Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңашылдық



бет24/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңашылдық –білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-әлеуметтік жағдай және т.б.;


  • жаңа өнімдер, жаңа туындылар, жаңа идеялар әкелетін жаңашылдық – педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.;


  • ұйымдастыру-басқарушылық бағытындағы жаңашылдық – білім беру жүйесі құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз ететін басқарушылық іс-әрекеттер.

    Инновациялық процесс – жаңаны құру, меңгеру, пайдалану және тарату сияқты іс-әрекеттер жиынтығы. Ғылыми әдебиеттерде «жаңашылдық» пен «жаңа құрал» және «инновация» мен «жаңалық ендіру» ұғымдары бір-біріне синонимдер болып табылады. Жаңашылдық – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағыттама және т.б.), ал инновация – осы құралды меңгеру процесі. Ал инновациялық процесс жаңалықтың өмірге келуі, оны меңгеру, пайдалану және тарату процесімен сипатталады.


    ХХ ғасырдың 80-жылдарында инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттары анықталды, әсіресе алдыңғы қатарлы озат іс-тәжірибенің мән-мағынасын В.А.Кан-Калик, Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, Н.В.Кухарев, Я.С.Турбовской, Ф.Ш.Терегулов, Л.М.Фридман, К.Н.Волков және т.б. ғалымдар ашты және олардың негізгі түрлері нақтыланды:


    1. өнертапқыштық – кіріктірілгеннен және педагогикадағы белгілі әдіс-тәсілдер, формаларды түрлендіру, зерттеулер жүргізу;


    2. жаңашылдық – педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыратын жаңа әдістер мен формаларды табу;


    3. инновациялық – ғылыми-зерттеушілік негізде білім берудің жаңа мазмұнын, жаңа формасы мен әдістерін, жаңа ғылыми идеялардың мағыналы байланыстары тұрғысынан жүзеге асыру;
    4. ғалымдар мен практик-мұғалімдердің бірлескен шығармашылық ізденістері .




    2. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары.
    Озат тәжірибенің ең жоғары деңгейі – жаңашылдық. Озат тәжірибенің авторларын жаңашыл мұғалімдер деп атайды. Жаңашыл мұғалімдер жаңа идеяны ұсынады, сондықтан оларды жаңашыл дейді.
    Жаңашыл мұғалімдердің негізгі идеясы – ұстаздық қызметтестік, яғни ұстаз бен шәкірттің өзара ынтымақтастығы:
    1. Балаларға деген адамгершілік қатынас, әрбір оқушыға жеке тұлға деп қарау.


    2. Оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, әлеуметтік жағдайларын танып білу.


    3. Оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбие процесінің әріптесі, субъектісі жасау, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып, танымдық іс-әрекетке араластыру.


    4. Оқушыларға үлкен мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту.


    5. Балалар ұжымына сүйену, ұстаз бен оқушылардың ұжымдық шығармашылығы.


    6. Оқушыларға тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере алу.


    7. Бағдарламалық материалдарды ірі блоктарға біріктіру, тірек сызбалар мен тірек конспектілерін пайдалану.


    8. Оқушыларды ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білуге үйрету.


    9. Оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.


    10. Шығармашылық тұрғыда өзін-өзі басқару.


    Инновациялық іс-әрекет педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру процесіне ықпал жасайды. Көптеген ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, нәтижеге жету үшін педагогтің инновациялық іс-әрекеті төмендегідей талаптарға сай болуға тиісті:


    • өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне;


    • жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола отырып, өз жұмысын ұғына алу;


    • жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізе алу;


    • педагогикалық инновацияның жаңа әдіс-тәсілдерін өз бетінше жасау.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет