Лекция 1 Аутизм теориясының негізгі даму бағыттары когнитивті, органикалық, генетикалық


Қоргашаған әлемге деген әсерінің жалпы ерекшеліктері



бет5/14
Дата05.06.2023
өлшемі39,27 Kb.
#98738
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қоргашаған әлемге деген әсерінің жалпы ерекшеліктері:

  • баланың жаңа жерге кіруі жайлы ма; бұл кезде оның мимикасы, қимылы, дауыстауының түрі өзгере ме;

  • қоршағандарға немқұрайды, байқамайды, жансыз заттар сияқты қабылдайды (басып кетуі, үстіне шығуы);

  • бұндай жағдайда оған анасымен тактильді қатынас қажет бола ма;

  • бейтаныс адамдарға деген әсері бола ма;

  • әңгіме кезінде анасының тізесінде отыра ма, қолға көтергенде оның қалпы қандай, анасының жанында тұра ма әлде ол бірден таныс емес кеңістікке ұмтыла ма.

Коммуникативті қызметтің ерекшеліктері:

  • көзге тура қарай ма немесе сөзбен қатынас орнатудан қашады ма, егер ол бір адаммен кездейсоқ көзімен кездесіп қалса, онда не болады;

  • адамның оны ұстағанына, қолынан ұстағысы келгеніне, үстелге қарай апарғысы келгенге қалай қарайды;

  • өзінің есімін айтқанға, сөздік қарым-қатынасқа (өтініш, тыйым) қалай қарайды;

  • жалпы айтылып жатқан әңгімеге құлақ сала ма, бұл кезде оның тәртібі өзгере ме (мысалы, апасы бір нәрсе айтып жатқанда, оның дауыстауы күшейе ме және оның түрі өзгере ме, ол қандай сөздер мен дыбыстарды айта алады);

  • ересек адамның коммуникативті белсенділігіне (оның іс-әрекетіне еліктеуге деген талпынысына, оның көзінше әр түрлі оәйын іс-әрекеттерін орындауына, бірлесіп орындалатын іс-әрекеттерге тартуына) қалай қарайды. Бұл кезде байқалуы мүмкін:

а) белсенді қимыл қозғалысы, стереотипия, айғай мен дауыстау және т.б. түріндегі қобалжушылық, үрей;
б) елемеу, енжер түрде кетіп қалу;
в) белсенді түрде қарсылық көрсету, агрессия, аутоагрессия;
г) қызығушылық және өзара іс-әрекеттес болуы (біртіндеп, қысқа уақытта үзік-үзік, белсенді, ынталы және т.б.);
- қарым-қатнаста коммуникативті белсенділікті, ынтаны байқата ма, көмек сұрау;
- ересек адаммен қатынаста ишаратты, қалыпты және іс-әрекетті, вокализация мен сөздерді пайдалана ма (соның ішінде қолды ойланбастан пайдалану, дене бойымен өрмелеу, айғай және т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет