ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)


V. Қазақтың үш жүзге бөлінуі һәм Алаш атануы



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

V. Қазақтың үш жүзге бөлінуі һәм Алаш атануы 
Қазақтың үш жүзге қалай бөлінгені, не себептен алаш атанғаны туралы халық аузындағы 
ертегі секілді сөздерден алып, тарихшылар мынаны жазады: 
Дәл қай заманда екені белгісіз, бұрынғы қазақ хандарының біреуі елін үш баласына бөліп 
беріп,  үлкеніне  тигенін  -  Ұлы  жүз,  ортаншысына  тигенін  -  Орта  жүз,  кішісіне  тигенін  - 
Кіші жүз деп атаған екен дейді. 

176 
 
Тағы  бір  ертегі  қазақ  Алтын  Ордадан  бөлініп  шыққаннан  кейінгі  хандары  -  Жәнібек, 
Керейден соң болған хандардың біреуі - Ахмет хан әскерін Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз 
деп үшке бөліп, қалмақпен соғысқан. Сонда Ахмет ханның әскері қалмақты шаба берген 
соң,  қалмақтар  Ахмет  ханға  «алашы»  деп  ат  қойыпты.  «Алашы»  деген  сөз  қалмақша 
мейірімсіз, қанішер деген мағынада болса керек. Ахмет хан: «Қалмақ бүл атты қорыққан 
соң қойды, енді қалмақты шапқанда «алашы» деп шабыңдар деген соң, қазақтар «алашы» 
деп  шауып,  сол  қазаққа  ұран  болыпты.  «Алаш,  алаш  болғанда,  алашы  хан  болғанда, 
қалмаққа не қылмадық», - деп қазақтың мақтануы сол дейді шежіреші Шәкәрім. 
Қазақтың  не  себептен  алаш,  не  себептен  қазақ,  үш  жүз  атанғанын  баяндайтын  бұлардан 
басқа да ертегілер бар. Оларды жазуды қажет көрмедік. Бүл туралы ертегілердің көбінің 
мағынасы  біріне-бірі  қайшы.  Бәрін  қорытқанда  да,  әзір  анық  дәлел  болып  шыққандай 
емес. Бірақ, мұндай ертегілер қазақтың аты, тегін зерттеушілерді ойға қалдырарлық жері 
бар. Мәселен, қазақ я алаш, қалай да болса, бір кісі - ру басы емес екені рас-ау. Әйтпесе, 
біріне-бірі қайшы келе берсе де, көптен халық аузында сөйленіп, ертегі болып жүргеніне 
қарағанда,  «қазақ»,  «алаш»  сөздерінің  түбінде  бір  көмескілік  бар  ғой  дегізетін. 
Тарихшылар  мұндай  ертегі  сөздерді  де  ескерусіз  қалдырмай,  түбінде  салыстыра,  қорыта 
келе,  бір  дәлелді  мағына  шығаруға  болар  деген  үмітпен  жинап  жазады.  Бірақ,  әлі  күнге 
шейін ондай сөздерді қолданып, бір нәтиже шығарған жоқ. 
Жоғарыда  айтылғандай:  «алаш»  қазаққа  ұран  болып  қалған  мәнісі  ақылға  қонып  түр. 
Қазақ  «алаш»  яки,  «алашы»  деген  атты  хандарының  біреуіне  қалмақ  қойған  екен  деп 
жүрген  болса,  оның  үстіне  қалмақ  тілінде  «алашы»  деген  сөздің  мағынасы  қазақтың 
бұрыннан ұғынып жүргеніне дәл келуі - бұл ертегінің қисыны барлығын көрсетеді. 
Үш  жүз  қазақтың  ру  басылары  болмай,  қоныс  ретіне  қарай  ма,  халықтың  санына  қарай 
ма? Әскерді үшке бөлгенінен бе, я бір ханның қазақты үш баласына бөліп бергенінен бе, 
әйтеуір үш топқа айырылғандықтан «үш жүз» аталғандығы анық болса керек.  
Қырғыз  қазақпен  туыс,  тіл,  тұрмыс  жағынан  өзге  түркі  руларынан  жақын  екендігін 
тарихшылардың  көбі  сыпаттайды.  Бірақ,  қазақ  пен  қырғыздың  арасында  аз  да  болса 
айырма  бола  тұрып,  не  себептен  екені  белгісіз,  қырғыздар  да  өздерін  «алашпыз»  дейді. 
«Алаш»  қазақ  ұраны  болып  кеткен  сөз  болса,  бұл  ұранға  қырғыздар  қалайша  һәм 
қашаннан бері ортақ болғаны белгісіз. 
VI. Қорытынды 
Қазақ-қырғыздың аты, тегі һәм қашаннан бері оз алдына жұрт болғаны туралы жоғарыда 
жазылғандарды  қорытқанда  шығарған  нәтижеміз  мынау:  қырғыз  -  ежелден  қырғыз 
атанып,  Айсадан  бұрын  неше  ғасыр  өз  алдына  жұрт  болған.  Қазақпен  туысы,  діні,  тілі, 
қонысы,  тұрмысы,  әдет-ғұрпы,  салт-санасы  бірдей  жауынгер  түркі  қауымдарының  бірі. 
Қазақ пен қырғыздың арасында тіліндегі болмашы айырма болмаса, еш бөтендік жоқ. 
Қазақ Х - ғасырдың ар жағында, көп заман бұрын өзінің хандары болып, өзін-өзі билеген. 
Ежелден қазақ атанған түрік жұртының бір тарауы. Қазақ ХІІ - ғасырдың аяғында әртүрлі 
түркі  руларымен  қосылып,  көбейіп,  күшейіп  тағы  да  бөлек  жұрт  болып,  сыбайлас 
жұрттардың  көбімен  соғысып,  бірде  жеңе,  бірде  жеңіле  келіп,  XVIII-XIX  ғасырларда 
Россияға бағынғаннан кейін еркінен айырылған жұрт. 
Міржақып 
 
 

177 
 
Шаруашылық бөлімі 
ОРТА АЗИЯ ШАРУАШЫЛЫҚ АУДАНЫ 
Бұхара,  Хорезм,  Түркістан  республикаларын  Орта  Азия  республикасы  дейді.  Түркістан 
республикасы социализм негізіне құрылған Россия республикасының құрамасына кіретін 
бір бұтағы. Ана екеуі өз еркі өзіндегі құқықты мемлекеттер деп есептеледі. 
Жер  шегіне  қарағанда  бүл  үш  республикаларды  Түркістан  ауданында  деп  есептеуге 
болады.  Түркістан  -  түрік  жері  деген.  Бұл  үш  республиканың  да  халқының  дені  түрік 
тұқымы.  Түркістанға  бұларға  қараған  жерден  басқа  да  Ақмола,  Семей,  Торғай 
облыстарының оңтүстік шектерінің көп жерлері кіреді. 
Хорезм,  Бұхара  бұрыннан  да  оз  алдына  хүкімет  сымақ  хандық  болатын.  Түркістандағы 
түрлі халықтар да, бөлшектеніп хандық құрып келген. Түркістанды орыс хүкіметінің тегіс 
қаратып  алып,  өз  алдына  губернаторлық  қылып  қойған.  1867  жылдан  бері  Түркістанды 
қаратқаннан соң, Россия хүкіметі Бухараға да омырау арта бастады. 
Бұхараны да қаратуға айналып еді. Оған кесір болған Англия хүкіметі болды. 
Англия  Россияның  еркін  Азияға  ендітіп  жібергісі  келмеді.  Өзінің  Индиясынан  қорықты. 
Сондықтан,  өз  жерінің  шегімен  Россияның  қараулы  жүретін  жердің  екі  арасына,  Орта 
хүкімет  қойғысы  келді.  Ол  үшін  Бұхара  хандығының  Россияға  қарамай  тұруы  керек 
болды. Бұхараны Россия хүкіметінің арасынан алып қалған Англия хүкіметінің осы пікірі 
еді. 
Аяғында  Англия  мен  Россия  хүкіметінің  арасында  Бұхара  Россияның  оған  ағылшын 
қарамағына кірсін деген келісім болады. 
Бухара  хандығы  мен  Россия  хүкіметінің  арасында  коп  жылдар  соғыс  та  болды.  Бухара 
ханы  Қоқанның  Россияға  қарауына  қарсылық  қылып,  Россиядан  келген  саудагерлерді 
ішіне кіргізбей көріп еді. Қайткенмен өнерлі, құралды елге қарсы тура алмады. Россияның 
не деген шартына көніп, ақырында келісім жасады. Бұл келісім бойынша, Бухара хүкіметі 
Руссияның қолтығындағы мемлекетке санауға мойынсұнды. 
Істің  көбінде  Түркістан  генерал-губернаторынан  нұсқау  алып  тұратұғын  болды.  1868 
жылы ол келісім қайта қаралып, Бұхара хүкіметінің құқықтары бұрынғыдан да көп кеміді. 
Мәселен, Россиядан рұқсатсыз, шет мемлекеттермен қатынаса алмайтұғын болды. Өзінің 
ішкі  жұмыстарының  көбісіне  Түркістан  генерал  -  губернаторының  қол  сұғуына 
мойынсұнды.  Үлкен  орындарға  адам  сайлағанда,  өзіне  орынбасар  белгіленгенде, 
губернатормен келісіп істейтұғын болды. 
Хорезм мен Россияның арасындағы қатынасы 1873 жылдан басталды. 
Соғыста  Хиуа  ханы  жеңіліп,  Россияның  қожалығын  қабыл  алды.  Россия  хүкіметінің 
рұқсатынсыз бөтен мемлекетпен араласпайтын болды. 
Россия  хүкіметінің  түпкі  мақсаты  -  Хиуаны  да,  Бухараны  да  бірте-бірте  ішкі  істеріне 
өзгеріс  кіргізіп  келіп,  өзіне  басыбайлы  қаратып  алу  еді.  Сол  саясат  Октябрь  өзгерісіне 
шейін айнымай келді. 
Октябрь өзгерісі болып Россияға Совет хүкіметі орнағаннан кейін Орта Азияның тұрмысы 
жаңа  түрге  түсті.  Бұрынғы  Түркістан  губернаторлығы  Россияға  оз  алдына  республика 
болып  кірді.  Бұхара  һәм  Хиуа  хандықтарымен  патша  хүкіметінің  жасаған  бұрынғы 

178 
 
шарттарының  барлығы  бұзылды.  Бүл  екеуін  Совет  хүкіметі  оз  алдына  мемлекет  деп 
танитын болды. 
ОРТА АЗИЯ 
Орта Азиядағы Совет республикаларының жер ауданы төмендегі түрде: 
шаршы саны 
Бұхара Республикасының жері - 271.674. 
Түркістан - 1.324.294 
Хорезм - 54.690 
Барлығы - 1.597.358 
Үш  республиканың  халқының  саны  7.969.518  адам,  оның  1.440.567  шамалысы  қалада 
тұрады. Басқа 6.528.951 ауыл қыстақтарда тұрады. 
Әр республиканың өз алдына жан есептері 
Республика 
Халқының жалпы 
саны 
Қалада тұратындар 
Далада тұратындар 
Бұхара 
2.029.512 
358.829 
1.660.844 
Хорезм 
640.849 
606.903 
13/14 
Түркістан 
5.292.162 
1.037.797 
4.261.365 
 
Орта  Азия  республикаларының  халқының  тамырласы  Иран  һәм  Түрік  тұқымдарынан 
болады.  Түрік  тұқымына  жататындар:  қазақ-қырғыз,  қарақалпақ,  өзбек,  түркімен,  сарт, 
қыпшақ, тараншы, Иранға жататындар - тәжіктер, бұлардан басқа ұлттардан да бар. Олар - 
жуд, орыс, армян, ауғандық парсылар. 
Орта  Азия  республикаларындағы  түрік  тұқымының  барлық  саны  -  5.939.652  жан.  Бұл, 
барлық халқының 74,5% болады. 
Тәжіктер 1.206.330 жан (15,1%), орыстар 605.102 жан барлық халқының 7% болады. Тағы 
басқа бұратаналар 3-4% - дай бар. 
Бұхарада түрік тұқымы 1.156.704 адам, тәжік 802.632 адам, бөтен уақ ұлттар 70.179 адам. 
Хорезмде  түрік  тұқымы  663.200  адам.  Тәжік  7.644  адам.  Түркістанда,  түрік  тұқымы 
4.149.648 жан. Орыс 605.102 жан. Тәжік 403.698 жан, басқа уақ ұлттар 140.614 жан. Орта 
Азиядағы халықтардың жалпы түрін төмендегі ретпен көрсетуге болады. 
Ұлттар 
Түркістанда 
Бұхарада 
Хорезмде 
Барлығы 
Өзбек 
2.138.437 
975.569 
391.800 
3.505.806 
Қазақ-қырғыз 
1.577.341 
7.000 
23000 
1.607.341 
Түрікпен 
267.318 
174.135 
184.200 
625.653 
Қарақалпақ 
78254 

34.200 
112.454 
Құрама 
50.778 


50.778 
Қыпшақ 
87.620 


87.620 
Тәжік 
403.698 
802.632 

1.206.330 
Басқалар 
745.416 
70.176  
7.644 
823.536 
Орыстар 
605.102 




179 
 
Шаруашылық жаны 
Орта  Азия  республикаларының  шаруашылығының  жаны  судың  қолында.  Ортасынан 
ағатын дариядан арықпен су алып ішіп күнелтеді. 
Бұрынғы  халық  өз  қолдарынан  келетін  арық  -  атызын  қазып,  пайдаға  жаратып  болған. 
Енді дұрыс техника жұмсалмаса, диханшылық жұмысы қиын күйге түсетін түрі бар. 
Орта  Азия  республикаларын  сумен  пайдалану  тәртіптеріне  қарап,  мынадай  аудандарға 
бөлуге болады. 
1. Ферғана - Сырдария 
2. Самарканд - Бұхара 
3. Бұхара - Хиуа, Амудария бөлімі 
4. 3акаспий 
5. Жетісу 
Бұл аудандардағы арықтардың саны һәм жалпы ұзындығы төмендегі түрлі: 
Аудандар 
Арықтың бас есебі 
Барлығын 
қосқандағы 
ұзындығы 
Ферғана  облысы  Сырдария 
облысы 
1000-нан көбірек 
30000 шақырым шамалы 
Самарканд 
облысында 
Бұхарада 
130 
3900 шақырым 
Бұхара, Хиуа, Амудария 
400 
3700 шақырым 
Закаспий 
300 
4200 шақырым 
Жетісу 
200 

Барлығы 
3500-дей 
40-45 
мың 
шақырым 
шамалы бар. 
Орта  Азия  халқының  көп  пайда  көретін  суы  -  Амудария.  Амудария  Түркістан 
республикасының шегінен басталып, Бухара, Хорезм шектерін жарып жүреді. 
Түркістан  дарияларының  басының  таудан  шығып,  суының  шілде  түскен  соң  еритін  қар 
суымен көбейе тұғындығының халық шаруасына керекті сөлді деген зәрулі кезде, тамызда 
тигізу үшін көп артықтығы бар. 
Жалғыз-ақ  Амудария  бас  жағының  (сулы  жағы  да)  елсіз  мәдени  кәсіпке  жарамайтын 
тастақ  жерлермен  жүретіндігі  болмаса,  Шерада,  Қашқар,  Заравшан  дариялары  сықылды 
құйылыстары  (Әсіресе  Бұхара  республикалары  үшін)  Орта  Азиядағы  үш  республиканың 
да  шаруашылығын  жандандыруға  бас  себептес,  һәм  үшеуінің  тіршілігін  бір-біріне 
байланыстырып,  тұтастырып  тұрады.  Сусыз  бүл  республикалардың  күні  қарақ  болады. 
Бар  суын  ептеп  жаратып  һәм  су  сақтап  ылғал  шақыратын  тоғай  шыққан  ағаштарын 
сақтамаса, жерінің көбін басқан көшпелі құмнан қорғанбаса, бүл жерлерде күн көрушілік 
өте қиын. 
Орта Азия республикаларының көп жері кұм, кебу, тастақ, тақыр. Күншығыс һәм оңтүстік 
жағы таулы болады. 
 
 

180 
 
Ағаш байлығы 
Түркістан тоғайлы жерлерінің 41%-ақ көрілді. Бұхарадан 78% Хорезмге тәндік жерлерде 
қанша бары белгісіз. 
Түркістанда осы күні 29,6 миллион десятина тоғай бар деп саналады. 
Бұл  айтылғандардан  кәсіпке  жарайтын  сүйектілері  Бұхарада  490.880  десятина, 
Түркістанда 15.7000,00 десятина. 
Келесіде  Орта  Азия  өнімі  өсіп  гүлденуі  үшін  тоғайлардың  көп  қызметі  болуы  керек. 
Сондықтан, барлық тоғайдың алдымен есебін алып, басқару жұмыстарын дұрыс тәртіпке 
салу қажет, әйтпесе кәсіп үшін де, отын үшін де, жеміс үшін де керекті ағаштар пайдаға 
аспай қалып өз-өзінен құрып кетуі мүмкін. 
Орта  Азиядағы  көп  көшпелі  құмдарды  орнықтырып  тұрған  да  осы  тоғайлар  деп  түсіну 
керек. 
Өткен  жылдарғы  үлкен  соғыспен  өзгеріс  оқиғалары  Орта  Азия  республикаларының 
шаруасын жүдетіп кетті. 1917 жылмен 1920 жылдың арасында халқы да азайды. 
Түркістан  республикасынан  20%,  Бұхарадан  25%  -  дай,  Хиуадан  өте  көп  жан  кеміді. 
Түркістанда әсіресе, халқы кеміген орындар Жетісу мен Төрткөл облыстары болды. 
Бүл  республикалардың  бұрынғыға  қарағанда  кәсіп  реттері  де  кеміді.  Малы  да  азайды. 
Мәселен, Түркістан республикасының басты малы бұрынғыдан 58% кеміді деуге саяды. 
Мұның  барлығына  себеп  әлгі  айтылған  соғыс  һәм  өзгеріс  оқиғаларынан  да  басқа  үш 
республикадағы соңғы жылдардағы үдеп кеткен басмашылық. 
Қазір  басмашылық  басылды.  Дегенмен,  бұзылған  шаруашылық  жуық  маңда  оңала  қоюы 
оңай болмай түр. 
Аз да болса бұрын мәдени кәсіпке қол жалғап қалған Түркістан крайынікі бір сара, Бұхара 
мен Хорезм республикасының шаруашылық жұмыстарын жөнге сал, өте қиын болып түр. 
Бүл  екі  республикалардың  да  тағдыры  хандардың  қолындағы  кезде  мемлекет  басында 
отырғандар  күллі  надан  заманның  ағымынан  артта  қалған,  еш  нәрсені  аңғармайтұғын 
адамдардың  қолында  болған.  Іс  басында  отырған  ханға  қараған  ақсүйектің  ұрпақтары, 
«бектер»,  мырзалар  мемлекеттің  табиғи  байлығын  бір  иеленсе,  әртүрлі  ауыр  салықпен 
жиып  халықтың  қанын  екі  сорған.  Жердің  бар  шұрайы  һәм  көбісі  осы  сабаздардың 
иеленуінде болып, кейінгі қара халық жай-жай дихандар ұлтарақтай жерден ылаждап күн 
көріп келген. 
Сауда - саттық жұмыстары да тәртіпсіз болған. Неше жүз жылдардан бері хандық құрып, 
өз  алдына  ешкімге  қарамай  келген  хүкіметтің  елінде  өз  халқының  керек  жарағын  бітіре 
тұғын  бір  өнім  орны  болмаған.  Болғандары,  Россия  хүкіметінің  ақшасына 
орнатылғандықтан бұрынғы халық қамқоршылығын қылмаған.  
Бүхара  мен  Хорезм  республикасы,  өзгерістен  кейінгі  хүкіметтің  қолына  тиген.  Осы 
сықылды  қараңғы  халық  қаралмаған  шаруа  жемтіктері  болды.  Неше  жылдан  бері 
үлгерілмей жатқан істерді аз жылғы өзгеріспен орындата қоюға болмағандығының үстіне, 
өзгеріс  қаскүнемдері  көп  кіріс  көрсетті.  Күні  кешеге  дейін  басмашылдық  басылғанша, 
жаңа хүкіметтің күшінің көбі өзгеріс арқасында алған еңбекшілердің құқығын сыртқы һәм 
ішкі  дұшпандардан  қорғауға  жұмсаумен  болып,  шаруашылық  жұмыстарына  оңды 
көзқараста болмай келді. 

181 
 
Бухарада  осы  күндері  ғана  хүкімет  құрылыстары  оңдалып  болды  деп  айтуға  болады 
(жалғыз шығысындағы Ауғанға шектес жағы болмаса). 
Шаруашылық жұмыстарына мұнан былай кіріспекші. Тиісті пландары белгіленіп болған. 
Хорезм  республикасы  әлі  кешелдеу.  Ондағы  кемшіліктің  мықтысы  іс  білетін  адам  жоқ. 
Мемлекет  жұмыстары  бұрынғы  сәлде  салған  молдалардың  қолынан  бөрік  кигендерге 
көшті демесе, көбінше, білімі бір қалыптас кісілердің қолында. 
Хорезм,  Бухара  республикалары  оз  алдына  ақша  шығарып  келді.  Бухара  мемлекет 
қаражаттарының  70-80%  оз  ақшасымен  өтейді,  Хорезм  90%  қаражатын  оз  ақшасына 
қаратқан жай салықтан жиылатұғын сомасы 5%-ақ. 
Бұл күйде тұрғанда, бүл республиканың оз беттерінше отырып, шаруа күйзелісін кетіруіне 
өте қиындық болатұғын болды. Сондықтан, Түркістан, Бухара, Хорезм, Орта Азиядағы үш 
республика  шаруашылық  үшін  жұмсайтын  күштерін  қосатын  болып  шаруа  бірлігін 
жасады. 
ТҮРКІСТАНДА ЖЕР АЛЫНУДЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ 
1. Әскери отаршылдығы 
Патша  хүкіметі  Түркістан  топырағына  аяқ  басқаннан  бастап  Түркістаннан  жер  алу 
жұмысына кірісті. Мұның екі түрлі мәнісі бар еді. 
Біріншісі  патша  хүкіметі  Түркістанды  аттың  күші,  найзаның  ұшымен  қан  төгіп, 
бағындырып  алды.  Түркістанның  екі  мұсылман  жері  Орта  Азиядағы  мұсылман 
мемлекеттері  һәм  күншығыста  Қытай  мемлекетімен  шектес.  Сонымен,  Түркістан  кіндік 
Россияның оңтүстік-күншығыс жағындағы оқшау жатқан бір шет аймағы болды. Білектің 
жуандығымен  бағындырған  Түркістан  жергілікті  халықтарына  сенбеді.  Бұл  сенбестік 
орынсыз да емес еді. Жердің шалғайлығы, күшпен төбелеп қаратып алғандық. Түркістан 
топырағында  орыс  бәлесінің  аздығы.  Сондықтан,  хүкімет  жергілікті  халықтар  хүкіметке 
қарсы  бас  көтереді  деген  ойдан  шықпады.  Егер  де  орыс  хүкіметіне  қарсы  жергілікті 
халықтар жанжал шығара қалса, Азия бойын бермей, Россия уысынан шығып кетіп қалса, 
жоқ жерде әбігершілік шығарып, хүкіметті забитаға ұшырата ма деген қауіп еді және ол 
заманда  Түркістанда  темір  жол  жоқ.  Жанжал  шыға  қалса,  жуырда  ішкі  Россиядан  әскер 
жеткізуі де оңай емес еді. 
Сондықтан,  патша  хүкіметі  Түркістанды  уыстан  шығармай,  жергілікті  халықтар  қылық 
етіп,  бас  көтерсе  төбесінен  тоқпақтау  үшін  хүкіметке  Түркістан  топырағында  сенімді 
әскер ұстауға тура келді. 
Мінекей,  алдымен  Түркістанға  ала  келген  әскер  солдаттарынан  әр  жерге  қала  қылып, 
орналастыра бастады. Бұлар жаңа қосынға алаңсыз түпкілікті орналасулары үшін хүкімет 
олардың қатын-балаларын да алдырды. 
Осы  ретпен  Түркістан  алынудан  бастап,  Түркістанның  әр  жерінде  орыс  (қазақ-орыс) 
қалалары  пайда  болды.  Әскер  бірте  -  бірте  ілгері  қарай  жылжып,  Түркістан  жерін  алған 
сайын  сол  келе  жатқан  жол  бойында  әскер  тұратын  орындар  түзеліп  отырды.  Соңынан, 
Түркістан тегіс Россия қолына кіріп болғанда ғана басында әскери орны болған жерлердің 
бір парасы орыс қалаларына, қалғандары ауылдарына айналып кетті. 
Осы  күні  Түркістанға  қарайтын  жерге  орыс  баласының  бірінші  аяқ  басқаны  1831  жыл. 
Сол  жылы  Жетісу  облысы  Шұбар  ағаш  (Лепсі)  уезі  еді.  1831  жылы  Семейден  шыққан 

182 
 
Аягөз өзенінің бойында тоқтап, сол жерге әскер тұратын орын салды. Ол орын осы күнгі 
Аягөз (Сергипополь) қаласы. 
Орыс  әскері  ілгері  жылжыған  сайын  жүрген  жол  бойына  казак-орыс  қызыл  үйлерін 
(бекеттерін)  түзеп  отырды.  Ондағы  мақсат:  алған  жерлерді  сақтау,  артындағы  жортуыл 
басшыларымен ат салысып түру. 
Осы  күнгі  Жетісу  облысының  Семей  жақ  шетінен  бастап,  1853  жылға  шейін  Сырдария 
облысына  келген  жол  бойына  тізілдіріп  әскер  қызыл  үйлерін  түзеп  отырды.  1846  жылы 
Талдықорған (бұрынғы Қапал) қаласы, 1854 жылы «Алматы қамалы» салынды. 1862-1864 
жылдарда  Пішпек,  Токмак  қалалары  да  алынды.  Сол  жылдарда  Әулие-ата,  Шымкент 
қалалары да алынды. 
1868  жылы  Пішпек  уезінің  оңтүстік  жағымен  Қарақұл  (бұрынғы  Прежевал)  уездері, 
қырғыздың Алатауы алынды. 
1871 жылы Іле уезінің алабы алынды. 
Міне, сонымен осы күнгі Түркістандағы қазақ-қырғыз аудандарын бірте-бірте алып, Орта 
Азияға аяқ салып орыс хүкіметі қамаулар салып, күшін жинап туын тігіп, орныға бастады. 
Жоғарыда айтып өттік. Қан төгіп, қара күшпен Түркістан жерін орыс хүкіметі өзіне қарата 
бастаған.  Бір  жағынан  іргелес  Қытай  мемлекеті  орыстың  жаңа  қонысына  көз  алартпас, 
екінші жағынан жаңа ғана бағындырған жергілікті халықтарды айдап өргізіп, еріп-жусату, 
бұлардың  арасында  өзінің  заң  түрлі  тәртіптерін  жүргізуге  орыс  хүкіметіне  Түркістан 
топырағында  әскер  ұстауға  тура  келді  деп  1847  жылы  Жетісуға  Семей  арқылы  Сібірден 
келген  «Сібір қазақ-орыстарына»  «Жетісу қазақ-орыстары»  деп азан шақырып ат қойды. 
Оларды Жетісу топырағына түпкілікті отырықшы қылып орналастырды. 
1847  жылдан  1868  жылға  шейін  -  20  жылдың  ішінде  Жетісуда  14  қазақ-орыс  қаласы,  5 
мыңдай жаны бар пайда болды. Мұнан кейінгі жылдарда қазақ-орыс қалалары да, олардың 
жаны да, жерлері де көбейіп кетті. 
Россияда қазақ-орыс тобы патша хүкіметінің сүйеніші, тіреуі болған хүкімет оларға неше 
түрлі жеңілдіктер, басқа қаражатынан оларды өзгеше қылып ұстады. Бұрынғы жер - суың 
аз еді дегендей, 1914 жылы олар пайдасына тағы да қазақ - қырғыз халқының жерлерінен 
жер алып беру үшін заң шығарды. Бүл заң бойынша, қазақ-орыстардың пайдасындағы жер 
мөлшері  мынадай  болмақшы  еді.  Әр  еркекке  жақсы  жер  судан  30  десятинадан,  шіркеуі 
үшін 300 десятинадан. Егер де орта есеппен әрбір қазақ-орыстардың үй басына 3-тен 4-ке 
шейін еркек жаны бар десек, үй басы 90-нан 120 десятинаға шейін жері болмақшы. Осы 
есеппен  Жетісу  қазақ-орыстары  пайдасына  жаңадан  345  мың  десятина  жер  алынбақшы 
еді. 
Бұл  заңды  жүзеге  шығармаққа  жұмысқа  да  кірісе  басталған  еді.  Сызық  жүргізіп,  шек 
тартудан  басқа  тиісті  жұмыстары  бейнетіне  қалған  еді.  Енді  сызық  жүргізіп,  жерді 
кеспекші болып жатқанда 1917 жылғы үлкен өзгеріс сап ете түсіп, жұмысы тоқтап қалып, 
ана 345 мың десятина жер алынбай қалды. 
«Қайтсын,  алса  да  байғұс,  атын  атап  алды  ғой»  дегендей,  қазақ-қырғыз  жерлеріне  алуға 
көне хүкімет жол жөн таба берді. Әрбір қара орыстың үй басына 90-120 десятинадан жер 
беріп, жарылқаудан басқа да қазақ-қырғыз жеріне ие болушылар табыла берді. 
Әскері һәм хүкімет қызметінен белгілі уақыты толып, қызметтен шығып, үйде жантайып 
жатып,  ас  ішетін  әскербасы  төрелерге  хүкімет  өлгенінше  айлап,  жылдап  беріп  тұратын 
жәрдемі (пенсия) дейтіні болатын. 

183 
 
Бүл жәрдемдер хүкімет тарапынан көбінесе ақшалай берілетін. Патша хүкіметі Жетісуда 
ондай  жәрдемге  «ақша  шығын  қылмай-ақ»,  баяғы  «тегін  жатқан»  қазақ-қырғыз  жерін 
беретін еді. 
1915 жылғы санақ (статистика) мағлұматына қарағанда, қазақ - қырғыз жұртынан Жетісу 
қазақ-орыстар пайдасына 667.157 десятина жер алынған екен. 
Басында  әскер  жүретін,  жол  бойына  таяқ  тастам  қылып  тізілдіріп  салған  қызыл  үйлер, 
казак-орыс  ауылдары  бертін  келген  соң  бір  сыпырасы  қалаларға  айналып  кетті.  Бұл 
қалаларда тұрушылардың бір парасының (мещандар), қала халқы бола тұрып егістік, мал 
жайылымдық,  шабындық  жерлері  болды.  Жетісуда  осындай  қалалардың  жерлерінің 
шамасы  36,947  десятинадай.  Түркістан  топырағындағы  басқа  орыс  қалаларының 
Жетісудағыдай емес жерлері жоқ. 
1. Келімсектер отаршылдығы 
Жоғарыда  қысқаша  әскер  отаршылдығын  айттық.  Яғни,  патша  хүкіметінің  Түркістанда 
отаршылдық  саясатының  бірінші  дәуірін,  енді,  келімсектер  отаршылдығы,  яғни,  патша 
хүкіметінің Түркістандағы отаршылдық саясатының екінші дәуіріне келелік. 
Түркістанға  іштен  қара  шекпенділерді  алып  келіп,  оларға  қазақ-қырғыз  халқының  іске 
татар, тәуір жер-суын алып орналастырудың екі түрлі себебі бар: 
1.  Ішкі  Россияда  жерсіз,  жері  аз  қарашекпенділер  көп.  Онда  жердің  көбі  маңыздысы 
байлар,  ақсүйектер  қолында,  жерсіз,  жері  аз  қарашекпенділер  ана  байлар  жеріне  көз 
алартты, аламыз деп дәме қылды. 
Соның  үшін  жерсіздерді  Россияның  Түркістан  сияқты  шет  аймақтарына  жіберіп,  көзден 
таса қылу. 
2.  Хүкімет  бұл  ниетті,  сырды  жұртқа  екінші  түрде  көрсетпекші  болды.  Шет  аймақтарда 
жер  көп.  Ондағы  жергілікті  жұрттар  еңбек  сіңіріп,  жерде  жатқан  тегін  алтынды  тауып, 
мемлекет  байлығын  асыра  алмады.  Ішкі  Россиядағы  қарашекпенділер  жерді  жыртып, 
жергілікті «жобасын» халықтарға үлгі, өнеге көрсетеді деп сылтау қылды. 
Түркістан,  Қазақстандағы  тіршіліктің  негізі  -  мал  шаруашылығы  болған.  Қазақ-қырғыз 
ертеде  алапты  қыстау,  ойпаңды  күзеу,  төскейді  жайлау  қылып,  «көшерімді  жел, 
қонарымды  сай  білсін»  деп  жүрген  дәуірлері  бар  еді.  Неше  ғасырлардан  бері  ата  - 
бабасынан бері қарай өсіп-өніп, кір жуып, кіндік кескен, іркіп ішіп, шайқап төгіп жүрген, 
асқар  тау,  айдын  шалқар  көл,  мөлдір  сулы  өзен,  бетегелі  биік  бел,  нулы  тоғай, 
тамылжыған қонысында төрт түлік мал айдап, май шайқап жүрген қазақ-қырғыздың күні 
болған.  Оның  бер  жағында,  оянса  өңінде,  ұйықтаса  түсінде  көрмеген  жаңа  жұрт.  Жаңа 
көрші пайда болды. Ит арқасы қияннан келіп 20-30 жылдың ішінде Құдайдан соңғы қожа 
өзім  деп  жүрген  қоныстың  ортасынан  ойып  олар  орын  алды,  қала  салды.  Жердің  бетін 
айғыз-айғыз  қылды.  Тіршіліктің  текпісінде,  өмірдің  соқпағында  жаңа  келген  жұртпен 
тағдыры байланды. 
Бүл  жұрт  қайдан  қазақ-қырғыз  ортасына  қалай,  неге  келді?  Мұны  білетіндер  де  бар 
шығар. Сонда да жалпақ жұрттың барлығы тегіс біледі деп айтуға болмайды. Соның үшін 
қазақ - қырғыз даласына келген қарашекпенділердің жайынан олардың басынан кешірген 
түрлі  ауыр халдерінің жайынан, бүл  жаққа келуінің себептерін қысқаша жазып отыруды 
лайық көреміз. 
Орыс патшалығының Европадағы, оның ішінде әсіресе, оңтүстік пен оңтүстік күн шығыс 
жағындағы жерлері жақсы егістік. 

184 
 
Россия мемлекетінің негізгі шаруасы - ауылшаруашылығы яғни, диханшылық. Халқының 
көпшілігі де егінмен тіршілік қылатын қара шекпендер, сандары жүзден. 
1861 жылға шейін ішкі Россияда жердің көбі, маңыздысы патша хүкіметінің тіреуі болған 
патшаның  өзінен,  тұқымынан  бастап,  ақсүйек,  аруақ  қонып,  нар  шөккен  шынжар  қатар 
жуан тұқым, төрелер, алпауыттар, байлар, жуан жұдырықтар қолдарында болатын. Россия 
халқының көпшілігі болған қара шекпендердің жастары байлаулы, аналардың құлақ кесті 
құлдары  болатын.  Қара  шекпендердің  басында  ерік  жоқ,  қожаларының  мүлкі  болып 
саналып, сатса да, шапса да, өлтірсе де, тірілтсе де, итке, құсқа айырбастаса да ерікті еді. 
Қара шекпендердің ері құл, қатыны күң болып, байлардың жерін айдап, жұмысын істеп, 
табан ақы, маңдай терімен табылған пайда байлардың кеңірдегіне түсетін. Қарашекпендер 
еңбегіне аштан өлмей, көштен қалмайтын азық-түлік қана алатын. 
Қарашекпендер  байларға  құл  болып  жүргенде,  көрмеген  қорлық,  ұрлық,  жемеген  азап, 
тартпаған  қасіреті  жоқ.  Орыс  қара  шекпендерінің  құлдық  заманы  орыс  жұртының 
тарихында  ең  қараңғы  дәуір.  Бұл  турасында  уақытында  орыс  халқының  өз  арасында 
жазылған қорлық кітаптар да коп. 
Адам  баласының  адамшылық  сезімін  сыртқа  теуіп  шықпай,  көрген  қорлық,  зорлығы 
елеусіз ешуақытта өнбекші емес. Бұл табиғаттың жалпы заңы. 
Россия  байлары  қара  шекпендерді  тіске  жұмсақ,  тілге  тәтті  хайуан  есебінде  ұстаса  да, 
өздерінің байлар сияқты бір басты, екі аяқты адам екендіктерін көрсетіп жүрген байларға 
қарсы  талай  бас  көтерген.  Жанжал  шығарған,  қан  төккен.  Жалпы  жұрттың  надандығы, 
әсіресе,  әскер  қызметінде  жүрген  сол  қара  шекпендердің  балалары  надандық  арқасында 
патша  хүкіметіне  тілсіз  құрал  болып  азаттыққа,  бостандыққа,  теңдікке  ұмтылған  қара 
шекпендерді қынадай қырған, қандарын селдей ағызған, күлін көкке ұшырып басатын. 
XVIII  -  ғасырдың  аяғында  XIX  ғасырдың  басында  құлдықта  жүрген  қарашекпендердің 
ауыр  халдері  орыстың  ақсүйек  -  адал  ниет,  елін  жұртын  сүйетін,  ұлтшыл  азаматтарын 
ойға қалдырады. Бұл кемшілікті, масқарашылықты жоғалту керек. 
Қара  шекпенділерді  «азат»  қылу  керек  деген  орыс  майданға  шығады.  Оқыған  зиялылар 
арасында пікір жүзінде үлкен қозғалыс басталады. 
Бір  жағынан  заманның  ағымы.  Тіршіліктің  тепкісі,  жұрттың  талқысы.  Екінші  жағынан 
қарашекпендер  кескекті  болса  да,  арсылдап  хүкіметтің  тақымынан  алуды  қоймай, 
шыдатпайды. Ақырында, патша Александр II 19 февральда 1861 жылы «Россияда құлдық 
жоқ, қарашекпендер азат» деген Жарлық шығарды. 
Бірақ, қарашекпендер «азат» болғанмен, төрт құбыласы сай болып, қой үстінде бозторғай 
жұмыртқалай қоймады. Дүниеге келген адам баласының тұрмысында тесік тамақ тепкісі 
күшті.  Тесік  тамақты  бітеу  үшін  түрлі  қаражат,  түрлі  әрекет  керек.  Осылар  арқылы 
адамдар баласы дүниеде тұрмыс үшін тіршілік майданына белсеніп түседі. 
Александр қарашекпендерге «азатсың» деген құр қағаз бетіндегі қуарған қу сөзден басқа 
«азат» болған қарашекпендерге еш нәрсе бермеді. 
Азат  болған  қарашекпендерге  өз  бетімен  тіршілік  қылу  үшін  егістік  жер,  ол  жерді 
жыртатын көлік, аспап, сайман керек. Азат қылғанда, қарашекпендердің бір парасына ғана 
аздап жер берілді. Көбіне жер де берілмеді. Аспап, сайман, көлік бұлай тұрсын. 
Қарашекпендерді  құл  кезінде  асырау  қожаларының  міндеті  еді.  «Азатсың»  деген 
Жарлықтан кейін байлар  енді бастарың бос, «біздің жұмысымыз жоқ» деген күйге түсті. 

185 
 
Барар  жер,  басар  тау  жоқ,  дәмдес,  тұздас  болып  едік  қой,  бізді  өлтірмессің  деп  қара  - 
шекпенді  жалындырды,  жалбартты.  «Сен  маған  басқа  да  керегің  жоқ  еді,  қайтейін,  сені 
тал түбіне аштан өлтірейін бе? Қайтадан бұрынғы орныңа бара ғой» деген болып, байлар 
бұрынғыдан  жаман  қарашекпеннің  қанын  соратын  жолға  түсті.  Байлар  енді, 
қарашекпендерді  құл  күнінде  тамақ,  киім  беруге  міндетті  болса,  енді  ол  міндеттен 
құтылып,  өзінің  мейірімділігімен  ғана  қарашекпендерді  алып  отырған  болды.  Қайтадан 
байларды  паналаған  қарашекпендердің  күні  бұрынғыдан  да  жаман  болды.  Өз  алдына 
тіршілік  қылмақшы  болған  талапты  қарашекпендер  байлардан  жер,  көлік,  аспап  жалдап 
алып  бақытын  сынады.  Бірақ  жалдап  алған  жер,  аспаптың  шарттары  ауыр  болып, 
талаптының  таудай  жігері  құм  болып,  ілгері  басқан  аяқ  кейін  кетіп,  шаруасы  оңала 
алмады. 
Уақытында  байларға  жалақыларын  төлей  алмай  кешіккенге  байлар  өсімді  жалғап  сала 
берді. Сонымен, байлар малын балалап өсіруде, қарашекпендер борышқа белшеден батып 
шырмала берді. 
Азат  болған  қарашекпенділердің  екінші  бір парасы  құлақтары  салбырап,  қайтадан  «мені 
қайтсін»  деп  байларына  бармады.  «Бадырақ  көз,  сенен  мен,  менен  сен  аулақ»  дегенді 
сарғайтып  келген  «бостандық»,  «азаттық»  екпіні  қатты,  толқыны  күшті  болды.  Құлдық 
қорлық  маңдайына  тиген  сорлылар  кіндік  кесіп,  кір  жуған,  қайғы-қасірет  тартқан  жерді 
тастап, «бостандық», «ерік» іздеп балапан басына, тұрымтай тұсына жөнелді, жөңкілді. 
Сондағы  қарашекпендердің  бет  алып  жөнелген  жақтары  Россия  патшалығының 
«бұратаналар»  туратын шет аймақтары: Орал  тауынан аса Сібір, Қазақстан, Кавказ тауы 
болды. 
Сонымен,  мұнан  60  жыл  бұрын  ішкі  Россиядан  шет  аймақтарға  қарай  азат  болған 
қарашекпендердің  «бостаншылық»,  «кең  орын»,  «кең  қоныс»  іздеген  қозғалыс  дәуірі 
басталды. 
Бұл  дәуірдің  бастапқы  30-40  жылдарында  іштен  қарашекпенділердің  көшуі  аса  күшті 
болмады. 
Оның  себебін  жоғарыда  айттық.  Азаттықтан  бұрын  қарашекпендер  байлардың 
жүмысшысы ақысыз, пулсыз бар шаруаларын істейтін еді деп қарашекпендер құлдықтан 
құтылған соң, өз алдарына түтін түтетіп, тіршілік қылу қамына кірісіп, «бостандық», «кең 
қоныс»,  «еркін  тіршілік»  іздеп  әр  жаққа  көше  бастады.  Бұлар  көтеріле  кетсе,  онда 
байларға тіске жұмсақ, тілге тәтті жалшылардың табылуы оңай емес. Сондықтан, байлар 
қарашекпендердің беріле ауып кетуіне қарсы болды. 
Үкіметке қарашекпендердің көшуіне неше түрлі бөгет, заң тәртіптер шығартты. 
Қанша  заң,  тәртіп  шығарғанмен,  іштен  қарашекпендердің  көшуі  аз  да  болса  үзілмеді. 
Хүкіметтің  рұқсатымен,  онан  рұқсатсыз,  оз  беттерімен  жалпы  құлдықтан  құтылған 
қарашекпендерді  көшірмейтін  заң  тәртіптері  болса,  хүкіметке  де  рұқсат  беріп, 
қарашекпендерді  көшіруін  үзбеді.  Мұның  мәнісі  мынау:  «Россия  патшалығы  орыс  үшін 
ғана» деген патша Александр үшінші  айтқандай, патша хүкіметі  тұтынған саясаттың бір 
негізі  «Россия  мемлекетіне  қарайтын  түрлі  бұратана  халықтарды  орыс  қылу,  орысқа 
айналдыру  болатын.  Олардың  (бұратаналар)  тілін,  дінін,  елдігін  жойып,  орыс  «ұлығы 
Россия»  біркелкі  ғана  жұрттан  болуы  тиіс  деген  пікір  көне  хүкімет  заманында  өшпеген. 
Оны  жүзеге  шығаруға  керекті  түрлі  шаралар  да  істелген.  Ішкі  Россияда  «бұратаналар» 
арасында,  бұл  мақсаттың  жүзеге  шыққан  орындары  да  болды.  Мысалы,  шоқынған 
ноғайлар, мешерлер, мардуалар... 

186 
 
Сондағысы,  көздеген  мақсаты  -  шет  аймақтарда  жүзеге  шығармаққа  патша  хүкіметінің 
қолданған «керекті шараларының» бірі іштен қарашекпендерді көшіріп, орналастыру еді. 
1905-1906 жылдардағы халықтың хүкіметке қарсы қозғалысын басып, 1907 жылы 3 июнь 
заңы  бойынша,  іш  министрі,  аты  шулы  Столыпин  таққа  мініп,  «Шолақ  Дума»  ашып, 
хүкімет шымылдық қылып, бетіне ұстап, халыққа  «өксіген  арманың» беріліп отыр деген 
қылып, хүкімет мемлекет тізгінін тағы жиып алды. Россияны тағы қара бұлт басты, 1910 
жылдан  кейін  патша  хүкіметі  қол-аяғын  бауырына  алған  соң,  елді  айдап,  өргізіп,  иіріп 
жусататын болды. 
1912  жылы  орыс  хүкіметінің  бас  мекемесі  (святейший  Синод)  Россияның  шет 
аймақтарындағы  бұратаналардың  жерлерін  алып,  ол  жерлерге  қарашекпендерді  көшіріп, 
орналастыратын бас мекемесіне (Переселенческой управлениеге) құпия хат жазды. Мұнан 
былай  шет  аймақтарға  бұратаналар  жерін  алып,  ол  жерлерге  қарашекпендерді 
орналастырғанда  бұратаналардың  арасына  орыс  балаларын  араластырып  отырғызу  тиіс. 
Түбінде орыс қарашекпендер орналасып болғанда бір бұратанаға екі орыс келетін болсын. 
Осы жағын өте ескеру керек деп. 
Бұл  құпия  хатты  қолға  түсіріп,  жұртқа  жария  қылушы  киіз  туырлықты  қазақ-қырғыз 
халқына  аты  таныс,  ісі  қанық  ардақты  Әлихан  Бөкейхан  баласы.  Бұл  кісі  жоғарыдағы 
хатты  қолға  түсіргеннен  кейін  Дума  арқылы  хүкіметке,  бұл  рас  па,  рас  болса,  мұның  не 
деген  сауал  бергізіп,  мезгілінде  орыс  газеттеріне,  Орынборда  шығатын  «Қазақ»  газетіне 
басқан. Әрине, сауал жауапсыз қалды. 
Түркістан  топырағында  қарашекпендердің  бірінші  аяқ  басып  кіруі  1868  жылдарда 
басталды. 
Басында  келген  қарашекпендердің  көбі  «өз  беттерімен  жер  іздеушілер»  болды. 
Келімсектер ішінде қарама хүкімет рұқсатымен көшіп келгендер де болды. 
Түркістанға  келген  қарашекпендер  берсе  қолынан,  бермесе  жолынан  жергілікті 
халықтардың  пайдаланып,  тіршілік  қылып  отырған  жерлерінің  жақсысына  орналаса 
бастады.  Жерден  айырылған  ел  хүкіметке  келімсектердің  істеп  жатқан  зорлық  - 
зомбылығын айтты. Бірақ, тыңдаусыз болды. 
Патша хүкіметі Түркістанды орыс баласы қан төгіп бағындырған соғыста түскен  «олжа» 
деген пікірмен жергілікті жұрттың мұң-мұқтажына құлақ салмады. 
«Азаттықтан»  соң  «бостандық»,  «кең  қоныс»  іздеп  өз  беттерімен  шет  аймақтарға  қарай 
жөнелген  қарашекпендер  болмаса,  іште  ұлтарақтай  жері,  төбесінде  күркесі  бар 
қарашекпендер тұрған жерлерін тастап еш жаққа қаңғымады. 
Сондықтан,  хүкімет  шет  аймақтарға  қарашекпендерді  көшіргісі  келгенде,  оларды  алдап-
арбайтын орындары да болған.  Көшуге қызықтыру үшін қарашекпендерге түрлі  жәрдем, 
жеңілдіктер  беретін  еді.  Мысалы,  Жетісу  облысына  келген  қарашекпендерге  үй  ішіндегі 
еркек  жан  басына  30  десятинадан  қолайлы  жер  берді  (Соңынан  қарашекпендер  көбейіп 
кеткен соң, ер басына  берілген 30 десятина жерді  10 десятинаға шейін кемітті). Әртүрлі 
мемлекеттің  міндетті  қызметтерінен,  салықтарынан  15  жылға  азат  қылды,  Түркістанның 
жергілікті  халықтарының  қатарында  келімсектердің  келгенде  жасы  15-ке  толмаған 
балаларынан бастап, келесі уақытқа әскер қызметінен азат қылды. 
Түркістанға  келген  келімсектер  егін  шашатын  сулы  жерлерге  орналасып,  оның  үстіне, 
хүкімет  тарапынан  түрлі  жеңілдіктер  көрсетілгендіктен  тіршіліктері  аз  уақыттың  ішінде 
оңала бастады. Бүл хабар іштегі қалған көршілес қарашекпендерге жетіп, басында орнын 
қимай көшуге самарқау болғандарды желіктірді. 

187 
 
Іштен шет аймақтарға көшуші  қарашекпендер көбейе бастады. Оның ішінде Түркістанға 
да. 
Түркістанға  келімсектер  екі  жолмен  ағылды:  1)  Сібірден  Семей  облысы  арқылы  Жетісу, 
Сырдария  облыстарына,  2)  Самар,  Орынбор  арқылы  Сырдария,  Самарқанд,  Ферғана 
облыстарына. 
Келген келімсектердің хүкімет көшіргенінен өз беттерімен келушілері коп болды. Көшіп 
келіп  қалғандардың  көбі  жергілікті  жұрттардың  жерлерінің  жақсысына  өз  беттерімен 
орналасып  орын  тебе  бастады.  Шаң  жермен  оңай  емес:  жергілікті  халықтар  мен 
келімсектер  арасы  жаманға  айналды.  Ұрыс  төбелес,  қантөгістер  басталды.  Ойламаған 
жерде хүкіметке жұмыс шығып қалды: қандай да болса келіп қалғандарды орналастырып, 
келімсектер  мен  жергілікті  халықтардың  арасын  реттеу,  уақытша  болса  да  жаңадан 
келімсектер келтіруді тоқтату керек болды. 
Келімсектердің  төніп  орнай  бастаған  орны  -  Жетісу  облысы  болды.  Сондықтан,  хүкімет 
жұмысын  Жетісудан  бастады.  Соның  үшін  1905  жылы  Жетісуда  келімсектерді 
орналастыратын жер өлшеушілер партиялары түзілді. 1906 жылы ол партиялар аудандық 
келімсектер  орналастыратын  мекемеге  айналдырылды  (районное  переселенческое 
управление).  Бұл  мекеменің  жұмысы  келіп  қалған  келімсектерді  орналастыру  жергілікті 
жұрттан қанша жер - су алуға болады? Ол алынған жерлерге орын қанша қарашекпендер 
алып келіп орналастыруға болады? 
Өз  беттерімен  келген  келімсектер  жалғыз  Жетісу  облысы  емес,  Сырдария,  Фергана 
облыстарына да аяқ салды. 
1906-1907  жылдарда  іштен  шет  аймақтарға  қарай  қарашекпендердің  көшуінің  екінші 
дәуірі  басталды.  Мұның  себебі:  1905-1906  жылдарда  Россияда  патша  хүкіметіне  қарсы 
қозғалыс  болды.  Ол  қозғалыста  көбінесе  қолға  «Қызыл  ту,  ауызда  жерлерін»  деген 
уранмен майданға іштегі жерсіз, жері аз қарашекпендер түсті. 
Ол қозғалыста патша хүкіметі  тәлтіректеп барып, аман қалып, есін жиып алуымен мына 
қызыл көзді пәлелерді: қарашекпендерді орналастыру, тыншыту керек екен деген пікірге 
мінді.  Оларды  разы  қылу  үшін  алдымен  тіршілік  қылатын  жер  беру  керек,  іштегі 
байлардың жерлерін оларға алып, үлестіріп бере алмады. Оның орнына оларды ит арқасы 
қияндағы,  шет  аймақтарға  айдады:  Сібір,  Қазақстан,  Түркістан,  Кавказдағы  «Қазына 
жерлеріне». 
Төрт  жүз  үй  орналасты.  Сонымен,  1910  жылдан  бастап  Түркістанда  оның  ішінде  қазақ-
қырғыздың  ауданында  (Жетісу,  Сырдария,  Фергана  облыстарында)  келімсектер  үшін 
жердің көбі алынып, отаршылдық саясатының ең күшті уақыты еді. 
1913  жылдан  кейін  отаршылдық  екпіні  басылып,  жер  алыну  саясаты  алынғандай  болды. 
Жер  алынбағанмен,  келімсектерді  орналастыратын  мекеме  қарап  отырмады.  Келіп 
қалғандардың түпкілікті орналасып болмағандарын жайластырумен болды. 
1913 жылдан соң Түркістанда жер алынудың  себебі  болғандығының екі  түрлі  мәнісі бар 
еді:  1)  Түркістанда  іске  татар  келімсектер  тіршілік  қылатын  жерлердің  алынып 
болғандығы. 2) 1914 жылы басталған сұрапылды Европа соғысы. 
Жаңадан келімсектер орналастыру  үшін патша хүкіметі  жаңадан жер, су  ауыр жұмысын 
ойлап,  хаттагей  бір  орындарда  жұмысқа  да  кірісіп  еді.  Бірақ,  соғыс  ашылған  соң,  ондай 
жұмыс жүргізбек түгіл, байтал түгіл, бас қайғы деген күйге ұшырап, жұмысты тоқтатты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет