ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУ РЕТІ: ТӘЖІРИБЕ 1 Сілтілік ортада хромның (III) хромға (VI) алмасуы Сынауықтағы 1-2 мл CrCl3 ерітіндісіне NaOH ерітіндісін тұнбаның ыдырауына дейін қосыңыз. 2 мл бром Br2 суын құяыңыз. Спирт шамында сәл қыздырамыз ТТР-ның теңдеуін коэффициенттер қойып жазыңыз.
ТӘЖІРИБЕ 2 Хром (VI) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеті 1-2 мл K2Cr2O7 ерітіндісі мен күкірт қышқылы ерітіндісін С(1/2 H2SO4) = 2 моль/л құйыңыз. Бірінші сынауыққа 1 мл калий иодидінің KJ ерітіндісі, екіншісіне – темір (II) сульфатының кристалын қосыңыз. ТТР-ның теңдеуін коэффициенттерін қоя отырып жазыңыз.
ТӘЖІРИБЕ 3 Марганец (II) қосылыстарының тотықсыздану қасиеті А. 1-2 мл MnSO4 ерітіндісіне 3-4 мл сілті, 1 мл бром суын (Br2) қосыңыз. Реакция марганец (VI) оксидінің түлізуімен жүреді.
Б. 1-2 мл MnSO4 тұзының ерітіндісіне 1 мл CuSO4 (катализатор), 3-4 мл сілті мен 1 мл бром суын қосыңыз. Қыздырыңыз, MnO4‾ ионына сәйкес күлгін түске боялуын бақылаңыз. ТТР-ның теңдеуін коэффициенттерін қоя отырып жазыңыз.
ТӘЖІРИБЕ 4 Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті Сынауықтағы 1-2 мл KMnO4 ерітіндісіне бір-екі тамшы күкірт қышқылын, MnO4‾ ионына сәйкес калий бромиді ерітіндісін қосамыз. ТТР -ның теңдеуін коэффициенттерін қоя отырып жазыңыз.
ТӘЖІРИБЕ 5 Әртүрлі ортадағы калий перманганатының қышқылдық қасиеті Үш сынауыққа 1 мл KMnO4 ерітіндісін құйыңыз. Біреуіне 1 мл күкірт қышқылын С(H2SO4)=2моль/л, екіншісіне–су, үшіншісіне–1 мл концентрленген күйдіргіш натрий ерітіндісін қосыңыз. Барлық үш сынауыққа натрий сульфитінің тұз кристалынан Na2SO3 қосамыз. ТТР-ның теңдеуін коэффициенттерін қоя отырып жазыңыз.
ТӘЖІРИБЕ 6 Темір (II) мен темір (III) гидрооксидтерінің алынуы 1-2 мл темір (II) сульфаты ерітіндісіне тұнба түзілгенше сілті қосыңыз. Алынған тұнбаны араластырып, темір (II) гидрооксидінің темір (III) гидроксидіне алмасу үрдісін 2-3 мин бақылаңыз.
2-4 мл дистилденген су мен бірнеше тұз кристалын ерітіп алып, тәжірибеге қажетті FeSO4 ерітіндісін өзіңіз дайындаңыз.