1. Толық ассимиляция.
2. Жартылай ассимиляция.
Мысалы: асшы, сүзсе сөзiндегi – ш, з дыбыстары толық өзiнен кейiнгi ш, с дыбыстарына ұқсап , башшы, сүссе түрiнде айтылады. Мұны толық ассимиляция деймiз. Ал күздiк, жастық, сөзiндегi қосымшаның қатаң, ұяң болуы түбiрдегi ұяң, қатаң дыбыстарға байланысты. Мұны жарты-лай ассимиляция деймiз.
Дауыссыз дыбыстың бiрiнiң екiншiсiне ықпал ету бағытына қарай ассимиляция күнi бүгiнге дейiн екiге бөлiнiп қарастырылып келдi. Олар:
1. Прогрессивтi ассимиляция.
2. Регрессивтi ассимиляция.
Ғылымдағы соңғы жаңалықтарды ескерсек, ассимиля-цияны үшке бөлiп қарастырған жөн. Олар:
1. Прогрессивтi ассимиляция.
2. Регрессивтi ассимиляция.
3. Тоғыспалы ассимиляция.
1. Прогрессивтi ассимиляция мынадай болады:
Үндi дауыссыздар сөздi аяқтап тұра алады және олар дауыстылар сияқты өзiнен кейiнгi морфеманың тек ұяң, үндiден басталуын талап етедi: мал-дың, ар-лы, жау-лар, аң-ның, тау-ға, ай-дың, ем-нен, мал-мен.
2. Регрессивтi ассимиляция: сены, асшы.
3. Тоғыспалы ассимиляция: Жанқожа, Досжан.
Диссимиляция. Бұл ассимиляцияға қарама-қарсы құбы-лыс. Бiр тектес дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстың әртүрлi немесе ұқсас дыбыстар болып өзгеруiн диссимиляция деп атаймыз.
Диссимиляция – латын тiлiнде dissimilatio – ’’ұқсамау’’ дегендi бiлдiредi. Бұл бойынша бiркелкi немесе өзара өте жақын, ұқсас дыбыстар әр басқа немесе өзара ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгередi. Мысалы: феврарь-февраль. Түркi тiлiндерiнде л дыбысы д дыбысымен алмасып отырады. Мысалы: ауыл-лар – ауылдар, қырғызша айыл-лар – айылдар. Диссимиляция ассимиляцияға қарағанда сирек кездесетiн құбылыс.
Аккомодация (лат.т. accomodatio- бейiмделу) – морфемалар жiгiнде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бiр-бiрiне ықпал етiп, бейiмделiп айтылуы. Мысалы, ат, ет, от, өт деген сөздерде бiр ғана т фонемасы дауыстылардың әсерiнен төрт түрлi реңкке ие болатыны анық. Бұл буын iшiндегi ықпал.
Аккомодация құбылысында қазақ тiлiнде негiзiнен дауыстылар дауыссыздарға күштiлiк жасап, өз ықпалын жүргiзедi, көбiне дауыстың қатысы және айтылуы жағынан өзiне бейiмдеп тұрады. Мысалы, тарақ-тарағы, ақ ешкi-ағ ешкi. Мұнда дауыстылар дауыстың қатысы жағынан дауыссыздарды игерiп тұр. Ал дауыстылардың артикуля-циялық жақтан әсерi дегенде, әсiресе тiлдiң қалпы жағынан дауыссыздарға етер ықпалды айту керек. Демек, дауыссыз-дардың жуан, жiңiшке болып айтылуы дауыстыларға байланысты болады. Мұнда сондай-ақ жақ пен ерiннiң де ықпалы бар. Кейде дауыссыздар да дауыстыларға ықпал етiп отырады, бiрақ оларды өзгертуге күшi жете бермейдi. Мәселен, қ, ғ өз маңында жуан дауыстылардың, ал к,г жiңiшке дауыстылардың болуын қажет етiп отырады. Мысалы, ак емес әк. Морфемалар жiгiнде екi дыбыс қатар келгенде әрқашан дауыстылар күштiлiк жасайды. Осыған орай аккомодацияны екiге бөледi:
1. Дауысты мен дауыссыздардың үндесуi (прогрессивтi аккомодация)
Сөздiң соңғы дыбысы дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша тек дауыссыздан басталады делiнедi. Дегенмен, кейде кейбiр пiкiрлер бұған қайшы келедi. Мысалы:
а) ине, биле, жуан, уық. Мұндағы и, у, ә дыбыстарын дауысты дыбыс деп қарау керек. Бiрiккен сөздерде екi дауысты дыбыс қатар қолданылады: Сарыағаш, Сарыөзек, Молдаахмет т.б.
ә) ы, i дыбысынан соң у жұрнағы жалғанғанда ы,i дыбысы түсiрiлiп айтылады. Мысалы, байы-ба[йу] ю, жоны-жону, кеңi-кеңу, оқы-оқу, торы-тору, сусы-сусу т.б.
б) Алдыңғы сөз дауыстыға бiтсе, қосымша л,м, н, ң дыбыстарынан басталады: қала-ны, терезе-нi, алма-ны, бала-ны т.б.
в) р, й, у дыбыстарынан тек жұрнақтар басталады: әдемi-рек, таб-у, қарай, жақсы-рақ т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |