Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру



бет39/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90
педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек өтілі мен сапасына орай, біліктілік санаты мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);


  • əкімшілік-ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу,нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);


  • психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (жанға жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);


  • қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);


  • қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).

    Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелділігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқаруға, мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады.


    4. Педагогикалық талдау, негізгі объектілері. SWOT-талдау.
    Талдау – тұтас құбылысты ойша құрамдық элементтерге немесе құбылыстарға жіктеп, ары қарай зерттеу үшін талдаудан тұратын ғылыми зерттеу әдісі.
    Педагогикалық талдау – педагогикалық процестің даму тенденциясы мен жағдайын зерттеуге бағытталған басқару қызметі.
    Талдаудың мақсаты – мектеп жұмысын жандандыруға атсалысу, педагогикалық ұжымның әрекетін оперативті және жоспарлы перспективті басқару үшін қызмет ету, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту.
    Педагогикалық талдаудың міндеттері:
    1. Белгілі бір уақыт аралығында тұтастай басқарылатын жүйенің жағдайын зерттеп, үйрену.


    2. Белгілі уақыт аралығында мектеп жұмысы мен оның бөлімдерінің нәтижелерін зерттеу.


    3. Оқушылардың оқу мен тәрбие деңгейіне ықпал ететін факторларды анықтау.


    4. Мектептің құрылымдық бөлімшелерінің, оқу-тәрбие процесінің бөлімдері арасындағы келіспеушіліктердің себебін анықтау.


    5. Мектептің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын талдау.


    6. Мектеп үшін оқушылардың білім, білік, дағдыларын, толеранттылық деңгейін, білім беру сапасын көтерудің сыртқы және ішкі педагогикалық резервтерін анықтау және айқындау.


    7. Озық педагогикалық тәжірибені айқындау, үйрену.


    8. Мектепті басқарудың тиімділігін талдау.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет