Л. В. Турсунова ОҚу және тіл дамыту


«Бізді қоршаған әлем» ауыспалы тақырыптың технологиялық картасының үлгісі



Pdf көрінісі
бет22/46
Дата30.01.2023
өлшемі441,3 Kb.
#63750
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
«Бізді қоршаған әлем» ауыспалы тақырыптың технологиялық картасының үлгісі
Сабақ саны
37 сағат 
Микромақсаттар (сабақтың мақсаттары, күтілетін нәтижелер)
Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, жыл мезгілдерін атау. Қыс мезгіліндегі ойналатын ойын түрлерін атап, өздерінің қыстағы ойнайтын ойындары
-
мен салыстыру. Қыс мезгіліндегі мерекелерге тоқталып, сюжетті суреттер арқылы әңгімелеу. Қыстағы қыстап қалатын құстардың тіршілігі туралы оқып, әңгімелеу. Қысқы ормандағы аңдардың тіршілігін сурет арқылы мұғалімнің көмегімен әңгімелеу. Оқыған ертегіні, оқиғаны мұғалімнің сұрақтары бойынша мазмұндап айтып беру. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбын және жетекші ойды анықтау. Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беру. Мәтіннің мазмұнын мұғалімнің сұрақтары, жетекші сөздер арқылы суреттерге сүйене отырып айту. Сюжетті суреттер және мұғалімнің қойған сұрақтары бойынша шағын әңгіме құрастыру (ауызша). Көктем мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістерді айту. Қыс мезгілі мен көктем мезгілін салыстыру. Мұғалімнің дауысымен аналар мерекесіне арналған өлеңдерді жаттау. Мәтінді оқи отырып, ондағы кейіпкерлерді мұғалімнің сұрақтары бойынша сөзбен сипат
-
тау. Қойылған сұрақтарға жауапты мәтіннің ішінен тауып оқу. Өлеңді, мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес оқығанда интонацияны сақтау. Ертегі, мәтін оқығанда немесе түсінгендері бойынша әңгімелегенде дауыс ырғағының негізгі элементтерін қолдану, ым-ишара арқылы басқалардың назарын өздеріне аудару. 
Тіл дамыту
Мәтін мазмұнына сәйкес сюжетті суреттердің көмегімен әңгімелеу. Тірек сөздер арқылы сөйлем құрау. Мәтіннен жаңа сөздерді тауып, мағынасын түсіну. 
Ілеспелі қайталау
Дауыстап оқуды қолдану. 


58
Сөздік және сөз тіркестері
Жаңа сөздердің көмегімен сөз тіркестерін құру. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын сөздермен сәйкестендіру. 
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі пәнімен байланыс: сурет бойынша сөйлем құрау. Айналадағы әлем пәнімен байланыс: қыстағы аңдардың тіршілігін, қыстап қалатын құс
-
тар туралы білу. Математика пәнімен байланыс: сұрақ қою арқылы суреттегі заттарды санау.
Алға қарай кету
Тұтас сөз, сөйлем оқуға дағдыландыру. Мұғалімнің оқуымен өлеңдерді, жаңылтпаштар
-
ды жаттау. Жаттаған жаңылтпаштарын, өлең шумақтарын дауыстап, мәнерлеп айтуға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет