Лабораториялық жұмыс №1 бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары мақсаты


ТӘЖІРИБЕ 3 Амфотерлік гидроксидтер



бет2/15
Дата03.11.2023
өлшемі74,57 Kb.
#121678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
зертханалық жұмыс

ТӘЖІРИБЕ 3 Амфотерлік гидроксидтер
Екі сынауыққа 5 мл мырыш және никель тұздары ерітіндісін құйыңыз. Әрбір ерітіндіге күйдіргіш натри ерітіндісін қосыңыз. Тұнбаның түсін анықтап, реакция теңдеуін жазыңыз. Алынған әрбір гидроксидті екі сынауыққа бөліп құйыңыз. Қышқылға, сілтіге қатынасын қарастырыңыз. Бір сынауыққа тұз қышқылын екіншісіне күйдіргіш натрий NaOH ерітіндісін қосыңыз. Қай гидроксид амфотерлік қасиетке ие болатындығына қорытынды жасаңыз.
ТӘЖІРИБЕ 4 Негіздік тұздар
Екі сынауыққа 2-3 мл мыс сульфаты CuSO4 ерітіндісін құйыңыз. Біреуіне бірдей көлемді күйдіргіш натрий NaOH ерітіндісін, ал екіншісіне күйдіргіш натрий NaOH ерітіндісін пипеткамен тамшылатып қосыңыз, мұнда күйдіргіш натрий NaOH ерітіндісі жеткіліксіз болуы қажет. Екі жағдайда да тұнба түзіледі. Түзілген тұнбаның түсінің өзгеруіне назар аударыңыздар. Тұнбаны сұйықтығымен бірге қайнағанша қыздырыңыз. Бір сынауықтағы тұнба неге қарайғанын, ал екіншісіндегі өзгермегендігінің себебін түсіндіріңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
ЕСЕПТЕУ МАЗМҰНЫ
1. Реакцияның молекулярлық теңдеуі.
2. Иондық теңдеуі (толық және қысқартылған).
3.Қорытындыны бақылау.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР
1. Оксидтер, гидроксидтер, қышқыл және тұздарға қандай қосылыстар жатады?
2. Металл оксидтерінің қасиеті оның валенттілігі артқанда қалай өзгереді?
3. Қышқылдың негіздігі немен анықталады, қышқыл қалдығы деген не, көпнегізді қышқылдарда қанша қышқыл қалдығы бар ?
4. Негіздің қышқылдылығы немен анықталады, негіз қалдығы деген не, көп қышқылды негіздерде қанша негіз қалдығы бар ?
5. Қышқылдық және негіздік тұздарды қалай орта тұздарға айналдыруға болады?
Зертханалық жұмыс №2
МЫРЫШ ЭКВИВАЛЕНТІНІҢ МОЛЯРЛЫҚ МАССАСЫН КӨЛЕМДІК ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ
МАҚСАТЫ: Металл эквивалентінің молярлық массасын көлемдік әдіспен танысу.
МІНДЕТІ: Студенттерді бюреткамен жұмыстауға үйрету, құрылғының дәлділігін анықтай білу, ерітінділердің көлемін анықтау, металл эквивалентінің молярлық массасын көлемдік әдіспен химиялық түсініктер және заңдылықтарды қолдана отырып анықтай білу.
ҚҰРАЛДАР: 50 мл-лік 2 бюретка; сынауықтар; 10 мл өлшемдік цилиндрлар; қажетті реактивтер: Zn (үгіндісі), HCI (10%). H2O (дист.), CoCI2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет