Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым



бет17/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90
Қызметкерді марапаттау. Жұмысшылардан жақсы қызмет талап етпестен бұрын оларға жақсы жалақы төлеу қажет.


  • Орталықтандыру. Нәтижеге тезірек жету мақсатында іс-әрекетті ортаға жұмылдыру.


  • Скалярлы тізбек. Скалярлы тізбек – бұл ең жоғары орындағы басшы мен ең төменгі бөлім басшы арасындағы қызметтік қарым-қатынас, өзара байланыстылық.


  • Реттілік. Әр нәрсе өз орнында болуы шарт.


  • Әділдік. Әділдік – турашылдық пен мейірбандылықтың үйлесуі.


  • Қызметкердің жұмыс орнының тұрақтылығы. Кадрлардың мекемеден көптеп кетуі мекеменің жұмыс нәтижесіне, тиімділіне кері әсерін тигізеді. Орнында көп отырған, іс-тәжірибе жинақтаған орта деңгейдегі басшы өз орны үшін күреспейтін, тез биліктен кететін талантты көшбасшыдан әлдеқайда жақсы (7сурет).

    Сурет-7. А.Файоль бойынша басқарудың 14 принципі
    2. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тәуелділігі.
    Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу, тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.
    Басқару қатынастары төмендегідей ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді:
    Біріншіден, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасындағы, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіру объектісі арасындағы қатынастар.
    Екіншіден, басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады.
    Үшіншіден, басшылар мен әрбір басқару буынындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары).
    Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастары).
    Белгілі қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
    Қатынастардың сипаты және жасаушыларының санына қарай оларды басқаруды: жүйеаралық, жеке адамдар арасындағы және аралас, сондай-ақ, ұжымдық және жеке қатынастарға бөлуге болады, ал олар өз кезегінде: тура, топтық және айқас қатынастарға бөлінеді.
    Басқару қатынастары жасалу уақты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.
    Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, консультациялар, хабарламалар) қатынастарға бөлінеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет