Сурет-21. Білім беру жүйесіндегі ТQМ нобайы
Білім беру мекемелерінде тиімді жұмыс жасау принциптерінің маңызы зор, өйткені ол нәтижеге жетудің кепілі. Тиімділік – бұл бірінші кезекте мәселені таңдау (Нені жасауға болады? Нені жасауға болмайды?).
22-суретте стратегиялық жоспарлау процесі ашып көрсетілді.
Сурет-22. Стратегиялық жоспарлау процесі
Мазмұнының ауқымдылығы бойынша:
1) Кешенді жоспар – оның барлық бағыттары мен түрлерінде әрекеттері жоспарланады (тәрбие жұмысының жоспары, педагогтың балалар ұжымымен жұмыс жоспары);
2)Тақырыптық жоспар – бір бағытқа немесе әрекеттің бір түріне жоспарланады (ата-аналармен жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар жоспары);
3)Пәндік (нақты) жоспар – бір нақты іс жоспарланады (конференцияның жоспары, сынып сағатын дайындау және өткізу жоспары).
Жоспарлау кезеңінің ұзақтығына байланысты:
ұзақ мерзімді – ұзақ мерзімге арналған жоспар (бір жыл, одан да ұзақ);
кезеңді (мерзімді) жоспар – бұл орташа мерзімді жоспар (тоқсандық немесе жарты жылдық);
қысқа мерзімді – жақын кездегі жоспар;
оралымды – жақын арадағы нақты әрекеттер жоспары;
күнделікті жоспар.
2. Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің (мектепішілік жоспар, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің, пәндік бірлестіктердің, тақырыптық және сабақ жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары) орындалуын бақылау мазмұны мен түрлерінің бірлестігі.
Мұғалімнің жұмыс жүйесін терең зерттеп, білуге бақылаудың жаппай әдісі сай келеді, мұның барысында жалпы мектеп немесе сыныптар бойынша бір не бірнеше оқу пәндерінің оқытылу сапасы зерттеледі.
Әдістемелік бірлестік жоспарының құрылымы: мамандарға сипаттама; әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері; өткізілген жұмыстарды талдау; біліктілікті арттыру; оқу сапасын арттыру жолдары; тәрбие жұмысы; өзара сабаққа қатысу; отырыстар тақырыбы; жас мамандармен жұмыс.
23-суретте мектепті басқарудың жоспары ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |