Пайдаланатын әдебиеттер:
Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.
Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.
Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.
Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.
Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.
Бақылау сұрақтары:
Шетелдік педагогикадағы балалардың тілін дамыту.
А.Коменский мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту принципі.
И.Г.Пестолоции еңбектеріндегі ана тіліне үйрету әдістемесі.
Ф.Фребель мен М.Мантессори жүйесіндегі тіл дамыту әдістері.
Ресейдегі әдістеменің дамуы.
30-40 жылдардағы балалардың тілін дамыту бағдарламасын жасау тәжірибелері.
Тіл дамыту бойынша теориялық зерттеулер және оның әдістеме үшін маңызы.
Қазақстандағы әдістеменің дамуы.
Лекция №3
Лекция тақырыбы: Тіл дамытудың психологиялық негіздері.
Жоспары:
Сөйлеу процесі мен психологияның байланысы.
Сөйлеу әрекеті теориясын қазақ тілі оқыту әдістемесіндегі тіл дамыту
бағытында қарастыру.
Лекция мақсаты:
Студенттерге тіл дамытудың психологиялық негіздері: сөйлеу процесі мен психологияның байланысын, сөйлеу әрекеті теориясын қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі тіл дамыту бағытында қарастыру жайынан мағлұмат беру.
Психология – психика туралы ілім. Психологияның мақсаты – адамдардың психикалық әрекеттерінің объективті заңдарын, адамның ой-санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптаып, даму жолдарын айқындау. Ал, психикалық құбылыстарға сезім, қабылдау, түйсіну, ойлау, байымдау, қиялдай сияқтылар жатады. Бұлардың барлығы да мидың жемісі мен және барлығы да сөйлеу процесімен тығыз байланысты. Сондықтан ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы жөніндегі мәселе психологиялық зерттеулерге де көрнекті орын алады. Бұл салада психологияның ерекше мән беретін мәселесі – сөйлеу процесінің қалай іске асатындығы, сөйлеудің түрлері, оның адам психикасымен байланысты сөйлеу процесіндегі мидың қызметі т.б. Бұлар тіл білімі үшін де маңызды. Осы мәселелерді шешуде пихология тіл біліміне, тіл білімі психологияға қол ұшын беріп екі жақты байланысқа, қарым-қатынасқа келеді. Ал оқыту, үйрету тіл білімінің теориясыныз мүмкін емес. Олай болса, әдістеме ғылымы да психологиямен байланысты болмақ.
Сөйлеу, сөйлеу процесін, сөйлегенді қабылдау, түсіну жағдайларын психологиялық қатынасынсыз шешу мүмкін емес. Өйткені тілдік жүйе адам санасында сақталады. Сонда сақталатын зат пен оның атауының байланысы біртектес көп заттарды жинақты бір ғана атаумен атауды басшылыққа алатын олардың барлығына ортақ ең елеулі, басты белгісін айқындау әрекеттері – психологиялық әрекеттер, сөз мағынасындағы алуан түрлі құбылыстар, сөздердің келтірінді мағыналарының қолданылуы т.б. психологияның ғылымына негізделеді.
Адамдардың бір бірімен пікір алысатын, қатынас құралы ретінде тіл психологтардың назарын аударып келеді. Психология ғылымы пікірлесудің қандай түрі болса да сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отыратынын пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жағдайларына қарай сөйлеу әрекеті әр түрлі болып келетіндігін айқындайды.
Психология ғылымы баланың санасын әрекет арқылы дамитындығы туралы теорияны ұсынады да, практикалық әрекет негізінде оның ойы да, тілі де дамиды деп көрсетеді.
Мұндай теориялық негізді дүние жүзінде психология ғылымында ең алғаш Л.С.Выготский ұсынған болатын. Ал оны одан әрі дамытуға А.Н.Леонтьев, Л.С.Рубейнштейн, А.Р.Луре, Л.И.Божовиа, А.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин т.б. өз үлестерін қосты.
Оқытудың бұл әдісі туралы: «Іс әрекет әдісі білімді игеруге дұрыс бағыт беріп қана қоймайды, ойлаудың тәсілдері мен үлгілеріне және іс әрекетіне, баланың шығармашылық күш-қайраты мен таным күшінің дамуына да бағыт сілтеп, игеру жолдарын да анықтайды» (82,17).
Тілді іс-әрекет ретінде, түсіну оқытудың міндеттеріне жақындастырады. Сондықтан жалпы іс-әрекет теориясының негізгі заңдылықтарын жеке тіл жұмсау немесе сөйлеу әрекеті бойынша да қарастырылады. Іс-әрекет теориясының негізгі заңдылықтарын жеке тіл жұмсау немесе сөйлеу әрекеті бойынша да қарастырылады. Іс-әрекет теориясының негізгі ұғымдары – іс-әрекет (деятельность), әрекеттану (действия) деп анықталады. (71,9).
Іс-әрекет деп материалистік-дилектикалық ұғымда адамның қоршаған ортамен белсенді мақсат көздеген өзара әрекеті деп түсіндіріледі. Бұл өзара әсер, әрекет «қажеттіліктен» келіп шығады. Сонда да болса, қажеттілік әркеттің көзі, қозғаушы күші бола алмайды, тек ол әрекеттің қалай бағыттағанын, затын анықтайды.
Әрекеттің заты дегеніміз әрекеттің негізгі ұғымдары бола отырып, сол әрекеттің түрлерін атап, анықтайды. Мысалы, педагогикалық конструкторлық әрекет т.б.
Барлық әрекеттің жүйесі болады. сондықтан іс-әрекет ұғымымен мотив ұғымының, әрекеттану ұғымы мен мақсат ұғымының өзара байланысы бар. Ал сөйлеу әрекетінің қарым-қатынас қызметіндегі мотивпен байланысты болмақ.
Қатынас жасаудың жағдайына байланысты жобалау дегеніміз – бұл өзінің қарым-қатынастағы әрекетіндегі әңгімелесудің ролін, орны мен әңгімелесудің ерекшелігіне байланысты түрін анықтау болып табылады. Мұнда әрекеттің жалпы мотивін ескере отырып сөйлеу әрекетінің мақсатын нақтылау мен сөйлеудің түрлерін қолдану мәселесі шешіледі. Бұл дегеніміз қарым-қатынас жасаудың орнын, айтылатын мәселесінің бағдар, мазмұнын анықтау болып табылады. Мысалы, қарым-қатынас жасау қайда жүргізіледі, кімдермен, жеке ме, әлде көп кісілермен бе, бір жақты ма, жоқ екі жақты ма, ауызша ма, жазбаша ма, монолог я диалог түрінде ме, ресми ме, жоқ ресми еме пе деген мәселелерді анықтау барысында ойланады. Нақтырақ айтқанда, қарым-қатынас жасаудың мнін, ерекшелігін, мазмұнын ойластырады.
Сөйлеу әрекеттенуінің екінші сатысы – жоспарлау.Мұнда сөйлеу мазмұнын таңдау, сөйлеудің бағдарламасы түзіледі. Бұл жерде негізгі рольді сөйлеудің заты атқармақ. Олар: тақырыбы мен сөйлеудің негізгі ойын анықтау болып табылады. Сондай-ақ бұл кезеңде сөйлеу мазмұнына лайықты стилі, түрі, формалары бөліп көрсетіледі.
Психологтардың зерттеулері анықтағандай (54,17-24) бағдарлама іштей сөйлеуде түзіледі. Сондай-ақ олар «заттық бейнелеу күйі» мен «ой ұйытқыс» және «образды ой» түрінде көрінеді. Бұл кезеңде ой әлі де болса мүшеленбейді, әлі ол сөз тәртібінде айтылуға даяр емес.
Атап айтқанда, бұл кезеңде оқушы нені айту керектігін, яғни тақырыппен айтпақшы мәселесінің негізгі, ой, пікірін қарастырады. Сонымен бірге мазмұнды таңдай отырып, оған байланысты сөздің стилін, түрлерін және қай формада жеткізуді ойластырады.
Бұл кезеңдегі тек кімге не айту қажеттігі анықтағанымен, ол әлі сөз, сөйлемге бөлінбейтіндігін зерттеуші психологтар дәлелдеп жүр.
Бағдарламадан кейін оны іске асыру кезеңі сөйлеу әрекетінің үшінші сатысы болып табылады. Бұл кезеңде сөйлесу үшін сөз таңдалады, синтаксистік варианттар салыстырылады, әсіресе, бұл кезеңде тиісті қарым-қатынас әрекетінің жағдайлары мен міндеттеріне байланысты таңдаған тақырыбына сай тілдік құралдарды таңдау барысында қарым-қатынас жасалады.
Мұнда жоспарлау, бағдарлау кезеңі енді жүзеге асу дәрежесіне келеді. Бұл кезеңде оқушы ойын жеткізу үшін сөз таңдау ,сөйлемді қалай құруды ойластырады. Әсіресе қарым-қатынастың жоспар, бағдарына сәйкес, негізгі ойды жеткізуге тырысады. Бұл кезеңде алдына қойған, ойластырған бағдарына сай болмай қалуы да мүмкін, яғни оқушы әңгімелесу, сөйлесу, айту, жеткізу кезінде бұрынғы ойластырған бағдарын қайта қарап, түзеп отырып жүзеге асады.
Сөйлеу әрекетінің төртінші кезеңі – бақылау кезеңі. Бұл кезеңде әңгімелесуші сөйлеу әрекетінің, қарым-атынасының нәтижесін салыстырады. Егер де әңгімелесушінің болжамдаған нәтижесі шықпаса, ол қате бөлімдерін іздестіреді. Ол үшін сөйлеу әрекетінің кезеңдерін ойлап, қайта есіне түсіреді. Кемшіліктің қайда болғандығын қарым-қатынастың кейбір жағдайы есепке алныбағаны немесе сөйлесудің жоспарлануы сай болмауы, сондай-ақ қарым-қатынас кезінде бағдарлама, жоспардың бір бөлімі бұзылғаны сияқты іс-әрекеттің кезеңдерінің нәтижесін шығарады.
Қорыта келгенде, қазіргі психолингвистикалық зерттеулердің сөйлеу әрекетінің құрылысы мен ерекшеліктерін анықтаудағы іс-әрекет теориясының анықтамалары тіл дамытуда басшылыққа алынады.
Зерттеу барысында тілдік ұғымдарды игерудің кезеңдері бар екендігі анықталды:
Бірінші кезең – оқушылардың белгілі жағдайға байланысты тілдік құралдарды қолданудың дұрыс-бұрыстығын сезінуі немесе байқауы. Бұл кезеңде оқушыларды тілдік құралдарды қолдана білу дағдылары әлі жетілмеген кезде, өз практикасында тілдік құралдарды, әсіресе, сөздерді, сөз тіркестерін қолдана білуге баулу қажет.
Екінші кезең – алғашқы теориялық ұғымдармен таныстыру. Бұл кезде оқушылардың ойлау жүйесінің күрделенуі мен тілдік құралдарының қолдануына байланысты басты назар аударыла бастайды. Атап айтқанда, тілдік қателер туралы, ол ойды жеткізуге сай еместігі, ал ойды жеткізу, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлі формалары болатындығы, тілдік құралдарыдың оған сәйкестігі немесе оған байланыстылығы сияқты ұғымдар үйретіле бастайды. Бұл кезде оқушы өз ойын дұрыс жеткізумен бірге стильдік ерекшеліктермен бере білуге дағдыланады.
Үшінші кезең – тілдік түсініктерді меңгеру. Бұл кезеңде оқушылар теориялық немесе өздігінен практикалық жұмыстар арқылы тілдік құралдарды меңгереді. Тіл стильдерінің тілдік құралдарының ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырады, стильдік реңдерін сезінеді, тіпті өз ойын жеткізудің формаларын игере бастайды. Атап айтқанда тіл туралы білімін өз практикасында қолдана білуге қадақ басады.
Қорыта келгенде, тіл дамыту оқыту әрекет дәрежесінде жүргізіліп, қарым-қатынастың табиғи түрінде, пікір айтуды саналы оқытудың мотивтері нәтижелі түрде ұйымдастырылып жүргізілсе нәтижелі болады. Сонымен сөйлеуді іс-әрекет ретінде түсіндіру теориясы психология ғылымының ана тілін оқытуды жетілдірудің ғылыми негізі бола отырып, әдістемелік ой-пікірлердің де дамуына жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |