Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Бiрiккен сөз бен тiркестi күрделi сөздердiң



бет29/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Бiрiккен сөз бен тiркестi күрделi сөздердiң арасы өте жақын. Бiрiншiден, тiркестi күрделi сөздердiң бiразы дыбыстық өзгерiстерге түсудiң нәтижесiнде бiрiккен сөздердiң кiрiккен түрiне ауысқан. Екiншiден, қазiр белгiлi бiр күрделi сөздердi бiрiккен сөзге я тiркестi сөзге жатқызу шартты болып саналады да, орфографиялық жағынан, яғни бiрге жазу я бөлек жазу тәртiбi арқылы ғана ажыратылады. Мысалы, «Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi» берген өсiмдiк, құс т.б. зоологиялық атаулардың бiрқатары бiрге жазылып, ендi бiрқатары бөлек жазылуының себебiн ғылыми түрде түсiндiру қиын-ақ: айғырқияқ, айылқияқ, аққанат, аққурай, аққұйрық, көкқұтан т.б. бiрiккен сөз болып бiрге жазылғанда, айғыр жуа, айғыр сасыр, көк кептер, ала бүйi т.б. тiркескен сөз болып бөлек жазылған. Тiптi аяқ киiмнiң бөлек жазылып, аяққаптың бiрге жазылуын түсiндiрудiң өзi қиын. Үшiншiден, бiрiккен сөздер мен тiркестi сөздердiң жасалу жолы бiртектес және тiркестi сөздердiң көпшiлiгi бiрiккен сөзге ауысып отырады. Әдетте, күрделi сөздiң бұл екi түрi де әдеттегi сөз тiркесiнен жоғарыда айтылған фонетикалық, лексика-семантикалық факторлардың әсерiнiң нәтижесiнде қалыптасады. А.Ысқақов «Қазақ тiлiндегi бiрiккен сөздердiң белгiлi бір сөз тiркестерiнiң заңдарына лайық жасалатындығын байқатады. Мысалы, қарақат (қара қат), бiлезiк (бiлек жүзiк), қарлығаш (қара ала құс) дегендер морфологиялық құрылысы жағынан бас құр, қара су, қол сақина, қара ала ат сияқты кәдiмгi синтаксистiк тiркестердiң үлгiлерi бойынша жасалған», - дейдi. «Ал, ағайын, қолғанат сияқты бiрiккен сөздер салаласа құралған тiркестен шыққан. Мысалы, алғашқысы аға және iнi, екiншiсi қол және қанат сөздерi де, өзара сондай жақын. Сөйтiп, бұл сөздердiң құрамындағы компоненттер бiрiне-бiрi тәуелдi емес, бiрiне-бiрi тең», - деп, - «Компоненттерiнiң бастапқы кездегi мағыналық қатынастарының ерекшелiктерiне қарай, қазақ тiлiндегi бiрiккен сөздер не сабақтаса, не салаласа құралады», -деп қорытады.
Егер бiрiккен сөздер мен тiркестi сөздер әдеттегi сөз тiркесiнен қалыптасатын болса, ондағы сөз тiркестерiнің компоненттерi бiр-бiрiмен сабақтаса, яғни бiрi екiншiсiмен белгiлi-бiр грамматикалық амалдар немесе орын тәртiбi арқылы бағына байланысады. Ал салаласа байланысқан сөздерге бұл жерде орын жоқ. Өйткенi салаласа байланысу бiр тұлғалы, бiр қызметтегi бiрыңғай сөздердiң арасында болады да, Оның әрқайсысы өз бетiмен сол грамматикалық тұлғалар арқылы басқа бiр сөзге бiрыңғай бағына байланысады. Сөйтiп басыңқы сөзбен бiрыңғай синтаксистiк қатынасқа түсiп, бiрыңғай мүше қызметiн атқарады. Кейде сол бiрыңғай сөздердiң алғашқыларындағы грамматикалық тұлғалар түсiп те қолданылуы мүмкiн. Сөйтiп салаласа байланысқан сөздердiң әрқайсысындағы грамматикалық тұлғалардың бiрыңғай сөздер арасындағы салаласа байланысқа түсуіне ешбiр қатысы жоқ. Сондықтан ағайын мен қолғанат бiріккен сөздерiнiң салаласа байланысқан бiрыңғай сөздерден шығуы күмән тудырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет