Қысқарту тәсілі бұрын қазақ тілінде кісі аттарымен ғана байланысты қолданылған, кісі аттарын қысқарту дүние жүзі тілдерінде бар әдіс. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов өз кезінде Ақаң атанған, қазір де Нұраға, Сераға сияқты қысқарту жиі кездеседі. Ал күрделі атауларды қысқартып қолдануда кеңес дәуірі кезінде тілімізде орыс тілінің үлгісі қабылданылды, ол қазір де қолданыста. Мысалы, ҚазҰУ (Қазақ ұлттық университеті), АҚШ, БҰҰ т.б.
Десе де, сөздердi қысқартып алу соңғы кезде сөзжасам тәсiлiне қате қосылып жүр. Сөздердi қысқартып алуда сөзжасамдық сипат жоқ. Бұл тiлiмiзге кейiн келген, орыс тiлiнiң әсерiнен болған құбылыс. Өйткенi, күрделi атаулар мен оның қысқарған түрi арасында ешбiр семантикалық айырмашылық жоқ. Қазақтың Мемлекеттiк Университетiн ҚазМУ деу, Тәуелсiз мемлекеттер достастығын ТМД деу т.б. күрделi атаудың мағынасына ешбiр өзгерiс енгiзбейдi, әрқайсысы бөлек-бөлек мағына бермейдi, тек көп сөздi, ұзақ атауды қысқа айту ғана. Ал қысқарған сөздердiң сөзжасамға қатысы тек қысқарған атаудың негiзiнде қосалқы жаңа мағыналы ұғым беру процесiнен байқалады.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. –А., 1964; 1974.
Қазақ грамматикасы, Астана,2002
Қазақ тiлiнiң грамматикасы. 1 том. Морфология. –А., 1967.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972.
Ибатов И. Қазақ тiлiндегi туынды сөздер сөздiгi. –А., 1988.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің грамматикалық сипаты. А., 1998.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998
Қазақ тілі (сөзжасам, морфология), Алматы, 2002
Қазақ тiлiндегi сөз тудыру проблемасы. –А., 1985.
Қайымова Б. Етiстiк түбiрден есiм тудыратын аффикстер.-А., 1961.
Достарыңызбен бөлісу: |