Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Қазық, бұйрық, тілек, көрік, қонақ



бет40/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Қазық, бұйрық, тілек, көрік, қонақ- туынды зат есімдер;

  • Ортақ, атақ, тікенек, түнек- есімдерден туған зат есімдер;

  • Бөлек, сирек, артық, сынық, үзік, бітік-етістіктен туған сын есімдер;

  • Қалтақ, жалпақ, елпек, балпақ- еліктеуіштерден туған сын есімдер;

  • Сауық, дәнік, өшік, зарық, кезік- есімдерден туған етістіктер;

  • Көнік, ширық, қанық, торық- түбір етістіктен туған туынды етістіктер;

  • Толық, тынық, жабық, қызық етістіктері әрі есім, әрі етістік болып, желік, ынтық, қырсық сөздері есімнен жасалып, әрі етістік, әрі есім ретінде қызмет етеді.

    Сонымен жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді:

    1. Тілдің өз материалынан я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл және кірме жұрнақтар болып екіге бөлінеді.

    2. Ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне және жаңа жұрнақтар.

    3. Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай тірі және өлі жұрнақтар.

    4. Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай жалаң және құранды жұрнақтар.

    5. Мағыналық жағынан бір не бірнеше мағынаны білдіруіне қарай дара (моносемиялық) және көп (полисемиялық).

    6. Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай құнарлы және құнарсыз.

    Жұрнақтардың шығу төркіндерінде де, даму және қалыптасу тарихында да, беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерінде де қаншалықты ерекшеліктері мен өзгешеліктері бола тұрса да, олар жұрнақтардың жүйелі категория екенін көреміз.
    Әдебиеттер тізімі:
    Негізгі әдебиеттер

    1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. –А., 1964; 1974.

    2. Қазақ грамматикасы, Астана,2002

    3. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. 1 том. Морфология. –А., 1967.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет