Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Қазақ жазуының даму тарихы (реферат).
Қажетті әдебиеттер
Сыздықова Р. Сөз сазы. А., 1995, 81-83 б.
Байтұрсынов А. Тiл тағылымы. А., 1992, 374-378 б.
Шүленбаева Ұ. Қазақ тiлiндегi ерiн үндестiгi. А., 1994.
Омарбеков С. Ауызекi тiлiмiздiң дыбыс жұйесi. А., 1985, 69- б.
Аханов К. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А., 1992.
М.Серғалиев. Қазақ тiлi. А., 1992.
С.Мырзабеков. Қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi. А., 1999,
28-40 б.
К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А.,1991.
Лекция №4
Лекцияның тақырыбы: Дыбыстық заңдар мен дыбыстық құбылыстар
Лекцияның мақсаты: Дыбыстық заңдар мен құбылыстар жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
Сөйлеудiң фонетикалық жақтан мүшеленуi.
Тiлдiк единицалар: екпiн және интонация.
Дыбыстардың позициялық өзгерiстерi.
Дыбыстық заңдар, олардың тарихи сипаты.
Орфоэпия
Жазу және жазба тiл.
Жазудың түрлерi: а) пиктографиялық жазу
ә) идеографиялық жазу
б) буын жазуы
в) әрiптiк немесе дыбыстық жазу
Алфавит. Графика. Орфография.
Лекцияның мазмұны
Сөйлеу дыбыс шумақтарының тiзбегiнен құралады. Шумақтың өзi өз алдына кiшi топтарға бөлiнедi. Олар мыналар:1) фраза. 2) такт. 3) буын. 4)дыбыс.
l. Фраза – ең iрi единица. Бiр фраза екiншiсiнен интонация арқылы ажыратылып отырады. Интонация мынадай элементтерден тұрады:
а) Мелодика. Дауыс ырғағының көтерiлiп барып бәсеңдеуiн немесе бәсеңдеп барып көтерiлуiн мелодика деймiз. Сөйлемнiң бөлшектерi айтылуда дауыстың көтерiлiп барып төмендеуi немесе төмендеп барып қайта көтерiлуi арқылы ажыратылады. Мысалы, хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтерiңкi дауыспен айтылады да, онан кейiнгi бөлшектiң құрамындағы сөздерде дауыс бiртiндеп бәсеңдей бередi.
ә) Сөйлеудiң темпi. Ол сөйлеудiң шапшаң немесе баяу болуын бiлдiредi.
б) Сөйлеудiң үдемелiлiгi. Ол айтылудың күштiлiгiн немесе әлсiздiгiн бiлдiредi.
в) Сөйлеу әуенi. Ол хабарлауға байланысты әртүрлi эмоциялық құбылысты бiлдiредi. Мұны дауыс әуенiмен шатастырмау қажет. Сөйлеу әуенi айтылудың мақсатына қарай ''көңiлдi'', '’ойнақы'', ''қапалы'', '’қорқынышты'’ болуы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |