Лекция 1 Аутизм теориясының негізгі даму бағыттары когнитивті, органикалық, генетикалық



бет3/14
Дата05.06.2023
өлшемі39,27 Kb.
#98738
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лекциялар жинағы

Бала аутизмі (Каннер синдромы) - бала аутизмінің классикалық немесе әдеттегі түрі (ипаттамасын жоғарыдан қара).
Аутистік синдром (аутистік тәрізді) – диагноз негізгі этиологиялық фактордың бұзылыс суретінде хромосомдық, алмасу немесе Х-хромосомының басқа да бұзылысы (мысалы, сынғыш («фрагильді»)), неврофиброматоз, Бурневиль ауруы түрінде байқалған кезде қойылады. Бұндай жағдайда клиникалық суретте классикалық аутизмге тән симпомдардың барлығы болмайды. Ең алдымен, олар үшін негізгі анықталған патологияға тән болатын дисгенез белгілері міндетті болады. Әдеттегідей баланың өмірлік қызметінің әр түрлі саласының дамуында асинхрония болмайды. Эмоциялық бұзылыстары тегістелген жағдайда, ауру балалардың анасымен және жақын адамдарымен арасындағы эмоциялық қатынасы да жайлы бола бастайды. Классикалық аутизмі бар ауруларға қарағанда торпидтық белгілері бар жеке тұлғалық құрылыстың жақсы сақталуы байқалады. Көңіл-күйдің бұзылыстары мүмкін болады. Ақыл-ой тежелуі әдетте біркелкі болады. Оларда көру арқылы қатынас жеңіл әлсірегенімен, бірақ сақталады. Стереотиптік қызметтің мәні қарапайым тербеліске, патологиялық әдеттегі іс-әрекеттерге саяды.
Аутистік көріністің резидуальді-органикалық ортада байқалуы немесе аутистік көріністері бар жүйке жүйесінің резидуальді-органикалық жағдайы. Егер клиникалық сурет классикалық аутизмге тән барлық симптомдармен берілмеген және органикалық зақымдалу симптомдары бірінші орынға шыққан жағдайда диагнозды осылайша беру тиімді болады.
Асперге синдромы - қарым-қатынас, әлеуметтік өзара әрекеттің солардағыдай сапалық бұзылыстарымен және қызмет пен қызығушылықтың стереотиптік түрлерімен сипатталады, бірақ сөйлеу тілі мен ақыл-ой дамуында тежелістер болмайды. Бұндай синдромы бар балалардың көпшілігінің жалпы зерде дамуы қалыпты жағдайда болады. Жиі жағдайда ұл балаларда (арақатынасы 8:1) кезедеседі. Бұл балалардың ерекшелігі олардың қимыл-қозғалысы ебдейсіз, икемсіз болады. аутистік ерекшеліктерге олардың ортаның әсеріне көнбей, жасөспірім және ересек жаста да тұрақты сақталуы тән, бұл синдромды аутистік психопатияға жатқызуға мүмкіндік береді.
«Бала аутизмі» диагнозын қою тек егер баланың жанұясына баланың нақты сәйкестендірілген проблемаларының жиынтығы ретінде қойылған осы диагноздың негізінде оларды жеңу бойынша нақты нұсқаулар ұсынылған жағдайда ғана орынды болады.
Аутистік проблемаларды жеңуде психологиялық-педагогикалық оңалтудың жетекші рөл атқаратыны бәріне мәлім. Оқу мен түзету көмегінің тиімді жағдайын анықтау үшін нақты және тиімді нұсқаулықтарды әзірлеу, «бала аутизмі» диагнозын қою жеткіліксіз болады.
Аутизмнің түрін, оның байқалу деңгейін, психологиялық қорғаудың түрі мен пішінін, бала үшін әлеммен өзара әрекеттес болудың қолжетімді тәсілдерін табу керек. аутист баланың бұл психологиялық мінездемесін О.С.Никольскаяның жіктеуінде ерекшеленген, бала аутизмінің диагностикалық сындықтарын пайдала отырып алуға болады.
Аутизмнің әрбір тобына арналған бала аутизмінің психологиялық, сондай-ақ клиникалық сындықтары бар диагностикалық карталардың бейімделген нұсқаларын ұсынамыз, бұларды психологтар, сондай-ақ психиатр дәрігерлердің де пайдалануларына болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет