Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары


Лекция № 15 Лекция тақырыбы



бет20/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Лекция № 15
Лекция тақырыбы: Жазуға үйретуге даярлау.
Жоспары:

  1. Балабақша балаларын жазуға үйретуге даярлау.

  2. Жазу сабағын жүргізудің үлгісі.

  3. Әріпті жазып үйренудің тәртібі.

Лекция мақсаты:
Студенттерге балабақша балаларын жазуға үйретуге даярлауда маңызды элементтерді үйретіп, жазу сабағын жүргізудің үлгісін, әріпті жазып үйренудің тәртібін меңгерту.
Тіл дамыту – қазақ тілі бағдарламасы салаларының негізгі құрамдық бөлігі. Сауат ашу және тіл дамыту кезеңіндегі оқу жұмысының мақсаты - оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың басында тәрбиеші балалардан қалам, қарындаштарын партаның қаламға арналған ұясына қоюларын талап етеді. Содан соң олардың тыныш отырып, мұғалімнің айтқан сөзіне зейін қойып тыңдауы қажет екені ескертіледі. Соңынан: «Қазір біз жазу жазып үйренеміз. Біз жазуды неге жазамыз?» - деп сұрайды. Балалардың көпшілігі: «Дәптерге» -деп жауап береді. «Тақтаға» - деп жауап бергендері болса, оны да мақұлдау керек. Осыдан кейін сырты күні бұрын толтырылған дәптерді таратып, онымен таныстыра бастайды. Ішкі, сыртқы беттеріне назар аудартады. Дәптердің ішкі бетіне не барын, не жазылғанын, нені көріп тұрғанын сұрайды. Дәптердің бетінде жазу жазатын сызық және одан басқа көлбеу сызылған сызықтар бар екені түсіндіріледі. Бұл сызықтар түзу, әрі жіңішке сызылған. Оны біз аса ұқыптылықпен қарасақ, дәптер бетіндегі жолдарды көреміз. Кәне, қарайық! Міне, бірінші сызық, міне, екінші т.с.с. жазу жолдары. Бір бетте қанша жазу жолы барын санап шығыңдар-деп санатып шығу керек. Бұдан кейін мұғалім жазу кезіндегі ережені (қаламды, қарындашты ұстау) қалай орындау керектігі түсіндіріледі. Қалам-қарындаштарды ұштау үлкендер көмегімен алдын-ала дайындалып қойылады.
Қаламды оң қолмен ұстайды. «Оң қолдарың қайда?» Олар оң қолын көрсетеді. Қаламды оң қолына алуды, оны ұстауды түсіндіріп, әрі нақты түрде көрсетеді. Қалам ұстап тұрған үш саусақ жазу барысында жылжып отыратынын, ал соңғы саусақ алақанға сәл бүгіліп тұратынын айтып түсіндіреді. Қаламды қатты қысып ұстамау керектігі, жазғанда батырмай жеңіл, күш түсірмейжазу қажеттілігі ескертіледі. «Егер қаламды ұстаған болсаңдар, сұқ саусақты қалам үстінен жоғары көтергенде, қалам түспей, қалған екі саусақ (бас бармақ пен ортаңғы саусақ) оны ұстап тұра алады,» - дейді.
Оқушыларды сабақты әрі қарай жүргізуге дайындап болған соң мұғалім: «Кәне, дәптердің бірінші жазу бетінде не бар, қандай жолдар мен сызықтарды көріп тұрсыңдар? – дейді». – «Ненің суретін көріп тұрсыңдар, осы сызықтардың үстінен қарындашпен жүргізе аласыңдар ма?» - деп сұрайды. Содан соң сурет сызығындағы көлбеу және тік сызықтардың үстінен бастырып жаздыртады.
Бұдан кейін жазу жолына жазып үйрену жаттығулары жүргізіледі: екі көлбеу сызықты түйістіріп жазу, жол ішіне жазу. Жол басындағы қара түстің үлгі екендігі, ал қызыл түспен сол үлгіні бастырып жазу қажеттігі түсіндіріледі. Қаламды қалай қарай бағыттап жазу құс тілімен ( стрелкамен) көрсетілгені ескеріледі. Әрбір жазу бөліктерінің ара қашықтығы көзбен мөлшерлеп, тең қашықтықта жазуға дағдыландырылады.
Жазу сабағының арасында балалардың жазу қимылын ұзақ уақыт жасай аламайтындығы ескеріліп және саусақтың бұлшық еттері талғандықтан, міндетті түрде сергіту минуттарын жүргізіп отыру жүктеледі.
Осы бірінші сабақта жоғары сызық, төменгі сызық, жазу жолы, жоғары сызықтан бастау, төменгі сызықтан бастау, жоғары көтерілу, төмен түсу, сызыққа жазу, сызық арасына жазу, сызық ортасынан бастау т.с.с. түсініктер мен ұғымдар таныстырылады да , келесі сабақтарда олар бекітіліп одан әрі жаңа ұғымдармен толықтырылып отырады.
Сабақ аяғында балалардың жазу жұмыстарына ауызша баға беріліп, қорытынды жасалады.
Үйге жазуға тапсырма берілмейді.
Жазуға жаттығудың кіріспе әңгімеден басталғаны жөн. Мұғалім балаларды жазуға қызықтыра білуі қажет. Мәселен, А әрпін жазып үйренуге арналған сабақтың кіріспе әңгімесі шамамен былай болады: Оқу сабағында біз А әрпінің баспа түрімен таныстық. Қазір жазба түрімен танысамыз. Әрбір сауатты адам бұл әріпті әрі дұрыс, әрі әдемі етіп жаза білуі керек. Егер оны дұрыс жазбасаңдар, оның қандай әріп екенін тану өздеріңе де басқаға да қиынға соғады,ешкім сенің жазғаныңды оқи алмайды. Ол басқа әріптердің жанында тұрғанда да нашар көрінеді. Сендер жақында апа, ата, ана деп жазатын боласыңдар. Бұл сөздерде екі-екіден а әрпі бар, сондықтан өте жақсы жазуды үйренуімз керек. Әріпті тану, әрі дұрыс жазу оңай емес. Әдемі жазу үшін, жақсы жазуға талаптану керек. Ол үшін әр әріптің қалай жазылатындығын еске сақтау қажет. Қазір мен сіздерге а әрпінің қалай жазылатындығын көрсетемін, оны көріп, еске мұқият сақтап алыңдар.
Мұнан кеін оның жазба түрінің кіші және бас әріп үлгілері көрсетіліп, ол қандай элементтерден тұратыны түсіндіріледі де, ол элементтерден тұтас әріпті құрап жаздыртады.
Оқушылардың жаңа әріпті жазуы олардың әріптің жазбаша үлгісімен таныстырып болған соң басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет