Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру әдістеріне шарттылығы



бет18/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

3. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру әдістеріне шарттылығы.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:

Бірінші деңгей мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, тәлімгер, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.
Үшінші деңгей – мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара әсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады.
Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: вертикаль бойынша – жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Горизонталь бойынша – қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.
4. Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әр түрлеріне әзірлігі.
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б.топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектептің түрлі басқару қызметіне дайын болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды:
  1. педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілендіру;


  2. орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі;


  3. жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі;


  4. педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.


Мектепішілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет