Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары



бет16/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

1. Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары.
Ю.А.Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде талдау, мақсаттылық, ізгіліктілік, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әртүрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді.
Басқарудың жалпы қағидалары: педагогикалык жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен тұтастық; орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) ұштастыру; бірыңғай және алқалық басқару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы (6-сурет).

Сурет-6. Басқарудың жалпы қағидалары
Басқару заңдылықтарынан шығатын кағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде кызмет етеді.

Анри Файоль (Henri Fayol) – ұйымдық менеджменттің негізін салушы. А.Файоль басқаруды айрықша қызмет ретінде бөліп қарастырды. Ол өзі әмбебап деп санаған басқарудың 14 принципін әзірледі:


  1. Инициатива. Инициатива – бұл жоспар құру, оның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету. Ол мекемеге күш пен энергия береді.


  2. Корпоративті рух. Одақ – бұл күш. Ол қызметкерлер үйлесімділігінің нәтижесі болып табылады.


  3. Еңбекті бөлісу. Мекеме мүшелерінің міндеттері мен құқықтарын бекіту.


  4. Құзыреттілік. Жауапкершілік. Құзыреттілік – үкім беру құқығы, жауапкершілік – оған қарама-қарсы құраушы; құзыреттілік бар жерде жауапкершілік туындайды.


  5. Тәртіп. Мекеме басшысы мен оның қызметкерлері арасындағы өзара түсінушілік, жауапкершілік.


  6. Дара басшылық. Жұмысшы тек бір адамнан (бөлім бастығынан) ғана бұйрық алуға тиісті.


  7. Бағыт бірлігі. Бір мақсатта жұмыс жасап жатқан топ бір жоспарға бірігіп, бір ғана басшысы болуы шарт.


  8. Жеке бас қызығушылығының жалпыға бағыныштылығы. Жеке жұмысшының немесе топтың қызығушылықтары мекеменің қызығушылықтарынан асып түспеуі қажет.




  9. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет