Ташкент,
1922 жыл, 12 апрель
ҚОНАЙ ҚҰЛAFАН ТАС
Жаздың қайнаған ыстық күні, ел жайлауда, күн кешкіріп жан - жағына сәулесін шашып,
күн ұясына бата берді. Көк жүзі ашық, аспанда бір бұлт жоқ. Көнезін жер жүзін
қыздырған гүлдер кеш салқында хош иісі аңқып, түрленіп жан кірді.
150
Күнбатыс жақтан мұнарланған «Қоңырдың биігі» онан ұзайып, оңтүстік һәм солтүстікке
теңіздің толқынындай бұйраланып, созылып кеткен адыр-бұдыр төбелер. Сол төбелердің
бірінде біздің ауыл «Қоңырдан» домалап аққан бұлақ ауылдың жанынан өтеді. Бұлақтың
барып-барып жайылған жерінен сан мың жылқы су ішіп, өріске бет алып шығып жатты.
Қара құртша қаптап, төбенің басынан ауылға қарай маңырап шулап, құлай түскен қойға
қозы да қосылды. Жамырап қойға қосылған қозыларға жүгірген балалар қой теңізіне
араласып бастары ғана көрінеді. Айнала жайылған сиыр, боздаған түйе, маңыраған қой-
қозы, шулаған бала, шұрқыраған жылқы. Кешке жақын саңқылдаған құс дауысы. Бәрі ән
қосқандай қосылғанда күндіз жым жырт ауыл базар секілді болды.
Қотанда атып бақай ойнаған жігіттер ауылдың сырт жағына серуенге шыққан қыз-
келіншектер ауылға сән кіргізді. Отау үйлердің бірінде шырқаған «боздақтың әні»
саңғырап жондағы жылқышыға еркін естілуші еді.
Домбыраға қосылып ән шыққан үйдің есік алдында үйме - жүйме болып үйге анталаған
балалардың жабырларына қарағанда, ол үйде келін түскен яки, күйеу келіп жатқан бір
сауық - сайранның бар екендігін ойға түсіреді. «Бұдан жүз жыл бұрын Қоңырдың биігінен
аққан бұлаққа бір қыз орамалын жуып отырып, орамалын су ағызып әкеткен» деп айтады.
Сонан былай, ол бұлақ «қыздың булағы» деп аталған. Ауыл қыздың оңтүстігінде,
ауылдың жел жағында, Көк шоқы деген төбенің басында, кешкі салқынмен Киікбай
ақсақал серуенге шығып, күнше күркіреп, малдың өрісін түзеп, малшы-ғұлшыға таяғымен
нұсқап, басқарып отырды. «Қыздың булағы», «Көк шоқының» солтүстік етегін сүйкеп
ағады. Киікбай кейде тәтті қиял, терең ойға кетеді. Өткен кеткендерді ойынан бір-бірлеп
өткізіп, өз - өзінен күбірлеп, сыбырлайды. Ауыз басы жыбырлайды, кейде жүзінде шаттық
әсері білініп, кейде күңіреніп, күрсініп қояды. Өзі отырған «Көк шоқының» етегіне сылқ-
сылқ күліп, ағып жатқан «қыздың булағы» көңіліне шаттық берсе де, Киікбай өткен
күндерді ойлап, тағы терең ойға батады. Киікбай мұнан 50-60 жыл бұрын 25-тегі жас боз
бала, сол күнде осы «Қыздың» бойында сауық-сайран құрған. Жастық бастан кешкен
талай қызық көрген. Бұл күнде ондағы күні жоқ. Сақал шашы қурап, тісі түскен, үрт еті
солған. Тек әр жерде қадау-қадау сылқылдап түсуге жақындап тұрған үш-төрт қана тістері
бар. Түпкі азудан дәнеңе жоқ. Ол күнде бесті асауларды өкіртіп, жүгенсіз мініп кететін
Киікбай, бұл ақ таяққа ғана ие болып отыр. Анау ақ отауда жиылып сауық, сайран қылып
жатқан қыз-бозбалалардың арасында өзі бастап, ойынды өзі қыздыратын Киікбай, бұл
күнде ондай қызарған, жасарғанның арасына кірмек тұрсын, ондайлардан қашып, төбенің
басында қара құс құсап, таяғына сүйеніп айдалада жеке отыр. Киікбай қашпас еді,
қызарған, жасарған Киікбайды көргенде, бетін басып анандайдан қашады.
Киікбайдың жас күнінде мұнан 60-70 жыл бұрын сылқ-сылқ күліп асығып аққан бұлақ әлі
жүрісінен жаңылған жоқ. Күні бүгінгідей ағып жатыр. Ескі кеңеске құмар Темірғали келіп
Киікбайдың ойын бөлді. Темірғалидың Киікбай қарттан сұрайын деп құнттай алмай
жүрген сөзінің бірі, ауылдың күншығыс жанындағы биікте «Қонай қулаған тастың» мәнісі
еді. Темірғали ана тұрған биікті «Қонай құлаған тас» деп атауының себебі не дегенде,
Киікбай мынаны айтты: «Менің 16-17-дегі кезім. Ауыл анау тұрған Қонай қулаған биіктің
түбін жайлайды. Менің жас кезімде Қонай деген жігіт болды, бізге жамағайын болады.
Жігітті дұшпаны кемітіп тұрған бір өзім еді. Әттең, қолы қысқа, тоны келте болғаны
болмаса, Қонайдың дәл 25-тегі кезі. Уа, несін айтасың, өзі әнші, домбырашы, сөзге
шешен, бойы сырықтай. Шіркіннің сымбаты қандай еді. Өзі палуан, әрі топқа да түсіп
жүрді. Қонайға бүл өңірде жігіт сөйлемеуші еді. Тұрған бір өрім еді. Сөйтіп жүргенде
Қонай Тілеу деген кісінің Қамар деген қызымен көңіл қосып жүрді. Қамар да әйелдің
сұлуы еді. Міне, шырағым биыл 85-ке аяқ басып турмын, мен әлі осы жасымның ішінде
Қамардай сұлу әйел көрмедім десем өтірік болардай. Ондай әйелді Қудай жарата бермес.
151
Қамарды беріп отырған жері бір тап елдің байы, ауызынан жалыны шыққан Қожақұл.
Бірақ, Қожақұлдың баласы Бірден Қамарға лайық емес еді. Қамар Бірденді менсінбей
жүрді. Атағы бай баласы дегені болмаса, күйеуі есерсоқ аңғырт еді. Бірден Қамарға босаға
аттай келгенде біз ішінде болдық. Ол әсте Қамармен күндіз қатарға отыруға жарап, түнде
жанына жатқан кісі емес. Бала-шағамен қылжалаңдап, кей-кейде ойын көтермей
ашуланып, әркімдермен төбелесіп те қалған күндері болды. Күйеуді әдейі әурелеуге асық
ойнап, ұпай салып, ұртына асық тығып, талай шерттік және ұрты қызық еді томпиған.
Шерткенде тарс-тарс етіп тұрушы еді.
Ол күнде біздің ауылда бойжеткен қызы бар Қорас деген шал болды. Үйіне сүйкеніп
кетсек, бір бәлеге қаласың. Қазір жау шауып жатқандай елді дүріктіріп, түн ішінде айқай
салып түрегеледі. Боз балалар түнде Бірденді Қорас үйіне кіргіземіз деп алып барды.
Бірденді Қорасдікіне есік ашып кіргізіп, өздері мына үйде біреу жүр деп айқай салғанда,
Қорас айқай сала түрегелді. Бірден сасқалақтап есік табалмай, іркіт тұрған күбіге түсіп
кетті.
Бірден өз қалыңдығы Қамармен орындап күліп жетісіп, ол тақиясына тар келгендей, түнде
іркітке түсіп, күбі шелекті қиратты. Ертеңіне Қорас соны да бірталай сөз қылды. Бірденнің
есерлігі емес пе, бозбалалар осы біреу сиырды үйретіп берші деп асау сиырға мінгізіп,
сиыр Бірденді алып ұрғанда, тар белінің бір сауырыны сынып, Бірден көзі ақиып ессіз
болып талып жатты. Айта берсе, оның ақылдыға жанаспайтын істері толып жатыр.
Бірденнің үйінде жүргенде істейтін ісінің бірі - көп ит асырайды. Олардың ішінде не
қасқыр, не түлкі, тым болмаса қоян алатыны да жоқ. Он шақты ит асырайды. Бәрі де ұры
төбеттер. Бірден мырзаның иттерінің ірге қазып, ши жыртпайтыны жоқ. Ірге қазып, ши
жыртып, сүтін ішіп кеткен үйдің қатындары таң ертең ойбай салып жатқаны. Бірақ, Бірден
есалаң болса да, байдың ардақтысы болған соң ешкім бата сөз айта алмайды. Бірден
байдың мырза болғанымен, құс салып, ит жүгіртіп, аң аулаған кісі емес. Оның әдеті кешкі
салқынмен иттерін ертіп алып, ауылдың бірлі жарым иттерімен таластырады. Иті жеңіліп
бара жатса, бөтен итті өзі ура бастайды.
Шіркін, малды қойсайшы, көрші қоңсылары сол жынды Бірденді «Бірденжан, Бірденжан»
деп отырады екен. Қамардың Бірденге тым-ақ, барғысы келмей жүрді. Қожақұл бір тап
елдің мықтысы, аузынан жалыны шығып тұрған кезі, бетіне ешкім шыққан емес.
Қонайдың ойын кедей Қамардың беріп отырған жеріне беріп құтылатын малы да жоқ.
Екінші - малы болған күнде де, Қожақұл жесірін қоя беріп және де отырмайды. Тап сол
күндерде, Қожақұл не қыламын десе де құдіретінен келеді. Сонда Қонай мен Қамардың
арасында жүріп сөздерін жеткізіп тұратынмын. Ол кезде Қонайдың Қамармен жүретінін
тірі тышқан білмейді. (Киікбай таяғымен маңдай алдына нұсқап) Қамардың ауылы тап
осы төбенің астында отырады. (таяғымен «Қыздың бұлағына» нұсқап). Мына «қыздың»
жағасына келіп, Қамар аққу құсап жуынып, таранып кетуші еді. Кей-кейде Қонай Қамарға
осы төбенің астында жолығып кетуші еді. Қамар бір күн Қонайды көрмесе, отыра
алмайтын. Қамар сөйтіп жүргенде екі қабат болып, іші білініп те қалды. Ақырында
сұмдықтың кімнен келгенін сезіп, Қамардың әкесі Қожақұлға жесірін келіп алып кетсін
деп хабар салды. Екі-үш күннен соң, Қожақұл өзі бас болып 20-30 кісімен келіп қалды.
Жер тарылды, амал құрыды.
Қамардың әкесі тойын қылып ұзатқалы жатты. Аңду да күшті.
Қамар мен Қонай Тәңірге тапсырып не қылса да кетуге бет қойды. Қонайдың аты жақсы
еді. Жарлы болса да, бір атты оңдап мінетін. «Кер бесті» деген аты топтан озған, даңқты
жүйрік, қашса, құтылып, қуса жетеді. Қамар әкесінің «Көкқасқа» деген атымен қашпақ.
«Көкқасқа да бір топтың жүйрігі. Жұртта ес жоқ, ойын тойда». Қамар мен Қонайдың,
уәдесі бірікті, Киікбай көкке қарап, күн батып, қас қарайып шам жамырады (бұл кезде
152
кеш қара-күңгірт тартып еді). Дәл осы мезгіл жұрт орынға отырды. Күндізгі айтылған уәде
бойынша Көкқасқаны ерттеп, осы Көкшоқының түбінде тұрдым. Біраздан соң, астында
Кербестісі, Қонай да келді. Қамар да сытылып шығып, осы тастың түбіне келмек те. Біз
Қонай екеуіміз Қамарды күтіп тұрдық. Әні келеді, Қамар жоқ. Қамар көп кешікті. Көк
жүзіне ай да қалқып шықты. Дүниежүзі, ауыл, қора-қора тегіс көрінді. Біреу-міреудің
көзіне түсіп қаламыз ба? - деп бірақ, қыпықтап турмыз. Еш жан - жануардың дыбысы
естілмейді. Анда-санда «Көкқасқа» пысқырып қояды. «Арам қатқыр неге пысқырады?» -
деп ішімнен «Көкқасқаны» ұрысып қоямын.
Аппақ сүттей жарық айдың сәулесімен шағылысып, жалт - жұлт етіп ағып жатқан
«Қыздың булағы» міне, күні бүгінгідей, - деп Киікбай сөз арасында күрсініп бұлаққа бір
қарап қояды. Ауыл жақта Қамардың ұзатылатын үйінде шулап, ән қосып, өлең айтқан
қыздардың даусы естіледі.
Ойбай Құдай-ай, Қамар сорлы да, мына қыздардың ішінде бөгеліп, шыға алмай қала ма
деп мен уайым айтып қоямын. Ойында жаңғырықтырып ән шырқаған дауыс Қонайдың
жүрегіне найзамен қадалғандай - ақ болып тур. Қонай ат үстінде, мен жерде
«Көкқасқаны» ерттеп, тізгінін ердің қасына іліп, шылбырынан ұстап, Қамардың келуін
күтіп, келісімен міне жөнелгендей ғып даярлап турмын. Қонайға минут жылдай болып,
Қамар келгенше шыдай алмай турды. Әлден уақытта Қамар да келді. Қамардың сол
уақытта айы күніне жетіп жүрген кезі. Мен Қамарды қолтығынан демеп аттандырған
кезде созылып әрең мінді.
Оларды аттандырып, қош айтысып ауылға келсем, ойыннан әлі қыз, бозбалалар тарқаған
жоқ екен. Таң сарғайып атып келеді. Әрбірден соң, қыз-бозбалалар да тарқады. Мен «не
болар екен» деп жүрегім дүпілдеп отыр. Қамардың кеткенін әлі ешкім сезе қойған жоқ
екен.
Бір уақытта жеңгелері отауға күйеуге деп төсек салды. Енді қызды күйеу жанына әкелейін
десе, қыз жоқ. Жеңгелері ары іздеп, бері іздеп қызды таба алмайды. Қамардың
жоғалғанын үлкендер де сезді. Жұрт Қамар, Бірденнің әкесіне хабарландырды. Әп-сәттің
арасында ауылға жау тигендей болды. Олар да әуелде сақтықпен келген адамдар, аттары
белдеуде, 20-30 жігіт жан-жаққа тұра-тұра шабысты. Бейшаралар қолға түсіп қалар ма
екен. Неде болса, көзіммен көрейінші деп қуғыншының бірі болып, бір шолаққа жайдақ
мініп, әлгілердің соңынан мен де шаптым. Қуғыншылар төрт-төрттен, бес-бестен жайыла
шапты. Әлден уақытта ана қара төбенің аржағынан «мұнда-мұнда» деген айқай шықты.
Мен ішімнен әлгі сорлылар сорлы болды, қолға түсті-ау, Құдайдың ұрарын мана біліп
едім» деп сәуегей болып келемін. Айқайға қуғыншылар жиылды. Айқай шыққан жаққа
барсам, манағы кеткен Қонай мен Қамар қуғыншылардың алдында ғана кетіп барады
екен. Коп жер жібермей қуғыншылар Қамарды ұстап алды. Қонайдың аты еркін болса да,
Қамарды тастап кетпеді.
Сөйтіп жүргенде Қонай да қолға түсті.
Жігіттер Қонай мен Қамарды қайта айдап (Киікбай оң қол жағына таяғымен нұсқап) анау
қара төбеге жеткенше Қонайды жабыла ұрып келді. Қонай жаны қысылып, Қаратөбенің
басына шықты. Жігіттер төбенің басына бірге шығып, жан-жақтан қамалап ұрудан
тоқталмады. Қамар қуғыншыларға Қонайды көптің алдында ұрмай апарыңдар, жазасын
көп кессін деп жалынса да, қуғыншылар Қамардың ол сөзін құлаққа аспады. Көздеріне
қан толды. Қаратөбенің күншығыс жағы көлбеу, атпен шыға береді, күнбатыс жағы тіп-тік
жар.
Құлаған жан иесі тірі қалмайды. Қуғыншылар Қонайды ұрып өлтіретін болған соң, Қонай
артына қарап: «Қамаржан, хош, сенің үшін өлсем, арманым жоқ!» деп Кербестіге қамшы
153
басып, өзін жартасқа атты. Қонай жартастың етегіне түсті. Түссе де қабырғасы күйреп,
ауыз омыртқасы үзіліп түсті.
Кербестінің де сүйегі күл - күл болып кеткен. Қонайдың соңынан Қамар да өзін жартасқа
атайын деп ұмтылса да, қуғыншылары бар болғырлар Қамарды жібермеді. Қуғыншылар
айналып Қамардың атының басын ұстап, Қонайдың қулаған жеріне барды. Қанішерлер
Қонайдың басына барып, аңтарылып тұрды.
Сонда Қамар «Көкқасқадан» түсе қалып, Қонайдың басын құшақтап отырып жылап
айтқан жырының бір-екі аузы шала - пұла есімде қалыпты:
Сеніменен жыл жарым болдым жолдас, қарағым,
Жарым күндей болған жоқ, ішімде көп арманым.
Қазаң жетті уақытсыз, көп жендеттің қолында,
Тағдыр шіркін қор етті, дүниенің білдім жалғанын.
Жұлдызым ақты аспаннан, түсті тұман басыма,
Қан айдады өзіңді, қу төбенің басына.
Қия тастан қулады, жапан түзде жайрады,
Құдіреті күшті жасаған, көрсеткенің осы ма?
Аяулы сұңқар жан жолдас, сүйген жарың күң болар,
Ішімдегі жетімің қара табан құл болар.
Шамшырағым сөнген соң, Қожақұлға берген соң,
Бұрынғы дәурен түске енбес, ендігі күнім шер болар
— деп, Қамар зарлағанда мен сай-сүйегім сырқырап, шыдап тура алмадым.
Қамар Қожақұлдігіне барғаннан кейін үш күннен соң дүниеге бір ер бала келтірді. Осы
күнде Қожақұлдың інісі Атантай дегеннің баласы Олжабай деген жігіт Қамардан туып
қалған Қонайдың баласы. Пішіні тап Қонай сияқты. Көрген кісі сойып қаптап қойған ба
дер. Атантайдың қатыны пұшпағы қанамаған кісі. Бір шикі өкпеге зар болған соң, Атантай
бауырына салған.
Қамарды ұзатылып барған соң, бір көрдім. Құданың құдіретімен, Қамарды танымай
қалдым. Бұрын оң жақта хор қызындай Қамар, күңнен бетер боп қалыпты. Қожақұлдікіне
ұзатылып барғаннан кейін үш жылдан соң Қамар да өлді. Мықты атаның баласын, қой - ау
деймін, Қожақұлдың жемеңгерлері Қонайды өлтіргендігі үшін Қонайдың істеген ісін
қайшы қылып, Қожағұл жағы Қонайға құн да төлеген жоқ. Сөйтіп, Қонай құнсыз кете
барды. (Киікбай екі аяғын көтеріп бір күрсініп таяғымен нұсқап) Қонай анау Қаратөбенің
басында жартастан ат - матымен домалап, қазасы сол жерде біткен.
Сонан былай сол Қаратөбенің биігі «Қонай құлаған тас» аталған деп Киікбай сөзін бітірді.
Бекмұхамед Серкебаев
ҚҰРМАНБЕК БАТЫР
(Қырғыздың халық әдебиетінен)
Ілгері өткен заманда Ыстықкөл деген жерде Еламан деген бай болған. Әр түлікке сай
болған. Алтын-күміс, асыл бұйымдарға жетік болып, жалғыз кемшілігі қырықтан асып,
елуге жеткенше баласы болмаған. Елу жасқа толғанда бір еркек балалы болған. Еламан
бай той қылып, елі жұртын жиып, отыз күн ойын қылып, таң-тамашаменен өткізеді. Ат
шаптырып, палуан күрестіріп, ер сайыстырып жырғалады. Тойды өткеріп, қалың халық
балаға «Құрманбек» деп ат қояды.
154
Бәйбішенің толғақ болып жүрген күндерінен бастап байдың күріштен жем беріп, тоғыз
биеге теліп, бағып жүрген «Телторы» деген аты бар еді: Атты Құрманбекке еншілеп арнап
қояды. Құрманбек өседі, жасынан ақылды зерек болып, таза сүйекті, өзі қатарлы
балаларды күш жағынан да, сөз жағынан да жеңіп жүреді. Алысқанда әркімге қоймай
тұрған аққұба бала болды. Бес жасқа келгенде қалмақтың қаласын көріп, қарап бүл сөзді
айтады;
Жасым өсіп толсашы,
Батыр атқа қонсамшы,
Телторыны мінсемші,
Айқайлаған қалмақты,
Мұсылман қылып алсамшы.
Онға шыққанда: Телторыны мініп, ойын ойнап, тамаша қылып жүріп, ұсталарға жау
құралын жасатып алады. Жау десе тісін қайрап, екі көзі жайнап, ұрынарға тау таппай,
ұрысарға жау таппай, аш бөрідей жұтынып, түлкідей көзін жайнатып, қайда барсам деп
ой-ойланып ақырында Телторы менен ақ сауытын сұратып, атасына кісі жібереді. Атасы
бүл ісін жақтырмай: «Жау көрмеген жас бала, дау көрмеген мас бала, менің тілімді алсын,
үш жылға шейін бармасын! Үш жыл қатар өткенде, балтыр еті толғанда, палуан жағы
болғанда барар. Бұл кезде, мені әуре қылмасын» дейді.
Құрманбек атасының жауабын ұғып, қапа болып, тарпынып тұрмай жатып алады. Қапа
болғанын енесі біліп, шыдамай Еламанға айтып, Телторы менен ақ сауытты алып береді.
Құрманбектің қабағы ашылып, қару-жарағын алып даярланып, ел-жұрты, ата-енесімен
қоштасып жүріп кетеді. Батасын беріп, олар қалады.
Телторыны мініп, ақсауытты киіп, Ыстықкөлден шығып қалмаққа қарай жол тартады.
Талай күні жол жүріп, түніменен мол жүріп, қалмаққа жетіп бір шетінен шаба бастайды.
Қалмақтар мұны біліп, еліне жар салып, әскер жиып, қарсы шығып бірнеше күн соғысады.
Құрманбек қайратына келіп, қарыдан қан қылып, тізеден жең қылып қалмақтардың санын
кетіріп, сабасын ұшырып, 14 күн дегенде қалмақтарды қашырады.
Қашқан жауының артынан түсіп, қырып отырып, қаласына барып, ұрыс салып, торт
күннен соң жеңіп өзіне қаратады. Бәрін мұсылман қылады. Иман келтіртіп, намаз
оқытады. Құрманбек көңілі шат болып, көздеген дұшпанын жеңіп, қалмақтардан неше
түрлі асыл бұйымдар алып, қырық жігіт қосшы алып, үйіне қарай қайтады. Еліне келіп
есендігін біліп, тегіс амандасып болған соң, чоңг той қылып, бейшара қарпін, қожа
шайхын жиып, көп Құдайы береді. Қараша халқын жоғалтып, сән-салтанатыменен тойды
өткізеді. Ертіп келген қырық жігітке, бәріне бірдей ұқсас қара жылқыдан айдатып еліне
қайтарады.
Құрманбектің батырлығы, сұлулығы жұртқа жайылады. Мұны ұғып түсінде көріп, перінің
қызы «Қанысай» ғашық болады. Құрманбек Қанысайды түсінде көріп, о да ғашық болып,
ұйықтаған көзі су сепкендей ашылып, біріне-бірі ынтызар болып жүреді. Аяғында
Құрманбек іздеп жүріп, ат аздырып, тон тоздырып тауып Қанысайды алып келеді. Одан
соң бір талай заман өтеді. Еліне дәурен сүріп:
Қыр тасқа шығып жайлап,
Қырға құлын байлап,
Қымыз ішіп қызарып,
Қастасып келген дұшпанын,
155
Қамшыменен айдап.
Екі құлын байлап,
Басын қанға майлап,
Дұшпанын тоңқай бөктеріп,
Туғанын таудай көтеріп,
Жас жолбарыстай ұмтылып,
Ілебіне жаншып.
Қайқылаған көп елін билеп, Құрманбектің батырлығы ханнан асып, жоғарғыменен
төменгіге бірдей мәлім болады. Жасынан атқа мініп, мұсылман олжаға кіріп «Құрманбек
батыр» атанып, еріккен арыстандай болып жата береді. Сол кезде Қашқар деген қалада
өзбек деген ел болған. Аққан деген шоңы болған. Аққан өз алдынан болып, өзенді бойлап
қонып, өз еліне билігін жүргізіп ханнан хабарсыз, тыныш, ойнап-күліп жатқан кезінде:
қалмақтың ханы тыңшы кісі жіберіп жайын білдірген. Еш нәрседен хабарсыз жатқанын
қалмақтың тыңшысы қайтып келіп ханға хабар береді. Қалмақтар елі жұртын жиып,
«осындай дауменен де ісі жоқ, жауменен де ісі жоқ, тыныш жатқан ел бар екен, осы кезде,
бар-ақ елін шауып алып, еркін олжаға кіреміз. Ханын қамап алсақ, бұқарасы қайда
барады» деп ақылдасып, үш күнде жарлық - жабдықтарын даярлап алып, бірнеше мың
қалмақ Аққанның еліне қарап жүрді.
Аққанның шаһарының шетіне келіп қалмақтар кеңесіп тұрғанда, бір батыры шығып, мұны
айтты: «елдің бір шетінен кіріп, шауып ала бергеніміз болмайды, бүгін кісі жіберіп хабар
берелік. Ертең ұрысқа шықсын деп, егер шықпаса бізге қарап берсін» деп. «Біз қандай
болса да, алыссақ аламыз, ұрыссақ жеңеміз. Немене айла қылса да, қандай батыры болса
да күшіміз келеді» деді. Қалмақтар мақұл көріп, Аққанға кісі жіберіп, өздері қаланың
шетінде бір жайлы жерге түсіп жатып қалды. Аққан елшінің сөзін ұғып, не қыларын
білмей, алақтап сасып қалды. Түн бойынша елін жиып, ақылдасып ешбір ақыл айла таба
алмай, аяғында Аққанның өзі мынадай дейді: «Біз әзір ұрысып үдесіне шыға алмаймыз,
бәрібір жеңілеміз, одан көрі 15 күн рұқсат сұрайық, рұқсат берсе, жай жатып ақылдасып,
одан бір айласын қылармыз. Өлсек те армансыз болып өлейік. Бар күшімізді жиып, 15
күннен кейін ұрыс қылайық» дейді. Жұрты мұны мақұл көріп, қалмаққа кісі жібереді.
Қалмақтар Аққанның күшінің келмесіне көзі жетіп, мейлі деп 15 күн рұқсат береді. Өздері
сұраусыз мал жеп, қуанысып, ұрандасып жырғап жата береді.
Аққанның ішкені ірің, жегені желім болып тамағы бойына жұқпай қайғы тартып ол қалды.
Осындай болса қолдарынан келгенінше ұрысқа қамданып жатты. Ендігі сөз Құрманбек
батырдан. Құрманбек батыр кең жерде ерігіп, жас бөрідей ойын салып жатып ой ойланды.
Бекер жатқанша атамнан Телторы менен ақсауытты сұратып алып, Қашқарға сапар
қылсам. Жанынан сүйген жақын жары Қанысайға ақылдасса, ол да дұрыс көрді. Атасына
Қанысайды жіберіп, ат пенен сауытты сұратты. Атасы беріп тұрып келініне айтты: «бір
жолы бердім, будан кейін ат, сауыт деп құлағыма ұғызбасын» деп. Бұл жолы да беруге
ниеті жоқ еді. Енесі алып береді. Еламан атағы шыққан бай болса да, малға қарау, өте
сараң адам еді.
Құрманбек батыр ат пенен сауытты алып келген соң, әбден қуанып, жүруге даярланып
жатып, елін жиып бұл сөзді айтады: «Өзім жалғыз, ата-енем қарыған, алысқа сапар қылып
барам. Аман болсам, үш жылда келермін, осыға шейін қарыған ата - енемді, Қанысайды
қапа қылмай, мені жоқтатпай бағып турарсыздар, Қанысайдың бойында алты айлық бала
қалды, еркек болса атын Табылды қойыңыздар, қыз болса өздеріңіз білерсіздер, бәріңізді
бір Құдайға тапсырдым» деп жүріп кетеді.
Телторыны мініп, ақ сауытты киіп, алғыр құстай талпынып, Қашқарға қарай бірнеше күн
жол басып, күні-түні мол басып жетіп қалаға кіреді. Кіріп бір жерге түсіп, торт күн
тынығады. Қашқардың халықтары бөрі тиген қойдай үрпиіп, күн өткен сайын қапа
156
тартып, қалмақтан қандай айламенен аман қаламыз деген қайғылары бар екенін
Құрманбек батыр жатқан жерінен бәрін сұрап біліп алды. Сонда бір қария адам келіп:
«қарағым, қайдан келген баласың, атың ырғайдай, өзің торғайдай болып жарапсың» деді.
Құрманбек батыр оларға өз жайын білдірген соң, олар сүйініп ханға сүйіншіге кісі
жібереді. Аққан сол кезде ақылынан ажырап немене қыларын білмей әлсіз адамдай болып,
ауырған кісідей түсі кетіп, үйінен шықпай қалған екен. Хан сүйінгенінен тұра алмай,
қырық жігітін жіберіп, Құрманбек батырды алдырды. Құрманбек келіп ханға сәлемдесіп,
сөйлесіп отырып: «қалмақты қайтарсам қандай сый көрсетер едіңіз» деп Аққанды сынап
сұрайды. Аққан: «хандығымды берейін, балам», деп уағда қылады. Сол кезде
қалмақтардың уағда қылған 15 күні бітіп, ұрысарға шыққын деп қалмақтан кісі келеді.
Сонда Құрманбек Телторы атын мініп, ақ сауытын киіп соғысқа шығады. Қалмақтар
Құрманбекті көріп қатарлап атқа мініп «Жақ» деп ұрандап ат қояды, Құрманбек батыр
қойға тиген бөрідей қалмақтың ортасына түсіп қылышпенен шауып, садақпенен тартып,
мылтықпенен атып, қаридан қан, тізеден жан болып күні-түні 10 түн ұрысып,
қалмақтардың санын кетіріп жібереді. Қалмақтар қашуға даярланып, тағы үш күн ұрысқан
соң, айласы кетіп Құрманбек батырға қарап береді.
Құрманбек батыр қалмақты жеңіп, Қашқардың елін олжаға қарық қылады. Қалмақтарды
қайтарып, қаладағы Аққанның үйіне келіп түседі. Аққан Құрманбектің батырлығына разы
болып тағынан түсіп хандығын береді. Жан қимай тұрған ақыреттік дос болады.
Құрманбек батыр Қошқарды билеп, әділдікті жүргізіп үш жыл тұрды. Бір күні отырып
ата-енесі, Қанысай ойына түсіп қайтуға ойланып Аққанды шақыртып алып, бұл сөзді
айтты: «Келгеніме үш жылдай болды. Қарыған ата-енем бар еді, ел жұртым қандай күйде
екені белгісіз, аяшыңыздың бойында алты айлық бала қалған еді. Өлмесе, үш жасқа
шыққан шығар. Сіз енді өз орныңызға отырыңыз, мен ертең қайтайын» деді. Аққан разы
болды. Құрманбек қоштасып жүріп кетті.
Бірнеше күн жол жүріп, еліне аман-есен жетті. Ата-ене, бала-шағасына амандасып, елі
жұртын жиып, баласына шоң той қылды. Ат шаптырып, ер теңестіріп, жамбы аттырып
неше күннен соң халқын таратты. Бұл той елдің есінен кетпей тұрған әбден шоң той
болды.
Телторы менен ақ сауытты өзі алды. Құрманбек бұрынғыдай дәурен сүріп, қай қалаған
коп елге әділдікпенен билік жүргізіп, қырғыздың ханы болып атанып жата берді.
Телторыны атасы алып қойған соң, Телторыменен бірге тұрған Жалқасқа деген құлынды
бағып өсірді.
Жалқасқа өсіп, екі есе болса, Телторыдан артық болмаса, кем болмайды деп жүрді. Үйден
шығармай құдықтан су беріп, күріштен жем беріп, бағып жүріп құнан болғанда: үйден
алып шығып үстіне терлік салып, алтын ерді тоқып, Құрманбек батыр мініп көріп еш
жерінен мін таппады. Жалқасқа екі есе болғанда, еріккен жігітке табылмай тұрған ат
болар деп орнына кіргізіп қойды.
Мынан соң бір жыл өткенде қалмақтар Құрманбек батырға кісі жібереді. «Менменсіген
батырларды табанына салып басқан, батырлығы асып, көптің жүрегіне майдай тиген
Құрманбек, болса, үш күнде даярланып ұрысатын жеріне шықсын» деп. Бүл сөзді ұққан
соң қалмақтың елшісіне ұрысқа шықпақ болып уағда қылып қайтарады да, атасына
Қанысайды Телторы ат пенен ақсауытын сұратып жібереді. Онда Еламан бай баласының
ат сұратып жібергеніне ашуы келіп бүл сөзді айтады:
Телторы, атым бермеймін,
Телторы, атым тер болад.
Ақсауытым кір болад,
Ақ сауытты кигенде,
157
Телторыны мінгенде,
Алпыста құрған жан,
Алты жасар баламын.
Аттанып шықсам далаға,
Арқар шауып аламын,
Жалғыз балам Құрманбек,
Бір өлмектен мың өлсін.
Перінің қызы - Қанысай,
Қайқалаған қаншық-ай,
Жайдақ атқа мінгізіп,
Құралып келген, көп қалмақ,
Алып кетер күн қайдай.
Бұл сөзді Қанысай ұғып, Құрманбекке келіп айтты. Бұл сөзге, Құрманбек тарпынып, алты
қабат темір үйінің ішіне кіріп жатып алды. Қалмақтар болжаған күні келіп, Құрманбек
қашан шығады деп қарап тұрды. Перінің қызы Қанысай Құрманбек батырды
қайраттандыру үшін қалмақтан жатып өлгенше, атып өлемін деп Жалғасқаны мініп,
қылышын қанға салып, садағын қолына алып, басын қытай жаулығыменен байлап алып,
Құрманбек батырдың ұлпағын киіп шығуға даярланады. Құрманбек мұны көріп шыдай
алмай, қайраттанып «өлсем шейт болармын, өлтірсем қазы болармын» деп үйден шығып,
Жалғасқаға мініп қалмаққа қарай жүрді. Құрманбек батыр қалмаққа келіп, ақ ұлпағын
киіп, айқайлаған қалмаққа лашындай тиіп, қылыш жеткен жерін қырып, садақ жеткен
жерін тартып, батырларын сойып, көңілі әбден тойып, 15 күн қызыл қанның үстінде жүріп
соғысты. 16-шы күні қалмақтар қашуға бет алып, сөзі қайтты. Бірақ, Құрманбектің
Жалғасқасының балтыры жуылып, жастық қылып аяғы жорғалап қалды.
Қалмақтар қашуға бет алғанда, тоқсанға шыққан ұрыспенен көзін ашқан, «Бейқұр» деген
қалмақтың шалы елін тоқтатып, бүл сөзді айтты: «Құрманбектің мінгені Телторы болса,
бізден тұқым қоймайды, одан да қашалық, егер басқа ат болса қашырып ұрысалық» дейді.
Өзі бір төбеге шығып дүрбі салып қарап, Жалқасқаның ақсап жүргенін көріп, қалың
қалмақ ат қойып қашырып қалды. Нақ сол кезде, Жалқасқа шаршап, басын жерге салып
тұрған кезі еді. Құрманбек батыр өзі өлерін біліп, Жалқасқадан түсіп, өзіне-өзі иман
айтып, жануар екі есе болғанда еріккен жігітке табылғыз ат болар едің. Амал бар ма, деп
ойлап тұрып, қалмаққа қалдырғанша сені мынадай қылайын деп қылышыменен
Жалқасқаның басын шауып тастап, аузын құбылаға қарап тура берді. Сонда Бейқұр
қалмақ келіп, Құрманбекке бұл сөзді айтты:
Оң қабырғаңды аралап,
Сөгейін бе, Құрманбек.
Қара қаның далаға,
Төгейін бе, Құрманбек.
Қырық қабырғаңды аралап,
Сөгейін бе, Құрманбек.
Қызыл қаның далаға,
Төгейін бе, Құрманбек.
Құрманбектің жауабы:
Ажалым келсе, өлейін,
Ақ жазғанын көрейін.
Тағдырым жетсе, өлейін,
Тақ жазғанын көрейін,
Азусын жалап тоймаған.
Асыл торы, ат палуаным,
Алдымда болып қалмадың.
158
Айқайлаған қалмақты,
Мұсылман қылып алмадым.
Ішімде қалды арманым,
- деп басын тосып берді. Қалмақтар ұрандасып келіп, ақ ұлпағын алып, қиналып жатып
өлсін деп найзаменен пішкектеп, найзаның ұшына у сүртіп жүректің айбалтасынан салып,
шалқасынан салып жерге қадап кетті.
Ендігі сөз Қашқардағы Аққан жайынан: Аққан бір күні ой ойлап отырып, артық досы
Құрманбек ойына түсіп, барып баласын жетектеп келейін деп алпыс нарға алтын, асыл
бұйымдар артып жылқысынан шыққан. Көк дөнен деген атын алып, қырық жігіт қосшы
алып келе жатқанда: жолда қалың жаңбыр жауып, самал болды. Аққан жігіттеріне жүкті
түсіртіп, жатып қалды. Құрманбек үш күн есін білмей жатып, бір күні көзін ашса,
бауырындағы найзаның ұшында қонып отырған қарғаны көреді: жатқан жерінен тұрайын
деп үпділдеп көкірегін көтеріп алды.
Найзаның жерге батқан жағынан қазандай болған қарашым қоңтарыла келеді. Бір
жамбасыменен желіп отырып, өлі жолдың бойына барып хәлі кетіп жатып қалады.
Батырдың көңілі жасып, жалғыз баласының атын бермей қойғанына арманда болып
жатқанына қайғы жеп, қапа тартып, көзінен жасын төгіп, жолды қарап шемен жаннан
күдер үзіп тұрған кезінде шоң жолды шаңдатып келе жатқан керуеншіні көріп бұл сөзді
айтты:
Айсары атты керуендер,
Тілегін Құдай берген дер.
Атыңның басын бұра кет,
Менен хабар ала кет.
Қайқалаған көп елге,
Қайырылып, хабар сала кет!
Алты байыса, там қалды,
Түйе өткен керуендер.
Алты жасар баламды,
Сүйе өткен керуендер.
Жеті байыса, там қалды,
Түйе өткен керуендер.
Жеті жасар баламды,
Сүйе өткен керуендер.
Аққан:
Қарарыңқы көрінген,
Хан Құрманбек қаласы.
Қақсап, боздап айлаған,
Қай мұсылман баласы.
Біреуің барып қарашы,
Жігіттер қай жерінде жарасы,
Бір жігіт келіп жөнін сұрады,
Құрманбек:
Менің атым сұрасаң,
Еламан байдың Құрманбек.
Елеріп жауға тием деп,
Ежелден Құдай ұрған бек.
Менің жайым сұрасаң,
Еламанның Құрманбек.
Есіріп жауға тием деп,
Еңгіреп елеп тұрған бек.
159
Жігіт Құрманбектің сөздерін ұғып, өзін көріп барып Аққанға айтты. Аққан «менің достым
Құрманбек болса, мұндай жерде өлмей тұрған ер еді» деп сенбей келіп қараса, найзаменен
бауырынан сойылған адам жатты. Аққан танып, аттан қулап түседі. Есін жия алмай
тұрғанда, Құрманбек көзінен танып бұл сөзді айтады:
Арқа мойын, жайдақ түс,
Көзің жақсы көрінед.
Әрбір түрі кеп айтып,
Сөзің жақсы көрінед.
Ұлар мойын, жайдақ түс,
Көзің жақсы көрінед.
Әрбір жылы кеп айтып,
Сөзің жақсы көрінед.
Аққан сөзін ұғып, есі суып, еміне қыларын білмей жалтарып қарады да қалды. Онда
Құрманбек атасының ат бермегенін айтып зар қылып айтқаны:
Алпыс есе болғанша,
Азу сын жалғап тоймаған.
Асыл түрі ат палуаным,
Алдымда болып қалмадың.
Айқайлаған қалмақты,
Мұсылман қылып алмадым.
Ішімде кетті арманым,
Алты байыса дуалым.
Телторыны бермеген,
Атама жетсін обалым.
Аққан:
Алпыс нарда алтын бар,
Алсын деп алып мен келдім.
Алмайсың ба, жан достым,
Жетпіс түйеде, шайы бар.
Кисін деп алып мен келдім,
Кимейсің бе жан достым.
Жылқы ішінде, көк дөнен,
Мінсін, деп алып мен келдім,
Мінбейсің бе, жан достым.
Құрманбек:
Алпыс нарда алтынды,
Алсын деп, алып сен келсең,
Аларға менде шайман жоқ,
Бойда қару қалған жоқ.
Жетпіс түйеде шайыңды,
Кисін деп алып, сен келсең,
Киерге менде шайман жоқ,
Киюдей қару қалған жоқ.
Жылқы ішінде, көк дөнен,
Мінсін деп алып сен келсең,
Мінерге менде, шайман жоқ.
Мида ақыл қалған жоқ,
Алтыннан, Қалған бедер бар,
Мойныңа алып тағып ал,
Алты жасар балам бар.
160
Арсыз шалған қор қылмай,
Қолыңа алып бағып ал,
Гауһардан қалған бедер бар,
Мойныңа алып, тағып ал,
Жеті жасар балам бар.
Жетесіз шалға қор қылмай,
Жетелеп жүріп бағып ал,
Алтыннан топшы тағарда,
Ай тигізіп бағарда
Сынып қалды білегім,
Жетпей қалды тілегім,
Күмістен топшы тағарда,
Сынып қалды, білегім.
Көміліп қалды тілегім,
Алты байыса, ақ тамды,
Арқалай басып қапсырдым.
Алты жасар баламды,
Бір өзіңе тапсырдым,
Жеті байыса ақ тамды,
Желкелей басып қапсырдым.
Жеті жаста жалғызды,
Сен өзіңе тапсырдым,
Тұрсаң, сенің қойныңда,
Жатсаң, кірсең қойныңда,
Жалғызды мендей бақпасаң,
Алты аруақ, сенің мойныңда!
Мен аруақтан құтылдым,
Сен аруаққа тұтылдың,
Ұсталардан дат қалды.
Молдалардан хат қалды,
Құдайға ісім жаққаны.
Айдап мында жеткізді,
Қашқардағы Аққанды.
Алпыста атам ай.
Алты жасар балам ай,
Оларға қайтіп барам ай,
Жетпісте атам ай,
Жеті жасар балам ай,
Аққан дос, аға қандай барам-ай
Құрманбек бұл сөздерді айтты: қаруым кетіп барады достым, бауырымдағы қазғақты
тартып ал деді. Аққан мұны ұғып, қазғақты суырып алды. Құрманбек батырдың шайманы
кетіп: Аққан, жалғызымды саған тапсырдым, сені Құдайға тапсырдым деді де, дүниеден
кайтты. Аққан екі-үш жігітін Қашқарға жіберіп, ұста алдырып, артып жүрген алтындарын,
асылдарын сарып қылып күмбез салдырды. Молдаларына Құран оқытып, адалдатып
қойып, Құрманбектің қаласына қарай жөнелді. Үш - төрт күн жүрген соң, қаланың қарасы
көрінді. Жақындап келгенде бір есек мінген баладан Құрманбек батырдың үйін сұрады.
Бала көрсетіп тұрып тетігі дуалдың басында қарап тұрған қатыны мен баласы деді. Аққан
жолдастарына қарап:
Қарарып бізге көрінген,
Хан Құрманбек қаласы.
Қайырылып бізді қараған,
161
Қазатты ердің баласы.
Бозарыңқы көрінген,
Биі Құрманбек қаласы.
Белсеніп бізге қараған,
Белгілі ердің баласы.
Жақын келіп қалған керуеншілердің бүл сөзін Қанысай ұғып,«бұлар еміне дейді» деп ер
жетіп жүрген баласын жерден көтеріп алады. Аққан келіп Құрманбекті сұрап тұрып, бұл
сөзді айтады:
Ай қиядан баттың ба,
Ай, шырайлың аяшым.
Аман-есен баттың ба,
Күн қиядан баттың ба,
Күн шырайлық, аяшым.
Аман-есен, жеттің бе,
Жерген кеткен Құрманбек.
Жеті айына күйейін,
Жеті жасар балаңды,
Алып берші сүйейін.
Алысқа кеткен Құрманбек,
Алты айына күйейін,
Алты жасар балаңды,
Алып берші сүйейін.
Баланы қолынан тастап жібермесін деп, сұрап алып тұрып бұл сөзді айтты:
Жан досымнан айрылып,
Жалғыз болып мен келдім.
Құйрығымнан айрылып,
Сопал болып мен келдім.
Мүйізімнен айрылып,
Тоқал болып мен келдім.
Аққан бұл сөзді айтса да, Қанысай білген жоқ. Одан Аққан мұны айтты:
Жерген кеткен Құрманбек
Өлгенде қандай білмейсің
Жеті шәугім суменен
Адалдатып жудырып
Бас-аяғын будырып
Көмгенді қандай білмейсің
Алысқа кеткен Құрманбек
Өлгенде қандай білмейсің
Алты шәугім суменен
Адалдатып жудырып
Бас-аяғын будырып
Алыстан ұста алдырып
Алтындап күмбез салдырып
Көмгенді қандай білмейсің –
деп, Аққан көзінің жасын төгіп жіберді. Перінің қызы Қанысай ай тигендей жарық етіп,
жығылып кетті. Ішінен жатып тынып, аш бесім жатып тұрып бұл сөзді айтты:
Алты қанат ақ үйді,
Арқалай басып қапсырдым.
Алты жаста жалғызды,
162
Аққан дос, саған тапсырдым.
Жеті қанат ақ үйді,
Желкелей басып қапсырдым.
Жеті жаста жалғызды,
Аққан дос, саған тапсырдым,
деп есі ауып жатып қалады. Айылындағы еркек-ұрғашы да бей жиылып келіп,
Құрманбекті жоқтап кейіп жатқанда, перінің қызы Қанысай тұрып, керегедегі шоң
пышақты алып ішіне салып қалады.
Босағада сап пышақ,
Байлап суырып алды емі.
Боздап жатқан көп жандар,
Бірі білмей қалды емі.
Ішіне пышақ салды емі,
Керегеде сап пышақ.
Керіліп суырып алды емі,
Кейіп жатқан коп жандар.
Бірі білмей қалды емі,
Ішіне пышақ салды емі.
Қанысайдың пышақ салып өлгенін көріп, Құрманбек батырдың көп елі бұрынғыдан жаман
кейіп, өлікті жақсылап қойып тарқасты.
Аққан жанына үш кісі ертіп, Еламан бай жырғалдап жатқан екен. Аққан Еламан байға іші
күйіп, бүл сөзді айтты:
Жалғызға бер бес Телторы ат,
Иық жалдан қанасын.
Қу бас шалдың өлігін,
Қарға, құзғын таласын.
Батырға бер, бес Телторы ат,
Еркін жүріп жауырын.
Қартайғанда қу бас шал,
Кетпес кезек ауырсын.
Еламан бұл сөзді ұғып, «Құрманбекке күйімді қайдан келген еме» деп, қылышын ала
жүгіріп «Құрманбек бір өлмектен мың өлсін, ондай балаларды жуырқанды бір сіліккенде
табамын» деп, қылышпенен шабарда Аққан аттан түсе жүгіріп, арқадан құшақтап жерге
ұрып, сақалын жұлып, екі қолын артына байлап тұрғанда, Телторы ат құйрығын сыртына
салып ойын салып келіп, Аққанның жанына тұра қалды. Аққан Телторыны қармап алып,
Еламанды құйрығына байлап жіберді. Телторы ат Еламанды сүйреп қыр тастың басына
шығып қайтып келгенде, салдыраған сүйегі ғана қалды. Аққан Еламанды өлтіріп қайтып,
Құрманбектің үйіне келеді. Елі-жұрты жиылып Құрманбек батырға қайғырып, қапа
болып, Еламанды көмбей сүйреп тастады. Аққанды елі хан қылып сайлап алды. Аққан
бірнеше жыл хан болып, Табылдыны досы Құрманбек тапсырғандай жатса қойнына
салып, тұрса мойнына алып жүріп бақты.
Табылды жетімшілік көрмей өсіп, 12 жасқа толды. Табылды қырық жігітті ержетіп, ит
ағытып, құс салып, көлікке мініп, асылды киіп сайрандап жүрді.
Атасына тартқан палуан, батыр сүйегі таза, аққұба жігіт болды. Атасының орнына хандық
қылды. Аққанменен бірігіп қалмақтардан өшін алды. Қаласын талқандап, Бейқұрды
өлтіріп, өзіне қаратты. Аққанды еліне көп сыйменен қайтарып, өзі жұртына хан болып,
Табылды батыр атанды. Даңқы тас жарды, көп елді қаратты. Қашқарға жыл алыс қаттап,
163
Аққанның хал - жайынан хабар алып тұрды. Атасының орнын басып, қызықты дәурен
сүріп, Табылды батыр мұратына жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |