ТӘЖІРИБЕ 5 Ингибитор әсерінің ерекшелігі. 3 сынауыққа 3-5мл С(НСІ)=1 моль/л ерітіндісін құйыңдар және 1-ші сынауыққа мырыш, 2-ші сынауыққа темір, 3-ші сынауыққа алюминий түйіршігін салыңдар. Егер де қайсыбір сынауықта реакция баяу өтсе, онда қыздыру қажет. Сутектің қарқынды бөлінуінен кейін, барлық сынауыққа шпатель ұшындағы уротропинді қосыңдар. Уротропиннің барлық жағдайда тиімді ингибитор болатын-болмайтындығын анықтаңдар.
ЕСЕПТЕУ МАЗМҰНЫ 1. Мырышталған және ылғалданған темірдің коррозиясын сипаттайтын жұмыс схемасы.
2. Бақылау сұрақтарындағы молекулалық реакциялар теңдеулері.
3. Бақылау сұрақтарына жауап.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1. Металдардың кернеулік қатары,стандартты электродтық потенциал, сутектік электрод ұғымдарына анықтама беріңдер.
2.Маңызды металдардың мүмкін болатын молекулалық теңдеуін жазу.(электрондардың ауысуын стрелкамен көрсету):
1. Zn(NO3) 2 + Pb = 5. Pb(NO3) 2 + Ag =
2. AICI3 + Cu = 6. Na2SO4 + AI =
3. AgNO3 + Cu= 7. H2SO4 + Ni =
4. FeSO4 + Zn = 8. HCI + Zn =
3. Сутектік электродты гальваникалық элементердің схемасын құру: AI/AI3+, Cu/Cu2+ жұптары
4.ЭҚК максимал болатындай, қандай жартыэлементтерден гальваникалық элемент құруға болады.
Cu/Cu2+ және Au/Au3+ Zn/Zn2+ және Fe/Fe2+ Ni/Ni2+ және Pb/Pb2+ Cr/Cr3+ және Cu/Cu2+ 5. Химиялық немесе электрохимиялық коррозияның негізі неде?
6. Реакциялар үшін стандартты жағдайда Гиббс энергиясының өзгеуін есептеу:
4AI + 3O2 = 2AI2O3,
4Fe + 3O2 = 2Fe2O3 Термодинамиканың мүмкіншілігін және процесстердің бағытын түсіндіру.