Аутизмнің таралуы Әр түрлі елдердегі бала аутизмі шамамен әрбір 10000баланың ішінен 4-тен 26-ға дейін таралған. Эпидемиологиялық зерттеулердің көпшілігінің мәліметтері бойнша әрбір 10000 баланың ішіндегі 4-5-де бала аутизмінің негізгі нұсқалары (Каннер мен Аспергер синдромдары) кездеседі. Соңғы жылдары, аутизмге ұқсас көптеген бұзылыстардың анықталғанына байланысты, аутистік бұзылыстарының әрбір 10000 баланың ішінен 20-дан 26-ға дейін жайылғаны анықталды.
Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (ПМПК) статистикалық мәліметтері бойынша 2009 жылы қазақстанда аутизмі бар 326бала анықталды, бұл әрбір 10000 баланың 0,7 бөлігін құрайды.
Каннер синдромы бар балаларда жынысына қарай бөлгенде, олардың арақатынасы 3:1 немесе 4:1 болды (ұл балалар қыз балаларға қарағанда 3-4 есе көп). Сонымен бірге балалар тобындағы аутистік бұзылыстары неғұрлым әр түрлі болса, балалардың арасындағы арақатынас та ұл балалар жағына қарайбасым (13:1, 13:1,5) болады.
Лекция 3 Аутизмі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Аутизм қалыптассатын қаупі бар балаларды ерте жаста анықтау және аутистік бұзылыстарды дер кезінде кешенді түрде диагностикалау аутист балаларға арнайы түзету көмегін дер кезінде көрсетуге және оларды әлеуметтіік оңалтуда тиімді нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Аутизм қаупі бар балаларды дер кезіндеанықтау жұмысы жасы 0-дан 3 жасқа дейінгі балалардың психофизикалық дамуындағы бұзылыстарына скрининг жүргізілетін денсаулық сақтау жүйесіндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымы (балалар емханасы, жанұялық-дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік бөлімшелерде) жағдайында іс-жүзіне асырылуға тиісті. Аутизмнің қалыптасу қауіпін үлескелік бала дәрігері немесе невропатолог дәрігері де байқауы мүмкін.
Сонымен бірге аутистік бұзылыстардың қалыптасу қаупі бар балаларды анықтау жұмысы психикалық дамуында қандай да бір проблемалары бар 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың жанұясына кеңестік көмек көрсететін жәнге пәнаралық диагностикалық тексеру жұымыстарын жүргізетін психологиялық-медициналық консультация жағдайында жүруі де мүмкін.
Аутизм қалыптасу қаупі бар балаларды анықтау үшін орындалатын іс-әрекеттің келесі алгоритмдерін пайдалану ұсынылады:
Төменде көрсетілген шағымдардың бірімен емханаға немесе ПМПК-ға келген ата-аналардың 0-ден 7 жасқа дейінгі барлық балаларды скринигтік тексеруден өтуге тиісті:
сөйлеу тілінің дамуының тежелуі және бұзылыуы: бала айтқан сөзге көңіл аудармайды, атын айтқанға бұрылмайды, оның сөйлеу тілі болмайды немесе жеке сөздерді айтады, бірақ оларды қарым-қатынас үшін пайдаланбайды (бұндай жағдайда, ең алдымен есту қызметінің бұзылысын жоққа шығару);
қоршаған адамдарға деген немқұрайлылық, енжарлық, жақын адамдарына деген әлсіз эмоциялық байланыс немесе оларға шектен шыға жабысу;
гипербелсенділік, тыңдамау, бірлескен жұмысқа тартудың мүмкін болмауы;
адамдармен қатынастан бас тарту және қатынаса білмеу, құрдастарымен ойынға деген қызығушылықтың болмауы, жалғыз ойнау;
қандай да бір іс-әрекетке, тамақ, киім, күн тізімі және т.б. қатысты дағдыларға берілгендік, қоршаған ортасындағы қандай-да бір өзгерісті қаламауы;
ойын, қызығушылығының әдеттегідей болмауы, оларға «жабысып қалу» (қандай да бір әрекетті, ойынды стереотиптік түрде және үнемі қайталау);
әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды (ұқыптылық, өзіне-өзі қызмет өрсету), тәртіптің қарапайым нормаларын ұзақ уақыт меңгере алмау;
олардың қорқыныштарының әдеттегідей болмауы және олардың тұрақтылығы.
Бала дәрігері немесе невропатолог баланың анасымен әңгіме жүргізеді және баланың аутистік бұзылыстарын табу мақсатында оны тексереді. Бұл үшін диагностикалық карталарды пайдалану ұсынылады.