Сурет-19. Педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары мен көрсеткіштері
Педагогикалық процестің «оқушылардың үлгерімі» сипаттамасының көрсеткіштері: оқушылар үлгерімінің жалпы пайызы; үлгерім сапасының пайызы; орта тоқсандық балл; оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы (оқу бағдарламасының бөлімі, тақырыбы бойынша): оқушының сынып ұжымындағы мәртебесі.
Педагогикалық процестің «оқушылар ұжымының қалыптасқандығы» сипаттамасының көрсеткіштері: сыныптағы сайланған және шынайы белсенділердің сәйкес келу пайызы; «оқшауланған» балалар үлесі, тәрбиесі қиын балалар үлесі, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын оқушылар үлесі.
Педагогикалық процестің «оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі» сипаттамасының көрсеткіштері: қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы; өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы; міндеттердің сипаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық, мектептік, т.б.); есеп беру түрі және есеп беруді кім қабылдайтыны. Тәжірибе көрсеткеніндей, қоғамдық белсенділік жоғары болған сайын оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі де, «үлгерім» сипаттамасының барлық көрсеткіштері де жоғары болады.
Педагогикалық процестің «оқушылар отбасының әлеуметтік-психологиялық портреті» сипаттамасының көрсеткіштері: отбасы құрамы (толық, толық емес); ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, қызығуы; толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы; сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы; өз қалауымен, өз бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы.
«Педагогикалық ұжымның жағдайы» сипаттамасының көрсеткіштері: мұғалімнің өз әрекетінің және басқару ісінің оъектісін осы заманға лайық ұға білу; педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі; оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу; педагогикалық процесті диагностикалауға дайындық; дарындылармен және тәрбиесі нашар балалармен жұмыс істеуге дайындық.
Бақылау-зерттеу – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.
Басқару əдістерінің негізгі топтамасы төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |