақана шабуыл жа-
сау – ұлттық қауіпсіздікке, қорғаныстық 
қабілетке зауал төндірумен қатар еліміз-
ге қарсы қолданылатын күрес пен теке-
тірестің бір түрі екендігін де жоққа шы-
ғара  алмаймыз.  Компьютерлік,  ақ   па -
раттық-желі арқылы жүретін со ғыс   тың 
құралы  ядролық  шайқаспен  салыс -
тырғанда  оның  қамтитын  аумағы, 
мерзімі, зардабы мен шығыны тобымен 
емес, жаппай қырып күйрететін сипат-
ты  танытып  отыр. «Жаппай  қырып-
жою» қаруының түрі ретінде ендігі жер-
де  ақпараттық  жүйені  де  жатқызбасқа 
лаж жоқ. 
Компьютерлік,  ақпараттық-желі  соғы-
сының өзіндік шабуыл түрлері бар.  Атап 
айтқанда:  Бірінші,  E-mail (электрондық 
пошта)  хат  түріндегі  шабуыл;  екінші, 
DOS-шабуыл;  үшінші,  компьютер  вирус-
тарының шабуылдары. Оның салдарынан:
* Ақпараттық қорлар зақымда ла ды; 
* Ақпараттық қызмет үзіледі; 
*  Ақпаратты  олжалау,  ұрлау  орын 
алады. 
Технологиялық  прогрестің  тағы  бір 
жетістігі  болып  саналатын  əлеуметтік 
желілердің (facebook, myspace, biznetwork, 
ВК т.с.с) де пайдасы мен зияны бірдей бо-
лып  отыр.  Оның  салдарынан  азаматтары-
мыз  жеке  құпияларынан  айырылумен 
қатар  кері  əрекеттерге,  қылмысқа,  бейбе-
рекет тікке,  діни  секталарға  да  тартылып 
жатыр.  Ақпараттық  қызметті  үзіп  тас-
тайтын  шабуылдардың  да  зардапта-
ры  баршылық.  Зерттеушілер  ұсынған 
мəліметке  қарағанда,  улы  кодтардың 
60  пайызын  АҚШ  жəне  Еуропа  одағы 
елдері, 25 пайызын  ҚХР,  15 пайызын 
өзге  елдерінен  жіберіледі  екен.  Бұл  тек 
біздің ел үшін ғана қауіпті құбылыс емес. 
Улы кодтардың белсенділігі барған сай-
ын  артып  келе  жатқандығы  ғаламдық 
проблема.  Бұл  трансұлттық  деңгейдегі 
ұйымдасқан  қылмыс  болғандықтан 
оны мен бүкіл əлем болып күресіп, ақпа-
раттық  қауіп сіздікті  күшейтуді  талап 
етеді. 
Ақпараттық  қауіпсіздік  мəселесін  айт-
қанда одан БАҚ саласын тыс қалдыра ал-
маймыз. Мынандай бір əңгіме бар. 
Ресей-
Қ. ШАМАХАЙҰЛЫ. Ақпараттық қауіпсіздік, кибер соғыс жəне БАҚ жауынгерлері

№12    2014    А И АТ
25
25
Грузия соғысы тұсында бір дамушы елдің 
телеарнасы  бір  күні  Ресейді  жақтаса, 
келесі күні Грузияны жақтайды екен. Осы-
лай алма кезек жүре берген. Себебін білуге 
барғандарға  белгілі  болғаны,  телеарнада 
екі  аудармашы  кезектесіп  жұмыс  істейді 
екен. Бірі – Ресейде білім алған орыс тілді, 
келесісі – АҚШ-та  білім  алған  ағылшын 
тілді. Ақпарат көзі қайдан болса, көзқарас 
та  содан  бастау  алады  ғой.  Негізі,  оқиға 
орнында  өз  тілшісі  болып,  əр  ел  əлемге 
өз  терезесінен  қарағанға  не  жетсін.  Ал, 
біздің  ақпарат  құралдардың  қай  елде 
қанша  тілшісі  бар?  Əрине,  санама-
лап бере алмаймыз. Ары кетсе, 2-3-ден 
аспайды. Негізінен, қазіргі редакциялар 
мен  телекомпаниялардың  басты  дерек 
көздері – ресейлік  агенттіктер.  Сонда, 
əлемге əлі де болса Ресейдің терезесінен 
қарап, баға беріп отырмыз. Түптеп кел-
генде,  сөз  бостандығы  дегеніміздің  өзі 
бұлжымайтын  дəл  дерек  пен  шынайы 
ақпараттан өзге ештеңе емес. Барды бар, 
жоқты  жоқ  деп  қана  айтатын,  дерекке  өз 
көзқарасымыз бен субьективтік пікірімізді 
тықпаламайтын  болсақ  тəуелсіз  журна-
лист  деген  сол.  Кейде  оппозициялық 
басылымдарды  тəуелсіз  баспасөз  деп 
ұғамыз. Ол да қате! Олар бар болғаны, 
балама  ақпарат  пен  өзге  көзқарас  біл-
діруші  топтар.  Ол  да  керек.  Қоғамда 
пікіралуандығы болмаса, «бір дауыспен, 
бір  əнмен»  алысқа  шаппаймыз.  Оған 
мысал – жетпіс жыл жырлаған «əніміз» 
бүгін  қай  бұрышта  қалды?  Сондықтан, 
журналист  үшін  ең  қымбаты  деректің 
дəлдігі  мен  ақпараттың  шынайылығы, 
оқиғаның  боямасыз  көрінісі.  Қалғаны, 
үгіт-насихат,  саяси  қырт  əңгіме. 
Ендеше, 
ақпараттық қауіпсіздік мəселесін сөз ет-
кенде БАҚ-да жұмыс істейтін мамандар-
ды  даярлау  ісіне  əдістемелік  тұрғыдан 
шұғыл  бет бұрыстың  жасалуы  талап 
етіліп отырғанын естен шығармауымыз 
керек. Ол үшін ең алдымен ондаған жыл-
дар  бойы  қолданылып  келген,  ішінара 
əлі  де  өз  күшін  жоя  қоймаған  кеңестік 
жүйе сінің  көне  тəсілдерінен  түбегейлі 
бас  тартып,  əлемдік  қалып  (стандарт) 
үлгілерін қабылдағаннан басқа жол жоқ. 
Себебі, қазірдің өзінде білікті медиа-биз-
нес мендердің,  БАҚ  саласы  менеджер-
лері нің  жоқтығынан  еліміз  баспасөзі 
нарығында  жарнаманың 49 пайызын 
ресейліктер  иемденіп  отыр.  Бұл  ресми 
мəлімет  бойынша  ғана.  Ал,  іс  жүзінде 
одан  көп  болуы  да  мүмкін.  Осыншама 
табыстан көпе-көрінеу айырылып оты-
руымыздың  өзі  медиа-бизнеске  бейім-
дел ген  мамандардың  жеткіліксіздігінде 
болса керек. 
Диплом  алып  жатқан  ма ман дар  көп 
болғанымен,  оның  бəрі  БАҚ  талаптарын 
қанағаттан дыр май тыны да рас. Сондықтан, 
батыстық,  америкалық  озық  тəжірибеге 
сүйен сек,  ұтылмайты нымыз  анық.  Білім 
берудің батыстық үлгісінің озық болуының 
мəні мынада: 
* журналистік білім беру ісінде тəжі-
рибеге басымдық беретіндігінде; 
* студенттің өз бетімен еңбек етуіне, 
шығармашылық  еркін  ой  мен  іскер лік 
қабілеттілігін  дамытуларына  қолайлы 
жағдай тудыратындығында.  
Алайда,  журналистік  жоғары  білім 
берудің  əлемдік  қалыптарын  (стандартта-
рын)  жүзеге  асыруда  елеулі  қиындықтар 
бар. Ең ал дымен ЖОО-ның материалдық 
база сының  сын  көтермейтінін  атап 
айтуға  тиіспіз.  Оның  сыртында  көп-
те ген  университет  ректорлары  журна-
лис тика 
мамандығының 
өзіндік 
ерек  ше ліктері  мен  маңыздылығына 
айтар  лықтай  мəн  бермейді  де.  Соның 
сал дарынан  тəуелсіздік  жылдарын-
да  ашылған  факультет,  кафе драларда 
журналистика 
саласы 
бойынша 
білім  беруді  қазақ  тілі  мен  əдебиетінің 
мұғалімін  даярлаудың  деңгейінде  ғана 
қарастырды.  Тіпті,  жасырмай  айтқанда, 
журналистика  мен  филологияны  айыра 
білмейтіндер де баршылық. Олар қоғамда 
БАҚ-тың, 
жур налистиканың 
рөлінің 
барған  сай ын  өсіп  келе  жатқандығымен, 
оның  де мократиялық  зайырлы  қо ғам-
да 
«төр тін ші 
биліктің» 
дəрежесіне 
көтерілетін  ық палымен,  қазіргі  жа һан-
дану кезеңін де ақпараттық майданда ашық 
соғыс тың басталғаны мен, оның өзі ұлттық 
қауіпсіздікті  қамта ма сыз  етудің  маңыз ды 
бір бөлігі екен дігімен санаса бер мейді. Со-
нымен қа тар, жергілікті уни вер ситеттердің 
Келелі кеңеске орай

№12    2014    А И АТ
26
26
жур на листика  кафедраларын  айтпағанда 
Астанадағы  ЕҰУ-нің  өзінде  білікті  ма-
мандар жеткіліксіз. Сондықтан, мамандық 
пəндерін  өзге  саланың  адам дарына, 
көбінесе  жур на листиканың  теориясы  мен 
практика сынан  бейхабар  адамдарға  беріп 
қоюы  жоғарыда  айтқан  ойды  нақтылай 
түседі.  Мұндай  жағдайда  не  істеу  керек? 
Əрине,  студенттердің  өз  бетімен  жеке  із-
денулері  арқылы  олқылықтардың  орнын 
толтыруға тырысудан өзге амал жоқ. Оның 
ең бір тиімді түрі – сапа лы оқулықтар мен 
журналистика  сала сы  бойынша  жарыққа 
шығарылған  ғылыми-зерттеу  еңбектерді 
білім беру ісіне кеңінен тиімді пайдалану. 
Əсі ре се,  студент  жастардың  журналисти-
ка  теориясы  мен  тарихының  іргелі  туын-
дыларымен  етене  танысуларына,  зерт теп, 
зерделеулеріне аса ден қою қажет болады. 
Себебі,  олар  университет  қа быр ғасында 
жүргенде  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын 
қазіргі  заман  талап тарымен  байланысты-
рып  пайдалануға  дағдылан баса,  ертеңгі 
күні  БАҚ-қа  барған  соң  əртүрлі  ақпарат 
көздерінен алынған мəліметтерді қорытуға 
қабі летсіз болмақ. Шын мəнінде, ғылыми-
зерттеу,  талдау-сараптау  тəсілдерін  ерте 
меңгерген  журналистер  көбінесе  БАҚ  са-
ласында  өз  қабілеттіліктерін  тез  таныта 
алады. 
Журналистиканың  зерттеу  мате-
риал дарының түп нұсқаларын жал пы-
ла ма түрде ішкі жəне сыртқы деген екі 
объектіге  бөлуге  болады.  Жаһандану 
дəуірінде  өз  деңгейімізді  əлемдік  үр-
діспен  салыстыру,  өзіміздің  қай  тұста 
жүргенімізді 
бажайлау, 
өзгелерден 
үйрену  міндетті  түрде  қажет  етіледі. 
Оның  сыртында,  сыңаржақ  идеоло-
гия ның  құрсауынан  құтылған  Қазақ-
стан  бүгінде  сыртқы  əлемге  өз  бол мы-
сымен  танылды,  ашық  қоғамға  қадам 
басумен  қатар  көптеген  игі  бастама-
ларға да мүм кіндік ашып отыр. Қазіргі 
таңда  əлемнің  кез  келген  елінің  кітап-
құрал дарын  интернет  желісі  арқылы 
пай далануға,  білім  беру  əдістеме лері-
мен  танысуға  мүмкіндік  бар.  Сондай-
ақ,  қазақ  жур налистикасы  да  өзінің 
даму  кезең дерінде  сан  қилы  зерттеу 
туындыларын  жарыққа  шығарды. 
Алайда,  көп  жағдайда  журналист  ға-
лымдар  өздері  зерттеген  салалары 
бой ын ша  ғана  оқулықтар  мен  оқу  құ-
рал дарын  əзірлеп  шығарумен  шек те-
ліп  жүр.  Журналистиканың  теориясы, 
баспасөз  дизайны,  журналистика  ме-
нед жменті, тележурналистика теория сы 
мен  тəжірибесі,  медиабизнес,  фото жур-
налистика,  БАҚ  заңдары  мен  құқық 
негіздері  секілді  көптеген  сала лар 
бойынша  оқулықтарды  айт па ғанның 
өзінде  ғылыми  мақалалардың  өзі  өте 
сирек кездеседі. Оның өзіндік себептері 
бар. Айталық: оқу процесіне күнделікті 
ара ласып жүрген ғалым дар дың оқулық 
жазып  əзірлеуге  уа қыттары  жоқ; 
оқулық  жазуға  ниет тенген  авторларға 
көрсетіле тін қолдау жоқ, атап айтқанда, 
жазған еңбегі үшін қаламақы төлен бей ді, 
өндірістен қол үзіп шығармашы лық пен 
айналы суына  мүмкіндік  жасал май ды; 
жазған оқулықтары мен оқу құ рал дары 
уни верситеттердің  баспахана ларын да 
көп уақыт кезек күтіп, кешігіп жатады. 
Сондай-ақ, ғылыми кеңестер тақы  рып 
бекіткен  тұста  ең  өзекті  əрі  зерт тел-
мей  жатқан  тың  салаларға  жіті  көңіл 
бөлмейді.  Бір  кездері  баспасөз  тарихы-
на  көбірек  ден  қойған  болса,  бүгінде 
«пəленшекеңнің 
публицис ти касы», 
«түгеншекеңнің редакторлы ғы» секілді 
қамтитын аясы тар, ма ңызы төмен та-
қырыптармен  тым  ұсақталып  кетті. 
Сон дықтан, алдағы уақытта журналис-
тика мамандығы бойынша магистрант-
тар мен док торанттарды қабылдағанда, 
олардың тақырыптарының өзектілігіне 
жіті көңіл бөлінуі аса қажет.
Аталмыш  жайлардың  бəрі  де  бо ла-
шақ  журналистерді  сапалы  əрі  қа жетті 
оқулықтармен  қамтамасыз  етуге  елеулі 
кедергі  келтіріп  отыр.  Бүгінде  жур  на лис-
тика  теориясының  тұжы рым дама ла ры 
мен практикалық қызмет терінің тəсілдерін 
реформалау 
қажеттіліктері 
туындап 
отырғанда ескі жүйе тұсында жа рық көрген 
оқулық тармен  студент тер ді  алдарқату  қи-
сын сыз.  Кеңес  одағы  тұсында  жарық 
көр ген,  бір  идео логия ның  тар  шең бе-
рінде  тұншықтырылған,  əлемдік  озық 
ойдан  алшақ,  көбінесе  компар тия ның 
Қ. ШАМАХАЙҰЛЫ. Ақпараттық қауіпсіздік, кибер соғыс жəне БАҚ жауынгерлері

№12    2014    А И АТ
27
27
кезекті  съездері  мен  пленум дарының 
шешімдерінен  ұзын  сонар  сілтемелер 
жасалған,  құрғақ  уағыздардан  тұра-
тын  оқу  құралдары  мен  əдебиеттерді 
қазіргі  жастардың  талғам дарына  сай 
келеді  деуге  еш  негіз  жоқ.  Сөйте  тұра, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет