Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Маманов И. Қазіргі қазақ тілі 1966. Ысқақов А



бет33/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Маманов И. Қазіргі қазақ тілі 1966.

  • Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1964; 1974

    Бақылау сұрақтары:

    1. Сөзжасамның синтетикалық (морфологиялық) тәсiлі

    2. Сөзжасамның аналитикалық (синтаксистік) тәсiлі



    Лекция №3.4
    Тақырыбы: Сөз тұлғасы
    Мақсаты: Студентке дәріс тақырыбы бойынша айтылған мәселенің басын ашып түсіндіру. Ондағы кездесіп, қолданылып отыратын фонетикалық, лексика-грамматикалық ұғымдарға (лингвистикалық терминдік атауларға) айырықша көңіл тоқталып, білімгерлердің оларды түсініп қабылдауына, сабақ барысында қолданып отыруларына көңіл бөлу.
    Жоспар:

    1. Сөзжасамдық ұя

    2. Сөзжасамдық ұяның күрделілігі

    Лекция мазмұны:
    1.Сөзжасамдық ұя
    Қазақ тiлiндегi негiзгi түбiрлердiң сөзжасамға қатысу қабiлетiнiң күштiлiгi сөзжасамдық ұядан өте анық көрiнедi. Сөзжасамдық ұя деп бiр негiзгi түбiрден тараған туынды түбiрлердiң жиынтығы аталады. Мәселен, БАС сөзінен тараған туындыларды алып қарайық:



    бас


    басшы

    басшысыз
    басшылық
    башылау







    басқы

    басқысыз







    басқыла










    басқын

    басқындық
    басқыншы
    басқындат







    басмашы

    басмашылық










    Бас

    баста

    бастама

    бастан
    бастал


    бастау

    бастамалы
    бастамашы
    бастаушы
    бастаулық

    бастамашыл



    бассыз

    бассыздық







    басар
    баспақ

    баспақшыл


    баспақтай
    баспақыл







    басқыш

    басқышты
    басқышта
    басқышсыз







    баста

    бастау



    бастаулы
    бастауыш
    бастаушы
    бастаудай

    бастауыштық






    бастас










    бастаңғы



    бастаңғылас
    бастаңғыдай







    бастапқы

    бастапқыдай







    бастат

    бастаттыр







    басқалық
    басқалан

    басқалану



    басқаланушылық






    басқадай










    басқаша

    басқашалық
    басқашалау
    басқашарақ




    басқа

    басқалау
    басқарақ







    бастыр

    бастырыл

    бастырылық




    бастырт










    бастырық
    бастырылыс
    бастырғы
    бастырушы
    бастырғы
    бастырма

    бастырмала



    бастырмалат



    баспа

    баспашы
    баспалы
    баспадай
    баспал

    баспалдақ



    баспалдақшы


    баспалдақсыз
    баспалдақта







    баспалдат




    бас





    баспагер










    баспала

    баспалас
    баспалат











































    басыл

    басылық
    басылыңқы



    басылыңқыра


    басылыңқырақ







    басылым










    басылыс







    басқар

    басқарма

    басқармадай







    басқарғыш

    басқарғыштық







    басқарт










    басқарушылық










    басқарыл

    басқарылушы







    басқарыс







    бастық

    бастықтыр

    бастықтырыл







    бастықсымақ










    бастықсыз







    басу

    басушы










    басушылық










    басусыз










    басулы







    басым

    басымдау










    басымдап










    басымырақ







    басын

    басымдыр










    басындай










    басынғыш










    басынғандық










    басынды










    басындық










    басынт







    басыр










    басыс










    басыңқыра










    басыл










    басалқа

    басалқашы










    басалқалы










    басалқы

    басалқылық






    Бас сөзiнен тараған осы туындылардың бәрi сөзжасамдық бiр ұяға жатады. Ол ұяда негiзгi түбiрден тiкелей жасалған 5-6 түбiрден ғана басқа туынды түбiрлер жасалмаған. Бас сөзiнен жасалған қалған туынды түбiрлердiң бәрi басқа туынды түбiрлердiң жасалуына негiз болған.
    Келтiрiлген үлгiде бiр ғана бас деген сөзден 89 сөзжасамдық тiзбек жасалғанын көруге болады. Ал ондағы туынды түбiрлердiң саны - 137. Сөйтiп, бас деген негiзгi түбiр сөз тiлдегi 143 туынды түбiр сөздiң жасалуына негiз болған. Мұнда бас деген негiзгi түбiрдiң тек жұрнақ арқылы сөзжасамға қатысы ғана сөз болып отыр. Ал оның бiрiктiру, қосарлау, тiркес т.б. тәсiлдер арқылы сөзжасамға қатысы тағы бар. Олар бұл топқа енбейдi. Егер олардың бәрi есепке алынса, бас сөзiнiң қазақ тiлiнiң сөзжасамындағы өте өнiмдi элементке жататыны анықталады.
    Жоғарыдағы келтірілген мысалдардан сөзжасамдық ұяның көлемi өте күрделi болатыны көрiндi. Өйткенi осы бiр ұяның iшiнде тұрған 92 сөзжасамдық тiзбек 143 туынды түбiр оған анық дәлел. Қазақ тiлiндегi әр сөзжасамдық ұя тек қана осындай болуы мiндеттi емес. Олар түрлi-түрлi. Жоғарыда сөзжасамдық тiзбек туралы сөз болғанда, бiл етiстiгi арқылы жасалған 13 тiзбек берiлдi. Олардың да бәрi - бiр ұядағы тiзбектер. Ондағы туынды түбiрлердiң де саны аз. Олай болса, сөзжасамдық ұяның түрлi екенi анықталды.
    Сөзжасамдық ұяның күрделiлiгi оның құрамындағы әр сөздiң сөз жасау қабiлетiне байланысты. Олардың әрқайсысы сөз жасауға неғұрлым көбiрек қатысса, соғұрлым сөзжасамдық ұя күрделi болады.
    Сөзжасамдық ұядағы сөздердiң бәрi түбiрлес сөздерге жатады. Олар – бiрiнен бiрi туындаған сөздер. Солардың бәрiнiң құрамында болатын бiр ғана сөз бар. Ол әр Сөзжасамдық Ұядағы негiзгi түбiр. Сонда әр сөзжасамдық ұяда бiр ғана негiзгi түбiр болады, қалғандары туынды түбiрлер.
    Сөзжасамдық ұядағы туынды түбiрлердiң бәрi бiрiнен-бiрi тiкелей жасалған туынды түбiр болуы мiндеттi емес. Сондықтан да бiр ұяда бiрнеше сөзжасамдық тiзбек бар, өйткенi бiр сөзжасамдық тiзбекте бiрiнен-бiрi тiкелей жасалған, бiрiне-бiрi негiз болатын сөздер ғана болады дегенбiз. Сөзжасамдық ұя үшiн ондай талап қойылмайды, мұнда бiр ұядағы сөздердiң бәрiнiң құрамында бiр негiзгi түбiрдiң болуы мiндеттi шарт болып саналады. Оны жоғарыдағы мысалдардың бәрiнен де көруге болады.
    Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеу 1989 жылғы жарияланған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографиялық еңбектен басталады. Сөзжасамдық ұя құрамында бір негізгі түбір және одан тараған туынды түбірлер болады. Әр сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында түп негіз сөз үнемі қатысып отырады. Бір сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрі негізгі түбір сөзден өрбігендіктен, олар түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы,жел деген сөзден 105 туынды түбір жасалған (желбегей; желбезек; желбең; желбіре; желде; желді; желемік; желкек; желқам; желп; желсіз; желтең; желше; желші; желік сөздерінен тарайтын туынды түбірлер тізбегі). Бұл сөзжасамдық ұядағы барлық сөз негіз жел сөзінен тарап, бәрінің құрамында жел сөзі қатысып тұр.
    Сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің бәрі бірінен-бірі тікелей жасалған туынды түбір болуы міндетті емес, тек ұядағы сөзжасамдық тізбекте ғана бірінен-бірі тікелей жасалған, біріне-бірі негіз болатын сөздер болады. Мысалы, біл негізгі түбірінен жасалған түбірлес туынды түбірлерді қарастырайық:

    1. біл- білім- білімді-білімділік

    2. біл- білім –білімсіз-білімсіздік

    3. біл- білім-білімдар-білімдарлық

    4. біл- білім-білімдар-білімдарсы

    5. біл- білім-білімпаз-біліспаздық

    6. біл- білім-білмпаз-білімпаздан

    7. біл-білік-білікті-біліктілік

    8. біл-білік-біліксіз-біліксіздік

    9. біл-білгіш-білгіштік

    10. біл-білгіш-білгішсі

    11. біл-білгір-білгірлік

    12. біл-білгір -білгірсі-білгірсін

    13. біл-білгі-білгілік-білгілікті

    14. біл-білдір-білдірт

    15. біл-білгіз-білгіздір-білгіздірт

    16. біл-білік

    17. біл-біліс

    Осы 17 сөзжасамдық тізбектің әрқайсысы тікелей біл түп негіз етістіктен туындаған. Осы сөзжасамдық ұядағы 33 туынды түбірдің бәрі бірінен-бірі туындаған сөздер емес екені белгілі, яғни, бұл ұядағы 33 туынды түбірдің бәрі біл түбірінен тараған, туындаған түбірлес сөздер.
    Сөзжасамдық ұядағы түбірлес туынды сөздердің бәрі де сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалады. Әрине, тілдегі сөзжасамдық жұрнақ атаулының бәрі бір сөзжасамдық ұядан орын алуы мүмкін емес, бірақ тілдегі барлық сөзжасамдық ұя оны қамтиды. Сөзжасамдық жұрнақтар көлемі, түрі жағынан әр түрлі болып келе береді. Мысалы:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет