Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет28/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Сөзқосым тәсілі қазақ тілінде бірігу, кірігу тәсілі арқылы жасалатын бір лексикалық мағына беріп, біртұтас дыбыстық құрамға кірігіп, бір екпінмен айтылатын бір лексикалық бірлікті жасайды. Сөзқосым тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер біріккен (кіріккен) сөздер деп аталады. Мысалы, қырықбуын, тайбурыл, аққу сияқты сөзқосым тәсілі арқылы жасалған сөздердің құрамындағы сыңарлар бір-бірімен еш дәнекерсіз мағына, дыбыстық құрам жағынан жымдасқан.
Сөзқосым тәсілін біріктіру, кіріктіру тәсілдері деп бөлуге болады. Біріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздердің ішкі сыңарларының әрқайсысы өздерінің жеке тұрғандағы дыбыстық құрамын толық сақтайды: қолбасы, оттегі, бақталас, бойтұмар, көлбақа т.б. Кіріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздердің құрамындағы сыңарлар дербес қолданылғандағы дыбыстық құрамын толық сақталмай, олар біртұтас жымдасқан дыбыстық құрамға көшеді. Мысалы, білезік (білек+жүзік), апар (алып+бар), түрегел (тұра+кел). Табалдырық (табан+тұрық), былтыр (бір+йылдыр), қайны (қайын+іні), жексенбі (як+шенбе – парсының бір күн деген сөздері) т.б.
Сөздердi бiрiктiру арқылы жаңа мағыналы күрделi сөз тудыру - синтаксистiк тәсiлдiң бiр жолы болып саналады. Сөздердi бiрiктiру процесiнде болсын, қосарлап я тiркестiру процесiнде болсын яғни күрделi сөз жасау үшiн әралуан фонетикалық, лексика-семантикалық және грамматикалық факторлар араласып, әрқайсысы өзiнше әрқилы дәрежеде үлестерiн қосып, сол қатынастардың дамуына жәрдем етедi. Сөздердiң күрделену процесiнде, оның құрамындағы компоненттерiнiң ассимиляция, диссимиляция, үндесу, сiңiсу, ықшамдалу, агормония, дауыс екпiнi т.б. фонетикалық заңдылықтар әсерiнен әртүрлi өзгерiстерге ұшырауы фонетикалық фактор болып саналады. Ал ондай процесте идиомалану, лексикалану, делексикалану сияқты құбылыстар лексика-семантикалық фактор болып есептеледi.
Осыған қоса конверсиялық факторды да көрсеткен жөн. Ол көбiнесе сөздiң қайталануына байланысты жаңа мағына я мағыналық реңк үстелуi болып табылады. Ондай жағдайда сөздiң грамматикалық сипаты өзгередi: бiрiншiден, жалпы грамматикалық семантикасы арқылы белгiлi бiр сөз табының шеңберiне енсе, бұл фактордың негiзiнде жалпы грамматикалық мағынасы өзгередi, семантикалық өзгерiс пайда болады және өзгерiс уақытша контекстiк емес, тұрақты. Екiншiден, түрлену-түрленбеу сипатына ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет