Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. –А., 1964; 1974.
Қазақ грамматикасы, Астана,2002
Қазақ тiлiнiң грамматикасы. 1 том. Морфология. –А., 1967.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972.
Ибатов И. Қазақ тiлiндегi туынды сөздер сөздiгi. –А., 1988.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің грамматикалық сипаты. А., 1998.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998
Қазақ тілі (сөзжасам, морфология), Алматы, 2002
Қазақ тiлiндегi сөз тудыру проблемасы. –А., 1985.
Қайымова Б. Етiстiк түбiрден есiм тудыратын аффикстер.-А., 1961.
Маманов И. Қазіргі қазақ тілі 1966.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1964; 1974
Бақылау сұрақтары:
Тілдегі сөздер, олардың лексика-грамматикалық сипаттары
Тілдегі сөздерді топтастыру принциптері және сөз таптары. Зат есім
Лекция №4.4
Тақырыбы: Етістік
Мақсаты: Студентке дәріс тақырыбы бойынша айтылған мәселенің басын ашып түсіндіру. Ондағы кездесіп, қолданылып отыратын фонетикалық, лексика-грамматикалық ұғымдарға (лингвистикалық терминдік атауларға) айырықша көңіл тоқталып, білімгерлердің оларды түсініп қабылдауына, сабақ барысында қолданып отыруларына көңіл бөлу.
Жоспар:
Етістік категориялары: етіс, рай
Етістік категориялары: шақ, жақ
Лекция мазмұны:
1. Етістік категориялары: етіс, рай
Семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты, жай күйді білдіретін сөз табын етістік дейміз.
Етіс категориясы. Етіс – қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы. Мысалы: Ол баласына хат жазды. Бұл хат кеше жазылды. Баласына хатты маған жаздырды.
Өздік етіс- қимыл, іс-әрекеттің орындаушыға, субьектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке –ын,-ін,-н қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: көр-ін-ді, шеш-ін-ді, тара-н-ды.
Ырықсыз етіс – қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп қимыл, іс-әрекеттің тура обьектіге оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден –ыл,-іл,-л қосымшасы, түбір құрамында –л- дыбысы болса, -ын,-ін,-н қосымшасы арқылы жасалатын етістік түрі. Мысалы: Кітап оқылды. Үй тазаланды.Сөз сөйленді. Хат жазылды.
Өзгелік етіс – қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьект арқылы істелінетіні білдіріп, сабақты етістіктен (кез келген етістіктен емес) белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етіс түрі. Етістікке 1)-дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір: 2)-ғыз,-гіз,-қыз,-кіз: 3)-т: 4)-сет жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жаз-дыр, ас-ыр, айт-қыз, жаса-т, көр-сет.
Ортақ етіс – қимыл, іс-әрекетті бір емес, біреумен бірлесіп, ортақтасып істейді. Түбір етістікке –ыс,-іс,-с жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.Мысалы: жаз-ыс-ты, бөл-іс-ті, оқы-с-ты.
Рай категориясы. Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетіне көзқарасын, қимылдың іс-әрекетке шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғаларжүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |