Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»


Қазақ дыбыстарын латынша таңбалау бойынша танымдар



бет25/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Қазақ дыбыстарын латынша таңбалау бойынша танымдар

Бұл күндері адамзат баласы күнде пайдаланатын жазудың қаншалықты маңызды екеніне тіл мамандары болмаса көпшілік назар аудара бермеуі де мүмкін. Жазу – адамзат қоғамын дамытушы, өркениетті ілгері бастырушы күш. Жазудың қажеттілігін адамзат баласы ерте кезден бастап-ақ сезінген. Қажеттілік әсерінен пикторграфиялық, иероглифтік жазулар, одан кейін буын жазулары пайда болды. Бұл жазудардан әріптік (дыбыстық) жазуға өтуге жүздеген жылдар кетті. Ал әріптік жазу ғылымның дамуына өте зор ықпал етті.


1907-1014 жылдар аралығында көптеген қазақ зиялылары араб жазуын қазақ тіліне бейімдеуге талпыныстар жасады. Олар жасаған әліпби нұсқалары баспалардан шығып, аз уақыт қолданыста да болды. Бірақ бұлардың ешқайсысы ұлы ғалым А.Байтұрсынұлының 1912 жылы жасаған әліпбиіне тең келмеді. Ол әуелі қазақ тілі дыбыстық жүйесін ретке келтіріп, сонан соң араб әліпбиін қазақ сөзін дәл таңбалауға бейімдеп, ұлттық тілдің төл дыбыстарымен толықтырды. Бұл әліпбиді қазақ халқы ұзақ уақыт пайдаланып келсе де тек 1924 жылы ғана ресми түрде қабылданды.
Өткен ғасырдың 20-жылдары Кеңес Өкіметі өзінің құрамындағы түркі тілдес халықтардың жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы ұсыныс жасаған болатын. Араб жазуын пайдаланып отырған түркі халықтарын мұсылман дінінен ажыратудың қиын екенін білген сұңғыла саясаткерлер осындай жолды таңдаған сияқты. Бірден кирилл әліпбиіне көшірсе, түркі тектес халықтар арасында толқулар болып кетуі мүмкін деп қауіптенсе керек. Олар кезінде «Қазақ» газетінде А.Байтұрсынұлының: «Араб әрпі ислам дінімен бірге келіп, қазаққа орнаған. Дінмен байланысқан жазу дін жоғалмай жоғалмайды.» [16, 299], – деп жазғанын да ескерген болса керек. Оның үстіне араб жазуының ғылымды дамытуда кемшілігі көп екендігін, ғылымы мен білімі дамыған еуропа елдері қолданып отырған латын әліпбиіне көшу қажеттігін түріктердің, әзербайжан мен татарлардың зиялы өкілдерінің біразы XX ғасырдың басында-ақ сөз қылып жүрген.
1924 жылы маусының 12-18 күндері аралығында Қазақ АКСР-нің сол кездегі астанасы Орынбор қаласында өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі латын әліпбиіне көшу болды. Бір тобы латын әліпбиін, бір тобы қазақ әліпбиін жақтап сөйлеген қазақ зиялыларының арасында екі адамды ерекше атап өткен жөн. Оның бірі қазақ жазуының реформаторы А.Байтұрсынұлы болса, екіншісі белгілі қоғам қайраткері, сол кезде Мәскеудегі КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы қызметін атқарған – Н.Төреқұлов.
Нәзір Төреқұлов 1900-1903 жылдары Қоқан қаласындағы медреседе, 1903-1905 жылдар аралығында сондағы орыс-түзем мектебінде білім алған. 1914 жылы Қоқандағы 8 сыныптық комерциялық училищені бітірген. 1914-1916 жылдары Мәскеу комерциялық институтының экономика факультетінде оқыған. Н.Төреқұлов қазақ, орыс, өзбек, татар, түрік, неміс, француз тілдерін жетік білген. Филологиялық білімі болмаса да, тіл заңдылығы туралы түсінігі мол болғанын оның: «Қазақшада да, татарша да «болған, толған, ойлады» сықылды сөздер қырғызшада «болғон, толғон, ойлоды» болып келеді. Өйткені бірінші буындағы, «екінші буындағы дыбысты хәріпті» болып келуіне себепші болады. Осының атын қазіргі заманның тіл пәні «ерін үндестігі» деп атайды» [16, 166.] немесе «Жалғыз қазақ тілінде емес, әр тілдің өз бойына біткен заңы бар. Сол заң қолданылмаса, ол тіл бұзылмақ. Көзді жұмып алып, шет тілден сөз алу қазіргі заманда орыста бар әдет. Тілдің бұзылуы білімнің қалың жұрттан қашуына себепші болмай ма?» [16, 167],– деген пікірлерінен анық аңғаруға болады.
Осы, 1924 жылғы сьезде А.Байтұрсынұлы араб әліпбиін жақтап баяндама жасады. Ол әліпбидің шығу тарихына, түркі халықтары қолданып жүрген әліпбилерге тоқтала келіп, жақсы әліпбидің қасиеттерін сипаттап береді. Оның: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Өлшенбей тігілген о жер бұр жері бойға жуыспай, қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әліпби де қолайсыз; Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып, тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әліпби де қолайсыз болады» [11, 74],– деген пікірінің бұл күндері өзектілігі арта түспесе кеміген жоқ.
Сол кездегі қазақ зиялылары да, орыс ғалымдары да А.Байтұрсынұлы жасаған емленің өте дұрыс екенін мойындаған. Дау араб жазуы мен латын жазуының қайсысы қолайлы деген мәселеден туындаған. А.Байтұрсынұлы да, Н.Төреқұлов та өздері жақтаған графиканың артықшылықтарына нақты дәлелдер келтіреді. Енді соларға жеке-жеке тоқталайық.
Балаға үйретуге қайсысы ыңғайлы дегенге екеуі екі түрлі дәлел келтіреді. А.Байтұрсынұлы: «Араб әріптері сөз ішінде сап түзеген солдат сияқты сымға тартқандай, екі сызық арасында қысылып тұрған әліп те болмайды. Жолы бір сызық бойымен тартылып, жалғыз сызықтан жоғары да, төмен де ылғи асып шығып отырады. Оның үстіне қойылатын қосымша асты, үстінде белгілері, нүктелері болады. Мұнда бірдейлік, бір өңкейлік, бір беткейлік жоқ. Мұның әріптерінің бірі биік, бірі аласа, бірі ұзын, бірі қысқа келіп, сөз әлпіне айырың-үйірің ашық сүгірет береді. Бір жағынан онысы, екінші жағынан қойылатын қосымша белгілері сеп болып, сөз сүгіретін көзге елеулі етіп, тез танытады, тез оқытады» [16, 256-257],– десе, Н.Төреқұлов: «Жазудағы қолайсыздықтардың есеп-саны жоқ. Байқұс бір «Жылқышының» ішінен 8 ирек шығарып, астына 9, үстіне 9 нүктені басамыз. Жылқышы нүкте мен иректің зұлымынан езіліп, жалпиып қала береді. Тез жазғанда қай қазақ ол ирек пен нүктелерді санап отыруға шыдайды? Оның үстіне әр екі хәріптен соң қолды көтеріп отырсаң, қалай тез жазасың? «Қазақ» деген кішкене бір сөзде қолыңды 9 сермейсің» [23, 66],– деп араб жазуында нүктелердің көп болуын, қолды қайта-қайта көтере беруге тура келетінін араб графикасының кемшілігіне жатқызады.
Н.Төреқұлов араб жазуында нүктелер мен иректер көп болғандықтан көзге зиян келтіретіні туралы былай деп жазады: «Бір-бірінен айырмасы аз, тануы қиын хәріптерді оқи-оқи көз бұзылады. Француздардың mouches de volantes» деген көз ауруына себеп болады. Сондықтан молдалардың көбі көзәйнексіз кітап оқи алмайды. Бір нүкте ме, екі нүкте ме, үш нүкте ме, бір ирек пе, екі ирек пе, үш ирек пе. Ол иректің қайсысы «с» хәріпіне, қайсысы бөтен хәріпке тиісті екен деп айыру үшін яки «а» жазу үшін қағазды көзге жақын келтірмей шара жоқ» [23, 67].
Н.Төреқұлов араб графикасының цифрларды жазудағы кемшілігіне де көңіл бөледі. Бұл туралы: «Жазуды оң қолдан сол қолға қарай жазамыз (осылай жазсаң сауап болады: терісіне жазсаң тозаққа дозаққа түсесің деп ешкім айтпаған ғой). Сан болса терісіне жазылады. 1924 дегенді 4291 қылып жаз деп айтатын кісі әзірге көрінбей тұр. Енді сөздің ішінде ұзынырақ сан таңбалары ұшырап қалса, қаламыңды көтеріп, орын шамалау керек болып, түрлі-түрлі қиындықтар туады» [23, 68] ,– деп жазады. Ол сонымен қатар араб жазуының медицина, алгебра, геометрия ғылымдарындағы формулларды жазуға, сондай-ақ музыкада нотаны таңбалауға да онша ыңғайлы емес екеніне назар аударады [23, 68-69].
Латын графикасы да мінсіз деп айтуға келмейді. Бұл графика үнді-еурпа тілдеріндегі дыбыстарды дәл бергенімен, қазақ (түркі) тіліне келмейді. А.Байтұрсынұлы араб әрпінен 14 әріпті өзгертпей алып, 5 әрпіне ереже қосып алғанын айта келіп, латын әрпі туралы былай дейді: «Латын әрпінен ең өзгертпестен алдық дегенде 15 әрпін алған. Басқаларын өзгертіп алып отыр. Сөйтіп алғанда, 7 әрпі өзгертіп алуға жараған, басқалары тіпті жарамаған соң «ң» мен «й» дыбыстарына ойдан шығарып, η мен ϳ таңбаларын алып отыр» [16, 255-256].
Әрине, халықтың өз төл әліпбиі болмағандықтан, туыстық қатынасы жоқ басқа тілдің әліпбиін бейімдеп алудың қиындығы көп екені белгілі. Сондықтан А.Байтұрсынұлы мен Н.Төреқұлов арасында екі әліпбиді баспаға бейімдеу туралы айтыс-тартыс көп болған. Кезінде бұл өзекті мәселе болғанымен, қазіргі компьютерлік заманда онша маңызды емес екенін ескеріп, бұған тоқталмайық деп отырмыз. Қазіргі кезде жазудың ең көне түрі иероглифтік жазумен ғылымын дамытып отырған елдер де бар. Дегенмен олардың біраз уақыттары иероглифтерді үйренуге кететінін және халықтың жаппай сауатты болуына иероглифтің кері әсерін тигізетінін атап өтпесе болмайды. Мәселе әліпбидің тілдегі дыбыстарды дәл беруінде және тілдің өзіндік ерекшелігі ескерілген емледе. Жоғарыда айтқанымыздай А.Байтұрсынұлы жасаған емленің артықшылғын жақсы түсінген Н.Төреқұлов: «Жазудың емле жағы қазақта бітейін деп қалған. Атақты тархишы Нажиб Асим (Нәжиб Ғасим») «Түрік» деген сөзді баяғыша «трк» түрінде емес «түрік» деп үйрету үшін 20 жыл ұрынды, «т»-дан соң «уау» хәрпі керек дегені үшін көп заманға дейін «Нажибесімді» «уаули түрік» деп Стамбул келеке қылды, тағдырға шүкірлер болсын, Байтұрсынұлы Ахмет мұнан он шақты жыл бұрын тілге туралап түзеткенде барлық жұрт керектігін біліп, қабыл алған» [23, 65],– деп әділін айтқан.
1929 жылы Қызылорда қаласында ресми бекітілген латын жазуына негізделген тіліміздің әліпбиінің емле ережесі А.Байтұрсынұлының әліпбиінен алшақ кеткен жоқ. Соның дыбыстық құрылымын басшылыққа алды. Бұның себебі ұлтық болмыс пен ұлттық тілдің қадір-қасиетін жақсы түсінетін Алаш арыстарының көзі тірі еді. Олар орыс сөздерін жазып-айтуға бейімдейтін бөтен дыбыстарды латынша түр алған «төл» әліпбиге енгізуге қатты қарсылық көрсетуі мүмкін болатын.
Мәселен, қазақтың латынша әліпбиінің 1929 жылғы еміле ережесі бойынша өзгетілдік сөздерді қазақша жазу: «1. қазақ емлесінің негізі дыбыс жүйесінше болұу керек; дыбыстың өзгерүуі осы күнгі қалық тілінде айтылған, есітілген күйінде жазылұуы керек. Сөз-сөздің ішіндегі дыбыстардың бірінің біріне ұсап өзгергені де – еліктірүу, ұсамай өзгергені де ірітүу, әсіресе бір ыңғай жуан, жа бір ыңғай жіңішке болып өзгергендегі, – өзгерген күйінде жазылұуы керек. Жазудың бұл дыбыс жүйесіне келмейтін жерлеріне осы қаулыда айырықша ережелер болұуы керек. 2. шеттен кірген сөздердің емлесі дыбыс жүйесі мен жазылұуы керек те, айағы қазақтың сөз жүйесіне көнүу керек» [20, 190],– деп белгіленген.
Бұл ережеде кірме сөздердің үндестік заңына бағынып жазылуы біршама дұрыс жолға қойылғанымен, қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен тіркесімі, дауысты және дауыссыз дыбыстардың үндесімі жағынан, сондай-ақ орыс тіліндегі кейбір дыбыстарды қазақ тіліндегі қандай дыбыспен беруге болады деген сұрақтарға жауап беруде көптеген кемшіліктері бар екені байқалады. Бұл өз кезегінде кірме сөздердің жазылуында ала-құлалықтар туғызды, сондықтан 1938 жылы толықтырылып қабылданған ережеде х, в, ф дыбыстары қосылып, орыс тілінен енген сөздер орыс тіліне барынша жақындатып жазылатын болды. Бұл қазақ тілінің табиғатын бұзуға жасалған алғашқы шабуыл еді. Ал тіліміздің өзіндік ерекшелігін бүлдіріп, табиғи заңдылықтарын бұзған кирилшеге негізделген қазақ жазуы 1940-жылдан бүгінге дейін кең қолданыста болып келе жатыр. 1928 жылдан басталған қазақ жазуын ауыстырудың тарихын зерделеп, оған тереңірек көз жүгіртсек, жалпы арабшадан латынға, латыншадан кирилге көшудің қоғамдық-әлеуметті қажеттілігі мен экономикалық тиімділігі т.б. уәждерінен гөрі саяси астары басым болғанын аңғарамыз. Яғни, бір мақсат – орыстандыру саясаты тұрған.
Өткен ғасырдың 20-30-жылдары латын емес орыс әліпбиін пайдаланайық дегендер де болған. Ал Н.Төреқұлов: «Орыс әліпбиінің майданы тар. Орыс, бұлғар сықылды елдерден басқа онымен жазбайды. Латын әліпбиінің майданы кең. Мұнымен кең майданға шығамыз» » [24, 80-81],– деп сол кездің өзінде-ақ еуропаның озық ғылымын меңгеруге латын әліпбиінің зор көмегі болатынын болжаған. Оның үстіне түркі тілдес халықтардың ішіндегі ең ірісі – Түркие мемлекеті латын әліпбиіне көшуге шындап кіріскен болатын. Ортақ әліпби арқылы олармен байланысымыз арта түсетіні сөзсіз еді. Бұл, әрине, ортақ әліпби болса болды түркі тектес халықтар бір-бірімізбен емін-еркін сөйлесіп кетеміз деген сөз емес. Себебі туыстас тілдердің өздері де бір-бірінен дыбыстық құрылымы, сөздік құрамы жағынан өзгешеленіп тұрады. Дегенмен, әліпби ортақ болса, оларды меңгеріп кету тілге бейімі бар адамдарға онша қиын болмайды және туыстас тілдер арасында ақпарат алмасу оңайлап, ғылым мен білімді дамытуда ортақтастық көп болар еді.
Бүгін де қазақ қоғамының өзекті де маңызды мәселелерінің бірі – осы, латынға көшу мәселесі болып отыр. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» [25], – деп латын графикасына көшудің нақты мерзімін белгілеп берген сөзі себеп болды.
Кезінде Алаш зиялылыры қазақ әліпбиі мен емлесіне (жазуына) қатысты мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан сөз етіп кетсе, қазіргі уақыттың бірқатар ақын-жазушылары мен ғалымдары тарапынан да соның жалғасын тауып, қолдау көріп жатқанын көреміз. Демек, сол ой-тұжырымдардың әлі де өз құнын жоймағанын, әлі де аса маңыздылығын байқаймыз. Сондықтан да қазіргі қазақ қоғамы ғылыми-технологиялық, компьютерлік-бағдарламалық, қоғамдық-әлеуметтік, тарихи-мәдени байланыстық (түркілік ұлттардың бірдей әліпби пайдаланып тұтасуын) және т.б. жанама себептерді алға тарта отырып, негізінен ұлттық-танымдық, ұлттық-лингвистикалық мәселелерді қазақ жазуын латынша ауыстыру арқылы шешуге болады деген тұжырымға келіп отыр. Ол үшін тілдің табиғатына сәйкес келмейтін дыбыстарды әліпби құрамынан шығарып тастау керек. Алайда қазіргі кирилше әліпбиді пайдаланып отырғанда олай істеу мүмкін емес. Себебі оған көзі де, өзі де үйреніп, әбден бауыр басып қалған қазіргі қазақ қоғамы – өзгетілдік сөздерді, ендігі уақытта тіліміздің төл дыбыстарымен қазақша жазып-айтуды бірден қабылдай алмайды. Ол үшін әліпби ауыстыру қажет. Ал әліпби ауыстыру, шындығына келгенде, орыс жазуына немесе оның тіліне деген қарсылық емес. Ол – ұлттық-танымдық, ұлттық-лингвистикалық мәселені шешіп, рухани тәуелсіздік алуға бағытталатын аса маңызды қадам. Тіліміздің дыбыстық жүйесіне негізделген төл әліпбиін құрастырып, емле мәселелесін оңтайлы шешіп алған соң ғана жазуымыз өзінің төл табиғатымен табыса алады.
Жаңа әліпби, жаңа жазу, жаңа ереже арқылы ғана кирилл әліпбиінен, сол арқылы күштеп ендірілген жат тілдік дыбыс-әріптерден, сол дыбыс-әріптер қолданылатын өзгетілдік сөздер орысша қалай жазылса, қазақ тілінде сол қалпында жазуға мәжбүрлейтін емле ережелерінен, айналып келгенде, орыс тіліне тәуелділіктен құтылуға болады.
Тілімізге жат, тілдің табиғатына келмейтін дыбыстарды әліпби құрамынан алып тастасақ, қазіргі «халықаралық» деп аталып, орыс тілінің үлгісімен жазылып жүрген терминдерімізді қазақ тілінің дыбысталуына бейімдеп жазатын едік. Мәселен, медициналық терминдерді алайық. Медицина ғылымының еуропада ерекше дамуы, сондай-ақ бір кездері ғылым атаулының латын тілінде жазылуы осы саладағы терминдердің латын тілі арқылы қалыптасуына себеп болды. Ал орыс тіліне келетін болсақ, бұл тілдегі медициналық терминдердің 95%-ы латын, грек, ағылшын т.б. тілдерден кірген сөздер десек те болады. Бірақ бұлар орыс тілінің дыбыстық заңдылығына бағынып енгендіктен, әуелгі тұлғаларынан мүлде өзгешеленіп, орыс сөзі болып кеткен. Орыс тіліндегідей жазылуы тиіс деп күштеп таңған ереже бойынша жазылып жүрген «халықаралық терминдерді» қазақ тілді адамдарға дұрыс дыбыстау да, қатесіз жазу да қиын. Онымен қоса, терминдерге сөйлем құрамында әртүрлі жалғау жұрнақтар жалғануы тиіс. Міне осы жағынан да қиындықтар туады. Оған орысша-қазақша медициналық сөздіктердегі, медициналық оқулықтар мен оқу құралдарындағы дистальды-дистальді-дисталды; латеральды-латеральді-латералды; ракке қарсы - ракқа қарсы (рак деген терминді қазақша обыр деп аударып еді, орыс тіліне басы айналып қалған дәрігерлер өре түрегеліп қарсы болды), бронхқа - бронхыға сияқты қосымшалар әртүрлі жалғанып жүрген сөздер дәлел бола алады. Осы сөздерді латерәлді (тіпті ләтерәлді демей-ақ қояйық, қазақ тілінде құрмет (дұрысы құрымет) , қасиет (дұрысы қасыйет) т.б. сияқты бір немесе бірнеше буыны жуан, соңғы буындары жіңішке (немесе керісінше) сөздер бар, тек аралас буынды сөздер болмайды), дійстәлді, бронхыға деп жазу арқылы қиындықтан оп-оңай шығуға болатын еді.
Орыс тілді басылымдарда қазақ тілі ғылым тілі бола алмайды, қазақ ғылымы орыс тілінің арқасында дамып жатыр деген сияқты пікірлер айтылып жүр. Олар оған: «Медицина универститеті стоматология факультетінің студенті» сияқты сөйлемдерді мысалға келтіреді. Мұндай сөйлемдегі сөздердің барлығы орыс тілінің заңдылығымен дыбысталып тұрған кірме сөздер екеніне орыс тілді басылымдағы жорналшылардың милары жетпей ме, әлде орыс тілінің «ұлылығын» дәлелдеу ме?
Орыс тілінен, орыс тілі арқылы енген сөздерді орыс тіліндегідей етіп жазамыз деген ереженің тағы бір қырын айта кетпесе болмайды. Бұл туралы профессор Б.Қалиұлы былай дейді: «Орысша жазылып, орысша айтылып жүрген терминдерді әспеттеп «халықаралық терминдер» деп атауымыз – қазақ тілінің қамы емес, ол сол термин кірген тілдің қамы. Айналып келгенде сол тілдің сөздерін қолдану, сол тілдің сөздерін дамыту, өсіру, өркендету деген сөз. Сол арқылы қазақ тілін дамытпау, аздыру, азғындату. Нәтижесінде оны біржолата құрту, тамырына балта шабу» [26, 37].
Қазіргі кезде қоғамда жат сөздерді қазақ тілінің заңдылығына бағындырып айту керек, мүмкіндік болса ондай сөздерді туыстас немесе араб, парсы тілдерінен алған жөн деген көзқарастармен қатар керісінше қазіргі жазуымыздағыдай, яғни орыс тіліндегідей етіп алу керек деген пікірлер де аз емес. Кезінде Елдес Омарұлы жат сөздердің түбірін өзгертпей алсақ, олар «бір түрлі ерсі сөз болып қалады» десе, қазір керісінше орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген терминдер мен сөздерді қазақша дыбыстау «бір түрлі ерсі» сияқты болып көрінетін дәрежеге жеттік. Жат сөздерді үндестік заңына бағындырып жазу артта қалғандық, кері кеткендік, қазіргі қазақ бұрынғы қазақ емес, кез келген тілдегі кез келген сөзді айта алады деген сияқты пікірлер қалыптасты.
Кирилл әліпбиін қазақ тіліне енді бейімдеу мүмкін емес, сондай-ақ араб әліпбиіне оралу да қиын, сондықтан ғылым-білім дамыған еуропа елдері қолданып отырған латын әліпбиіне ауысудан басқа жол жоқ екені анық. Бірақ латын әліпбиіне көшуді қолдайтындар да, оған қарсылар да көп. Қазақстандағы тіл саясаты, Қазақстан халқының ұлттық құрамы, Қазақстандағы орыс тілінің үстемдігі мәселелері әліпби ауыстыруға жүз ойланып, мың толғанып келу қажет екенін көрсетіп тұр. Алдымен латын әліпбиіне көшкен түркі тілдес республикаларда бұл мәселе қалай шешілді дегенге аздап шолу жасай кетейік.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнаулы комиссия латын жазуына көшкен Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан республикаларында болып, олардың латын әліпбиіне көшу тәжірибесін, жетістіктері мен кемшіліктерін саралаған болатын. Осы комиссия құрамында болған филология ғылымдарының кандидаты А.Фазылжанова Түркияның латын графикасына көшу туралы былай деп жазады: «Түркияның министрлер кеңесі 1928 жылдың 28 маусымында «Алфавит жөніндегі комиссия» құрып, ол 8 және 12 шілдедегі өзінің отырысында латын графикасына негізделген жаңа түрік әліпбиін қабылдайды. Бұл «Әріп революциясы» деп аталатын қазіргі Түркия республикасының негізін қалаушы М.К.Ататүріктің жүзеге асырған маңызды реформаларының бірі болды деуге болады. Оның басты себебі Түркия Республикасының өз даму бағытында батысты бағдарға ұстағанынан, яғни батыстың мемлекеттік моделін негізге алғанынан және көршілес Еуропа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздегенінен шығады» [27, 138-139]. 1928 жылдың бірінші қарашасында М.К.Ататүрік «Жаңа түрік әріптерінің қабылдануы мен қолданылуы туралы «Заң»» шығарған соң бір жыл ішінде түріктер латын әліпбиіне көшіп үлгерді [27, 139]. Латын негізіндегі түрік әліпбиі:





ӘРІП



ӘРІП



ӘРІП

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

A a
B b
C c
Ҫ ҫ
D d
E e
F f
F f
Č č
H h
I i

12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22

İ i
J j
K k
L l
M m
N n
O o
Ö ö
P p
R r
S s

23
24
25
26
27
28
29

Ş ş
T t
U u
Ü ü
V v
Y y
Z z

[27, 301].
Түрік әліпбиінің кемшілігіне жаңа (диакритикалық) символдар енгізілгендіктен электрондық жақтан қолайсыздықтар туындауын және түрік тіліне тән кейбір дыбыстардың (ң, қ, ә) таңбаланбай қалуын жатқызуға болады [27, 301].
1991 жылы 25 желтоқсанда Әзірбайжан Республикасының президенті А.Муталибов «Латын графикасының негізіндегі Әзірбайжан әліпбиін қалпына келтіру туралы Заңға» қол қояды. Әзірбайжандар 1940 жылға дейін қолданылған латын әліпбиін аздаған өзгерістермен қайта қолдануды жөн деп шешеді. Әліпби ауыстырудың саяси жағына Ресейдің ықпалынан құтылу және латын әліпбиін қолданатын туыстас Түрік мемлекетінің бет бұру екені анық. Сондай-ақ әліпби ауыстыру арқылы орыс тілінің заңдылығымен жазылатын кірме сөздерден арылу, әзірбайжан тілінің табиғи қалпын сақтап қалу да басты мақсат болды деуге болады [27, 141]. Латын негізіндегі әзірбайжан әліпбиі:





ӘРІП



ӘРІП



ӘРІП

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

A a
B b
C c
Ҫ ҫ
D d
E e
Ә ә
F f
G g
Č č
H h

12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22

X x
I ɪ
İ i
J j
K k
Q q
L l
M m
N n
O o
Ö ö

23
24
25
26
27
28
29
30
31
32

P p
R r
S s
Ş ş
T t
U u
Ü ü
V v
Y y
Z z

[27, 302].
Бұл әліпбиде де жаңа (диакритикалық) символдар кездеседі.
Енді дау-дамайы көп болған өзбек әліпбиіне тоқталайық. «Жаңа әліпби жобасының лингвистикалық негіздеріне Интернет жүйесіндегі ақпараттар тасушы таңба талаптарына сәйкестік приципі алынды. Бұл принциппен қатар өзбек тілінің дыбыстық қорын толықтай белгілеу жағы да алынды, яғни жаңа латын әліпбиі ұлттық тілдің мүддесін көздейтін жазуды қамтамасыз ету керек болатын. Дегенмен өзбек әдеби тілінің гетерогендік сипатына байланысты жалпы халықтық тілдің дыбыстық қорындағы барлық фонемалар, сонымен бірге орыс тілінің әсерімен енген сөздер құрамындағы орыс фонемаларының сөзіндегі <о>, ескі жазба тілден енген сөздердің құрамында сақталып қалған араб-парсы фонемаларының қайсысын графемалық жүйеде көрсету керек деген проблема талас тудырды» [27, 145]. Латын негізіндегі өзбек әліпбиі:





ӘРІП



ӘРІП



ӘРІП

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

A a
B b
Ch ch
D d
E e
F f
G g
Gʻ gʻ
H h
I i
J j

12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22

K k
L l
M m
N n
O o
Oʻ
P p
Q q
R r
S s
Sh sh

23
24
25
26
27
28
29



T t
U u
V v
Y y
X x
Z z
ʻ

[27, 302].
Латын негізіндегі өзбек әліпбиін жасауда тіл мамандары жеткілікті дәрежеде тартылмағандықтан, әрі интернет желісіне қолайлы болу керек деген ұстаным басым болып кеткендіктен, бір дыбысты екі әріптің тіркесімімен таңбалаған. Қанша жерден компьютердің пернетақтасындағы әріптерден шықпайық десе де, өзбек тіліне тән дыбыстарды таңбалау үшін қосымша белгілерге жүгінуге тура келген. Латын әліпбиі табиғаты бөлек тілді таңбалауға арналғандықтан, солай болуы заңды да.
1993 жылы Түрікменстан Ғылым Академиясында ел президенті С.Ниязовтың төрағалығымен латын негізіндегі түркмен әліпбиін жасау туралы комиссия отырысы болды. Осы жылдың ақпан айында баспасөз беттерінде жаңа әліпби жұртшылық назарына ұсынылып, сәуір айында мәжіліс президент жарлығын бекітті. Көп ұзамай бұл әліпбидің жаңа нұсқасы ұсынылып, 2000 жылдан бастап Түркменстан Республикасында барлық ресми салаларда қолданылатын әліпби болып орнықты. Латын негізіндегі түрікмен әліпбиі:





ӘРІП



ӘРІП



ӘРІП

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

A a
B b
Ҫ ҫ
D d
E e
Ä ä
F f
G g
H h
I i
J j

12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22

Ž ž
K k
L l
M m
N n
Ň ň
O o
Ö ö
P p
R r
S s

23
24
25
26
27
28
29
30

Ş ş
T t
U u
Ü ü
W w
Y y
Ý ý
Z z

[28].
Латын әліпбиіне көшкен түркі тілдес мемлекеттердің жазуларына қарап отырсақ, ешқайсысының жаңа (диакритикалық) символдардан құтыла алмағанын байқаймыз. Тіпті өзбек әліпбиін жасашылар ғ, ө дыбыстарын таңбалау үшін дәйекшіге жүгінген. Ал өзбек тіліндегі сияқты бір дыбысты екі әріптің тіркесімен таңбалау үлкен қиындықтар тууына себепші болады. Амал жоқ қосымша диакритикалық символдарға жүгінуге тура келетін сияқты. Жаңа (диакритикалық) символдарды пайдаланып отырған түріктердің, әзірбайжандардың ғылымы дамымай қалды деп айтуға негіз жоқ. «Түрік халқы болса, күні бүгінге дейін сол латынмен-ақ экономикасын да, мәлениетін де дамытып, жер жүзіндегі өркениетті елдерің бірі болып отыр» [29, 15].
«Қандай да болмасын әліпбиді нақты бір тілге икемді, қолайлы етіп қолдану бар да, икемсіз, қолайсыздығынан оңтайлы етіп ала алмай, оның зардабын тарту бар. Бұл не деген сөз? Яғни икемді, оңтайлы әліпби тілдің жүйесіне, дыбыстық құрамына, графикалық құрылымына, дәстүрлі нормаларына, риторикалық тәсілдеріне, басқа да түрлі заңдылықтарына сәйкес болуы керек деген сөз. Өкінішке орай, қазіргі қолданыстағы кіріл жазуы осындай талаптан шығатын қолайлы әліпби болмай тұр. Мәселен, қазіргі орыс әліпбиінде – 33, арабта – 28, ағылшындарда – 26, ал қазақ әліпбиінде – 42 әріп бар. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы – 28 әріптен (9 дауысты, 19 дауыссыз) тұрады. Тілші ғалымдарға жақсы мәлім, таңбаның көптігі қазіргі әліпбидің оңтайлы, тиімді екенін көрсететін тілдік критерийлермен үйлеспейді. Қазақ әліпбиіндегі кірме әріптер (в, й, щ, х, ф, ц, я, ъ, ь, ч, ю, ё ...) ең алдымен халықаралық терминдерді, советизмдерді, жалқы есімдерді орыс орфографиясымен жазу үшін ғана әдейі енгізілген. Ал осы басы артық әріптер таза қазақ тілінде сөйлеушілердің ауызекі тілінде қолданылмайды. Бірақ әдеби тілде мектеп қабырғасынан бастап орыс тілінде қалай дыбысталса, емле жүйесін өзгертпей сол күйінде таңбалауды талап етеді. Ол – ол ма, тіпті оның ережесін жасап, бекітіп, қазақ балаларының құлағына шүмектеп құйып, үйретіп, әбден машықтандырып тастағаны соншалық, олардың қазақ тілінің өзіне тән ерекшелігін негізге алып жазғандары қаперге алынбайды, керісінше қателік санайды. Сөйтіп, кірме сөздерді дыбыстық жақтан игерудің тілдік механизмдері жұмыс істемей қалды. Бұл саясат қазақ балаларының жүйкесіне тиіп, өз ана тіліне деген теріс көзқарас қалыптастырды. Бара-бара өз тарихына, ата-бабасының өткен жолына, салт-дәстүріне орыстың көзімен қарауды үйретті» [30]. Яғни, әліпбидегі басы артық әріптер жазуға ғана қиындық келтіріп қоймайды, психологиялық жақтан да әсер етеді. С.Мырзабектің сөзімен айтсақ «өз тілін өзіне өгей етеді», баланың дүние танымына кері әсерін тигізеді.
Әрине, тек қана қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін әліпбиді алатын болсақ, ол – профессор Ә.Жүнісбектің әліпбиі.
Профессор Ә.Жүнісбектің латынша қазақ әліпбиі жобасы:





Кирилше

Латынша

Ата-луы



Кирил-ше

Латын-ша

Ата-луы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14

А а
Ә ә
Б б
Г г
Ғ ғ
Д д
Е е
Ж ж
З з
Й й
Қ қ
К к
Л л
М м

A a
Ä ä
B b
Ğ ğ
G g
D d
E e
J j
Z z
Y y
Q q
K k
L l
M m

а
ә
бы
гі
ғы
ды
е
жы
зы
ый/ій
қы
кі
ыл
мы

15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Н н
Ң ң
О о
Ө ө
П п
Р р
С с
Т т
У у
Ұ ұ
Ү ү
Ш ш
Ы ы
І і

N n
Ņ ŋ
O o
Ö ö
P p
R r
S s
T t
W w
U u
Ü ü
Ş ş
Ι ɪ
İi

ны
ың
о
о
пы
ыр
сы
ты
ұу/үу
ұ
ү
шы
ы
і




[31, 4]
Бірақ бұл әліпбидің қабылдана қоюы екіталай сияқты. Қазіргі қоғам орыс тілінен, орыс тілі арқылы енген сөздерді қазақ тілінің заңдылығына бағындырып айтуды кері кеткендік, өркениет көшіне ілесе алмай қалу деп түсінеді. Мәселен, қазақ тілінің жанашыры, жазушы марқұм Г.Белгердің өзі өткен ғасырдың 20-30 жылдары орыс тілінен енген сөздер, тіпті кісі аттары да үндестік заңына бейімделіп жазылған, бұл бір кезде өзін-өзі ақтағанмен, қазіргі кезде бұлай жазуға болмайды дегенге келтіріп: «Содан бері талай жыл өтті, заман өзгерді бұрынғы қазақ жоқ. Бәрі сауаттанған. Орысшаны орыстан бетер сайрайды. Орыс, шетел сөздерін еш бұрмаламай сөйлейді. Қайта, керісінше қазақшаны орыс акцентімен айтады. Көмейінен «Көкшетау» «Кокчетав» болып шығады. «Дунияда сенен артык маган джан джок» деп шырқайды. Демек, қазіргі қазаққа қай тілді болса да қазақыландырудың еш қисыны жоқ. Оны байырғы үндестік заңына, қазақтың фонетикалық мақамына еріксіз матап, байлап көндіру де бекер» [32, 5],– деп жазған болатын. Көріп отырғанымыздай жазушы қазақ жастарының тілі бұзылғанын, үндестік заңын сақтамай сөйлейтінін біле тұра, үндестік заңына қарсы шыққан.
70 жылдан аса уақыт ішінде шет тілдерден енген сөздерді орыс тілінің жазылу үлгісімен оқып үйреніп қалған адамдар олардың қазақ тіліне икемделген түрін қабылдай алмайды. Бұл психологиялық кедергіден шығудың бірден бір жолы әліпби ауыстыру дегеннің өзінде, орыс тіліне ғана тән кейбір дыбыстарды әлпби құрамына енгізуге тура келетін сияқты. Бұған А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білім институты мамандары даярлаған жобаларға қарасақ көзіміз жетеді. Бұлардың барлығында дерлік в, ф, х дыбыстары жүр, тіпті біреуінде ч дыбысы да бар. Әрине ол жердегі мамандар бұл дыбыстардың қазақ тіліне сіңбегенін жақсы біледі. Бұл жерде олар бірден бәрін қазақ тілінің заңдылығына салып жіберсек, ең алдымен өзіміздің қандастарымыздың қарсылығына тап болатынымызды түсініп отыр. «Орыс тілінен енген сөздерді қазақ тіліне бұрмалаудың керегі не, оларға көзіміз де үйреніп қалған, дыбыстай да аламыз» деген сияқты пікірлерді қарапайым халық емес, тіпті тіл мамандарынан да естіп жатамыз. Кейбір ғалымдарымыз қазақ тілінің табиғатыны жат дыбыстарды қазақ тіліне сіңісіп кетті, тіліміздің оралымдылығын арттырды дегенді ғылыми тұрғыдан да түсіндіруге тырысады. Мәселен, филология ғылымдарының докторы, профессор З.Базарбаева ф фонемасы мен африкат ц, ч дыбыстары славян тілінде болмаған, тіпті орыс тілінің кейбір говорларында бұл дыбыстар әлі де айтылмайды, дегенмен олар қазір орыс тіліне әбден сіңісіп кетті деп есептейді. Сөйтіп, орыс тілі өзінің дамуы барысында осы фонемаларды сіңіріп алды дейді де, ары қарай: «В исконно казахском языке, и его парадигме нет фонем <ц> и <ч>, <ф> и <в>, хотя в синтагматике они присутствуют, т.е. существуют как физические звуки, являясь вариациями фонем <с> и <ш>, <п> и <б> в слабой позиции. Рассматриваемые аллафоны фонем под влиянием фонетических законов и частого употребления уже приспособились к артикуляторному аппарату носителей языка» [33, 5],– деп бұл дыбыстарды қазақ тілінің дыбыстық құрамына қосып қояды. Бірақ ғалым бұл дыбыстарды қазақ тіліне қандай фонетикалық заңдылықтар сіңіріп жіберді деп отырғанын түсіне алмадық және бұл дыбыстар қазақ тілінде жиі қолданылады дегенімен де келісе алмаймыз. Орыс тілінің кейбір говорларында әлі күнге дейін айтылмай жүрген дыбыстар құрылымы мүлде басқа қазақ тіліне қалайша оп-оңай сіңіп кетті екен. Біздіңше, в, ф, х дыбыстарын қазақ әліпбиіне қалай да кіргізуді ұсынып жүргендер орыс тіліндегі жалқы есімдерді жазудан туындайтын қиындықтарды бірінші орынға шығарып отырған сияқты.
Қазақстан Республикасы әлемнің көптеген елдерімен дипломатиялық, экономикалық қарым-қатынас жасауда. Соған орай, еліміздің президенті, үкімет басшылары шет елдерге шығады, олардан бізге мемлекет басшылары, қоғам қайраткерлері келеді. Осының барлығы БАҚ-тарда көрініс табады. Бірақ әлем елдерін де, сол елдер қайраткерлерінің есімдерін де тек орыс тіліндегідей етіп жазып, солай айтып, түпнұсқасы қандай екеніне де, қазақша қалай дыбысталуы керек екеніне де мән бермей жүрміз. Орыс тіліндегідей етіп жаза саламыз да, қинала отырып қазақша қосымша жалғап, сонан соң тілімізді бұрап, оларды әрең айтамыз. Өзгетілдік сөздердің бәрін, тіпті кісі аттарын да орыс тіліндегідей етіп жазып, солай етіп айта салуға әбден дағдыланып кеткеніміз соншалық – кісі аттарын қазақ тіліне ыңғайлап айту деген сұмдық бір өрескел нәрсе сияқты қабылдайтын қүнге жеттік. Осы жерде айта кететін мәселе Қазақстан Республикасындағы орыс тілді басылымдар қазақша кісі аттарын, тіпті Қазақстандағы жер-су, елдімекен аттарын да орыс тілінің заңдылығымен жазады. Оларға неге олай жазасың деп жатқан ешкім жоқ, себебі олар орыс тілінің заңдылығын сақтайды, орыс тілінің орфографиялық ережесімен жазады. Әншейінде орыс не айтса соны құран сөзіндей етіп бас шұлғимыз, ал нағыз үйренетін жағына келгенде көзіміз соқыр болып қалады. Бұл, бір жағынан 70 жылдан аса етімізден өтіп, сүйегімізге жеткен құлдық сананың да салқыны. Екіншіден, жоғарда айтқанымыздай орыс халқына жалтақтау, солар ренжіп қала ма деген қорқыныш.
Латын әліпбиі жобасын ұсынушылардың арасында әр түрлі мамандық иелері де, компьютер саласының мамандары да жеткілікті. Компьютер саласын жақсы меңгергендер жобаның техникалық жақтан қолайлы болуына баса назар аударады. Дегенмен, әліпби жасау – ең алдымен тіл мамандарының ісі. «Көп болып күш қосып немесе жабылып дауыс беріп бітіретін іс-тірліктер бар: өзенді бұрып жіберуге болады, тауды жарып өтуге болады, көптің дауысымен билік мәселесін шешуге болады. Көп пен қара күштің қолынан емес, жеке бір адамның ғана қолынан келетін тірлік тағы бар. Оған қара күштің де, көп бастың да қажеті жоқ. Осындай іс-тірліктің бірі – әліпби мәселесі» [34, 260]. Барша халық жабылып әліпби жобаларын ұсынғанмен, олардың көпшілігінің тіл дыбыстары, тіл табиғаты туралы түсініктері соншалықты терең емес. «Әліпби жобасын тіл мамандары дайындайды, сонан соң ғана ұстаздар, сызба шеберлер, көз дәрігерлері, психологтар т.б. арнайы тобымен бас қосып, талқылаудан өткізеді» [34, 260 261]. Енді компьютер бағдарламашылары ұсынған бірнеше әліпби жобасына тоқталайық. Солардың бірі «Латын негізіндегі қазақ әліпбиі» [29] деп аталатын жобалар жинағы. Авторлар ұжымы бірнеше жоба ұсынған. Солардың бір-екеуіне тоқталайық.

1. «Латын негізіндегі қазақ әліпбиі. Алтай жобасының 1- варианты».





Баспаша
түрі

Қазақша аталуы

Кирил әрпімен аталуы

латын
негіз.

кирил.
негіз

ағыл-шынша

латынша

немісше

1. A a

a

a

ей

a

a

2. B b

be

бе

би

бе

бе

3. C c

ce

ше

си

це

це

4. D d

de

де

ди

де

де

5. E e

e

е

и

э

е

6. F f

fe

фе

еф

эф

эф

7. G g

ga, ge

ға, ге

джи

ге

ге

8. H h

ha

ха, һа

ейтш

га

ха

9. I i

i

и

ай

и

и

10. J j

j

же

джей

йот

йот

11 K k

ke

ке

кей

ка

ка

12. L l

le

ле

ел

эль

эл

13. M m

me

ме

ем

эм

эм

14. N n

ne

не

ен

эн

эн

15. O o

o

о

оу

о

о

16. P p

pe

пе

пи

пе

пе

17. Q q

qa

қа

киу

ку

ку

18. R r

re

ре

ар

эр

эр

19. S s

se

се

ес

эс

эс

20. T t

te

те

ти

те

те

21. U u

u

у

йу

у

у

22. V v

ve

ве

ви

ве

фау

23. W w

w

ы

даблйу




ве

24. X x

xe

і

екс

икс

икс

25. Y y

y

ұ

уай

ипсилон

26. Z z

ze

зе

зед

зета

цэт

27. ʼ

жіңішкелік белгі

Жоба авторлары мынадай түсініктме береді: «Қазіргі 42 әріптің 41-ін латын символдары негізіндегі 27 әріппен және символдар тіркесімен алмастырып [9, 10, 12, 13], бүгінгі қазақ тіліндегі 40 дыбысты тұтас қамтыдық» [29,64-65]. Бұл жобадан «қазақ тілінде 40 дыбыс бар» деген «жаңалықты» білдік. Авторлар ұжымы қазақ тіліндегі жіңішке дауыстылар мен қазақ тіліне тән дауыссыздарды белгілеуде ʼ белгісін қолдануды ұсынады. Енді осы авторлардың келесі жобасына назар аударайық.

«Латын негізіндегі қазақ әліпбиі. Алтай жобасының 2- варианты».





Баспаша
түрі

Қазақша аталуы

Кирил әрпімен аталуы

латын
негіз.

кирил.
негіз

ағыл-шынша

латынша

немісше

1. A a

a

a

ей

a

a

2. B b

be

бе

би

бе

бе

3. C c

ce

ше

си

це

це

4. D d

de

де

ди

де

де

5. E e

e

е

и

э

е

6. F f

fe

фе

еф

эф

эф

7. G g

ga, ge

ға, ге

джи

ге

ге

8. H h

ha

ха, һа

ейтш

га

ха

9. I I

i

і

ай

и

и

10. J j

j

и, й

джей

йот

йот

11 K k

ke

ке

кей

ка

ка

12. L l

le

ле

ел

эль

эл

13. M m

me

ме

ем

эм

эм

14. N n

ne

не

ен

эн

эн

15. O o

o

о

оу

о

о

16. P p

pe

пе

пи

пе

пе

17. Q q

qa

ка

киу

ку

ку

18. R r

re

ре

аар

эр

эр

19. S s

se

се

ес

эс

эс

20. T t

te

те

ти

те

те

21. U u

u

ұ

йу

у

у

22. V v

ve

ве

ви

ве

фау

23. W w

w

у

даблйу




ве

24. X x

xe

же

екс

икс

икс

25. Y y

y

ы

уай

ипсилон

26. Z z

ze

зе

зед

зета

цэт

27. ʼ

жіңішкелік белгі

Бұл жобада бірінші жобаға қарағанда аздаған ғана өзгешелік бар. Авторлар қазақ тіліндегі ң дыбысын белгілеу туралы былай дейді: «Көп талас туғызған қазақтың Ң ң дыбысы болмақ. Біз бұл дыбысты символдар тіркесімен таңбалауды ұсынамыз. Осы жерде біз апострофты жіңішкелік белгісі дей алмаймыз. Бұл жерде ол айрықша қызмет атқарып тұр. Осы дыбысты белгілеу үшін ағылшын, немістердегі NG тіркесін алғаннан гөрі әлдеқайда тиімді. Tenge, kejingi, kyngei деп жазсақ, оларды теңе, кейіңі, күңей деп деп оқимыз ба, әлде тенге, кейінгі, күнгей деп оқимыз ба? Біз Nʼ символдар тіркесін керемет табысымыз деп отырған жоқпыз, дегенмен, ол қалайда NG символдар тіркесінен тәуір деп ойлаймыз» [29,64-65]. Расында да ң дыбысын ng дыбысын тіркесімен таңбаласа, қазақ тілінде көптеген сөздердің жазылуында әр түрлі қиындықтар туындауы мүмкін сияқты. Мысалы, жоғарыдағы теңге сөзін tengge деп жазуға тура келеді. Сондықтан символдар тіркесінен қашып құтылу мүмкін емес сияқты. Авторлар ұжымының осы сияқты пікірлері болмаса, әліпбиі сын көтермейді. Әріп пен дыбысты ажырата алмаса да, сондай-ақ қазақ тіліне тән дыбыстар тіркесімі туралы түсініктері болмаса да, бірнеше әліпби жобасын ұсынған. «Қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін білмей-ақ жоба ұсынып жатқандар бар, таңба мен дыбысты шатастырып алып жоба ұсынып жатқандар тағы бар, 42 кирилді 26 түймешеге қалай сидырам деп әлек болып жатқандар да жоқ емес. Әлеми жазу дәстүрі мен ұстанымынан бейхабарлық көпшілігіне тән» [34, 264].


Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы қате түсінік, тіпті тіл мамандарының өзінде көп екені қынжылтады. Кирилл әліпбиі негізіндегі қазіргі жазуымыз ең жетілген жазу деп есептейтін профессорлардың бірі – С.Бизақов. Оның: «Жаңа əліпбиді əріп санын күрт азайтумен қабылдаса, көпшіліктің латын əрпіне көшудің өзіне үрпиісе қарары сөзсіз. Оның үстіне тілі сынып, жаттығып қалған жастарымызға в, ф, х, ц, т.б. он төрт дыбысты бұрмалап айтыңдар десек, тілімізді құбыжық етіп көрсететін жасанды шара болып шықпай ма, əр дыбысына бір-бірден əрпі бар, тіліміздегі бар сөзді түгелімен, соның ішінде шеттен енген сөздерді де анық, дұрыс таңбалап беруге қолайлы қазіргі əліпбиімізді нағыз жетілген, оңтайлы алфавит деушілер де бар. Қазақ тілінде «в» дыбысы жоқ деп, Еуропа, бəгөн, тауар деп жазып жүрміз. Ал мамандар өз бастауын латын тілінен алатын химия, биология, зоология, физика, математика, медицина, т.б. ғылым саласына қатысты терминдердің в, х, ф əріптерінен басталатыны қаншама дей отырып, олардың бəрін өзгертіп жазу сауаттылықты кері кетіретінін айтып жүр. Шынтуайттап келгенде, жоғарыда аталған дыбыстардың басым көпшілігінің қазақ тіліне де тəн екені, ол дыбыстарды таңбалайтын əріптің керек екені даусыз. Ал «в» қазақ тіліндегі жиі айтылатын дыбыстың қатарына жатады. Сатып алды, сұрап едім, көп өнім, барып еді, оқып отыр (айтылуы сатывалды, сұравем, көвөнім, барыведі, оқывотыр) тəрізді тіркестерді айтпағанның өзінде көбірек, кібіртектеп, абайла, көбіне, тебінгі, əбігер, кебір, кебу, хабар, шыбын, абыр-сабыр, кəсіпорын, себеп, ыбырсу, шіби, ебелек, обыр, обал, өбу, нобайла сөз тұлғаларының айтылуы көвірек, ківіртіктеп, авайла, көвнесе, тевінгі, əвігер, кевір, кеву, хавар, шывын, авыр-савыр, кəсіворын, севеп, ывырсу, шіви, евелек, овыр, овал, өву, новайла екенін ескермейтін болдық. Бұл сөздерді в-мен дыбыстау жеңілірек болғандықтан, солай жазып- таңбалау қалыптасып кетер ме еді?! Ал орыс тілінен ауысқан Европа, завод, авария, кавалер, адвокат, вокзал, вахта, еврей сөздеріндегі в əрпін жат дыбысқа жатқызып, Еуропа, зауыт, ауария, кауалер, адуакат, уакзал, уахта, еурей деп жазудың сауаттылықты кері кетіретіні анық. Барша түркі тілдерінде х əрпі жиі қолданылады. Біздің де сөздің табиғи айтылу қалпын бұрмаламай, туыс тілдерден алшақтатпай ахмақ, рахмет, хазірет, хауіп, махрұм, хайрам, сахара, рахат, ахихат, ахпарат, хақы, хұқық, архар, жемхор, бұхара деп х əрпімен жазғанымыз тиімді болмақ» [35, 4],– деген пікірін тіл маманы, филология ғылымдарының докторы айтты деуге ауыз бармайды. Професор С.Бизақов: «Тіпті 40 əріпке қосымша құйрықты җ (дж) əрпін таңбаласақ, Джордж-Җорж, Джон-Җон, джунгли-җунгли деп жазу мүмкін болар еді» [35, 4],– деп айды аспанға шығарыпты. Сөйтіп, өзінің Джордж деп жазуға болатын «керемет» жобасын ұсынады. Профессор С.Бизақовтың әліпби жобасы:





кирил

лат



кирил

лат



кирил

лат



кирил

лат

1

А а

A a

11

З з

Z z

21

Ө ө

Ө ө

31

Һ һ

H h

2

Ә ә

Ә ә

12

И и

Y y

22

П п

P p

32

Ц ц

Ц

3

Б б

B b

13

Й й

Й й

23

Р р

R r

33

Ч ч

Ç ç

4

В в

V v

14

К к

K k

24

С с

S s

34

Ш ш

C c

5

Г г

G g

15

Қ қ

Q q

25

Т т

T t

35

Щ щ

Ĉ ĉ

6

Ғ ғ

Ĝ ĝ

16

Л л

L l

26

У у

U u

36

Ы ы

Ĭ ĭ

7

Д д

D d

17

М м

M m

27

Ұ ұ

Ü ü

37

І і

І і

8

Е е

T t

18

Н н

N n

28

Ү ү

Û û

38

Э э

Э э

9

Ё ё

Ё ё

19

Ң ң

Ń ń

29

Ф ф

F f

39

Ю ю

Юю

10

Ж ж

J j

20

О о

O o

30

Х х

X x

40

Я я

Я я




41

Җҗ

Ċ ċ

[35, 4]
Филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзаберген Малбақұлы профессор Ә.Жүнісбектің қазақ тілінің төл дыбыстарын ғана қамтитын әліпбиіне қарсы емес. Дегенмен қазір дауға айналып отырған в, ф, х дыбыстарын әліпбиге енгізген дұрыс болады деп есептейді. Ол өзінің көзқарасын былайша тұжырымдайды: «Себебі біріншіден, в – қазіргі кезеңде жалпы саны жүз миллионнан асып, жүз елу миллионға бара жатқан оғыздардың тілінде ежелден бар дыбыс. Екіншіден, түркі халықтарының бірнеше мыңжылдықтарға созылатын тарихи жолында түрлі мəдениет, өркениеттің араласуынан немесе жақын қатынасқа түсуінен болған, соның нəтижесінде пайда болған ортақ құндылықтар бар. Ежелгі замандардан бері араб, парсы, түркі елдерінің мəдениеті қоян-қолтық араласты. Орта ғасырлардағы арабы-парсы-түркілік ислам мəдениетіне, əсіресе оның асыл жауһар поэзиясына тең келер не ба?! Мəдени, діни негізде ұйысқан ортақ əлемге кіретін араб, парсы, түркі тілдеріне ортақ сөздер жеке тілдердегі сөз қорының басым бөлігіне айналды. Мұндай жағдай түркі жұртының көпшілік бөлігін құрайтын түрік, əзірбайжан, өзбек халықтарының тілдерінде айқын байқалады. Ежелден бері келе жатқан ортақ сөздік қорда ф, х қаріптерімен жазылатын сөздер ерекше мол ұшырасады. Олар өте көп. Бұлар кірме ме, əлде байырғы түркілерде бұрыннан бар дыбыс па? Кірме болса, сонау бағзы замандарда кімнен кімге кірді? Бұлардың кірмелігін əлі дəлелдеу керек. Тіпті кірме болғанның өзінде бағзы заманнан бері келе жатқан, «туыстасып», «бауырласып» кеткен кірмелер екендігі айқын. Біздің қазақтың ескі жазба əдебиет тілінде де, «кітəби тілде», араб графикалы тарихи мұраларымызда ескі түркіден, ортағасырлық түркіден бері келе жатқан в, ф, х дыбыстары таңбаланып келді. Сондықтан олардан біз де бастарта алмаймыз» [36, 4].
Профессор М.Малбақұлының әліпби жобасы:





Кирил.

Лат.



Кирил.

Лат.

1

А а

А a

17

О о

O o

2

Ə ə

Ää

18

Ө ө

Öö

3

Б б

B b

19

П п

P p

4

Ғ ғ

Ğğ

20

Р р

R r

5

Г г

Gg

21

С с

S s

6

Д д

D d

22

Т т

T t

7

Е е

E e

23

У у

U u

8

Ж ж

J j

24

Ұ ұ

Ū ū

9

З з

Z z

25

Ү ү

Ü ü

10

Й й

Y y

26

Ш ш

Ş ş

11

Қ қ

Q q

27

Ы ы

I ɪ

12

К к

К к

28

І і

İ i

13

Л л

Ll

29

Ф ф

F f

14

М м

Mm

30

В в

V v

15

Н н

Nn

31

Х х (Һ һ)

H h

16

Ң ң

Ņŋ




[36, 4].
Ал Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ғ.Хасанов латын әліпбиі ең бірінші ұлттық тілдің болмыс-бейнесін сақтап қалуы тиіс деген ұстанымды қолдайды. Ол қазіргі әліпбиіміздегі 42 әрпппен латын графикасына көше салайық деушілерге қарсы шыға отырып, 26 әріптен тұратын латын графикасына көшуді ұсынады және бұл кезде қандай қиындықтарға тап болатынымыз бен қандай жетістіктерге жететіндігіміз нақты көрсетеді. Ғ.Хасанов латын әліпбиіне көшу арқылы ғана қазақ тілінің үндесім заңын сақтап қала аламыз дейді. Ал 42 әріптің бәрін сақтап қалу «бір адым алға, екі адым артқа жүру» дегенмен бірдей дей отырып, 26 әріптен тұратын латын әліпбиіне көшкенде мынандай қиындықтарға тап боламыз, яғни: «1) өз қазағымыздың өзі бір күнде «сауатсыз» болып қалатындай жағдай туындайды; 2) басқа ұлттардың түсінбестігі туа​тыны анық; 3) орфографиялық нормалар тұта​сымен өзгеретіні барлық халыққа қиындық туғызады; 4) қаражат жұмсалады; 5) жер-су атауларын қайта жазу мəселесі дау-дамай тудырады; 6) бұрынғы тарихымыз, мəдение​тіміздің мол мұрасы, кітаптар болашақ ұрпаққа түсініксіз болып қалуы ықтимал» [37, 5],– дейді
Әрине, әліпби ауыстыру қиындықсыз өтпейді. Жаңа әріпке, жаңаша жазу үлгісіне, жаңа емле ережелеріне үйрене қою оңай емес. Оның үстіне көп уақыттан бері қолы жаттығып қалған кирилл әліпбиінен латынға ауысып жылдам жазып кету үшін қай адамға болса да біраз уақыт дағдылануға тура келеді. Бірақ «шегіркеден қорыққан егін екпес» дегендей қиын болады екен деп кешеуілдете беруге де болмайды.
Ғ.Хасановтың айтуынша латын әліпбиіне қазақ тіліне тән 26 дыбыспен ғана ауысқанда: «... қазақ тілінің басты үш дыбыстық заңы, атап айтқанда, буын үндестік заңы, дыбыс үндестік заңы, ерін үндестік заңы бұзылудан сақталады; 2) акцент пайда болып, дұрыс интонация нығая бастайды; 3) кірме лексика, термин сөздер үндестік заңдарына бағынады, мәселен: стартер – сартер; 4) бірінші кластан бастап балалардың басын ауыртып келе жатқан, емлетануда қиындық туғызып жүрген, қазақ сөздерінде ешқашан дыбысталмайтын және болмайтын басы артық 16 әріптен құтыламыз. 5) сөйлеу мәдениеті көтеріліп, орфоэпиялық нормалар орфографиялық нормаларды ығыстыра бастайды, соның негізінде зияткерлік ұлт негізі қалыптаса бастайды; 6) латын әліпбиін меңгеру ақпараттық кеңістікке шығуды жеңілдетеді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашады; 7) басқа елде тұратын қандастарымызға өз тілінде ақпарат алуды жеңілдетеді» [37, 5],– деп қандай жетістіктерге жететінімізді санамалап көрсетіп береді.
Жоғарыда айтқанымыздай қазіргі әліпбиімізде жүрген орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздерді «орыс тілінің игі ықпалы» деп түсіндіріп жүргендердің арасында латын әліпбиі жобасына белсене ат салысып жүргендер де бар. Мәселен, Қ.Күдеринова: «Тіл-тілдің дыбыс жүйесі өзгермейтін құбылыс емес. Кез келген тілдің дыбыс жүйесінде дыбыс реңктерінің дифференциациясы, көрші тілдің, кірме сөздердің əсерінен болған дыбыстық өзгерістер орын алады. Мысалы, орыс тіліндегі [а], [э] дыбыстарынан сөз басталмайтын заңдылықты шет тілден енген анкета, эпоха, этаж сияқты сөздер бұзып келген. Сондай-ақ екі дауыстының қатар келуі де орыс тілі фонетикалық жүйесіне қайшы еді. Бірақ қазір орыс тіліндегі поэт, ореол, аут, театр сөздерінде екі дауысты қатар таңбалана береді. Сондай-ақ орыс тіліндегі [ф] əрпі тек кірме сөздерді таңбалау үшін қолданылады: форум, факт, фонарь, софа, фильм, афера, форма, афоризм, эфир, профиль. XVII ғасырға дейін орыс графикасында да, тілінде де ч, щ, ц, х, э дыбыстары болмағанын тек 1760 жылы кірме сөздерде айтылғаны үшін алынғанын ескерсек, кірме дыбыс мəселесі орыс тілінің өзін де əсері болғанын көреміз» [38, 4],– деп ф, ч, щ, ц, х, э дыбыстары орыс тіліне жазудың әсерінен енген дей келе: «Ғылыми-техникалық прогреске, өркениетке деген ұмтылыс тілде де бейнесін таппай қоймайды. Ендеше өзге тілдің терминдік атауын алуға тарихи прогрестің өзі итермелейді. Сондықтан бөтен тіл элементтерінен қашу кей жағдайда пуризмге соқтырады. Біздің ойымызша, егер əліпби ауыстырудағы бір мақсат түпнұсқа принципімен алынған орыс алфавитінің əріптерін əліпби құрамынан алу болса жəне оларды латын əріптерімен беру мүмкіндігі болмаса немесе аз болса, қосар əріп, диакритикалық таңбалармен бейнелеудің қажеттілігі жоқ. Сондықтан f, v, h əріптерін өз қызметінде жұмсап, [х], [ћ] дыбыстарын кірме сөздерде һ əрпімен, <ц>=>/s/ (sement, sirk, sellofan, sentner, sifr, ceh), <ч>/=>/ş/ (şarlston, şempion, matş), /э/=>/e/ (elektir, energetike), <щ>-/=>/ş/ (şors, şὄtke) əріптерімен беру керек деп санаймыз. Өйткені қазіргі қазақ тілінің артикуляциялық базасы босаң, жуысыңқы дауыссыздарды айтуға икемделді (тепсе, ақша, абай). Əрі тілдің болашақтағы дамуы ұяң, үнді дыбыстардың басымдығымен сипатталуы мүмкін. Сондықтан мысалы, qyqaіa [қыйқайа], qaqarman [қақарман], jiqaz [жыйқаз], uqlew [уқлеу], poto [пото], pilolog [пыйлолог], pilm [пійлм] деп, <ф>, <в>, <ћ> дыбыстарын тұйық дыбыстағаннан босаң, жуысыңқы айту сөздің естілімін жағымды етеді деп ойлаймыз» [38, 4],– деген ой айтады. Яғни орыс тілінен енген сөздерді в, ф, х дыбыстарымен айту құлаққа жағымды болады дегенге келтіреді. Жалпы қазақтың зиялы қауым өкілдерінің көпшілігі, оның ішінде тіпті тіл мамандары да орыс тілінен енген сөздерді қазақы етіп дыбыстау тілімізге дөрекілік береді, орыс сөздерін қазақылап дыбыстау жағымсыз естіледі деп есептейді. Өз тіліміз өзімізге жат болып кеткендігін осыдан-ақ аңғаруға болады. Қазіргі жазумыз бұқара халықтың ғана емес, зиялы қауымның да тілімізге деген көзқарасын мүлде өзгертіп жіберген.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Б.Жексенғалиев: «Қай тілді алсаңыз да, дыбыстық құрамы төл дыбыстардан құралады. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы туралы еш таластың болуы мүмкін емес. Өйткені қалыптасқан ереже бойынша тілден тілге сөз ауысқанымен, еш уақытта дыбыс ауыспайды» [39, 5],– деп, в, ф, х дыбыстарын қазақ әліпбиіне енгізуге қарсы шығады. Орыс тілінің заңдылығымен жазылып, қолданылып жүрген сөздерді «кірме сөздер» деп есептеуге еш негіз жоқ, бұл сөздерді «жат сөздер» деп атаған дұрыс деп есептейді. Мәселе әліпбидің түрінде емес, тіл заңдылығының сақталуында екенін айта келе, жат сөздер тасқынынан қорғану үшін: «... тілдің табиғи заңдылығы үндесімге негізделген, төл дыбыстарды ғана таңбалайтын әріптерден құралған жаңа әліпби туған тілді өзге тілдерден қорғайтын қуатты қорған болатынын ескерген жөн» [39, 5],–деген қорытынды жасайды.
Осылайша латын негізіндегі әліпби жобасын ұсынушыларды қазақтың төл жазуын қолдайтындар және кирилл әліпбиіндегі қазіргі дыбыстарды түгел латын әліпбиіне ауыстыруды жақтайтындар деп екі топқа бөлуге болады. Бұдан басқа қазақтың төл дыбыстарына орыс тіліндегі в, ф, х дыбыстарын қосу қажет есептейтіндер де бар. Тіпті ұлттық жазуды қолдайтындардың өздері де бұл үш дыбысты әліпбиге енгізуге қарсы емес. Олар Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдайды, орыс тілінің үстемдігін де еріксіз мойындап отыр деуге болатын сияқты. Дегенмен, жат дыбыстармен бірге қазақ тіліне тән емес дыбыстар тіркесімі пайда болатынын, соған байланысты қосымша ережелер қажеттігі туатынын тағы да еске сала кеткіміз келеді. Жоғарыда кейбір ғалымдардың бұл дыбыстардың түркі тілдес басқа халықтардың біразының дыбыстық құрамында бар, қазақ тілі үшін де жат емес дегенімен де келісе қою қиын. Оларға да бұл дыбыстар кейбір тілдерге жазудың, сондай-ақ тілдердің араласуы нәтижесінде еніп, өздері енген тілдердің дыбыстық заңдылығын бұзғанын да ескеруіміз керек. Сондықтан қазақ тілін болашаққа таза күйінде, өзіндік ерекшелігімен апаратын төл дыбыстардан ғана тұратын әліпби қажет.
Латын әліпбиі жобасын жасауда оның техникалық жақтан қиындықтары болатынын естен шығармаған жөн. Мәселен, компьютер бағдарламасын жасаушы маман Т.Қайыпов дәйекшенің немесе қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілеуде әр түрлі қосымша белгілерді қолданудың компьютерлік бағдарламада келтіретін қиындықтары туралы былай деп жазады: «Қазір латынның кейбір жобаларында ә, ө, ү дыбыстардың таңбаларын a’, o’, u’ түрінде алу ұсынылып жүр. Ахметтің дәйекшесінің орнына ала қойса тамаша болар еді, бірақ бір айта кететін нәрсе ’ таңбасы барлық программалау тілдерінде ерекше рөл атқаратын таңба. Мысалға C, Assembler, Pascal, Delpһy тілінде “A” – мәні A-ға тең тізбектік айнымалы болса, ’A’ – ның мәні 65 –ке тең сан болады. BASІC тілінде бұл таңбадан кейінгі кез келген жазу комментарий түрінде қабылданады. Компьютерде сөйлемді сөзге жіктегенде бұл таңба ешуақытта сөзге қосылмайды. Мысалға “a’lem” деген бір сөзді “a” және “lem” деген екі сөзге бөліп қояды. Сонымен қатар бұл таңбаны көптеген программалар қос таңбаның бірі деп есептеп, сөздің басында ‘, ал соңында ’ қылып автоматты өзгертіп отырады. Бірақ, ’, ‘, ’ таңбаларының кодтары әртүрлі. ’ таңбасы тыныс белгісі емес әріп екенін компьютерге ұқтыру қиын. Демек, бұл таңбаны қабылдасақ қазақ тілі программалауға болмайтын тілге айналады» [40].
Жоғарыда латын әліпбиі жобасын ұсынып жатқандардың арасында әр түрлі мамандық иелері бар екенін айттық. Солардың бірі С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің аға оқытушысы Д.Жүністаев өзінің 26 әріптен тұратын жобасында керісінше дәйекше белгісін қолдануды ұсынады. Ол: «' (апостроф) - 1. Сөз басында бірінші әріптің алдында қойылса сөз жіңішке буындардан тұратынын білдіреді. 2. Е-мен, К-мен, Г-мен жазылатын сөздер онсыз да жіңішке болып оқылатындықтан ол сөздердің басына бұл белгіні қоймасақ та болады. Мысалы, есік - esik, көрік – korik, гүл – gul. Яғни бұл жіңішкелік белгісін қойып жазатын сөздер саны әлдеқайда аз болады деген сөз. 3. Ал егер сөздің кез-келген жерінде G әріпнен кейін келсе Ғ, N әрпінен кейін келсе Ң деп оқимыз» [41],– деп дәйекшені жіңішке дауыстыларды сондай-ақ ғ, ң дыбыстарын таңбалау үшін де пайдалануға болады деп есептейді.
Әліпби жобасының техникалық жағын компьютерлік бағдарлама мамандарынмен келісе отырып жасауға болады. Ең бастысы – қазақ тіліне ған тән дыбыстарды таңбалайтын әріптермен қатар, тіл заңдылығына негізделген емле қалыптастыру. Осы орайда көп дау тудырып жүрген у, и дыбыстарының жазылуы айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Біздіңше, бір буынды сөздерде ғана бұларды қосарлап таңбалау керек сияқты. Мысалы (профессор Ә.Жүнісбектің әліпбиі бойынша): мый (myɪ), қый (qɪy), кій (kіy), тый (tɪy), тій (tiy), су (suw), түу (одағай) (tüw) т.б. Ал бұл дыбыстар дыбыстар сөздің екінші буынында келгенде алдыңғы дауыстының әуенімен жуан немесе жіңішке оқыла береді. Мысалы, оқимын (oqymɪn), бекиді (bekydі), бару (barw), келу (kelw) т.б.
Қазақ тілінің дыбыстық құрамы және болашақ латын әліпбиі туралы ойымызды қорытындылайтын болсақ, «бір тілден екінші тілге сөз енгенімен еш уақытта дыбыстар енбейді» деген көзқарасты қолдаймыз. Басқа тілден енген сөздер өзі кірген тілдің дыбыстық заңдылығына бағынады да сол тілдің өз сөзі сияқты болып кетеді. Яғни, тілдің дыбыстық заңдылығы оны жат әсерлерден қорғайды. Ал «тілімізді байытады, тілімізді әуезді етеді» деген пікірлер орыс тіліне жалтақтаудан шығып отыр. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына бағынып енген сөздер ғана тілімізді байыта алады. Әліпби жасауда тіл заңдылығы бірінші орында тұруы тиіс. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл беретін, төл дыбыстардан құралған әліпби, ескертуі барынша аз емле қалыптастыру – латын әліпбиіне көшедегі басты мақсат осы болуы тиіс. Әрине жазу еш уақытта айтылуды дәл бере алмайды. Сөйлеу барысында дыбыстардың бірі-біріне әсер етуінен пайда болатын өзгерістердің барлығын дәл беру мүмкін емес, дегенмен айтылу мен жазылудың арасындағы айырмашылық барынша аз болуы тиіс. Бұл оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыруға зор көмегін тигізеді.
Жат дыбыстардан арылған әліпби «халықаралық терминдер» деп аталып, орыс тілінің заңдылығымен жазылып жүрген терминдерді қазақ тіліне бейімдеуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде оларға қосымша жалғауда қиындықтар тумайды және көптеген терминдерді қазақ тіліне аударудың да қажеттілігі болмай қалады. Яғни, болашақ әліпби қазақы ғылым тілінің қалыптасуына ұйытқы болады. Қазақ жазуы кезінде А.Байтұрсынұлы салған сара жолға түссе ғана, қазақ тілінің болашағы жарқын болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет