Лабораториялық жұмыс №1 бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары мақсаты


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР



бет9/15
Дата03.11.2023
өлшемі74,57 Kb.
#121678
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
зертханалық жұмыс

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР 
1. Ерітінді дегеніміз не?
2. Концентрация дегеніміз не?
3. Ерітінді концентрацияларының түрлерін ата.
4. Неліктен кейбір кезде заттар ерігенде энергия жұтылады немесе бөлінеді?
5. Сұйық зат ерігенде энтропия қалай өзгереді:
а) газдарда;
б) қатты заттарда?
 
Зертханалық жұмыс № 5
 
ИОНАЛМАСУ РЕАКЦИЯЛАРЫТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ
МАҚСАТЫ: Алмасу реакциясы мен тұздар гидролизінің жүру шарттары.
МІНДЕТІ: Тепе-теңдікке байланысты қорытынды жасау, теория мен гидролиз типтерін білу, сәйкес теңдеулерді дұрыс жаза білу, қорытынды жасау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Сынауықтар; қажетті реактивтер: NH4OH, NH4CI, CH3COOH, CHCOONa, NaOH, HSO, BaCI2.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ: Қауіпті қышқылдармен, негіздермен, тұздармен жұмыс жасағанда абай болу. 
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУ РЕТІ 
ТӘЖІРИБЕ 1 Иондық тепе-теңдіктің араласуы
А. Екі сынауыққа 2 мл аммо­ний гидрооксидінің ерітіндісі С(NH4ОН) = 0,1 моль/л және 1 тамшы фенолфталеин ерітіндісінен құямыз. Кейін бір сынауыққа 0,1 гаммоний хлоридінің кристалын саламыз. Сынауықты бірнеше рет шайқаймыз. Ерітіндінің қарқындылығының әлсіздігін бақылаймыз. Аммоний гидроксиді - әлсіз электролит. Оның ерітіндісінде тепе-теңдік орны алады: NH4ОН NH4++ОН-, фенолфталеиннің түсін өзгертеді. NH4+  және CIиондарына диссоциацияланатын NH4CI қосылуы, ерітіндідегі NH4ионының концентрациясын анағұрлым жоғарылатады. Ал бұл NH4ОН молекуласы және NH4+ мен ОН- иондарының арасындағы тепе-теңдікті солға қарай ығыстырып бұзады, яғни NH4+ и ОН- иондары қосылып диссоциаланбайтын молекулаларды түзеді.
Ерітіндідегі ОН- ионының концентрациясының қорытынды бойынша өте қатты төмендейді және ерітіндінің түсі ағарады.
Б. Екі сынауыққа 2 мл сірке қышқылының ерітіндісі С(СН3СOOН) = 0,1 моль/л және I тамшы метилоранж ерітіндісін құямыз. Кейін бір сынауыққа 2-3 натрий ацетатының кристалын СН3СООNa саламыз. Сынауықты бірнеше рет шайқаймыз. Сынауықтағы түстің қарқындылығын салыстырыңыз. Ерітінді түсінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. Әлсіз электролиттің диссоциация дәрежесіне біртектік ионның қосылуы қалай әсер етеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет